Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 23.7.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Қазақстан тарихы

В категории работ: 272
Показано работ: 31-45

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс Алтай-Тарбағатай аралығының ерте темір дәуірінің археологиялық ескерткіштерін зерттеуге арналған. Археологиялық ескерткіштердің зерттелу тарихы, кезеңделуі мен мерзімделуі, мәдени атрибуциясы, өзіндік даму ерекшеліктері, іргелес мәдени-тарихи өңірлермен байланысы, ерте темір дәуіріндегі тайпалар мен халықтардың мәдени қарым-қатынасы қарастырылады.
Читать полностью

Категория: Қазақстан тарихы

“Мәдени мұра” бағдарламасы шеңберінде Есік қорық-мұра¬жа¬йын ашуға байланысты былтыр күз¬де Президент Әкімшілігі Бас¬шысының орынбасары, “Мәдени мұра” бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес төр¬аға¬сы Мәулен Әшімбаевтың ар¬на¬йы келіп, Алтын адам табыл¬ған өңірде отырыс өткізіп, жер жағдайын өз көзімен көріп қайт¬қанын біліп, шынымды айтсам, аса қатты қуандым.

Тарихымызды жазуда пәлен айтты, түген айтты деп, неше түрлі қазақ жерлерінде жолшыбай болғандардың айтқан, жазғандарына сүйеніп жүреміз. Әрине, оларды жоққа шығарудан аулақпыз. Ол да керек. Бірақ, өз материалдарымызды толық, ізгілікті пайдаланып жүрміз бе?

Татар-монғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, монғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темучин болды. Ол 1155 жылы ірі ноян Есугей баһадүр отбасында туылған. Темучин ер жете келе қол астына монғолдың барлық тайпаларын біріктіреді. 1206 жылы көктемде Онан өзені жағасында Темучинді жақтаушы монғол ақсүйектерінің құрылтайы болып оны Шыңғысхан деген атпен монғол ұлысының әміршісі етіп жариялайды.

Алтынайұлы Қарасай (1589-1671) – қазақтың қаһарман батыры, әйгілі қолбасшысы, есімі шапырашты руының ұранына шыққан аса көрнекті тарихи тұлға. Қарасай батыр Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Суықтөбе тауының етегінде Қарасаз деген жерде дүниеге келіп, арқа жерінде Көкшетау үшін болған шайқаста ауыр жараланып дүние салған. Топырақ Көкшетау алабындағы Айыртау сілемінің Құлшынбай деп аталатын төбесінен бұйырған.

ИМАНОВ Амангелді (1873-1919) - 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі және 1917-1919 жылдары Кеңес өкіметін орнату жолын-дағы күреске белсене қатысушы. 1916 жылдан 1917 жылдың ақпанына дейін ұлт-азаттық қозғалысты басқарды. 1916 жылы Қазакстанның Торғай және баска уездерінде патша өкіметіне қарсы көтерілісті бастап, Торғай, Қостанай, Актөбе мен Ырғыз уездеріндегі халық жасағының елеулі бөлігін біріктірді. Қазан төңкерісіне дейінгі уакытта жазалаушы отрядтармен шайкастар жүргізді.

Алтынайұлы Қарасай (1589-1671) – қазақтың қаһарман батыры, әйгілі қолбасшысы, есімі шапырашты руының ұранына шыққан аса көрнекті тарихи тұлға. Қарасай батыр Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Суықтөбе тауының етегінде Қарасаз деген жерде дүниеге келіп, арқа жерінде Көкшетау үшін болған шайқаста ауыр жараланып дүние салған. Топырақ Көкшетау алабындағы Айыртау сілемінің Құлшынбай деп аталатын төбесінен бұйырған.

1729 жылдың мамыр-маусымы, кейбір деректерде 1730 жылы біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі. Болат ханның бастауымен үш жүз хандары (Жолбарыс, Сәмеке, Әбілқайыр), билер (Төле, Қазыбек, Ақсуат), сұлтандар, батырлар қатысқан Ордабасы жиынында (1726) бүкіл қазақ қолының бірігуі (бас қолбасшылыққа Әбілқайыр хан сайланған) жауға қарсы бірыңғай стратегиялық шабуылға шығуға мүмкіндік туғызады.

Біз сөз еткелі отырған бабамыз күрделі тағдыр иесі. Оны өзімізден бұрын өзгелер танып, баға берген. Оған америкалық ғалым М.Б.Олкоттың “аса мықты тұлға, ресейлік зерттеушілер А.И.Левшин, А.Добромысловтың “атақты адам” деп сипаттауы анық дәлел. Ал Шернияз ақын болса Баймағамбет сұлтанға берген жауабында:

О-о, қазақтың қасиетті қара топырағы! Менің ата-бабамның асылы, ұрпағына қалдырған баға жетпес мұрасы, ең аяулы дұғасы, енді менің балаларыма ақтық тапсырар аманатым, баға жетпес байлығым. Егемендігім мен елдігімнің тұғыры. Жанында бүкіл Еуропаның көрікті жерлерін аралап келген «жаңа қазақ» ініммен сұхбаттасқаным бар. Ол кәрі континентте көрген кереметтерін: салтанатты сарайларын, аспанмен тілдескен ғимараттарын, аспалы көпірлері мен көз жауын алар көрмелерін, мұражайлары мен мұрағаттарын...

Әділ Бектасұлы Әбдіхалықовтың өмір жолына қарап отырсаң қарапайым ғана ортада, 1963 жылы осындай ақпан айының ішінде Қаратал жеріндегі “Қоржынкөл” деген совхозда дүниеге келген-ді. Әділ онжылдықты бітіріп, әскер қатарына азаматтық борышын өтеуге шақырылады. Сол жылдары ауған жерінде соғыс жүріп жатқан. Бар арман-мақсаты Отанын қорғау, қатарынан қалмай елінің қорғанышы болу еді. Жас жауынгер әскерге келіп, дайындық курсынан өте бастайды.

Түркология Шығыстанудың бір саласы ретінде ХІХ ғасырдың екінші жартысынан Еуропа мен Ресейде биік деңгейге көтерілді. Түркі халықтарының тұрғылықты мекені Азия мен Еуропа құрлығын алып жатқандықтан геосаяси астары мен мән-маңызы да зор болды. Жаңа жер иеленіп, отаршылдықтың орамын кеңейтуді мақсат тұтқан еуропалықтар мен ресейліктердің саясаты Еуразия құрлығындағы түркі халықтарының тілін, ділін, дінін, тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін зерттеп, танып білуге құлшына кірісті. Осы саясаттың нәтижесінде Шығыстану ғылымы пайда болды да, оның аса үлкен бір саласы болып түркітану ғылымы дамыды.

Қазіргі заманғы сөзддіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген: а) мәдениет – белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; ә) мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті,критмикен мәдениеті, қазақ мәдениетіжәне т.б.); б) мәдениет – адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және т.б.); в) мәдениет - агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениеті және т.б.).

Әлібекұлы Сыпатай (1782-1867) - Қоқан басқыншыларына қарсы күресте аты шыққан батыр, ерлігі мен шешендігі, әділдігі мен ақылдылығы жадында сақталып қалған үлкен бедел иесі. Шыққан тегі – Дулат тайпасының Ботпай руынан. Әкесі Әлібек момын, етік тігіп, өрім өрумен аймағына аты атынлған адам екен. Бірақ балалары – Андас та, Сыпатай да намысқой, өр кеуделі жігіт болып өседі. Көз көрген қарттардан естігені бойынша Сыпатай батыр кескінін Кенен Әзірбаев

Әлібекұлы Төле би (1663-1756) - қазақтың Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана, Әз Тәуке хан құрған «БИлер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасының Жаныс руынан. Шежірешілер «тоғыз ұлды Құдайберді әулетінен Төлеге дейін бай да, би де шықпаған. Олар «қарашоғыр» атанған қара шаруа болған» деген дерек береді.

Загрузка...
Предыдущая 1 2 3 4 5 ... 18 19 Следующая