Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Қазақ әдебиеті

Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет Иүгінекидің педагогикалық ой-пікірлері
Загрузка...
Қазақ даласының орта ғасырдағы ғұламаларының
педагогикалық идеялары.

Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік
мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиеті парыздарының қатарына жатқызамыз. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады.Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары – Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет Жүгінеки қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.

Қожа Ахмет Яссауи.
(1094-1167 ж.ж)

Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзиясының көрнекті өкілі, дуалы ауыз данышпан, кемеңгер ақын ағартушы АхметЯссауи 1093 жылы немесе 1094 жылы көне Исфидзат (Сайрам) қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы Ибраһим Ата мен Қарашаш Ана осында тұрып, осы жерде қайтыс болған.
Араб, парсы авторларының жазбаларына қарағанда Ахметтің әкесі өз заманының сауатты, көзі ашық адамы болған. Тіптен балауса, бүлдіршін Ахметке араб, парсы тілдерін Таяу Шығыстағы Исфахан, Бағдат қалаларынан ұстаздар жалдап үйретеді. Он алты жасында-ақ болашақ ақын, шығыс поэзиясын, әдебиетін, философиясын жетік меңгереді. Он жеті жасынан бастап, өзі де өлең жаза бастайды. Өз жырларын шығыс авторларынан бірінші болып, сол кездегі шойырлар секілді араб, парсы тілдерінде емес, өзінің ана тілі – түркі тілінде жазған. Иссауи шығармаларының құндылығы осында.
Алғаш рет білімді жергілікті ғұлама Арыстанбап бабадан алады, кейін Бұхара қаласында дәріс алуға барып, парсының белгілі ғалымы Жүсіп Хамаданиден білімін тереңдетеді. Соңынан туған жеріне қайта оралып, сопылық білімін жалғастырады. Сопы ретінде Яссы (қазіргі Түркістан) қаласына келіп, «Яссауишілік» атты діни ағымның негізін салады.
Ахмет – ел ішінде әділдігімен аты шыққан адам. Шешендігі мен ақылгөй даналығы оны жерлестері арасында сый-құрметке бөлейді. Ахмет айтып еді деген қанатты, ғибратты, діни өсиет-насихатқа толы сөздер елден-елге тарайды.
Қазақ жерінің ортағасырлық мәдениетінің дамуында Яссауи жазған «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы). Қожа Ахмет Яссауи ислам дінінің қазақ арасында кең тарауына үлкен үлес қосқан, шығармасын елге түсінікті етіп, түркі тілінде жазған. Ол жергілікті халықтардың ескі дінін жоққа шығармаған, қайта оны ислам дінімен ұштастырған.
Яссауидің «Даналық кітабы» кезінде Орта Азиядан бастап, Еділ жағалауына дейінгі көшпенді түркі тайпаларының арасында кеңірек тараған.
Қожа Ахмет өзінің атақты «Даналық кітабы» аталатын циклді өлеңдерін жазған. Ақын өз өлеңдерінде:
Құл Қожа Ахмет, әрбір сөзің дертке дәрмен,
Тәліптерге (шәкірттерге) баян етсем қалмас арман.
Төрт мың төрт жүз хикмет айт хақ пәрменімен,
Пәрмен болса, өлгенше жырласам мен , - деп даналық сөздердің 4 мың 400 жол екендігін ескерткен.
Қожа Ахмет жырлары әділдік, шапағаттық, мейірімділік, тақуалық, шыншылдық, ойлылық, тазалық секілді игі істерге арналады:
Сөзімді айтам зейін қояр барша жанға,
Жан жылуын, жүрек отын аңсағанға.
Демеу болсын ғарып, пақыр, шаршағанға,
Кекірейген кердендерден қаштым міне.
«Диуани Хихмет» атты діни-сопылық қағидалармен қатар оқу, білім алу, адалдық, имандылық, ізгі қасиетті болу, ақыл-парасатқа жету, жақсылық, жамандық, төзімді болу, достық пен махабатты қастерлеу, әділетті болу, адал жолмен жүру сияқты адамгершілік құндылықтарды насихаттады.
Қожа Ахметтің даналық сөздерінің көбі ұстазы Арыстанбаб жиі еске алынады, ақын ұлы ойшылдың айтқандарына құлақ қойып, ой жібере қарауды ұсынады. Менменділік, көрсе қызар кеудемсоқ, дүниеқоңыз болмауға, тәубаға келуге ақыл-кеңес береді, яғни бабамыздың кихметтері толған ғибрат, мәнді-мағыналы пікір, адамгершілік мұраттарына толы.
Қожа Ахмет базбір хикметтерінде надандарға сөзіңді қор етпе, мейірімсіздерден қайырым күтпе, кісі ақысын жеме, арамдықпен мал жима, өтірік айтпа, дүние байлыққа қызықпа, оның бәрі өткінші, мәңгілік ештеңе жоқ деген адамгершілік құндылықтарды жоғары ұстай отырып, жағымсыз қасиеттерден адамдарды сақтандырады.
Шам айналып көбелектей түстім күйге,
Жалын атып, от боп жанып күйдім мен де.
Бұрынғыдан күрт өзгеріп бөгде болдым,
Алла түспес ауызымнан, пенде болдым.
Міне, осылай Аллаға деген сүйіспеншілігі арқылы адалдық пен ақиқат жолын таңдаған ақын ақыры сопылық жолға түсіп, өзі айтқандай «әділ сөйлеп, адал жүрер жолда болып, тазалық тұрағына енген. Ақын баба өз хикметтерінде, өзінен бұрын өткен даналар сөзіне зейін қойып, олардан үйренгендігін жасырмағ ан».
Ол дүние жинамаған. «Құдайдың құлымын. Мұхамедтің үмбетімін» деп санаған, басқаларды соған шақырған. 1993 жыл ЮНЕСКО шешімімен Қожа Ахмет жылы болып жарияланды. Ержиес университетінде (Түркия) Қожа Ахметке арналған халықаралық симпозиум өткізілді. Меккеге бара алмаған адамдар Түркістандағы кессінесіне келіп, дұға оқытса да, жеткілікті деген сөз де бар. Қазір Түркістан қаласында Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік халықаралық университеті жұмыс істейді.

Ахмет Жүгінеки
(ХІІ ғ.)

Еліміздің сан ғасырлық тарихында өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік мәдениетті жатқызамыз. Түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының орта ғасырлық тарихында өзіндік орны бар ірі тарихи тұлғалардың бірі, ХІІ ғасырда өмір сүрген қазақ топырағында қазіргі Түркістан қаласы маңындағы Жүгінек елді мекенінде дүниеге келген. Орта ғасырлық түркілік мәдениеттің ірі тұлғасы. Тоталитарлық жүйенің кезінде атеистік бағыттағы дүниетаным басымдылық еткені белгілі. Соңғы кезде елімізде демократиялық үрдістерге бетбұрыс негізінде Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет Жүгінеки сияқты діни философияның өкілдеріне деген көзқарасты өзгертіп, олардың іліміндегі адамгершілік құндылықтарды, тәлімдік-тәрбиелік қағидаларды, даналықтың үлгілері бар екендігін мойындатты.
Кеңестік дәуірде Ахмет Жүгінекидің «Ақиқат сыйы» атты тарихи еңбегі 1985 жылы белгілі филолог ғалымдардың Ә.Құрышжанов пен Б.Сағындықовтардың дайындауларымен қазақ тілінде жарық көрді.
Ахмет Жүгінекидің «Ақиқат сыйы» - діни – философиялық рухани мұра, дидактикалық сипаттағы дастан. Бұл дастанның түркі тілдеріндегі бұдан бұрынғы ғақлия дастандарымен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі бар. Ақын шығармаларда өсиет, дидактикалық ой, ғибратнамалық нақыл сөздер басым. Ол тіршілік өмірдегі әсемдікті, адамгершілікті, имандылықты, ізгілікті, адамдардың ұнамды іс-әрекеті мен жарасымды мінез-құлқын дәріптейді. Дастан дидактикалық сипаттағы 504 өлең жолынан тұрады. Бұл шығарма нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерден тұарды. Дастан білім алу жалпы адамзат үшін, әсіресе кедей-кепшіктер үшін пайдалы екендігін баса айтады.
Шығарма тілдің маңызын, сөйлеу мәдениетін, қарапайымдылық, жомарттық, сыпайылық, өршілдік қасиеттерді қастерлеп, менмендік, надандық, сараңдық және дөрекілік сияқты жағымсыз сияқты мінез-құлықты сынға алады. Дастанда Ахмет Жүгінеки адамның бойында кездесетін жағымды, адами сапаларды тәрбиелеу жөнінде құнды дидактикалық кеңестер береді.
Оның бүгінгі таңда да өзіндік мәнін жоймаған ұрпақ тәрбиесінде кеңінен қолдануға болатын өсиеттік, ғибарттық, тәлім-тәрбиелік нақыл сөздерінің мәні ерекше. Мәселен, «Бастық болсаң, жайсаң бол, кәріге де, жасқа да құрмет көрсет».
Ахмет Жүгінекидің «Ақиқат сыйы» дастанында өнер-білімнің пайдасы, адамгершілік, жағымды мінез-құлық қасиеттер туралы нақыл сөздерге ерекше орын берілген. Мәселен, «Білімсіз надан – құны жоқ бақыр», «Білімді мен білімсіз қашан тең болып еді», «Білімді әйел – ер, надан ерекек - әйел», «Сүйекке – май, адамға – білім керек», «Білімді адамның өзі өлгенмен, аты өлмейді», «Надан – тірі дегені болмаса, аты өлік», «Дәрежең үлкейген сайын ұстамырақ бол».
Мәселен, Ахмет Жүгінекидің еңбектерінде өз замандастарына және кейінгі ұрпаққа арналған төмендегідей өлең жолдары кездеседі:
Ей досым, жаздым кітап түркішілеп,
Мейлің сөк, мейліңқала ерекше елеп.
Артымда ат қалсын деп жаздым мұны
Ғажайып таңсық сөзбен ерекшелеп.
Өнерлеп жаздым кітап сөз түйерлік,
Сан толғап, бірін алдым ел сүйерлік,
Асыл сөз аз болады, қалжың көп қой.
Бөз арзан шәйі қымбат бір киерлік.
Жас ұрпақ тыңда мені, ұғасың көп:
Атымды дұғаңда айтып шығарсың деп,
Өзіңе сирек сөзді сыйлық еттім,
Маған да тарту етсін дұғасын,1- деп дұғаны тарту ету арқылы өткен дүниемен рухани сабақтастықтың және байланыстың сақталатындығын Жүгінеки өз шығармасында дәлелдеп отыр.
Түркі тілдес халықтар ортақ тарихына ортақ тұлға болып Ахмет Жүгінекидің ғұлама ойшыл, ағартушы ретіндегі жан-жақты ғылыми мұрасының бүгін де жастарды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде және рухани құндылықтарымызды насихаттауға мәні ерекше.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



45.0Kb
Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 969 | Загрузок: 93 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы Абай дәстүрі
Сапарғали Бегалин - халықтың сүйікті жазушысы
Алғашқы қазақ газеттерінің тарихы
Домбыра философиясы
Электрокардиографтың құрылысы, жұмыс істеу принципі
Абай мен Ыбырай шығармаларындағы үндестік
Қазақтың күй өнері
Бекболат батыр
Асан Кайғы
Қазақ халық көне аспаптарының тарихи даму кезеңдері
Ғұмар Қараш
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі
Денсаулықты сақтау мен нығайту
Адам болам десеңіз (білім сайысы)
Германия