Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Қазақ әдебиеті

Әл-Фараби еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері
Загрузка...
Халықтық педагогикалық құбылыстарды зерттеушілер ресми педагогика мен халық педагогикасының бірін-бірі толықтыратын, кеңейтіп отыратын өзара ықпалы мен өзара шарттастығын дәлелді ашып түсіндіреді. Егер ресми педагогика түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіретін саяси, құқықтық философиялық, моральдық, эстетикалық және діни кезқарастардың ықпалы қашаңда сезіліп отырса, халық педагогикасы бүл ықпалға үшырағанмен, түтас алғаңда халықтың ойы мен мүддесін, ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту жайлы түсінігін білдірді.
Ертедегі түркілер педагогикалық ой-пікірін талдау, алғашқы педагогикалық ескерткіштер тікелей халық өмірінің, халық педагогикалық мәдениетінің ықпалымен пайда болғанын көрсетеді. Ғылымның кернекті өкілдері, орта ғасыр мәдениеті қайраткерлерінің отандастары жинақтаған аса бай тәрбие тәжірибесін есепке алмауы мүмкін емес болатын. "ӘЛ-ФАРАБИ трактаттарынан" бастап, "Түркі тіліндегі Гүлістанға" дейін халықтық педагогикалық ой даналығына үздіксіз назар аудару байқалады. Бүл өзара байланыс Х-ХІУ ғғ. шығармаларының маңызды белгілері болып табылады.
Тұлғаның рухани дамуыңдагы музыканың шешуші ролі жайлы айта келе Әл-Фараби (870-950) өз пікірін дәлелдеуде халықтардың көп ғасырлық тәжірибесін есепке алады. "Музыка жайлы трактатта" ("Музыканың үлкен кітабынан" үзінді) ол былай деп жазды: "Біреулер әнді өзіне жағымды сезінулер туғызу, дем алу, шаршағанды, уақыттың өзі жайлы ұмыту үшін айтты. Басқалары ішкі сезімінің сол не өзге жағдайын орнықтыру немесе тарату, өзгертуге тырысты. Болмаса құмарлықты түтандыру не басуға пайдаланды. Ең соңында, үшіншілері әнді өзінің өлендеріне мәнерлілік беру, сондай-ақ тындаушы қиялын күштірек ояту үшін қолданды. Бұл түрлі себептерге байланысты адамдар, әуезге ән айтуға, дауысты реттеуге ерте өуестенді. Әндер
мен күйлер ұрпактан ұрпаққа, халықтан халыққа ауысып, көбейіп отырды"5.
Бала төрбиесі, қоғам мен халықтың балаларды оқыту жөніндегі камқорлығы, жастарды халық өміріне байланысты білімдермен қаруландыру, балаға оның жеке жөне жас ерекшеліктерін ескеріп шын жүректен қамқорлықты қарым-қатынас - мұның бәрі Әл-Фараби педагогикалық жүйесінің құрамды бөлігі бодды. Халықтан алып пайдаланылған көптеген ережелер оның ілімінің демократиялық, гуманистік өзегін құрады және оның педагогикасының озық бағыттылығын күшейтті. Әрине, ұлы педагогтың халықтық тәрбие дәстүрлерін алып пайдаланып және оны өз жүйесіне енгізіп қана қоюмен шектелмеуі әбден табиғи. Ол педагогикалық құбылыстардың жиынтығын байыптады, тәрбие және тәрбиелеу орындары мәнін түсіндіруге жаңа мазмұн беріп, әрі қарай шығармашылықпен дамыта алды.
Оның пікірінше, оқу, білім алу, ғылым адамы болу, адамгершілік және тәрбие мәселерімен тығыз байланысты. Мәселен, "Философияны үйрену үшін алдын ала нені білу қажет" деген еңбегінде Фараби бірінші алғы шарт етіп адамнның жан тазалығын, ар тазалығын қойған: "Ғылым үйренуге кіріспекші кіснің жас, кішіпейіл, денсаулығы жақсы болуы қажет. Оның тәрбиелі, адамгершілігі мол, адал, кулық-сұмдықтан және баска да ағат мінез-құлықтан аулақ болуы керек".
Әл-Фарабидің "Сөз ғылымдарының классификациясы туралы" деп аталатын трактаты 5 тараудан түрады. Олар: "Тіл туралы ғылым", "Логика", "Математика", "Табиғат ғылымдары жөне тәңірілік ғылымдары", "Азаматтық ғылым, заң ғылымдары және догматикалық діни ілім" т.б. Тараулардың аттарынан-ақ белгілі болып отырғандай, Әл-Фараби бұл ғылым салаларынан түрлеріне ерекше мон беріп өзінше түсіндіруге тырысады. Осы трактаты туралы Әл-Фараби: "Бүл кітаптағының бәрі пайдалы, өйткені, егер адам осы ғылымдардың бірін қарастырып, зерттегісі келсе, онда ол неден бастаудың, атап айтқаңда, нені зерттеу керек екенін, зерттеу үшін ненің жарамсыз екенін және өзінің оған қай дәрежеде қолы жете алатындығын білетін болады. Сөйтіп, оның ғылымға баратын жолы қараңғылық пен надандыққа емес, білім мен парасатқа негізделетін болады",- деп жазды. (Әл-Фараби, Философиялық трактаттар, Алматы, 1973, 115-116 беттер).
Шындығында ойшылдың бұл трактаты - ғылымның әртүрлі саласымен айналушысы ғалымдар мен мүғалімдердің зерттеу ісіне негіз боларлық құнды туынды. "Логика" деп аталатын бөлімінде Әл-Фараби былайша анықгама береді: "Логика өнері интеллектінің (ақылдың) кемеліне келуіне туғызатын және қатеге ұрыну мүмкіндігі бар интеллект объектілерін танудың барлық жағдайларыңда адамды дұрыс жолға бағдарлайтын зандар жиынтығын үйретеді... адамды кателесуден, мүлт кетуден жөне ұсақ күнәлардан сақтап, қорғайтын зандарды үйретеді" (Ф.т. 127 б.), ягни, логика өнері - адамның ақыл-парасатын жетілдіруге көмектесетін, қате жіберсе, оны мойындап, кайталамауға, басқаның ісіне әділ баға беруге кемектесетін құрал.
Адам өмірі үшін, әсіресе ұстаздарға бұл құралдың қажеттігі түсінікті. Ұстаздың негізгі мақсаты өз шәкіртіне тиянақгы білім беріп, ізгілікті мінез-құлыққа тәрбиелеу деп білсек, сол тиянақгы білім, ізгілік ұстаздың өз бойында болуы шарт. Егерде, осының бірі адам бойында кездеспейтін болеа, онда ол "логика саласында надан" деп есептеліп, кайсыбір мәселеде кімдікі жөн екенін, оның қалайша жөн екенін ажырата алмайды. Бұл жағдай ұстаз бойында кездесетін болса, сөзсіз, оның беделін түсіріп, өз шәкірттерінің мінез-құлық, іс-әрекеттеріне дұрыс баға бере алмағандықтан, олардың арасында түсінбеушілік, кейде бір-біріне деген дөрекілік те кездесіп отырады. Түсінбеушілік, дөрекілік жүрген жерде әрине, логика, парасаттылық туралы дүрыс түсінік болуы мүмкін емес. Сол себепті шәкірттің ой-толғамын жетілдіру, оның ізгілікті іс-әрекет жасауына көмектесу – ұстаз парызы.
Әл-Фараби творчествосында көрнекті орын алатын мәселенің бірі - тәрбие мәселесі. Тәрбиеге анықгама бере келіп, ол: "Тәрбиелеу дегеніміз - халықтардың бойына білімге негізделгенн этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту әдісі деген сөз... тәрбиелеу кезінде халықгар мен қала түрғындарына білімге негізделген қасиеттерден туатын іс-әрекет жасау дағдысы сіңіріледі, олар осындай іс-әрекетке жігерлендіріледі, осы әрекетті жасау тілегі қоздырылады, осы қасиеттер және бұлармен байланысты әрекеттер адамдардың жан-дүниесін баурап алатыңдай және адамдарды осыған жан-тәнімен құштар ететіндей болуы көзделеді" деп жазды.
Тәрбие мәселесін Әл-Фараби осындай кең мағынада түсіне отырып, тәрбиенің жалпы халықтар мен қала тұрғындарының өмірінде алатын, атқаратын орнын жоғары бағалайды. Дұрыс тәрбие берілмеген халықтар мен қала түрғындары "надан" халықтар немесе қала тұрғындары (қоғам өкілдері дегені) деп аталып, ондай қалалардың түрлері, адамдарыңда кездесетін нашар мінез-құлық, іс-әрекеттер сипатталады.
Әл-Фараби бұл жерде адам бойына этикалық ізгіліктерді білім, тәрбие арқылы дарыту, сол арқылы адамның игі әрекеттерге талпынуы, ол әрекеттерді жан-тәнімен ұнатуы туралы айтып отыр. Этикалық ізгіліктерді адам бойына дарытуда Әл-Фараби тәрбиелеудің екі түрлі әдісін атап көрсетеді: бірінші - иландырғыш нақыл сөз, сезімге әсер еткіш нақыл сөздер әдісі; бұл әдіс арқылы адамдарды өз еркімен игілікті істер жасауға жігерлендіруге болады; екіншісі - өз еркімен, өз қалауы бойынша жөнге келмейтін жөне сөзге құлақ аспайтын "бүлікші, сенімсіз", ересек адамдарға қолданылатын күштеу әдісі.
Осы әдістердің ішінде Әл-Фараби иландыру немесе ерікті түрде тәрбиелеу әдісін жоғары бағалайды. Адам сезіміне ерекше әсер ететін, оның жан-күйін баурап алатын этикалық нақыл сөздермен адамды дүрыс бағытқа, игілікті мінез-құлыққа тәрбиелеуге болады. Тәрбиенің нәтижесінде адам бойында пайда болған ізгілікті қасиеттерді, мінез-құлықты тұрақты күйге айналдыру үшін дағды кажет. "...Жаратылысынан біткен бейімділік, - деп жазады Фараби - қайырымдылық әрекеттерге бағытталса, және бұл әрекеттер кайталана келе адам жаныңда сол әрекеттердің өзін тудыратын күйді тудыратындай дәрежеде әдет турінде нығайып, бекісе, әрекетпен орныккдн бүл күй қайырымдылық деп саналады" (ө.о.т. 181-бет).
Бүл мәселеде Әл-Фараби ақыл-парасат пен тәрбиенің ролі туралы айта келіп, тәрбиесіз дағды, дағдысыз тәрбие болмайтынын ескертеді. Тәрбиесіз дағды болмайды дейтін себебі, мысалы, жас нәрестені алғашқы күннен бастап-ақ ізгілікті істерге бағыттап, тәрбиелесе ғана, оның бойына сол істер дағды ретінде қалыптасады. Сол сияқты дағдысыз тәрбие болмайды дейтіні, тәрбиенің нәтижесінде қол жеткен қайырымды іс-әрекеттерді, мінез-құлықты дағды арқылы түрақты күйге айналдырып отырмайынша, адам ізгілікті бола алмайды. Кейбір жастардың мінез-құлқы, іс-әрекет заман талабынан шыға бермейді.
Адам жаратылысының жақсылыққа не жамандыққа бейім болып тумайтындығын айта келіп, ол: "Жаратылысынан барлық ізгі, этикалық, интелектуальдық қасиетгерді бойына сіңірген адамның болуы шындыққа да, ақылға да симайды; сол сияқты жаратылысынан барлық өнерге бейім адам да болуы мүмкін емес. Дәл сол секілді жаратылысынан барлық бұзақылыққа бейім адамның болуы да ақылға симайды," – деп көрсетеді. Бұл қорытындыға Фарабидің адам табиғатын терең зерттеу нәтижесінде қолы жетті.
Ересек адамдардың мінез-құлқын өзгертуі қиынға түсетіндігін ескерте келіп Фараби: "бірақ қиын болса да мұнан мүмкін емес деген мағына тумайтындығын" айтады. Фараби: "Жақсы іс-әрекеттер алғашқыда қиналуды, қасірет шегуді, керісінше, жаман іс-әрекеттер алғашында рахатқа кенелткендей көрінгенмен, белгілі уақыт өткен соң міндетті түрде кайгы-қасіретке душар етеді", - деп жазды. Тәрбие мен дағдыны қатар қоя отырып Фараби "тәрбие дегенміз білім негізінде адамға ізгі қулық, іс-әрекеттерді дағдыландыру, оның жанына әсер етіп, рухани күш беру" деп түсіндіреді. "Дағды" деген ұғымға ол төмендегідей анықтама береді: "Дағдылану деп мен бір әрекетті жиі-жиі ұзақ мерзімге қайталап отыруды айтамын". "Көркем немесе ұнамсыз адамгершілік қасиеттерді адам жүре келе игеретіңдіктен, ол соның қайсысына дағдыланса, сонысы оның іс-әрекетінің, мінез-құлқының негізі болмақ. Жақсы мінез, іс-әрекеттер, жиі-жиі қайталана отырып, адам дүниесінің рухани азығына айналса, ал жаман іс-әрекеттер қайталана отырып, оның азғыңдауына немесе, "аюан тектес" жексүрындыққа үрындырады", - деп жазады ол.
Фараби үстаздың мінез-құлық нормасы қандай болу керек деген сұракқа: "... ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің үстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – ұстаздың қадірін кетіреді. Оның берген сабағы мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады", - деп түсіндіреді. Бүл сияқты ұстамдылыққа, іскерлікке қол жету үшін Фараби атап көрсеткендей: "ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет, өйткені бүлар, жүрт айткдндай, тамшысымен тас тесетін бейне бір су тәрізді".
Фараби, сонымен қатар, оқыту, білім беру мәселелеріне үлкен назар аударып, бүл түрғыда көптеген түбегейлі, терең пікірлер айтқан. Ол "философтардың қойған сауалдарына жауаптар" деп аталатын еңбегінде педагогикаға, оқу, оқыту мәселелеріне қатысты жайларға тоқталады. Мәселен, оқып- үйренуге жаттап алу дүрыс па, жоқ түсініп алу дүрыс бола ма деген сүраққа Фараби: "түсініп алған дұрыс, өйткені барлығын жаттап алу мүмкін емес, оларды белгілі бір байланыстары арқылы ойда топтастыру пайдалы",-деп жауап береді.
Ұлы педагог ойшыл халықтық ауызша шығарылған өнер үлгілеріне құштар. Бұларды ой, сезім, өмір тәжірибесін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің тамаша құралы деп санайды. Көркем өлең, жыр, сөз өнері баланың рухани дамуына, оның жаны мен тәніне терең бойлап, кемел жетілуіне терең тамыр жайып қуатты ықпал ете алатынына сенімді. Отан аясы, оның тілі, оның әңгіме, аңыздары мен өмірі адам жүрегіне ақыл жетпейтін билігін ешқашан тоқгатпайтынын әрі ғалым, әрі ақын бабамыз сексен жастан асқан шағында қағаз бетіне түсірген мына бір щумақтарда былай деп білдіреді:
Кеткенім жоқ, елім, сенен атақ, бақыт, тақ іздеп,
Шықтым, жұртым, шалғай ғылым атты шам іздеп.
Ақтадым мен ақ сүтіңді келгенінше шамамның,
Ассамдағы сексен жастан сәбиіңмін, балаңмын.
Жүзім сынық, көңілсіз күйге түстім мен бүгін,
Саған деген серпе алмаймын ынтызарлық түндігін.
Айналайын атам қыпшақ, туған жерім сағындым,
Өз атыңа, үрметіңе қайда жүрсем табындым.
Педагог-энциклопедистер шығармашылығын салыстырмалы педагогикалық талдау тәрбиенің бүкіл салаларындағы дерлік идеялардың үқсастығын ашуға көмектеседі.
"Білік біліп - төрден орын аларсың,
Білік білсең - күшті, берік адамсың.
Біліксіз тіл, жүрек неге жарасын,
Жанды судай біліктен күш табасың.
Канша білсең, ізден тағы, тағы да,
Білікті адам жетер тілек, бағына".

З.ӘБІЛОВА, Қ.ҚАЛИЕВАЛАРДЫҢ «ЭТНОПЕДАГОГИКА ОҚУЛЫҒЫНАН»
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



57.5Kb
Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 915 | Загрузок: 110 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Паскаль програмдау тілінің қайталау командалары
Марат Отарәлиев: «Тағдырмын ерте жоғалған...»
Бекболат батыр
М.Мағауин
Құнанбайұлы Абай
Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы Абай дәстүрі
Өсімдік қорғау және карантин мамандығы бойынша Емтихан билеттері
Аймауытов Жүсіпбек
Гобелен өнері
Қазақстан мен Германия арасындағы қатынастар
Майлин Бейімбет
Қазақ халық көне аспаптарының тарихи даму кезеңдері
Алғашқы қазақ газеттерінің тарихы
Германия
Алпамыс батыр дастанының зерттелуі