Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Тіл ғылымы, Филология

Экономика саласындағы жаңа атаулар
Загрузка...
Қазақ лексикасының жаңа сөздермен толығып отыруы ешқашан толастаған емес. Республикамыздың тәуелсіздік алуына және қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін шын мәнінде көтеруге байланысты 1990 жылдары қазақ лексикасы толығуының жаңа кезеңі басталды. Баспасөз бетінде, радио мен теледидарда, көркем әдебиет пен ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде 1970 жылдардан бері көріне бастаған жаңа сөз қолданыстары 1990 жылдарда мақсатты түрде одан ары кең өріс ала бастады және кейінгі кезде де өріс алып отыр. Қазақ тіліндегі жаңа атаулардың негізінде жаңа ұғымдардың орыс тілінде қалыптасқан атаулары жатыр. Бұлар қазіргі кезеңдегі саяси, әлеуметтік, мәдени өмір мен ғылыми-техника салаларында енген жаңалықгарды білдіреді. Қазіргі жаңа атаулардың дені жаңа сөз немесе сөз тіркесі түрінде туып, қалыптасып келе жатқан зат есімдік атаулар.
Р. Сыздық қазақ тілінде 1990 жылдардағы жаңа сөз қолданыстың пайда болуына себепкер үш жағдайды атап керсеткен. .
Бірінші, өмірдің өзі әкелген жаңалықтарды атау қажеттігі. Осыған орай көптеген жаңа ұғымдарды білдіруде қазақ тілінің өз мүмкіндігі бар екендігі, оған бейімділігі күшті екені айқын болды. Соның нәтижесінде 1970—80 жылдарға дейін орысша қолданылып келген устав — жарғы, программа — бағдарлама, компенсация — төлемақы, документ — құжат, информация — ақпарат, пенсия — зейнетақы, спонсор — демеуші, процент ~ пайыз, репатрант — оралман, репрессия — куғын-сургін, орган — мүше, ағза т.б. қазақша аталатын болды. 1920—30 жылдары біраз қолданылып, кейін ығыстырырылған төраға, хатшы, құкық ,құжат т.б. сөздер қайтадан қолданысқа енді. Кейбір жергілікті сөздер кеден (таможния), шалғам (редис), шалқан (репа), сусамыр (диабет) т.б. терминдер жасауға пайдаланылды.
Екінші, бұрын орысша аталып немесе суреттеме (түсіндірме) жолымен білдіріліп келген ұғымдардың қазақша жатық, мүмкін-дігінше дәл баламасын табуға әрекет, ізденіс артты. Мысалы: жолсерік (проводник), жолсапар (командировка), телекөпір (телемост), отбасы (семья), нарық (рынок), мердігерлік (подряд), ұшақ (самолет), тікұшақ, (вертолет), иегер (кавалер ордена т.б.), зергерхана (ювелирная мастерская), зертхана (лаборатория), көлікжол (проезжая часть дороги), жаяужол (тротуар), бағдаршам (светофор), өткізілу (реализация), жаһандану (глобализация) т.б. Орыс тілінің калькалау арқылы. Қызыл кітап (Красная княга), дөңгелек үстел (круглый стол), щхйта-лама шикізат (вторичное сырье), қайтарма әдріс (обратный адрес), қайтарым (отдача) т.б. сөздер жасалды.
Үшінші, бағалауыштық мәні бар сөздерді жасау қажетгілігі туды. Мысалы: ғарыш (космос), ғарышкер (космонавт), ғарышнама (кос-мология), атомгер (атомщик), мадақнама (грамота), өміриама (био-фафия), ғаламшар (планета), әнұран (гимн), елтаңба (герб), звйнет-ақы (пенсия), қалабасы (мэр города), дүниеқоңыздық (затқа табы-нушылық) т.б. терминдік ресми атаулар алғашыида экспрессия, көтеріңкілік сияқты бағалауыштық мәні бар, қосалқы атаулардан пайда болған.
Жаңа атаулар қазақ тілінде ежелден белгілі сөзжасам тәсілдері арқылы жасалады. Мысалы: жұрнақ жалғау арқылы -гер: баспагер, қаржыгер, заңгер; -нама: жаднама, деретхана; -хана: ойынхана, дәмхана; -ғы:құрылғы, басыңқы; -ым: қойылым, басылым, сұраным; -ма: бағдарлама, дәйектеме т.б.); түбірлерді біріктіру арқылы (гүлтәж, зейнетакы, тілашар, каршакыз, жолкіре, сөзтізбе т.б.); сөз тіркесі арқылы (алтын кітап, жүлдызды соғыс, арапатпа сауда т.б.); бұрынғы сөзге жаңа мағына қосу аркылы (сапар сөзі тек "жол жүру" дегенді емес, лауазымды адамдарға немесе біреуге барып жолығу монінде, желік "желігу" мағынасынан баска әскери желік тіркесінде "военный психоз" мәнінде терминдік мағынаға ие болған).
Жаңа атауларды жасауда олардың жұртшылыққа қолайлы болу жағы, сөз қолданудың тіл тәжірибесінде қалыптасқан дағдысы сияқгы факторлар ескерілуге тиіс. Осы турғыдан қарағанда жаңа қолданыстағы сөздердің бәрі бірдей сәтгі шыкгы деуге болмайды. Мәселен, қазақ тіліне ертеректе еніп, сіңісіп кеткен кірме сөздер аз емес, осылардың баршасына қазақша балама іздеу дұрыс емес. Мысалы, газетті — унқағаз, телефонды — үнсандык, самолетті — өзіүшар т.б. деп атауды жұртшылық кабылдамады, тілге кірікпеді. Сол сияқгы ғьшым, өнер, техниканьщ әр саласындағы интернационалдық сөздер-дің термиңцік мағьшасъш білдіретін казақ сөздерін табу немесе қолдан жасау сәтгі бола бермейді.
Жаңа қолданыстағы атауларға байланысты әлі де реттейтін, нақгылайтын жайтгар аз емес. КейбІр терминдік атаулар сөздіктерде бірнеше нұсқада беріліп, жарыса қолданылып жүр. Мысалы, Мем-лекетгік терминологиялық комиссия бекіткен 2004 жылғы "Орысша-қазақша — қазақша-орысша терминдер мен атаулар сөздігінде" праязык — ана тілі, төркін тіл, универсальный — әмбебап, указание — нұсқау, дубликат — телнұска, легализация — жария ету, тенденция — үрдіс, процесс — процесс, үдеріс түрінде, ал осы сөздер 2005 ж. шықкдн (Орысша-қазақша сездікте) — арғы тіл, ататіл; универсал, әмбебап; нұсқау, ереже; көшірме, төлқұжат; ресмилендіру, решилену, жария ету, заңдастыру; нақты ой, мақсат, ұрыс, дамудың беталысы; процесс, барыс түрінде берілген.
Атаулардың әртүрлі саладағы әдебиеттерде және авторлардың шығармаларында түрліше айтылып жүргені де белгілі.
1992 ж. "Жаңа атаулар" сөздігі шықты (онын алдында шағын сөздік түрінде 2 рет басылым көрген). Оған 1970—1992 жж. аралығында пайда болған жаңа тұлғалар мен сөз тіркестері, мағынасы жаңғырған 1200-дей сөз енгізілген. Құрастырушылар ескерткендей, бұл сөздік ресми нормативтік сөздік емес және онда сол кезде туған барлық жаңа қолданыстар қамтылмаған. Сөздікшілердің алдына койған мақсаты —қазақ тілінде сол кезде жаңадан пайда болған сөздерді есепке алып, тіркеу ғана емес; жаңа қолданыстардың өрістеуіндегі даму үрдісімен таныстыру. Сол себепті сөздікке жаңа қолданыстардың "өмірге жолдама" алғандары да, әлі қолданыскды еркін түспегендері де, мүмкін тіпті түспейтіндері де енгізіліп, жүртшьшық назарына үсынылған.
1992 жылдан бергі 15 жылдай мерзімде жаңа қолданысқа түскен сөздердің саны одан әлдеқайда артқаны сөзсіз. Бұлардың бәрін есепке алып, тіркеп-тізіп, түсіңдіру, дұрыс-бұрысын анықгау — қазақ лексикографиясының алдағы міндеті болмақ. [23,181б]
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Тіл ғылымы, Филология | Добавил: Admin
Просмотров: 1447 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Қазақ халқының үрмелі аспаптары
Неологизмдер
Құнанбайұлы Абай
Сот билігі
ТМД мемлекеттерімен жасалған келісімшартгар
Махмұд Қашқари
Төле би
Қазақстандағы камералық-аспаптың жанрдың қалыптасуы мен дамуы
Азаттық жырының ақтаңгері
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауі...
Мағжан Жұмабаев
Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазірг...
Информация және информатика
Менің Отаным - Қазақстан