Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Қазақ әдебиеті

Мұхамеджан Сералин
Загрузка...
Қазақ халқының 20 ғасыр басындағы белгілі қоғам қайраткері, ақын, журналист Мұхамеджан Сералин 1871 жылы қазіргі Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, «Өрнек» колхозы жерінде туған. Руы – қыпшақ, қыпшақ ішінде тама –бұға, тама-бұға ішінде қожа деп аталады.
Мұхаметжанның әкесі Сералы, атасы Тұрсынбай. Сералы әке-шешесінен жастай жетім қалады. Кедейшілікпен күні өтеді. Пысық,шешен, өлең шығаратын жан болған.
Бір жылы қожа еліне атақты Орынбай ақын келеді. Сералы сонымен айтысады. Осыдан былай оның елге ақын атағы жайылады. Ол енді, кейде, ауыл қыдырып, серілік құрып, өлең айтып, түрлі ақындармен айтысып жүреді.
Сералының өлеңдері ауыздан-ауызға, елден-елге тарайды. Оның осындай ел аузында сақталған екі өлеңі 1915 жылы «Айқап» журналында жарияланды. Ол өлеңдерінде Сералы өзінің жастай жетім қалғанын, кедей болғанын, сауықтық өлең шығарғанын баяндайды:
Құдайым сәби кезден жетім қылдың,
Жетімдік, жарлықпенен қатты дертті.
Ата-анамды жақсы көрген арқасында
Көрген жан бармашы да құрмет етті.
Мен келдім сол құрметпен отыз жасқа,
«Әй кәпір» атанбадым қарындасқа.
Алдағы келетұғын өміріме
Әртүрлі істер түсті біздің басқа...
Сералиннің екі әйелі болған: үлкен әйелі қазақ, кіші әйелі татар екен. Қазақ әйелінен екі ұл, бір қыз сүйсе, татар әйелінен – Мұхаметжан, Фазылжан, Хәкімжан есімді үш ұл сүйіпті. Сералы қайтыс болғанда Мұхаметжан үш-төрт жаста екен.
Мұхаметжанның шешесі, күйеуі өлген соң, жас үш баласымен Тройцкі қаласына келеді. өзінің сол жақтағы туысқандарына барып тұрады. Бір байдың жүн жуатын кәсіпорнына барып жұмыс істейді.
Мұхаметжан 8 жасында медресеге оқуға түседі. Медреседе оқып жүріп, шыны сауыттарды жамап үйренеді. Сынған,жарылған кесе, табақ, шәйнек сияқты ыдыстарды жамап, ақша тауып күн көру жөнінде шешесіне көмкектеседі.
Мұхаметжан медреседе алты-жеті жыл оқиды. Мұсылманша орта дәрежелі білім алады. Сонан кейін 1887 жылы, 16 жасында Бестөбе болысындағы Арыстан деген бай жездесінің қолына барып тұрады. Ол үйде жазды күні Арыстанбайдың үй шаруашылығы жұмыстарын істейді; қысты күні соның балаларын басымшылық етіп бірге Қостанайға барып, орысша оқып үйренеді. Осылай ол 1891 жылы Қостанайдағы екі класты орыс-қазақ мектебін өте жақсы бітіріп шығады.
Сол 1891 жылы Арыстан өзінің бір баласы мен Мұхаметжанды Орынборға алып барады. Екеуін сондағы оқытушылар әзірлейтін училищеге түсірмек болады. Мұхаметжан емтиханды жақсы өткізіп, оқуға алынатын болады да, Арыстанның баласы емтихан өткізе алмайды, училищеге түсе алмайды. Баласы оқуға қабылданбаған соң Арыстан Мұхаметжанды оқуға қалдырмай, еліне алып қайтады.
1891-1900 жылдар арлығында Мұхаметжан біраз уақыт ауылда жүреді.; біраз уақыт ауылнайдың хатшысы болып істейді; біраз уақыт Арал теңізі жағына барып мұғалім болады.
«Қазақ даласында, Арал теңізі жағасындағы Тәліп деген жерде, 4 ауылда Жасағанберген Пірмәнов деген қазақтың үйінде алғашқы ауыл мектебі ашылды.
Мектеп ашыларда келген қазақтар бұрын өздері көрмеген мектеп құралдарына таңырқай қарады. Дегенмен мектепке аса зор илтипат білдіріп, бірінші сабақ басталарда класта 18 бала отырды»,-деп жазды «Новости» деген газетке.
1900 жылы Мұхаметжан Сералин Тройцкі қаласына барады. Сондағы миллонер татар Яушевке қызметке тұрады. Әуелі, бір-екі жыл, оның тері-жүнін сатып алатын дүкенінде жүн сорттаушы болып жұмыс атқарады. 1909-1910 жылдары Яушевтің сенімді өкілі – адамы болады. Яғни, ел аралап, Яушевтің әркімге қарызға, несиеге берген тауарларының ақшасын жинайды.
Бұл соңғы жұмысы, әрі Мұхаметжанның өзіне өтк қатты ұнайды, әрі оның ой-өрісінің кеңеюіне зор әсер етеді. Өйткені ол, осының арқасында, халықпен араласады, оның тұрмысымен танысады.
Осының нәтижесінде Мұхаметжан Сералин бірсыпыра мысал-өлеңдер жазды. 1990 жылы «Топжарған», 1903 жылы «Гулкашима» деген поэмалар жазып, бастырып шығарды. Оның бұл поэмалары өз заманында жаңалық, зор еңбек болды.

Мұхаметжан Сералиннің бізге жеткен әдеби шығармалары сонша көп емес. Небары үш поэма: 1) «Топжарған», 2) «Гүлкәшима», 3) «Рүстем-Зорап» (аударма); бес-алты өлең («Бай, патша һәм кедей», «Бай, қасқыр, аңшы», «Ленин», «Жоқтау»), бір очерк, бір әңгіме «Жусан» (аударма), «Қайғылы қара түн».
Кейбіреулерінің айтуына қарағанда, Мұхаметжан Сералиннің Қазан төңкерісінен бұрын жазған «Бай, патша һәм кедей», «Бай, қасқыр, аңшы» деген өлеңдері баспа жүзін көрмеген; тек гектограф арқылы көбейтіліп, ел арасына қолдан-қолға таратылған. Олар байлардың зұлымдығын әшкерелейтін мысал өлеңдер болған. Ал ақынның басқа әдеби шығармаларының бәрі де өз кезінде газет, журналдарда және кітап болып басылған.
Мұхаметжан Сералиннің бірінші поэмасы – «Топжарған». Ол 1990 жылы Тройцкіде жеке кітап болып шықты. 1903-1907-1915 жылдары қайта басылды. 1936 жылдан бері орта мектептерге арналып шығып жүрген әдебиет хрестоматиясында үнемі басылып келеді.
«Топжарған» поэманың тақырыбы қазақ халқының өмірінде 19 ғасырдың отызыншы, қырқыншыжылдарында болған оқиғаға байланысты: Кеңесары, Наурызбай бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа байланысты.
Автор поэманың басында Кеңесарнының және оның маңына жиналған топтың кәсібін, іс-әрекетін былай суреттейді;
Қаңтарда Жыланшықты қыстау еткем,
Жайлауға Торғай суын көктей еткен.
Қарасай, Қошалақтың қара отына,
Наурызбай, Кеңесары мал семірткен.
Қасында төлеңгіті жүз қаралы үй,
Жігіттің айтқаны өлең, тартқаны күй.
Ханынан жақсы ат тартқан алады сый, -
дейді.
Поэманың бас кейіпкері жас Адай жігіт өз елінен ғашықтың жөнімен немере ағасын атып өлтіріп, қашып шығады. Бір-екі жыл теке маңын, Жайық бойын кезіп жүреді, тама, шекті, шеркес руларын аралайды. Ұрлық істеп күн көреді.
Осылай жүріп кейіпкер бір күні Кеңесарының шекті руынан мал ұрлау, ел талауға келген үш жігітіне кез болады. Олар адай жігіті ұйықтап жатқанда ұстап алып, атымен тұтқын олжа етіп Кеңесарыға алып барады. Олар бара жатып адай жігітке:
Біз елден апта болды шықтық шетке,
Шектіден мал алуға келсе епке.
Талғанда аттың мойны сен кез келдің,
Құлақ сал, олжаладық, мына кепке,
Біз сені Кенеханға апарамыз,
Құл қылып бірімізге біз аламыз.
Қоқаннан саудагер сарт келген шақта,
Құл сатып, олжалы боп біз қаламыз,- дейді.
Хан алдына барғанда жортуылшы жігіттер мақтанады. Тұтқын жігітті қуып жетіп ұстадық, ат үстінде сайысып жеңіп, байлап-матап алдық дейді. Адай жігіт мұның бәрі жалған екенін, ұйықтап жатып қолға түсіп қапа қалғанын айтады.
Тақсыр-ау, астымда атым жүйрік желден,
Жарыста озшы едім қалың елден.
Қашсам да құтылар ем қолға түспей,
Үшеуін ат үстінде болсам көрген,- дейді.
Сонда жортуылшы жігіттер ханға тұтқынның сиықсыз, жаман, жауыр атын әкеп көрсетеді. Хан тұтқын жігіттің әлгі сөзіне сенбей және шын жүйрікті тани алмай, оған ертең осы атыңмен қашып көр:
Бұл торың жүйрік болса құтыларсың,
Немесе қуғыншыға тұтыларсың.
Найзасы жеткен жерде қаза болып,
Мұны біл қара жерге жұтыларсың,-деп қаһарланады хан.
«Топжарған» адай жігітінің қолға түсуімен басталады.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



39.0Kb
Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 3059 | Загрузок: 283 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Жүрсін Ерман
Құранды түсіну
Кіші өзендердің энергетикалық мүмкіндігін пайдалану
Бунақденелілер
Тіршілік етуші негізгі орта және оларға ағзалардың адаптациялануы (бей...
Паскаль програмдау тілінің қайталау командалары
Жасуша теориясы
Асан Кайғы
Бәйсейітова Күләш (Гүлбаһрам) Жасынқызы
Бақытжан Қаратаев
Әбділкәрім Сатұқ Қарахан
Қажығұмар Шабданұлы
Валеология бойынша бағдарламаны енгізу
Махмұд Қашқари
Абайтанушы ғалым Қайым Мұхаметханұлы