Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Қазақ әдебиеті

Әулие ата - Жамбыл өңіріндегі оқу-ағарту ісінің дамуы мен ерекшеліктері
Загрузка...
ӘУЛИЕ–АТА МЕН ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ОҚУ–АҒАРТУ ІСІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Э.Қайырбаева, А.Мейірбекова
Керімбай атындағы №12 мектеп-ресурстық орталығы,Тараз қ.

Араға жарты ғасыр салып өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанды, жоғымызды қозғап, барымызды көрсетуге мүмкіндік туды. «Бүгініңді білмесең болашақтан үміт үз, бүгінімді білсем десең, өткеніңе үңіл» деген қағиданы ұстанып, өткенімізге көз жүгіртсек қаншама мол дүниеге кезігіп, қәзіргі жаңалық деп отырғанымыз ғасыр басындағы жақсының жаңғырығы екеніне көзіміз жетуде.
19 ғасырдың басы аяғы мен 20 ғасырдың басында қазақ тарихынан ерекше орын аларлық бір дүркін азамат дүниеге келіп, халқының болашағы үшін аянбай қызмет етті. Оған тарих куә. Мен осы тарихта өз ісімен, өз қолымен, өз еңбегімен, жасап кеткен ұлы тұлғалардың, Әулие–ата уезіндегі салдырып кеткен және іргесі қаланған мектептер туралы сыр шертпекпін. Менің мақсатым Әулие–ата тұсындағы оқу ағарту ісінің, және сол жылдардағы алғашқы мектептерді іздестіру, оны жарыққа шығару, болашаққа жеткізу. Менің ендігі орындар міндетім осы тарихтарды ары қарай зертеп, жүйелеу сол жылдары қаланған мектептерді тарих толқынына еңгізу.Тарихы сонау патшалық отарлық тұсында бастау алатын бұл мектептердің шертері ауыз толтырып айтарлықтай көп.Әулие–ата тұсындағы халыққа білім нәрімен сусындандырған білім ордаларының, қазірге дейін бергені мен жиғаны мол мұра десекте болады.
19 ғасырдың ортасына дейін Қазақ жерінде тек мұсылман мектептептері мен медресселер болды. Онда балаларды арабша оқытты, ислам шариғаттарын үйретті, дін қызметкерлерін даярлады. 19 ғасырдың 60 жылдарында россияға түпкілікті қосылғаннан кейін, қазақтың тұңғыш мектептері ашылды. Қазақ интеллегенциясының алдыңғы қатарлы өкілдері Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев қазақ арасына орыс мәдениетін насихаттады, жаңадан мектептер ашып, білім тарату үшін күресті. 19 ғасырдың аяғында Қазақстанда мектептің 2 түрлі жүйесі құрылды. Орыс әкімдерін балалары мен қазақтың және басқа ұлттардың ауқатты семьяларының балалары үшін ашылған мектептер және діни мектептер. 1914–1915 оқу жылында Қазақстанның мектебінде 105 мың бала оқыды, оның 7,9 мыңы ғана қазақ балалары еді. Революцияға дейін қазақ халқының 2 %-і ғана сауатты болды. 1930 жылы жалпыға бірдей бастауыш, ал 1931 жылы қалалық жерлерде, жұмысшы поселкелері мен іріленген совхоздарда жеті жылдық білім беру міндеті еңгізілді.
1939 жылғы санақ бойынша халықтың 9 бен 49 жастағылардың сауаттылары 83.6 % жетті. Оның ішінде еркектер 90 %, әйелдер 75% еді. 1951–1952 оқу жылында жалпыға бірдей жеті жылдық білім беру міндеті негізінен жүзеге асырылды. 1959 жылдан бастап сегіз жылдық білім беру міндеті еңгізілді. Орта мектептер саны артты (1974 жылы 3235 орта мектеп болды).Жұмысшы жастар мектептері көбейді. Көптеген оқу орындарының жанынан интернаттар ашылды. Әсіресе жергілікті ұлт қыздарын жалпыға бірдей міндетті оқуға тартуға айрықша көңіл бөлініп, олардың толық білім алуынга жағдай жасалуда.Октябрь революциясына дейін Қазақстанда мектепке дейінгі балалар мекемелері болған жоқ, 1920 жылы тұңғыш 20 балалар бақшасы ұйымдастырылып, онда 610 бала тәрбиеленді.
Жамбыл облысындағы білім беру ісі бүкіл Қазақстандағы халық ағарту ісінің құрамдас бөлігі ретінде дамыды. Төңкеріске дейін өңірде мұсылман балаларын оқытқан 21 мектеп болды. Алғашқы мектептерді Керімбай Бұралқыұлы, Дербіс Қалабаев сынды болыстар, Әзімхан Кенесарин, Сыдық Абланов, Қарабай Әділбеков сынды оқыған азаматтар ашты. 1927–1928 оқу жылында Әулие–ата уезіндегі 72 мектепте 6225 бала оқыды. 1929 жылы Қазақ педагогикалық техникумы Шымкенттен Әулие–атаға көшірілген соң мектептердің мұғалімдер мен қамтамасыз етілуі біршама жақсарды. 1930 жылдары уезде сауатсыздықты жоюмен қатар жаппай бастауыш білім беру ісі кең өріс алды. 1940–1941 жылғы оқу жылында Жамбыл Облысындағы мектептердің саны 321–ге жетіп, оларда 55960 бала оқып шыққан. 1958 жылы облыс аумағында 403 мектеп, 153329 оқушы, 8160 мұғалім болды.Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде облыс республика бойынша алға шыққан, сапалы білім беруде нәтижелі еңбегімен танылған мектептер саны көбейді.1999 жылы Жамбыл облысындағы білім беру ісін қаржыландыруға 3 млрд теңге жұмсалды, 2002 жылы осы мақсатқа 5 млрд теңге бөлінді. 1999–2002 жылдары облыста әр түрлі деңгейдегі жалпы білім беретін 40 жаңа мектеп ашылды. Соңғы жылдары мемлекеттік және жеке меншіктегі білім мекемелері мен мамандандырылған оқу орындарын ашу ісі қолға алынды. 2001 жылы Тараз қаласында ерекше қабілет танытқан балалардың элитарлық білім алуына мүмкіндік жасау мақсатында «Дарын» мектебі ашылды. Оның оқушылары облыстың барлық аудандары мен қалаларынан іріктеліп алынады. Мектеп шәкірттері республикалық пәндік олимпиадаларға, ғылыми шығармашылық жобаларға қатысып, жақсы жетістіктермен көрініп жатыр.
2003–2004 оқу жылында облыста 219 мың бала оқитын 458 мектеп болды. Оның ішінде 298 мектеп қазақ тілінде, 25 орыс, 2 өзбек тілдерінде оқытты.Қазақ, ағылшын тілдері, физика–математика, химия–биология, тарих пәндерін тереңдетілген бағдарламалар бойынша оқытатын 15 гимназия мен 6 лицей жұмыс істеді.
Жалпы білім беретін орта мектептерде жекеленген пәндерді тереңдетіп оқытуды да жолға қойылды. Облыс мектептерін жыл сайын 15-16 мың бала бітіріп, үлкен өмірге жолдама алды.
1929 жылдан бастап Әулие–атада бастауыш мектептердің мұғалімдерін даярлай бастаған Абай атындағы педагогикалық училище (қазіргі гуманитарлық колледж) облыстың мәдени келбетін оңалтуға бірталай үлес қосуда. Училищенің алғашқы түлектерінің ішінде болашақ академик Төлеген Тәжібаев болды.
Жамбыл дәрігерлік колледжі 1936 жылы 12 ақпанда Қазақ ССР–інің халық кеңесінің қаулысы бойынша оқу мерзімі 2 жылдық «мейіркештер мектебі» ретінде ашылды. 1936–1945 жылға дейін «мейіркештер мектебі» деп аталды.
Колледждің негізін қалаушы және бірінші директоры қызметін қалалық емхананың бас дәрігері Промонтов Иван Нилович атқарды.
1930 жылы Әулие–атада ашылған зоотехникалық–мал дәрігерлік техникумы ауыл шаруашылығының орта буын мамандарын көптеп шығара бастады. Техникумды бітірген тұңғыш жастардың қатарында кейін әлемге әйгілі қаламгер болған Шыңғыс Айтматов болды. 1933 жылы Әулие–атада статистика мамандарын даярлайтын Қазақстан бойынша жалғыз арнаулы оқу орны есеп статистика техникумы ашылды. 1936 бұрынғы мебдикелер курсының негізінде құрылған медицина училищесі бүгінгі дейін, қызмет істеп, ондаған мың фельдшер, акушер, медбикелерді даярлап шығарды.
1955 жылы Жамбылда сол кездегі республикадағы жалғыз мәдени –ағарту училищесі ашылып, мәдени қызметкерлерді оқытып шығара бастады. Сол жылы Жамбыл Суперфосфат заводының жанында кешкі техникум ашылып, кейінірек ол химия-механика техникумы болып қайта құрылды (бүгінгі Политехникалық колледж).
1957 жылы Аңырақайда (Қордай ауданы) құрылған орман шаруашылығын механизациялау училищесі, 1964 жылы Ырғайты кеңшар техникумы аталды.
1960 жылы Жамбылда Алматының теміржол техникумының филиалы ашылып, 1964 жылы Қаратау қаласында құрылыс техникумы ұйымдастырылды
1958 жылы Жамбылда Шымкент химия технологиялық инститтуның филиалы ашылып ол 1963 жылы Жеңіл және тамақ өнеркәсібінің технологиялық институтына айналды.
Институттың Алматыда және Семейде екі филиалы болды. 1962 жылы Жамбылда республикада теңдесі жоқ ірі оқу және ғылым ордасы гидро–мелиоративтік құрылыс институты ашылды. Алғашқы жылы институтта 550 студент оқыса, 1965 жылы 2700 студент білім алды.
Алматыдағы Қазақ политехникалық институтының Қаратау қаласында алғашында жалпытехникалық факультеті (1964), жылдан кейін толыққанды филиалы ашылды 1967 ж педагогикалық институты, 1977 ж химия өнеркәсібінің мамандарын даярлайтын Қазақ химия институтының жалпытехникалық факультеті ашылды. 1981 ж. Жамбылда 10 мың адамға шаққанда 611 студенттен келді, бұл Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен (155 студент) және Кеңестер Одағындағыдан (192 студент) едәуір артық еді .
1996 жылы Педагогикалық институт негізінде Жамбыл университеті құрылды. 1999 жылы қаладағы барлық жоғары оқу орындары біріктіріліп орта ғасырлардың атақты ғұламасы Мұхаммед Хайдар Дулатидың есімі берілген Тараз мемлекеттік университеті құрылды. Бұл университет Оңтүстік Қазақстандағы аса ірі білім мен ғылым орталығы болды.
Сөзімді қорытындылай келе тарихы тереңде жатқан Тараз жерінің оқу ағарту ісі, талай жастар мен халықтардың көзін ашты десекте болады. Мен өз жобамды зерттей отырып, көптеген өзім білмейтін тың деректерге кездестім.

Әдебиеттер:
1. Жамбыл облыстық мұрағат мұражай қоры.-Тараз: «Сенім», 2002.
2. Қазақ ССР тарихы .-Алматы, 1978.2–3 т.
3. Қазақ тарихы ғылыми зерттеу журналы.-Алматы, 2003.
4. Мусин Ч. Қазақстан тарихы.-Алматы, 2005.
5. Рыспай К Қазақстан тарихы.–Алматы, 1998.

Тіркеу формасы

1. Тегі аты-жөні: Мейірбекова Айнұр
2. Мекеме: Керімбай атындағы №12 мектеп-ресурстық орталығы, 9 г сынып
3. Мекен-жайы: Толе би, 77
4. Телефон: 43-80-77
5. Мақала тақырыбы: Жамбыл облысы мәдениеті: Әулие-ата уезіндегі оқу-ағарту ісінің даму ерекшеліктері
6. Секция: 1

Мен
Конференцияда тыңдаушы ретінде қатысуды қалаймын
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



45.5Kb
Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 776 | Загрузок: 132 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Жыр cұлтаны Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы сөз
Қазақстан Республикасының климаты
Мұстафин Ғабиден
Ислам әлемінің мәдениеті
Төлеген Айбергенов
Діни экстремизм мен терроризм
Германия
Саз әлемінің сардары - Ахмет Жұбанов
Компьютерлік желілер. Желілердің қызметі
Италия Республикасының Конституциялық құқығы
Гигиена
Әбілғазизұлы Арынғазы
Шопеннің фортепианолық шығармашылығы
Отбасы түрлері
Домбыра философиясы