Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 23.7.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Тіл ғылымы, Филология

В категории работ: 106
Показано работ: 31-45

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Айналамызды қоршаған дүниедегі зат пен жан-жануар атаулыға, барша құбылыс пен оқиға-болмыс атаулыға есім, атауыш болып келетін сөздердің бәрі- зат есімдер. Лексикалық тұрғыдан алғанда зат есімдер өз алдына мағыналық дербестігі бар, заттық ұғымды білдіретін сөздер. Табиғат пен қоғамдық тіршіліктің қыр-сыры қаншалық алуан түрлі болса, олардың бас-басына дерлік атауыш ретінде жұмсалатын тілдегі сөздер де соншалық алуан түрлі.
Читать полностью

Категория: Тіл ғылымы, Филология

Мектепте оқылатын қазақ тілі курсының бағдарламасында зат есімнің грамматикалық категорияларының алатын орны мен оны оқытудың мәні зор.
Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту - оқушының сөйлеу, жазу тілі дағдысының, мәнерлі оқуының, орфографиялық, пунктуациялық білім дағдыларының қалыптасуының, дамуының негізгі кілті болып табылады.

Бастауыш, анықтауыш
Атау тұлғалы екі зат есім қатар айтылған жағдайда алдыңғысы анықтауыш қызметін атқарады. Оның елтірі тымағы бар. Қолдану ерекшелігіне қарай зат есім пысықтауыш болады. Жасымда ғылым бар деп ескермедім.

Кез келген ғылым саласының дамуы барысында, оның басты кезеңдерінің ауысуы кезінде ғылыми ұғымдар мен түсініктер жүйесі тереңдетіледі, жаңаланады, қайта қарастырылып отырады. Егемен еліміздің мемлекеттік тілі ретіндегі қазақ тілінің ғылыми негіздерін нығайту, оны орта, арнаулы және жоғары оқу орындарында оқыту ісінде аса күрделі, кезек күттірмей шешуді талап етіп отырған көптеген мәселелер бар.

Теориялық ономастикадағы ұғымдардың бірі – кеңістік. Кеңістік – адамзат тіршілік ететін онтологиялық және ментальдық болмысқа ие обьективті дүние формаларының бірі.Кеңістік концептісі жайлы соңғы кездері тіл білімінде өте көп айтылып жүр. Ол жайлы ғалымдардың пікірі әр түрлі екендігін де жасыра алмаймыз.

Сөйлем ішінде шылау сөздер объектілік - бағыттықты, мезгіл – мекендік, тиянақтылықты, әсерлікті әр түрлі грамматикалық мағына үстемелеп, қосымша реңк беретін және байланыстырушылық қызмет атқаратын лексемалар тобына жатады. Олар мағыналық қызметіне қарай демеуліктер, септеуліктер, жалғаулықтар болып үшке жіктелетіндігі белгілі. Бұлардың өзара атқаратын қызметтері әр қилы.

Түркітану саласында осыған дейін руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздер арнайы ғылыми зерттеу ретінде алынып қарастырылмаған. Дегенмен тіл ғылымындағы XІX ғасырдың екінші жартысынан бастап бой көрсете бастаған еңбектерде түркі танушы ғалымдардың азды – көпті пікірлерімен әртүрлі көзқарастары бар.

Тiлдiң басқа салалары сияқты синтаксистiң құрылысы да заман өткен сайын бiрден – бiрге өзгерiп, толығып, жетiлiп отырады. Бiрақ тiлдiң бұл құрылысы басқа салаларға қарағанда құбылмалы емес. Алғашқы категориялық негiзде дамып, кеңейiп отырады. Ал тiл фактiлерi оның ұзық жасайтын тұрақты грамматикалық сала екендiгiн байқатады.

Сөз өзінің құрамына қарай дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Жалаң сөз негізгі және туынды түбірден тұрады. Ал күрделі сөз кемінде екі түбірден құралып бір ғана зат пен құбылыстың атауы болады.

Қазақ халқы рухани дүниеге, қазынаға бай халық. Оның қай түрін алсақ та, тәлім-тәрбиесі мол, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған өcиеті ерекше. Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, екшеленіп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі – қазақтың мақал-мәтелдері. Мақал-мәтелдер туралы сөз болғанда, не оларды зерделеп оқығанда, алдымен сол мақал кімге, қай қырын тануға арналғандығын аңғарамыз. Яғни әйел адамға ма, әлде ер адамға ма? Міне, осыдан келіп мақал-мәтелдегі гендер мәселесі туындайды.

Семантикалық принцип бойынша сөздің лексикалық мағынасына қарайды, морфологиялық принцип бойынша сөздің түрлену жүйесін басшылыққа алады, ал синтаксистік принцип бойынша сөздің қай сөйлем мүшесі болуына сүйенеді.

Алғашқы зерттелулерде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы бірізді пікір де, қазақша терминдер де жасалған жоқ. Қазақ тілі дыбыс жүйесінін белгілі бір мәселесі бойынша арнайы зерттеу жүргізілгендіктен орыс түркологтары еңбектерінде фонетика таза практикалық мақсатта болды.

Бағалау кезінде қатерлердің қайталануы мен біртектілігіне назар аударылды.Егер бір қате бір сөздіңқұрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, бір қатеге саналады. Бір ережеге жататын қателер біртекті болып есептеледі.Алғашқы біртекті үш қате біреуге саналады да, келесі осындай қателер дербес есптеледі.

Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.

«Ауыз әдебиеті үлгілерінде қалыптасқан экспрессивтік стилистиканың құралдары мен тәсілдері». Экспрессивтік стилистиканы қалыптастырудағы ауыз әдебиеті үлгілерінің мән-маңызы ерекше. Мәдени-ұлттық шығармашылықтың өзекті саласы болып табылатын ауыз әдебиеті ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем әдеби туындылардың жиынтығы ретінде айрықша экспрессивті қызмет атқарады.

Загрузка...
Предыдущая 1 2 3 4 5 ... 7 8 Следующая