Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Қазақ әдебиеті

Хамза Ықсанұлы Есенжанов
Загрузка...
О, пенделер, көзіңді ашып қарашы,

Алыс емес,

Тал бесік пен тар бесіктің арасы.

Қас-қағымдай мына қысқа өмірде,

Бір-біріңе ғашық көзбен қарашы


Әдебиетiмiздiң тарихында өзiндiк орны бар белгiлi қаламгер Хамза Ықсанұлы Есенжанов қазақ халқына талай тың дүниелер сыйлады. «Ақ Жайық» трилогиясы кезiнде оқырманды елең еткiзген кесек туынды болатын. Ол қандай тақырыпта жазса да оқырманын бей-жай қалдырған емес. Төменде ақын Әбу Сәрсенбаевтың 1979 жылы қаламгер iнiсiнiң 70 жылдық мерейтойы қарсаңында жазған мақаласын стилiн сақтай отырып оқырман назарына арнайы ұсынып отырмыз. Мақаланы редакцияға әкелiп тапсырған Әбекеңнiң жары — Райхан жеңгей. Әбу СӘрсенбаевЖалпы қазақ әдебиетiн, оның iшiнде романдар саласын әңгiмелер болсақ, Мұхаң, Сә-бең, Ғабең, Ғабиден бастаған әулеттi шоғырдан кейiн есiм-дерiн атамай өтуге болмайтын тағы да бiр топ әдебиет жұлдыздары бар. Бұлар бозбалалық шақтарынан бастап-ақ сонау әулеттi шоғырларды саялай, солардан үйрене жүрiп, балапан прозамыздың iргесiн қаласуға септiгiн тигiзген Саттар Ерубаев, Ғабдол Сланов, Зейiн Шашкин, Хамза Есенжанов топтары. Әрине, бiрден жетiлiп кетпеген-ақ шығар. Әйтеуiр қанатымен су сепкен қарлығаш болғандары хақ. Осылардың арасынан Зейiн Шашкин әдебиеттiң қасиеттi ордасына бет түзеген алғашқы адымдарын сонау 1927 жылдан бастаса да, өз тiлектерiнен тыс ұзақ мерзiм үзiлiс жасауға мәжбүр болды. Сөйтiп әдебиетке қайта оралар сапарларын елуiншi жылдардан бастаған бұл екi қаламгер өкiнiштi жылдардың есебiн қайтармақ болғандай ерен қимыл жасады. Шабыттары да қайту теңiздiң жаңадан тасуы iспеттес ақ толқын өрiп, дарын арнасын кемерледi. Бөгелiп қалған бұлақ көзiнiң мұндай күштi серпiн жасауы табиғи заңдылық та шығар-ау. Әйтеуiр осы бiр қос дарын аз ғана мерзiм iшiнде оқырмандар сезiмiн ұйытып аларлық шебер де, өнiктi де жазып, ортадан оза көрiнiс бердi. «Тоқаш Бокин», «Доктор Дарқанов», төрт кiтап-тан тұратын «Ақ жайық» романдары қазақ совет прозасын шырайландыра да, шоқтықтандыра да түстi.Бүгiнгi сөз — жасы жетпiсте, сонау 1928 жылғы тұңғыш әңгiмелерiнен бастасақ қаламгерлiк сапарына жарты ғасыр толған, көпсалалы тарихи романдардың авторы Хамза Есенжанов төңiрегiнде ғана болса керек едi ғой. Алайда дараламай, өскен ортасымен алған дұрыс шығар. Жаңылмасам, Хамза Есенжановты ең алғаш 1930 жылдары қазақ ғылымының қара шаңырағы Абай институтының әдебиет балапандарын аялайтын қасиеттi кең залында кездестiрсек керек. Бұл тұста үлкенде де, кiшiде де бәрiн бiлсем, бәрiне де үлгерсем деген қанағатсыз бiр ұмтылыс болатын-ды. Жаза ма, жоқ па бәрiбiр, әйтеуiр бiр жақсы лебiз тыңдауға құштарланғандар Абай институтының кең залындағы жиындардан қалмауға тырысар едi. Осындай кеңестердiң бiрiне «Еңбекшiқазақ» газетi редакциясынан Ғали Орманов, Әбдiрахман Мусин, Ғабдол Сланов төртеуiмiз бара қалдық. Әбдiрахман қысылып-қымтырылуды бiлмейтiн, ашық-жарқын адам болатын. Бiздi қолтықтап барып, шеттеу тұрған бiр топ жас жiгiттермен таныстырды. «Менiң ағаларым…» Қiл бiр таза киiнген сындарлы сұлу жiгiттер кiшiлiк iзет бiлдiрiп, қолдарын ұсынды. Шалғайдағы қалыңқы ауылдан таяуда келген қысылшаң кезiм, аты-жөнiмдi өзiме де естiлер-естiлмес ерiн ұшымен ғана күбiрлеп ұяң сәлемдестiм. Шүйiркелесiп те үлгерген жоқ едiк, екiншi есiктен шалқақтай адымдап шыққан шағын бойлы, жалтыр шеке қара жiгiт сәл қарлығыңқы жарқыншақ дауыспен, тiстене ашу бiлдiрдi: «Әй, Хамза, Тайыр, Мұқаметжан, Сағыр, қашанғы күтемiз…» Өзгелерi бiрден кiлт бұрылды да, кермеге қоярдай сындарлы сұлу, талдырмаш жiгiт менiң Әбдiрахман iнiмнен қолын босатып ала алмай, сәл кiдiрiп қалған едi. Ашулы қара тағы да дауыс көтердi. «Әй, қураған, мына бiреу кiм өзi? Бөгеме анау кербездi. Сұлудың бәрi қыз емес…» Оң қолын ендi ғана босатып алған сындарлы жiгiт бұрыла берiп биязы ғана жымиды. «Ағатай-ай, тентексiң-ау…» Алдыңғылардың бiрi жалт бұрылып, көзiне түскен кекiлiн желкесiне қаға тастап, жұлып алғандай шекесiнен қарады да, сындарлы жiгiттi асықтырды. «Пай, шандозым-ай, сұлудай сыланбай болсаңшы. - Мынау қара бақсы түтеп тұр… Бiздер түгiл төбемiздегi мықтының өзiн түтуге дайын…» Кербез басын шұлғып, арқаға қақты. «Әй, ақиығым-ай, кiл бiр осылай сөйлейсiң-ау…»Толық танысып үлгiрмеген алғашқы дидарласуымыз осылай аяқталған едi. Бұдан кейiн сол жiгiттердi үнемi институт манында, театр залында, Жазушылар одағында көретiн болдым. Кейде дуылдаса келiсiп «Еңбекшiқазақ» редакциясына да кiрiп шығады. Мүмкiн ретi де солай келетiн-дi, тiптi топтарын жазбайтын. Бұлардың бiрiн-бiрi әзiлмен қағытатын жарасымды мiнездерiне, шынайы достық-тұтастығына, бiр сөзден-ақ аңғарылып тұратын бiлiмдарлығына сүйсiне қарар едiк. Қазақ астанасында келешегiнен үмiт күттiретiн осындай бiр шоғыр әулет өсiп келе жатты: «Әуелбек Қоңыратбаев, Сағыр Қамалов, Хамза Есенжанов, Тайыр Жароков, Қажым Жұмалиев, Белгiбай Шалабаев, Зейiн Шашкин, Әбдiлдә Тәжiбаев, Есмағамбет Исмайылов, тағы өзгелер — бiрiн-бiрi толықтырып, бiрiмен бiрi жарасым тауып тұратын. Осы балаң дарындардың iшiндегi дене сымбаттысы да, бет пiшiннен көрiктiсi де Хамза болатын. Бұның сөйлеген сөзiнде де, ақырын жымиған әдемi күлкiсiнде де бiр табиғи биязылық жатар едi. Қүлген кезде бетiне ойнап шыққан жұқалаң қызғылт реңнен iшкi жан сұлулығы аңғарылатын-ды. 1936 жыл. Мен қазақ мемлекеттiк баспасына ауыстым. Ол кезде бүкiл әдебиет, бүкiл оқулық осында шоғырланған болатын. Бiр күнi профессор Құдайберген Жұбанов бес-алты жасты ертiп баспа директоры Киселевтың кабинетiне кiрдi. Солардың iшiнде Хамза мен Есмағамбет бар едi. Директор Сабыржан Үкенов екеуiмiздi шақыртты. Профессор бiздермен бас изеп амандасты да, әңгiмесiн жалғастырды. Әңгiме келешектiң жүгiн көтерер өте бiлiмдi жас әулеттер төңiрегiнде екен. Болашақ осылардiкi дей келiп, Мұхаметжанның, Әлiбектiң, Қажымның, Есмағамбеттiң, Хамзаның есiмдерiн мақтанышпен атады. Хамза Гольдонидiң «Екi мырзаға бiр қызметкерiн», Тургеневтiң «Рудинiн» аударып жүргенi әңгiмелендi. Құдайберген ағай есiмiн атаған сайын Хамза соншама ыңғайсызданып отырды. Кешiкпей профессор ұсынған жас бiлiмдарларға әдебиет оқулықтары тапсырылды.Профессор қателеспесе керек. Сол күз бұл жас дарындар әрқайсысы әр тұстан шаң көрсетiп, үмiттi қауымды қуанышқа бөледi. Хамза мен Мұхаметжан оқулықтарын сәттi аяқтап, кезектi әдеби-ғылыми жұмыстарына кiрiстi. Қажым, Есмағамбет әдебиет теориясымен шұғылданды. Сағыр Қамалов «Ер Тарғын» опереттасымен жарқ ете қалды. Бұл опера сахнаның «Қыз Жiбектен» соңғы белесi едi. Жас дарын шоғырларының осы сәттегi жүрекжарды қуаныштары сiздiң кiрпiктерiңiзге де мақтаныш моншақтарын сабақтар едi. Олар халық әндерiнiң басын шебер құрастырып, орын-орнына пайдалана бiлген композитор еңбегiн бағалай тұрса да, либеретто авторын тiптi биiк құрметтесе керек. Ол кезде ауыр қоңжиып қалған денелi Сағырды қолдарына көтерiп бара жатты. Мүмкiн тiптi маған солай көрiнген шығар-ақ.Мiне, жас дарындар шоғырының араларындағы достық осындай кiршiксiз болатын. Мен бұларды бiрiнсiз бiрi тыныстай алмастай сезiнер едiм.…Соғыстан кейiнгi жылдар әдебиетiмiздiң ортасы толып, шексiз бiр шалқыған тұстары болды. Қаламгерлердiң бiрi майданнан, бiрi өзге сапардан оралды. Талайлары-ақ көңiл дәптерiне жазылған күрделi шығармалармен келiптi. Солардың бiрi Хамза Есенжанов болатын. Бiрақ та алып-қашпа асаулығы жоқ, биязы адам көнiл дәптерiнде жазылған тарихи романдарды қағазға кешiрiп болғанға дейiн ешкiмге жар салған жоқ. Шұқылай жүрiп, «Тынық Донның» аудармасына қатысты. Мүмкiн осының өзi де ұлы жазушының тақырыптас шығармасынан үйрену жолдары болар. Бұл тұста Жұмағали Саин марқұм екеуiмiз де жазушылар одағында ке­ңесшi едiк. Ал, партия ұйымында ол басшы да, мен қосшы болатынмын. Жұмағалиды Мұхаңнан бастап бәрiмiз де «Жұмеке» дейтiнбiз. Ол өзi де осыған әбден құлақ дағдыландырып алған, бiрде болмаса бiрде Жұмағали деп қалғандарға көз астымен қарап қояды да, жымия түсiп, ойын-шыны аралас тiл қатады: «Ау, Тәкең айтпақшы, менi де Мұхаңа дейiн Жұмеке дейдi, еп-ерсi етiп Жұмағалиiңiз не!» Дуылдаса күлiп, кешiрiм сұраймыз. Жұмекең бiр күнi менi кабинетiне шақырып алды да, былай дедi: «Мен осы коммунистерiмнiң саяси бiлiм дәрежесiн байқасам деп отырмын. Қазiр Хамза келедi, бiрге тыңдайық». Орынды көрмедiм. «Жұмеке, өзiмiз тайыздық аңғартып, ұялып жүрмелiк». Парторг ұнатпай қалды. Есiк қағып Хамза кiрдi де, әңгiмемiз үзiлдi.Сәлемдескеннен кейiн парторг хал-жай сұрады. «Ал, қалай? Алдымен сiздi қандай үйiрмеге жазалық?» Хамза биязы ғана жымиды. «Менi үйiрмеге емес, соларға лекция окуға жазыңыз. Маркстiк эстетикадан бiрнеше сабақ жүргiзiп берейiн». Жұмекең лекциясында не айтпағын сұрап едi, Хамза сала-салаға бөлiп сөйлеп кеттi. Парторг ризалық бiлдiрдi. «О, мықты екенсiң, келiстiк… Жә, творчестволық жағың ше?» Хамза бөгеле түсiп жауап бердi. «Партком осы жайды неге сұрап-бiлмейдi екен деп iштей ренжуде едiм. Рахмет, Жұмеке. Жар салмай-ақ қойған едiм. Парткомнан жасыруға болмас. «Ақ Жайық» романының бiрiншi кiтабы дайын тұр. Екiншiсiн көшiрiп жүрмiн. Орал облысындағы Азамат соғысы, Жымпитыдыдағы Алашорда үкiметiнiң құлатылуы, советтендiру кезеңi… Үш, мүмкiн төрт кiтаппен аяқталар». Парторг қозғалақтап қойды. «Төрт кiтап?» Хамза батыл жауап қайтарды. «Таңданбаңыздар, бұлар менiң кеудемде жазылып келген дүниелер. Баяғы-баяғы заманнан көкiрегiмде сан рет редакцияланған болатын. Тек қағазға көшiруi ғана қалған-ды. Жұмыстан оралғаннан кейiн түн бойы отырамын. Ал үйiмiз аса жылы емес, партком жолдас бiраз отырып кетсе, батареямыз жылынар ма едi дегенiм ғой». Парторг уағда еттi. Келер аптада жазушылар одағының кең залында эстетикадан Хамзаның бiрiншi лекциясы тыңдалды. Халық сонша көп жиналған едi, Хамза қоңыр дауыспен бастап, соншама жақсы оқыды. Көпшiлiк құлағына шалына бермейтiн көне заман әдебиетi үлгiлерiнен де, бүгiнгi совет және шетелдiк көркем туындылардан да қажеттi тұста мысалдар келтiрiп отырды. Жиналғандар ұйып тыңдады. Парторг соншама риза болып, әдебиет-шiлер және әдебиет достары атынан алғыс айтып, Хамзаның қолын қысты. Осы лекцияны қалалық белсендiлер жиынында тыңдаттыру жайлы ойын бiлдiрдi. Хамзаға эстетика үйiрмесiн басқару мiндетi жүктелдi. Бiрер күннен кейiн кештетiп Хамзаның үйiнде болдық. Аяғында ақ пима, үстiне жеңсiз жылы кеуделiк, сыртынан пальто жамылған қалпы үстел басында отыр екен.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 842 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Ғабиден Мұстафин
Шәмші Қалдаяқов
Ақан сері Қорамсаұлы
Германия
Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлы
Рашмор тауы
Жыр cұлтаны Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы сөз
Жамақұлы Бейбарыс
Байтұрсынұлы Ахмет
Италия Республикасының Конституциялық құқығы
Бақытжан Қаратаев
Әбілғазизұлы Арынғазы
Компьютерлік желілер. Желілердің қызметі
Дербес компьютерде іс-қағаздарын жүргізу
Домбыра философиясы