Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 15.11.2019
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Қазақ әдебиеті

Мұхтар Мағауин
Загрузка...
Қазіргі қазақ әдебиеті тарихында нық орын алған көрнекті тұлғалардың бірі - ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның Халық жазушысы (1996), Түркияның халықаралық «Түркі дүниесіне қызмет» сыйлығының лауреаты (1997) Мұхтар Мағауин. Оның шығармашылық жолы, өсіп-өркендеу кезеңдері әдебиет сүйер зиялы қауымның көз алдында.
Мағауин Мұхтар Мұқанұлы 1940 жылдың 2 ақпанында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Шұбартау ауданында өмірге келген. 1961 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіргеннен кейін осы оқу орнының аспирантурасында білімін жалғастырды. (1962-1965).
Қаламгердің еңбек жолы 1965 жылдан басталды. Әуелі «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, 1967-1971 жылдары «Жазушы» баспасында бас редактордың орынбасары қызметін атқарған ол Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер, Абай атындағы педагогикалық институтта доцент, аға ғылыми қызметкер болып істеді. Сонымен қатар Мәскеуде М.Горький атындағы Әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізді. 1984-1986 жылдары «Жазушы» баспасының бас редакторы, 1988 жылдан бері «Жұлдыз» журналының бас редакторы.
Шығармалары орыс тіліне аударылған, шетел тілдерніде басылған. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.
«Аласапыран» тарихи роман-дилогиясы үшін жазушыға Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы (1984) берілді.
Жарық көрген негізгі кітаптары: «Қобыз сарыны». 15-18 ғасырларды жасаған қазақ ақын-жыраулары. Монография. А., «Жазушы», 1969; «Көк мұнар». Роман. А., «Жазушы», 1972; «Бір атаның балалары». Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1974; «Көк кептер». Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1979: «Аласапыран». Тарихи роман. «жалын», 1981-1983; «Шақан Шері». «Известия», 1993; «Ғасырлар бедері». «Ер Дәулет», 1994; «Мен». Роман – дилогия. «Гауһар», 1998; «Тасқа басылған қолжазбалар». «Қағанат», 1999; Шыңғыс ханның шарапаты. «Иль-дан», 2003 жылдар.
1967 жылы кандидаттық диссертация қорғаған. Жазушышың алғашқы шығармалары алпысыншы жылдары республикалық баспа беттерінде жариялана бастайды.
Адамның жан дүниесіне нәр беріп, қуат сыйлайтын руханият әлемнің құдыреті жас Мұхтарды өзіне ертеден – ақ тартқан. Алғаш рет баспасөз бетінде 19 жасында көрінген жас талант араға жылдар емес, айлар сала отырып, жаңа туындыларын бірінен соң бірін ұсынады. 1961 жылы «Кешқұрым», «Әйел махаббаты» сияқты тырнақалды әңгімелерімен жұрт назарына іліккен ол университетті бітірер-бітірместен, қалыптасқан кәдімгі әдибетшілердей жазушылық қаламын қадай сілтейді. Бірақ кейін көркем шығарма жазуды сәл бәсеңсітіп, ғылымға бет бұрады. «Жаңылысу», «Ватерлоо көпірі», «Ақша қар», «Тазының өлімі», «Көкмұнар» сияқты көркем шығармалары – айналдырған үш-төрт жылдың ішінде жазылып, ізі суымастан жарық көрген дүниелер. Бұл туындыларды арнайы атап отырған себебіміз – М.Мағауин осы әңгіме-повестері арқылы-ақ қазақ прозасына жаңадан тың талант келіп қосылғанын әйгілеп үлгерген болатын.
Бұл қаламгер туралы өз кезінде Ғабит Мүсіреповтің: «Мұхтар Мағауин ана тіліміздің байлығын, оралымды, астарлы, әрі от-жалынды, әрі нәзік те биязы бояу сырларын алғашқы адымдарынан бастап-ақ меңгеріп алғанын көрсетеді. Тіліміздің оралымдылығын тереңдетуге қосқан үлесі де аз емес. Еркек, әйел бейнелері қандай сом!.. осы айтқандарымыздың әділет екендігіне сенгендіктен, Мұхтар Мағауин бұдан он-он бес жыл бұрын-ақ іргелі жазушыларымыздың қатарына қосылды демекпіз. Оның соңғы жылдарда шыққан екі томдық романы «Аласапыран» - қазақ совет прозасының тағы бір үлкен мақтанышы. «Жақсы еңбек» дейтініміз шеңберіне сыймайтын, ойы терең, тіл көркемділігін түгел меңгерген, шебер қаламынан ғана туа алатын қымбат қазына!», - деп айтқан пікірі осы тұжырымның дәлелі.
Жетпісінші жылдар қазақ прозасында көркемдік құбылыс болып табылатын шығармалардың бірі – М.Мағауиннің «Тазының өлімі», «Қара қыз» атты повестері. Көркемдік талап тұрғысынан сәтті орындалған бұл туындылардан оқырман қауым бұрынғы-соңды қазақ повестерінде байқала бермеген пішіндік және мазмұндық жаңалықтар барын аңғартады. Бірінші шығармаладағы назар аударатын көркемдік ерекшелік – ойды астарлап жеткізуге бағытталған символикалық нышандар, философиялық түйіндеулер. Бас кейіпкері тазы, яғни ит болғанымен, шығармадағы айтылатын негізгі мәселе – адам тағдыры, халықтық асыл қазынамыз жақсы салт-дәстүрге деген заманалық көзқарас. Автордың бір ұтып тұрған жері – кеңес дәуірінде ашық айтуға болмайтын ұлттық мәселелерді, қазақи салт-дәстүр мен ой – толғамдарды символикалық нышандар арқылы ишаралап, мегзеп ұсына білгендігі. Жалпы өзі өмір сүріп отырған саяси-идеологиялық режимге қарамастан, түпкі авторлық поэзиясын астарлап жеткізе білсе, ол жазушы талантының белгісі болып табылатыны сөзсіз. М.Мағауиннің аталған екі повесінде осынау көркемдік өлшемдер сақталған.
«Тазының өлімі» кеңес дәуірінде жеке адамның күрделі табиғатын ашу үшін өзі өскен ортасы мен жан-жануардың тіршілігін байланыстыру үрдісіне сүйенеді. Бас кейіпкер Қазы – аңшылықты ғана емес, өзінің туған жерін, адамға тән жақсы қасиеттердің баршасын сүйетін қарапайым жан. Оның бейнесі кей сәтте бедерлене сомдалған Лашын тазының қасында көмескіленіп қалғандай да болады. Бірақ ит образын шындыққа сай әр қырынан тұлғалап көрсету, реализм шеңберінен асырмай, жан-жақты сипаттау жазушының көркемдік табысы екені дау тудырмаса керек. Ендеше басын тауға да ұрып, тасқа да ұрып тыным таппай жүрген тазы бейнесінің мейлінше айқын сомдалуы адамнан гөрі иттің иттілігі құнды дегенді білдірмейді. Бұл шығармада күнәсіз хайуанат арқылы адам қауымының ортасындағы күрделі шындықты ашуға деген талпыныс бар. Осынау көркемдік әрекет жолындағы жазушының таңдап алған тәсілі де ұнасымды.
Дүниежүзі әдебиетінде де, қазақ әдебиетінде де бұған дейін-ақ жан-жануарлар, оның ішінде ит туралы шығармалар жазылғанын ескерсек, солардың ішінде «Тазының өлімі» өзіндік көркемдік-идеялық ұсынымдары арқылы ерекшеленеді. Оның иесі – Қазы соғыс мүгедегі, ескінің көзі сынды қазақи арман мен мұңға бейім жан. Тазы болса, иесінің ішкі әлемінің қыжылы мен шыжығынын бір көрінісі сынды тілсіз хайуан. Ғұмыр бойы ата-баба дәстүрін қадірлеп өткен, дәстүрді сақтау дегеннің ұлтты сақтау болып табылатынын іштей ғана түсініп, айналасына ашық жариялай алмай, тіршілікпен қоштасқан Қазының қайғысы қалың қазақтың іштен тынған мұңын сездіреді.
Ал Лашын тазыны сол мұңның көкірекке беріштей байлану себебін білдіретін тілсіз символдық бейне ретінде қабылдаған лазым. Адам құрған қақпанға түсіп, қазаға ұшырайтын тазы, әрине, Қазы отағасының орындалмай, аянышпен аяқталған арманы сынды. Жазушы адам мен ит тағдырын бірнеше көркемдік арқаулары арқылы байланыстыра отырып, мазмұны мен пішіні тұтас құйылған шығарманы өмірге әкелген.
Мұхтар Мағауин шығармашылығы жайлы шағын ойды шиыра келіп, жазушының қазіргі қазақ әдебиет тарихында белгілі бір орынға ие екендігі туралы тұжырымды пікір түюге болады.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



38.5 Kb
Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 4686 | Загрузок: 155 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Тіршілік етуші негізгі орта және оларға ағзалардың адаптациялануы (бей...
Мұхаммед Хайдар Дулати
Шәңгерей Бөкеев
Арқа күйшілік мектебі
Махамбет шығармаларының жанрлық ерекшелігі
Қазақстан Республикасы мен Ливан Республикасы арасындағы қатынастар
Батыс-Алтай қорығы (Шығыс-Қазақстан облысы)
Ұлы Ақын Жамбыл Жабаев
Куәдан жауап алу тәртібі
Паскаль програмдау тілінің қайталау командалары
Информация және информатика
Ғабит Мүсірепов
Заманауи тұлғалардың ислам дінін қабылдау себептері
Дербес Компьютер есте сақтау құрылғысы
Жамақұлы Бейбарыс