Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Қазақ әдебиеті

Бөкеш би
Загрузка...
Бөкеш би.

Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» романы аз жыл ішінде оқырман қауымға кеңінен танылды. Халқымыздың көркемдік қазынасынан лайықты орын алды. Ұлпанның тарихи тұлға екендігі баршаға мәлім. Оның өз әкесі Артықбай батыр болған. Ал нағашы атасы Бөкеш бір рулы елдің биі болған. Ол жайында әсол өңірдегі ақсақалдар аузында көп – көп әңгімелер мен шешендік сөз өрнектері сақталып қалған. Мәселен, Бөкеш би қартая келіп, науқастанып жатқанда, оның қадірлес үзеңгілесі Меңдеке өзінің үлкен баласы Шәңкіні Қайдауыл деген кісіге ертіп, көңілін сұұрап келуге жібереді. өріс-қонысы шалғайда қалған ағайынның тілектестігін ала келген екі жігіттің түр – тұлғасы мен сыр-сипатына риза болған батагөй қарт оларға:
Бастай білсең өр алды,
Қона білсең жер қалды.
Билей білсең ел қалды,
Асқар-асқар бел қалды.
Шәңкі менен Қайдауыл,
Сендерден басқа кім қалды? –
Депті ел ішінде алауыздық көбейіп, әркім әр жаққа тарта бастағанына қынжылып. Одан арғы ойын ол былай жалғастырады:
Айтатын сөзім тағы бар,
Сүйір тілді жігіттің
Сөзге біткен жағы бар.
Менің айтқан сһзімді
Жібермей желге қағып ал.
өзі болған жігіттің
Тегін сұрап не етесің?
Атасы үшін кеми ме-
Тағдырдың берген бағы бар.
Араз болса екі би,
Арадағы пасықтар
Терлеп текке сабылар.
өнердің алды ынтымақ,
ынтымақты елдерге
сыртқы дұшпан не қылар.



Бекше би.
Бекше шешен бірде Саққұлақ бидің қасына ермей, үйінде жатып алады. Би елдің дау-дамайын онысыз бітіру қиынға соғатын болған соң бәйбішесіне: «Кедейдің бір тойғаны шала байығаны» демеуші ме еді, сыбаға жіберіп, шақыртшы депті. Бидің Нұрлы деген баласы шешенді шақыра келіп, қоржынбасып берген соң ақтарса, әкелген сыбағаның ең тәуір мүшесі қойдың жауырыны екен. Шешеннің жұбайы түсте апыл-ғұпыл қайнатып, қонақтың алдына табақты жылы шыраймен мырзаға күлімсірей мойын бұрып:
Байқаңыз еттің азы жауырыннан,
Бар болса кім аяиды бауырынан.
Жоқтық шіркін адамға не істетпейді,
Бұ дағы келіпті өз ауылыңнан,
Мынасы сүр ме десем, сірі екен ғой,
Дүниеге көзі тоймай, өле қоймай,
Бірі көрде, бірі елде жүр екен ғой,-
депті. Бетінен оты шығып, құлағына дейін қызарған Нұлы мырза өз шешесінің қарауылына іштей қатты налынып, тек аттанарда ғана шешенді әкесі әдейі шақыртқанын айтады. Сонда Бекше тебірене тіл безеп:
Мен Сақекеңнің Бекшесі едім,
Сақтаулы алтын текшесі едім,
Бұ күнде кісі жібертіп шақыртатын,
Етігінің өкшесі болыппын ба?
Керексінсе өз келсін, -
Депті. Сөз шымбайына батқан азулы би Саққұлақ кшікпей өзі келіп, айыбына шапан жауып, Бекшені ертіп әкеткен екен.



Тоқсоба би.
Тоқсоба би қатты ауырып, өлім халіне жетіп жатқанда, қасында отырған бір пұшық, бір таз би:
- тоқа, жаман айтпай жақсы жоқ, о дүниелік болып кетсеңіз, бізге түк айтпай кетесіз бе? – депті.
Сонда Тоқсоба би:
- Ақылдарың болса маған айтыңдар, көрмеген жерге барам, танымайтын елге барам, қараңғы көрге барам, - депті.
Пұшық пен таз не дерін білмей қалыпты.


Тоқсоба даналығы.
Тоқсоба шешен жолаушылап келе жатып, бір ауылдың сыртында қозы баққан сегіз жасар балаға жолығып:
- Балам, бұл қозы кімдікі?- деп сұрапты.
- Ата, бұл қозы қойдікі.
- Әкең аты жоқ па еді, шырағым,-десе:
- әекмнің қара аты да, торы аты да, сары аты да, құла аты да бар, - депті.
Шешен ішінен «мынау бір қиқар бала екен» деп ойланып қалады. Таукенінің мүйізімен жасаған сылдырмақты шақшасын ердің басына қағып-қағып, насыбай атады. Сонда бала тұрып:
- Ата, шақшаңыз ненің мүйізі, - депті.
Балаға іштей қиястанған Тоқсоба:
- Бұл біздің елдің қоянының мүйізі,-депті.
Шешеннің өтірігін естіген бала лып етіп:
- «Елі азғынның жері тозған» деген рас екен – ау. Біздің ел қоянның мүйізінің шаңырақ иеді. Сіздің елдікі шақшаға ғана жарапты ғой,- депті.
Тоқсоба тойтарма сөзге түк айта алмапты.


Көбей би.
Көбей 1710-1785 жылдар аралығында өмір сүрген, халқына белгілі шешен, би атанған. 1779-1780 жылдардағы «Еңлік - Кебек» оқиғасының ішінде болып, «жолсыз жазаға» ұшыраған екі жастың өліміне қатты қайғырып, тебіренген. Көбей би туралы ұлы жазушы Мұхтар Әуезов шығармасында Шәкәрімнің Еңлік – Кебек дастанында айтылған. Көбей би айтты деген ел ішінде көптеген шешендік алғыр ойлы сөздер қалған. «Ақырында мен ғаріп» атты толғауды Еңлік – Кебектің жазықсыз жалаға ұшырағаннан кейін айтқаны деседі:
Осы кезде кім ғаріп,
Бірлігі жоқ ел ғаріп
Еркімен ел жайламаған
Құлазып тұрған жер ғаріп.
Қаз-үйрек келіп қонбаған,
Айдын да шалқар көл ғаріп.
Көмек тимей қорлықпен,
Арманда өлген ер ғаріп.
Мақсатына жете алмай,
Көзіні жасы сел болып,
Зарлап өлген ару қыз,
Бәрінен де сол ғаріп.
Қадірін біліп ұқпаса,
Нақыл айтқан сөз ғаріп.
Елін жөнге салмаған,
Қос қыршынды жалмаған,
Еспенбеттей би ғаріп.
Үш күн, үш түн жыладым,
Көзімнің жасын бұладым.
Жүрегім от болып елжіреп,
Буыным босап құладым,
Нақыл сөзім өтпеген,
Тентек елге жетпеген.
Ақырында мен ғаріп.
Аз болған соң еліміз,
Жаулы болып жеріміз.
Екі қыршын қаза боп,
Үзілді ғой беліміз.
Үйіңнен дауыл кетпейді
Ақымақ болып тоқ болсаң,
Ешкімге назың өтпейді,
Арыстан болып жоқ болсаң.
Ат барлығы не керек,болмаса аттың сияғы,
Биік таудың барлығы не керек,
Іргесінде болмаса тұрағы.
Шалқар көлдер не керек,
Жағасында болмаса құрағы,
Ер жігіттер барлығы не керек,
Артында болмаса тұяғы.
Адал сөз екі дүниеде жанның шырағы.
Арам сөздің екі дүниеде бар сұрағы.
Тірі жүрген адамның ақырында
Қара жер болар тұрағы.
Жүйрік ат өр пырағы,
Ойлаған жерге жеткізер.
Жақсы бала әке шырағы,
Көргенді құмар өткізер,
Жақсы әйел үйдің тұрағы,
Жатты жақын еткізер.
Тамаша алғашқы шу-ду сияқты,
Қуанышқа көтерген су сияқты.
Шу қылып аяқ жағын шерменде қып,
Болады тілеп ішкен у сияқты.
Зер ұстаған зердің жайын біледі,
Жақсы басшы елдің жайын біледі,
Басынан көп өмірді өткізген жан,
Қайғыменен жердің жайын біледі.
Ой, дүние – ай, дүниесің.
Дем алғанша құбыласың,
Шаң жұқпайтын кейде тұлпар,
Кейде орға жығыласың.
Кеше көл еді, бүгін тақыр,
Кеше бай еді, бүгін пақыр,
Ар сатуға ақырын келе жатыр.
Желдетпей тұман ашылмас
Желдетпей жүйрік басылмас.
өндіршектен оқ тисе,
жер таянбай тұра алмас.



Сары Әжібек.
Бақтыбай баласы Сары Әжібек он төрт жасында билік айтқан екен. Үйсін, тбықты екі ру Шу өзенінің шұрайлы жайылымында таласып, аралары бүлінер болған соң, дауды шешуге екі жағы да би сайлап, солар не десе соған көнбек болады. Ақсақалдардың ұйғарымымен тобықтылар Құнанбайды, үйсіндер Сары Әжібекті сайлапты. Екеуінің айтыстағы билігін тыңдауға екі рудың жақсылары жиналып, екі биді жеке шығарып отырғызыпты. Сары Әжібекті Құнанбай баласынып, сөйлескісі келмейді. Үйсінде бұдан басқа шығарар биіміз жоқ деген соң, Құнанбай амалсыздан көнеді. «Екі шалдың ортасында бір бала дана болады» деуші еді, сондықтан даудың билігін мен айтамын дейді Сары Әжібек. Көпшіліктен рұқсат алған Сары Әжібек:
Мен белгілі елімнің Сарысымын,
Ұлы жүздің Сары Әжібек дәрісімін.
Маңдайымның бағы бар,
Таңдайымның дағы бар.
Ал сен өзіңнің кім екеніңді білемісің?
Ау, Құнанбай, бір көзіңнің ағы бар,
Ат төбеліндей Тобықтылығың тағы бар.
Сен дуан басы болып билік айтқанда
Мен Үйсіннің сөзін айтпайтұғын
Не кемдігім бар?-депті.
- Уа, бала, сөзің орынды, билігін өзің айтшы,- депті Құнанбай.
- Өз бауырыма тартпаймын, « Сары табақтан сарқыт қайтады» деген бар. Шу өзенінің оң жағын Үйсін, сол жағын Тобықты жайласын, менің билігім осы,-депті. Екі рулы ел билікке ризаласып қайтыпты.

Байдалы би.
Байдалы би – Абылай заманының ғұмыр кешкен адам. Оның қисынды сөзіне, қиюын тапқан уәжіне Абылай хан да тосылған екен. «Абылай аспас сары бел» атанған – осы Байдалы би. Қартайған шағында көңілін сұрай келген жас Қарібекке аталық батасын берген де – осы Байдалы би. Ел аузында Байдалы бабаның қарапайым, қанағатшыл, тәубашылық, дана да дара тұлғасы айқын сақталған.
Бидің базынасы.
өзінің замандасы, әрі тұрғыласы, дәулетті кісі Байғозы үйіне келгенде, өмірі кедейлікпен өткен, бірақ аты бүкіл қазаққа белгілі Байдалы шешен былай депті:
мына тұрған біздің үй,
дәулеті жоқ ұйтқысыз.
Сексен үйрек қамасаң,
Бірін қармап тұтқасыз.
Төрге салар кілем жоқ,
Көрпе менен жастықтан
Сілкіп салар сілем жоқ.
Кедейлікті жеңуге-
Келін шайпау, бала ынжық.
Жасым жетті шамам жоқ,
Ойым-теңіз, сөзім – бал,
Мен дегенде тұлдыр жоқ.
Байғозыға лақ сойсам жетпейді – ау,
Енесін сойсам орын мүлдем бітпейді – ау!

Атағы көпке тараған Байдалы шешен қартайған шағында кедейлік басып, жұтаң өмір сүреді.
Бір жылы құрбан шалатын малы болмай, ол үйінде отырып қалыпты. Сол ауылдың Дөңмұрат деген молдасы:
- биім-ау, мұның қалай? Өзіңде болмаса, бай ағайының бар емес пе, малды балаң бар. Солардан бір мал алып құрбан шалмадыңыз? Мұныңыз ұят болады ғой,- деп Байдалыға ақыл үйреткен екен.
Сонда Байдалы:
- «Сөйлемесе сөздің атасы өледі». Айтпаса естімейтін саңырау бар. Ашпаса, көрмейтін соқыр бар. Ағайындағы мал – аспандағы мал. Ініңдегеі мал – індегі мал. Баладағы мал – даладағы мал. Сұраған адам – қарақшы. Ұяты жоқ адамнан алып, борышты болғанша, алмай, құдайдың өзіне ақ борышты болайын,-деп тамамдайды.

Нау шешен.
Нау ешен бидің бір ешкісі жоғалып, ешкісін ұрлаған ұрысы табылыпты. Ұры бір ешкінің орнына екі ешкі төлейін десе, Нау көнбепті. Ханға төрелесуге барыпты. Хан Наудың бір ешкісінің төлеуіне үш ешкі бергізіпті –алмапты, төрт ешкі бергізіпті – алмапты. Сонан соң хан:
- не қылғаның мынау, ешкінің несі бар еді, сонша ма?-деп сұрапты. Сонда Нау:
Ешкімнің іші толған лақ еді,
Сусам сүті бұлақ еді.
Қап – қара құрты бар еді,
Қарын – қарын майы бар еді.
Сойсам терісі бұтыма қап еді.
Мүйізі пышағыма сап еді,
Қатыным қандай көретін еді,-
Деп шұбырта жөнеліпті.
- е, жағың қарысқыр, мақтауын келістірдің. Енді ешкінің төлеуін айтшы, - депті хан.
- Төлеуіне төрт ешкі
Айцыбына алты ешкі,
Басына қосақ,
Артына жетек,
өзімен он-үш ешкі.
Билік ақысы бір ат,
Хан саған еш нәрсе жоқ, -депті Нау. Сонда хан күліп:
- бір ат, он үш ешкі бер де, мына пәледен құтыл,-депті ұрыға. «Нау құрымай, дау құрымас» деген сөз содан қалыпты.

Қунақ би.
Ертеде бір қойшы бір отар қойын айдап келе жатса, қой тұяғынан домалаған тас сайда тұрған түйеге тиіп, түйе арам қатады. Оның иесі малымды төлеп берсін деп шағым айтып, Албан-Қызылбөрік Қунақ деген биге барады. Қунақ би тұрып:
- тас бір отар қойдан құлады ма, әлде бір қойдан құлады ма?-дейді.
Түйе иесі:
- бір отар ошарылып бір жерде тұр дейсің бе?Біреуінің тұяғынан шығар, - дегенде, Қунақ би:
- бір қойдың төрт аяғынан құлады ма екен, әлде бір аяғынан құлады ма екен? – дейді.
Түйе иесі:
-төрт аяғы бір жерде тұр дейсің бе, біреуінен құлаған шығар,-дейді.
Ол кезде бір түйе- жиырма бес қой, бес бесті атқа бағаланады екен. Есептей келгенде, қой тұяғы бір лаққа тең болып шығады. Сөйтіп өлген түйенің құны бір лақ болып шықты.

Бірде бай болыстар Қунақ бидің жұпыны киінгенін келемеж етеді. Сонда Қунақ би тұрып:
Ұзынды ұл киді,
Қызылы қыз киді,
Менің киімім осы,
Басқаларды балалар киді,-деп жауап берген екен.

Шомбал бидің шоқ басуы.
Жәңгір ханның кезінде оның он екі биінің бірі – Шомбал би болған екен. Шомбал би тұз өнетін сор көлді өндіріп қойған екен. Көлдің қорығына қарамастан, Шомбал бидің Жұмат деген ағайны көлден асқа тұз қазып алып, әр ауылға апарып сатып, аздаған кәсіп етеді екен. Осы жайды білген Шомбал би Жұматтың жалғыз атын ұрлатып алдырып, жасырып қояды. Мұны сезген Жұмат:
Шомбал би деп жүр едім ақылды би,
Қорғар деп жақын түгіл, жатыңды би.
Жал қылып кәсіп етіп отырғанда,
Алдырдың не себептен атымды би?
Осы би деп жүр едім ақылды би,
Халық түгіл, хан қайтармас тіліңді би,
Ажалым бір кісіден бола кетсе,
Жүр едім ол сұрар деп құнымды би.
Сақсынып сауысқандай жүрсем дағы,
Аяғы бір нәрсеге ілінді би.
Тұзыңнан бір- екі арба алып едім
Сұрасаң енді айтайын шынымды би
Қатты би Бозай алса үндемейсің,
Осыдан бөтендігім білінді би.
Тұзыңа екіншілей жуымаспын,
Қатсам да быламыққа көліңді би, - дегенде, Шомбал би: « жә, баршы, атың ешқайда кетпес» депті.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



60.0Kb
Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 1519 | Загрузок: 162 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Жүсіп Қыдыров
Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің құрылымы мен жүйесі
Мұрат Мөңкеұлы
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы
Неологизмдердің жасалу жолдары
Гигиена
Азаттық жырының ақтаңгері
Ар жақта дүмбірлеген Арынғазы...
ТМД мемлекеттерімен жасалған келісімшартгар
Қазақстандағы камералық-аспаптың жанрдың қалыптасуы мен дамуы
Медетбай Тәжіұлы
Германия
Қазақ халқының үрмелі аспаптары
Махамбет шығармаларының көркемдік ерекшеліктері
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі