Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 23.10.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Тіл ғылымы, Филология

В категории работ: 106
Показано работ: 16-30

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Мазмұны:
1. Есімдіктердің мағыналары .1
1.1. Жіктеу есімдіктері...3
1.2. Сілтеу есімдіктері..........6
1.3. Сұрау есімдіктері.......12
1.4. Өздік есімдік................17
1.5. Жалпылау есімдіктері....18
1.6. Белгісіздік есімдіктері....20
1.7. Болымсыздық есімдіктері...21
2. Қорытынды...................25
3. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........26
Читать полностью

Категория: Тіл ғылымы, Филология

Есімдік – лексика-грамматикалық (семантикалық) сипаты жағынан не затты, не оның сынын я санын нақты атамай, солардың орнына жүретін сөз табы. Сондықтан кейде оны орынбасар сөз табы деп те атайды. Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Оның тәтті оралған мәні оятар (А) деген сөйлемде оның деген сөз алғашкы бөлігіндегі ән деген зат есімнің орнына қолданылған: әннің мәні.

Етістіктің ерекше бір түріне жататын функционалдық тілдік бірлік ол –есімше. Қазақ тіл біліміне бұл терминді енгізген А.Байтұрсынұлы болатын [1, 251 б.]. Есімше және көсемше тұлғалары грамматикаға қатысты барлық еңбектерде сөз болады. Қазақ грамматикасын жаңаша қарастыруға тырысып, кейбір терминдерді басқаша атаған Қ.Жұбанов та «есімше», «көсемше» терминдерін А.Байтұрсынұлы терминдеріндегі қалдырған [2, 363 б.]. Содан бері жарияланған барлық грамматикаларда есімше етістіктің функционалды жұрнағы ретінде танылып келеді.

Оқулықтар мен кейбір зерттеулерде етістікке байланысты жаңсақ баяндалып жүрген грамматикалық тұлға – есімше, көсемше және тұйық етістіктердің жеке-жеке грамматикалық категория деп берілуі. Бұлар етістіктің грамматикалық категориясы бола алмайды, етістіктің ерекше тұлғалық түрі болып табылады, басқа грамматикалық категориялар (рай, шақ) жасауға тұлға бола алады, өйткені есімше мен көсемше тек етістіктұлғаларымен түрленіп қоймайды, басқа сөз таптарынша түрленіп, қызмет атқарады, ал тұйық етістік болса, етістікше тіпті түрленбейді.

«Жұмсалу мүмкіндігі» тіркесін жиі қолдануымыздың мәні мынада: бұл термин функционалды грамматика аясында жиі қолданылады. Онда тілдік құралдың жұмсалу ауқымы, жұмсалу мүмкіндігі, жұмсалудың нәтижесі болатындығы айтылады. Осы ерекшеліктер тұрғысынан функция (семантикалық) ұғымын екі түрлі қатынаста алып қарастыруға болады. Бұл қатынасты нақтылап аспект, бағыт түрінде түсіндіреміз. Олар: потенциалдық және нәтижелік. Жалпы функция дегеніміз – қандай да бір тіл бірлігінің сөйлеудегі атқаратын қызметі, тиесілі жүгі, мақсаттық қолданысы.

Есімшелер етістіктің де есімдердің де қасиетін бойына сақтаған функциялық тілдік бірлік дедік. Бірақ есімшелер барлық кезде де етістіктердің мына қасиетін сақтап қалады

Қазіргі қазақ тілінде есімшелердің -ған (-ген,-қан, -кен), -ар (-ер, -р, -е), -атын (-етін, -итын, -йтын), -ушы (-уші), -мақ (-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) жұрнақтарының бар екендігі белгілі [12, 300 б.]. Бұлардың бәрі бірден қалыптаса қалған жоқ. Қазіргі қазақ тілінде қолданып жүрген туынды түбір етістіктерді жинақтап, оларды жасайтын жұрнақтарды саралай келіп, барлық фонетикалық варианттарымен қоса есептегенде 200-ге жуық аффикстердің қатысы бар екендігі байқалады [13, 141 б.].

Тіл жүйесіндегі парадигмалық және синтагмалық қатынастарды сипаттауды біз әріден бастағымыз келіп отыр. Өйткені есімшелердің тіл жүйесіндегі жұмсалу парадигмасы деген мәселе жалпы тіл білімінде алғаш рет сөз болғалы отыр. Парадигманың лексикалық морфологиялық және синтаксистік түрі жөнінде жалпы тіл білімінде бұрыннан сөз болып келе жатқандығы мәлім. Ал жеке бір функционалдық тұлғаның парадигмасы деген мәселеге әлі ешкім көңіл аудара қойған жоқ.

Белгілі бір сөз табының лексика-грамматикалық сипаты дегенде, алдымен, лексикалық мағынасының жалпылануы негізінде пайда болатын жалпы грамматикалық мағынасы, екіншіден, грамматикалық түрлену жүйесі яғни сөйлеу процесінде пайда болатын таза грамматикалық мағыналар мен оны білдірудің парадигмалық формалар жүйесінің жиынтығы, үшіншіден, сол топқа тән сөйлемдегі синтаксистік қызметі негізге алынады.

Етістіктің лексикалық құрамында қанша сөз болса, солардың әрқайсысының өзіне тән лексикалық мағынасы болады. Лексикалық мағыналары басқа-басқа бола тұра, сол етістіктер өздерінің мазмұнындағы барлығына ортақ сипат есебінде танылатын семантикалық ерекшеліктеріне қарай бір сөз табына телінеді. Лексика-грамматикалық белгілері бірыңғай жеке сөз табы саналатын етістіктерді іштей топ-топқа жіктеуге болады.

Етістік түбірі білдіретін жалпы гамматикалық мағынаға ешбір өзгері енгізбей, оған қосымша грамматикалық мағына үстейтін және жіктелуге негіз болатын белгілі бір грамматикалық тұлғалар жүйесінің жиынтығы етістіктің таза грамматикалық категориялары болып табылады.

Академиялық грамматикада: «Есімше – етістік пен сын есім арасындағы аралық категория»,-деп көрсете отырып, мынадай анықтама берілген: «іс-әрекеттік мәнін заттың сапалық белгісіне айналдыра отырып, бірде етістік, бірде есімдер қызметін атқаратын, есімдерше де, етістіктерше де түрленетін ерекше форма». (ҚТГ, 178)

Қазақ тіліндегі зат есімдерді өзге тілдердің зат есім жүйесінен ерекшеленетін белгілерінің бірі – осы жақтылық пен жақсыздық категориясы. Бұлайша топтастыруда белгілі заңдылық бар. Лексикалық мағынасы тек «адамды» білдіретін зат есімдер ғана жіктеу есімдіктерінің барлық түрімен (мен, сен, біз, ол, сіз) предикаттық қатынаста айтыла алады, ал зат есімдердің басқа түрлері еш уақыт жіктеу есімдіктерімен предикаттық қатынасқа түсе алмайды.

Құрылымы мен құрамы жағынан жұрнақтар жалаң және құранды болып бөлінеді.
Жалаң жұрнақ деп мағына жағынан да, форма жағынан да бөлшектенбейтінбір бүтінжұрнақты айтамыз.

Ғылым мен техниканың дамуы ғылымның барлық салаларына, соның ішінде тіл білімінің дамуына да өз әсерін тигізуде. Қазіргі заман талабына сай лингвистикада жаңа бағыттар мен түрлі салалардың негізі салынып, дамып, тіл білімінің зерттеу нысаны кеңейе түсті. Этнолингвистика, когнитивті лингвистика, лингвомәдениеттаным, паралингвистика, прагмалингвистика тәрізді лингвистика салалары тілді жан-жақты, ғылыми тұрғыда зерттеуге мүмкіндік ашты.

Загрузка...
Предыдущая 1 2 3 4 ... 7 8 Следующая