Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 21.4.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Қазақстан тарихы

XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің отаршылдық саясаты. Абылай хан
Загрузка...
XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің отаршылдық
саясаты. Абылай хан

Екінші XVIII ғасырдың басындағы Қазқстанның ішкі ахуалы бұған өзіндік əсер етті. Осы кезде Ресейде I Петр жүргізген реформалар өз жемісін бере бастады. Елдегі ірі экономикалық жəне саяси сілкініс Ресей мемлекетін одан əрі кеңейту мəселесін қойды. Алдыменен империяның шекарасына өте жақын орналасқан аймақ ретінде Батыс Қазақстан жерінде мейлінше толық жүзеге асырыла бастады.
Жер туралы мəселенің осы аумақта ХVIII ғасырдың екінші жартысында ең басты мəселе болғандығы сондықтан.
Бұл кезеңдегі қазақ қоғамының ішкі қалыптасқан ахуалы да жағдайды
күрделендірді. Билік иелері арасындағы күрес 1748 жылы Əбілқайыр ханның
өлтірілуіне əкеп соқты. Осы арқылы қазақ жүздерін біріктіру жолындағы күш-жігер едəуір дəрежеде əлсіретілді. ХVIII ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығының ыдырауына себепші болған іріткі салушы күштер басым бола бастады. Əбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейін Орта жүз иеліктері оның мирасқорларынан аулақтап кетті. Кіші жүздің өз ішінде де билік таласы асқына түсті. Хан тағына отырған оның ұлы Нұралымен қатар Кіші жүзде екінші хан болып Батыр сайланды. Нұралы хан алғашқы кезден солқылдақтық танытып, ең алдымен патша əкімшілігіне иек арта бастады.
Кіші жүз бен Ресей арасындағы қарым-қатынас протекторат негізінде құрылған еді, яғни қазақтар сыртқы саясат жүргізу саласынан басқа салаларда егеменді болды. Сонда-ақ Ресей жоғарғы билеуші-хандарды тағайындау құқығын өз қолына алды. Оның есесіне Ресей қажет болған жағдайда қазақтарға əскери көмек көрсетуге уəде берді.
Бұл шартты Ресей жағы алғашқы кезден бастап өрескел бұза бастады. Ресей боданындағылардың қазақ жерлеріне шабуылы толастаған жоқ. Шекаралық
отрядтар бейбіт қазақ ауылдарына жиі шапқыншылық жасап тұрды. Өздеріне
тыйым жоқ екенін көрген олар үшін қазақ ауылдарына шабуыл жасау біртіндеп
баю көзіне айналды.
Кіші жүз үшін маңызды мəселелердің бірі Жайық пен Еділдің төменгі ағыстары арасындағы жерлерге көшіп бару туралы мəселе болды. 1756 жылы патша жарлығы шығып, ол бойынша қазақтардың қыс кезінде өз малын Жайықтың батыс жағына айдап баруға тыйым салынды. Осылайша қазақ қауымдарын экономикалық жағынан əлсіретіп, оларды сыртқы ықпалдан оқшаулап тастау міндеті жүзеге асырыла бастады. Қалыптасқан жағдай жер пайдалану мəселелері жөніндегі шиеліністі күшейтті. Қазақтар өз кезегінде патша өкіметін осы шешімінен бас тартқызу үшін əр түрлі əрекеттерге барды: хат жазып, көптеген өтініштер
жолдады; өз еріктерімен осы жерлерге көшіп бара бастады, бұл өз кезегінде
қазақтар мен Еділ қалмақтары арасындағы қарым-қатынасты шиеленістіріп, қарулы қақтығыстарға алып келді. Патша əкімшілігін жеңілдіктер жасауға мəжбүр ету үшін қазақтар өз тарапынан орыс керуендерін тонап, Ресейдің Орталық Азиямен қарым-қатынасын біраз уақытқа тоқтатып тастады.
Осы кезеңде қазақтардың басқа да көрші халықтармен қатынасы күрделі болды. Нұралы хан өзі билік еткен жылдары мемлекет қайраткеріне тəн қасиетін көрсете алмады, əдетте ол оқиғалардың жетегінде кетіп, өз тарапынан ешбір өзгеріс енгізе алмады.
Осы кезде Орта жүз бен Ұлы жүздегі жағдай да шиеленісе бастады. ХУ111
ғасырдың 50-жылдарынның басында олар бірнеше рет жоңғар əскерлерінің
шабуылына ұшырады. Қонтайшы Ғалдан-Церен қайтыс болған соң Жоңғарияда
орын алған өзара қырқыс осы құдіретті державаның əлсіреуіне жəне бүкіл
аумақтағы саяси жағдайдың шиеленісуіне əкеп соқты. Қалыптасқан жағдайды
пайдаланған қазақ даласының билеушілері де Жоңғария мен көрші мемлекеттердің істеріне белсене араласа бастады. Орта жүз бен Ұлы жүздің ресми ханы Əбілмəмбет болып қалғанына қарамастан, нақты билік бірте-бірте ықпалды сұлтан Абылайдың қолына жинақтала берді.
1755 жылы басталған қытай-жоңғар соғысының алғашқы кезеңінде қазақтар
жоңғарларға көмекке келді. Көреген саясатшы болған Абылай Жоңғарияның қазақ
қоныстарын қытай экспанциясынан қорғап, аралық рөл атқаратынын тамаша
ұғынды. Алайда, жоңғарлар жеңіліс тауып, Цин империясының əскерлері қазақ
жерлеріне баса көктеп кірген кезде өз саясатын қайтадан қарастыруға мəжбүр
болды. Цин империясымен саяси жəне экономикалық байланыстарды жолға қоюға
тілек білдірді. 1757 жылдың қыркүйегінде қазақ елшілері Пекинге жіберіліп, бітім
жасалды.
Қазақстанның Қытаймен бұдан кейінгі қатынастары негізгі екі проблемаға
байланысты болды. Біріншісі жəне ең маңыздысы жер проблемасы еді.Қазақтар
жайылымдарды, əсіресе Ертіс пен Іле аңғарларындағы жəне Тарбағатайдағы бай
жерлерді қайтарып алуға ұмтылды. Циндер болса өздерін Жоңғария
территориясының басты мұрагері екендігін жариялады. Қытай əскерлері жаңа
шекара шебіне орналастырыла бастады. Алайда, олардың қазақ руларының
ғасырлар бойы қалыптасқан Алтай, Тарбағатай өңірлеріндегі жайылымдарына
көшіп-қону үрдісін тоқтатуға мүмкіншілігі жоқ еді. Сондықтан 1767 жылы алым
деп аталатын жалдау ақысын төлеген жағдайда бұл жерлерді қазақтардың
пайдалануына беруге мəжбүр болды.
Қазақ-қытай қатынастарының маңызды екінші проблемасы сауда болатын.
Қытайларға атты əскерін толықтыру үшін қазақ жылқысы өте қажет болды, ал
қазақтар қытай тауарларына мүдделі еді. Дегенмен Цин өкіметі орындары
Қазақстанмен сауданы қатаң бақылап, шектеп отыруға тырысты.
Қалыптасқан жағдайда Орта жүзді Ресей протекторатында ұстау шекаралық өкімет орындарының негізгі міндетіне айналды. Бұл үшін Сібір əкімшілігі үш бағытта: аумақтық экспанция , дипломатиялық амалдар жəне сауда-экономикалық
байланыстар арқылы əрекет жасады. Жоңғарияның əлсіреп, кейіннен жеңіліс табуы Ресейдің əскери экспанциясына қолайлы жағдай қалыптастырды. Солтүстік
Қазақстан, Алтай өңірінде жер тартып алу кең белең алды, жаңа бекіністер
салынды. 1752 жылы Үлбі, Бұқтырма жəне Нарын бойындағы жерлердің Ресейге
қосылғандығы туралы ресми түрде жарияланды. 1760 жылы Өскемен бекінісінен
Телецк көліне дейін бекіністер салына бастады. Келесі 1761 жылы Өскеменнен
Зайсан көліне дейін Бұқтырма шебінің бекіністері пайда болды.
Жаңадан аннекцияланған жерлерді олар шаруашылық игергеннен кейін ғана
бекітіп алуға болатынын шекаралық өкімет орындары түсінді. Сондықтан осы
жылдары Алтайға Тобыл губерниясынан 2 мың шаруа мен əртектілер, сондай-ақ
Ресейдің солтүстік губернияларының қазыналық шаруаларынан тілек білдіргендер
көшіп келді.
Сонымен бірге шекаралық өкімет орындары қазақтарды шекаралық аудандардан ығыстырып тастау жөнінде шаралар қолданды. 1755 жылы Сыртқы істер алқасы қазақтар “...Ертістің оң жағасына өткізілмесін” деген нұсқау берді. 1764 жылы қазақтардың Ертіске 10 шақырымнан жəне орыс бекіністеріне 30 шақырымнан жақын жерде көшіп жүруіне мүлде тыйым салынды. Келесі жылы бекіністердің коменданттарына қазақтарды Тобылдағы Звериноголов бекінісінен Өскеменге дейінгі бүкіл шепті бойлай 10 шақырымдық өңірге жібермеуді талап еткен нұсқау берілді, мұның өзі оларды 13 500 шаршы шақырым жақсы жайылымдарынан айырды.Осы шаралардың барлығы қазақтардың өздеріне көші-қон өрісін таңдауына мүмкіндік бермеді, олардың шаруашылық жағдайын қиындатты.
Ресейдің экспанцияшыл саясаты сонымен бірге бейбіт, дипломатиялық əдістермен ұштастырылды. Мұны ең алдымен Ресейдің Сібірдегі əскери күшінің əлсіздігі туғызды. Екінші жағынан, оларға қарсы агрессияшыл Цин империясы мен Орта жүз бен Ұлы жүздің жақсы ұйымдасқан, əрі іс жүзінде тəуелсіз тайпалары тұрды. Қазақтарды Ресей протекторатында ұстап тұру үшін өкімет өзінің қолынан келетін барлық шараларды қолдануға тырысты. Осыған байланысты қазақ даласына бірқатар елшіліктер мен миссиялар жіберіледі. Олар қазақтың ең ықпалды билеушілерін өз жағына тартуға тырысты. Алайда ХVIII ғасырдың 50-60 жылдары Орта жүзге жіберілген көптеген елшіліктер Ресейдің бұл аймақта қандай да болсын түпкілікті орнығып алуына қол жеткізбеді.
Ресейдің өкімет орындары өлкені экономикалық жағынан игермейінше, Орталық Азияға экспанция жасау мүмкін еместігін жақсы түсінді. Алайда ХVIII ғасырдың орта шенінде Орта жүз қазақтарымен сауда айналымы аз болды жəне негізінен Троицк арқылы жүзеге асырылды. Оған қоса, 40-жылдардың аяғында Ямышевск жəне Омбы бекіністерінде сауда жасауға рұқсат етілді. Орыс көпестері негізінен ыдыс-аяқ, керамика, мата, қазан сатты; қазақтар малмен, аң терісімен, мал шарушылығы өнімдерімен сауда жасады. Алайда ХVIII ғасырдың 50-70
жылдарында Орта жүз бен Ұлы жүздің негізгі сауда əріптесі Цин империясы
болды.
Осы жылдары Орта жүзде ғана емес, Ұлы жүзде де жəне ішінара Кіші жүзде де Абылай сұлтанның билігі нығайды. Бұл жағдайға Абылайдың Цин империясына
тойтарыс беруі жəне Қазақстанның оңтүстігіндегі жерлерді қайтарып алуы
себепкер болды. XVIII ғасырдың 60-жылдарының аяғына қарай Қазақ мемлекеті
Абылайдың белсенді сыртқы жəне ішкі саяси қызметі нəтижесінде біршама мықты
əрі біртұтас мемлекетке айналды.
1771 жылы Абылай жалпы қазақтың ханы болып сайланды. Ол ең алдымен ішкі саяси жағдайды нығайту мақсатында іс-əрекеттер жүргізді. Биліктің
орталықтандыруын нығайтуға ұмтылды. Абылай жүздер мен үлкен бірлестіктерді
басқаруды өз балаларына тапсырды. Сонымен қатар, ханның рөлі де арттырылды.
Абылай хан қылмыскерлерді өлім жазасына кесуге үкім шыцғару құқығын өзі
алды. Билер кеңесі мен рубасы-ақсақалдар съезінің құқықтары біраз шектелді. Ішкі
саяси мəселелерді шешуде Абылай ханның халық арасындағы беделінің өте
жоғары болуы да өзіндік əсер етті.
Абылайдың сыртқы саясатыда икемділігімен жəне ымырышылдығымен
сипатталды. Оның Ресей мен Қытай сияқты күшті мемлекеттерімен қарым-
қатынасының Орта Азия мемлекеттерімен қатынастарынан айырмашылығы болды.
Отаршыл империялардың күш-қуатын түсінген хан, бір жағынан, Ресей
протекторатын танудан бас тартпай, екінші жағынан, өз иеліктерінде екі
державаның да ықпалының күшеюіне жол бермеуге тырысты.
Ал оның оңтүстіктегі көршілерімен қатынастары басқаша болды.Абылайдың күш салуы арқасында Ташкент, Сайрам, Созақ, Шымкент қалалары қазақтарға
қайтарылды. Сонымен Абылай ханның XVIII ғасырдың 70-жылдарындағы сыртқы
саясаты Қазақ мемлекетінің бірлігін уақытша қалпына келтіруге, оның
халықаралық аренадағы жағдайының нығаюына жеткізді.
Абылайға дейін де, одан кейін де бірде-бір қазақ ханының мұндай шексіз билігі болған жоқ. Көреген саясатшы, шебер дипломат Абылай өзіне ергендердің
сүйіспеншілігіне бөленді. Оны халық көзі тірісінде əулие деп атады. Бұған ханның
жеке қасиеттері де едəуір дəрежеде себепші болды. Текті əулеттен шыққанына
қарамастан, балалық шағында оның бақташы да, түйеші де болуына, жоңғарларға
қарсы соғысқа қатардағы жасақшы ретінде қатысуына жəне шайқаста батыр атағын алуына тура келді. Абылай мұсылманша жақсы сауатты болды, оқып, жаза білді.
Ол сирек кездесетін саясатшы, тамаша қолбасшы жəне дипломат болды. 1781 жылы Абылай Ташкенттен Түркістанға келе жатқанда дүние салып, Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне жерленді.
Абылай қайтыс болғаннан кейін Ресейдің Орта жүз жеріне неғұрлым белсенді түрде енуіне жағдай жасалды. Билікке келген оның ұлы Уəли хан əкесінің саясатын жалғастыруға ұмтылды, алайда оның қарсыластарының наразылығын шебер пайдалана отырып, Ресей оның Орта жүздегі ықпалын əлсіретуге тырысты. Ал 1816 жылы екінші хан болып Бөкей сайланды.
ХIХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей өзінің “Шығыс саясатын” жандандыра түсті. Оның бірнеше себептері болды. Осы кезде ағылшын əскерлері Үндістанды жаулап алып, Ауғанстан жеріне баса-көктеп кірген болатын. Бұл осы аймақтағы ағылшын-орыс бақталастығын күшейтті. Қазақстанның орасан зор стратегиялық маңызы нақ осы жылдары неғұрлым айқын көрінді.Тек осында нақты орнығып алып, содан соң ғана ортаазиялық хандықтарға қарсы жорықты іске асыруға болатын.
ХIХ ғасырдың басында Қазақстан Ресейге тек сөз жүзінде ғана бағынды жəне онда да тұтас емес еді. Өйткені оның бір бөлігі Қоқан мен Қытайдың ықпал өрісінде болғандықтан патша өкіметі бірінші кезекте қазақтардың саяси тəуелсіздігінің қалдықтарын құртудан бастады. Осы мақсатпен негізінен үш бағытта жүргізілетін бірқатар шаралар жүзеге асырылды, олар:
1. Гарнизондарды қаптата отырып, бекіністер салуды жеделдетуден жəне
осы бекіністерге жапсарластыра казактардың тұрақты елді мекендерін орнатудан
көрінген əскери тұрғыда бекініп алу бағыты;
2. Округтар мен округтік приказдар құрып, əкімшілік басқару реформаларын
жасап, соның нəтижесінде қазақтардың саяси құқықтары күрт шектелетін,
басқарудың дистанциялық (бөліктік) жүйесін енгізуден көрінген саяси тұрғыда
орнығып алу бағыты;
3. Қазақтардың жерлерін жаппай басып алудан, салық салуды жəне əр түрлі
монополияларды (балық аулауға, ағаш кесуге т.б. монополия алу секілді) енгізуден
көрінген экономикалық тұрғыда бекініп алу бағыты.
Осындай шаралардың жиынтығы, сайып келгенде, патша өкіметінің Қазақстандағы отарлау саясатының мазмұнын айқын көрсетеді. Патша өкіметі өзінің жаулап алу саясатында, бір жағынан, қарулы күшке, отарлау аппаратына, екінші жағынан, қазақ шонжарларының феодалдық басшы тобына сүйенді.
Біріншіден, сұлтандар мен билерге жеке меншік құқығымен қыстауларды жəне
жайлауларды өздерінің жеке меншігі ретінде иеленуге рұқсат етілді.
Екіншіден, сұлтандар мен билер аға сұлтан, болыс билеушісі т.б. ретінде əкімшілік
қызметке тағайындалды. Қызметке орналасқан сұлтандар мен билерге дворяндар
əулетінен деген атақ берілді.
Үшіншіден, сұлтандар мен билер салықтардан жəне басқа да міндеткерліктерден босатылды. Оларға үкімет пайдасына заттай төлем, түндік басынан жəне басқа да алым жинау құқығы берілді.
Шонжарлар мен билерге арқа сүйеу саясаты, бір жағынан, халық бұқарасын
қанауды күшейтті, əрі қазақ қоғамының таптық саралану процесін тездетті. Екінші
жағынан, сұлтандар мен билердің жеке меншік құқығымен жер иелене алатынын
бекіту көшпелі қауымды ыдыратып жəне сол арқылы феодалдану процесін
шапшаңдатты. Мұның қазақ қоғамы тарихи дамуының одан арғы барысында оң
мəні болғанын айта кету керек.
ХIХ ғасырдың екінші ширегі Қазақстанды əскери отарлаудың шешуші кезеңі
болды. Ресейдің қазақ даласына жүз жылдан астам уақытқа созылған өңмеңдеуі,
оңтүстік аймақтарды қоспағанда, өлкенің барлық дерлік аумағының империя
құрамына қосылуына əкеп соқты. Бұл Қазақстанның саяси бытыраңқылығының,
күрделі сыртқы жағдайының салдарынан ғана емес, сонымен қатар Ресейдің сөзсіз əскери басымдығының нəтижесінен болды.
Қазақстанның бүкіл дерлік территориясын батысынан шығысына қарай бекіністері,
форттары, форпостары, пикеттері бар үздіксіз əскери шептер тізбегі қоршап жатты.
Сонымен ХIХ ғасырдың ортасына қарай Қазақстанның басым бөлігі Ресей
құрамына енді.

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



101.5Kb
Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: Admin
Просмотров: 3693 | Загрузок: 220 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Мәлiметтер қорында қолданылатын терминдер
Құтылығұлы Күлтегін
Валеология – салауатты өмір сүрудің негізі
Ана - тілім ардағым және Хош келдің, Наурыз
Қасым Аманжолов
Жүрсін Ерман
Неологизмдердің жасалу жолдары
Бейімбет Майлин
Туыстық қарым – қатынастар
Арқа күйшілік мектебі
Халел Досмұхамедов
Әли Құрманов
№ 40 соль- минорлық симфония
Ахмет Байтұрсынұлы
Орыс компазиторлық мектеп қалыптасуы