Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Қазақ әдебиеті

Қаламгердің әдеби-эстетикалық ұстанымы
Загрузка...
ҚАЛАМГЕРДІҢ ӘДЕБИ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ҰСТАНЫМЫ
Төлеубаева К.А. (Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, ф.ғ.к.)
Әдебиет өнердің бір түрі ретінде үнемі динамикалық қозғалыста болып, даму, өсу, өркендеу үрдісін бастан кешетіні мәлім. Сондықтан да әдебиеттану ғылымында шығарма құрылымындағы драматизмнің ерекшелік сипаттарын зерттеу, саралау маңызды.
Қаламгер Д.Исабеков «Қарғын» романында қоғамның адамға емес, адамның қоғамға деген қатынасы түрғысынан зер салады. Қаламгер философиясында адам тағдырындағы қарама-қайшылық өмір кереғарлығынан туындап жатады. Адамның адамгершілігі, адамдығы оның қоғамдағы орнымен, әлеуметтік жағдайымен, қызметімен емес, рухани дүниенің байлығымен ғана өлшенеді. Қаһарманды әрқашан автор таңдайды. Сол образға идеялық жүк артып қана қоймайды, өзінің көкейіндегі күрделі ойын да сіңіреді. Демек, қаламгер «өзі ауырған проблеманы» көтеріп жүре алатын образ сомдауы керек. Қаншалықты мөлшерде қаһарманға проблеманы «жүктеу» қаламгердің көркемдік шеберлігіне байланысты. «Қарғын» романындағы Жасын образының қарама-қайшылықты, күрделі сомдалуы «ерен» болмыс иесін танытады. Өйткені Жасын жай ғана кейіпкер емес, оны даралайтын қасиет -жазушылық қарым, суреткерлік ұстаным. Жасын кім?.. «Жасын - үғым. Жазушы қандай болуы керек және оның ұстанатын өмірлік принциптері қандай?» - деген сауалға жауап беруге тырысудан туған өз кредом», - дейді қаламгер Д.Исабеков. Қаламгер зертханасында шыңдалған образ характерін зерттеу, жазушы сөзімен айтсақ: «ал ол қалай шықты - мәселе соның теңірегінде болуы керек», - делінген [1, 8]. Міне, осы тұрғыдан алғанда, Жасын бейнесіндегі қарама-қайшылықты қарастыру міндет.
Жазушы Б.Нұржекеұлы: «Бас кейіпкері Жасын мен үшін Асқар Сүлейменовтін ролінде ойнаған Дулат секілденеді де түрады. ...Дәлелім - Жасын секілді жазушының қазак
115

топырағында бола алатындығы, оның кепілі кешегі өткен Асқар Сүлейменов екені ғана», -дейді [2,7]. Жасын - қазақ қаламгерінің тосын мінезін, шығармашылық тәуелсіздігін де айғақтайтын күрделі образ. Ол - белгілі бір қалыптан тыс ойлайтын, өмір сүретін жан. Оның драматизмі - өзіндік «менін» қорғауы, «өзіндік» ойлауы.
Жоғарыда қаламгер белгілі бір дәрежеде Жасын образының табиғатынан авторлык концепцияның аңғарылатынын атап өтті дедік. Олай болса, романда адам жанының арпалысын автордың терең бейнелеуі де өте орынды.
Өз кезегінде жазушы А.Сүлейменовтің «Ситуация» повесіндегі Бектұров образы мен Жасын образының табиғатында ұқсастық бар. Повестегі Мақбоз Бектұровтың қаламгерлік ұстанымының өзі тазалықпен өлшенеді. Өз шығармаларына орынды-орынсыз айтылған сындарды жылы қабылдамауының өзі - шығармашылыққа ерекше тазалықпен қарайтындығында. Себебі ол - өзінің рухани тереңдігін сезіне алған қаһарман.
Жасын - Бектұров образдарындағы ұқсастықты іздеу авторлық концепцияның қаншалықты дәрежеде образ арқылы берілуін анықтауға мүмкіндік береді. Дулат - Жасын -Асқар - Бектұров желісіндегі авторлық концепцияның шеберлікпен шыңдалуын, драматизммен өрілуін тарқатқанда мына бір мысалдарға жүгінелік: «...сонда да Бектұров дәл осы жебір жанарымен жаншып тастай жаздаған, қою қоңыр көздері жалмап қойғысы келгендей Сержанның іші-ішінен кеулеп кетіп еді. Қашан?» [3,154]. «Тура қараған адамның өңменін суық жанары жуалдыздай тесіп өтетін секілді. Ашаң тұлғасында ешкімге бас имес паңдық, тәкәппарлық пен ойлылық бір сәтке жалт етіп өткендей болды» [4,6].
Бұл үзінділер образ портретіндегі ұқсастықты айғақтайды. «Ситуация» повесінде Асқар Сүлейменовтің әдеби ортадағы, яғни қаламгерлер арасында болып тұратын «әр түрлі оқиғаларға» деген өзіндік көзқарасы өлшемімен берілген концепциясы Бектұров образы арқылы көрініс тапқан. Белгілі бір дәрежеде Бектұровты Асқар Сүлейменов деп тану қисынсыз. Алайда повесть мазмұнынан авторға кейіпкердің рухани жақындығы байқалады.
Бағиланың сезімі оның жаны таза, парасаты биік, кісілік келбеті ерекше жаралған жанға деген табиғи сүйіспеншілік. Жазушы суреттеуінде «Жасынға деген бойжеткен қыздың ғана ықыласы емес, парасаты биік, ойы үстем адамға саналы түрде құлаған көңілдің қасиетті сезімі еді. ...Жас қыз өн бойынан салқындық қана есіп тұратын, өзгемен ғана емес, өз-өзімен де қарама-қайшы осы адамды неге, не үшін жақсы көретінін де әзірше білмеуші еді. ...Онымен әрбір кездесу дүниетану, адамтану, өзіңді танудың жаңа көкжиектерін кеңейте түсетін-ді», -деп берілген жолдар бұл рухани жақындықтың дәлелі [4,82-161]. Бағиладағы іңкәрліктің тууына купе ішіндегі Жасынның екі парақ қағазындағы сөйлемдер мазмұнының тереңдігі әсер етті. Себебі Бағиладағы рухани әлем тереңдікке ұмтылды. Ол тереңдіктің сиқыры екі парақтың мазмұнынан бастау алды. Сондықтан да романшы Дулат интеллектуалды мәселені романға арқау ете отырып, драматизм тереңдігі күрделі сомдалған Жасын образынан танылатын авторлық концепциядан тамыр алған желіні үнемі ширатып отырады.
«Адам жол ортасына дейін шыққан жерін, жол ортасынан ары қарай барар жерін
ойлайды деген рас екен. Жасын самолетке отырғанша Бағиланың жайын, енді бірін-бірі
ұмыту емес, ұмытуға тырыса да алмастарын, қызының жанында тұрып әкесінің бауыр езер
жылы сөзін, Мәликенің әлгі көз жасын қайта-қайта ойлаумен болды» [4,201]. Осы сөйлемнің
мазмұны сұраққа берілген жауап секілді. Романның көркемдік шешімі нақтыланған. Демек,
суреткердің әр оқырманның үлесіне қалдырған көркемдік шешімнің кілті осы сөйлемдердің
мазмұнында жатыр.
Романдағы Мәлике образының сомдалу ерекшелігін танытатын, яғни образдың ерекше бағаланар тұсы «өзін шығарып салуға келген әйелдің көзінен моншақтай домалап түсе салған жас тек қимастық, достық парыздан ғана емес, ешқашан айтылмай, көкірегінде қамауда жатып қартаяр, шілдеде жүріп шірір ерекше бір сезім толқыныстарынан екенін Жасын да байқап қалды» деп суреттеліп, Жасынның ойымен берілген [4,201]. Қырық қатпар адам жанынын бір қырын бейнелеуде автор Мәлике образына жүк арта алған. Ал Жасынның Мәлике туралы ойы драматизмнің монологтық формасында берілген. Нәзік лиризммен шебер өрнектелген монологтан қаламгер концепциясы байқалады. Екіншіден, Жасынның найзағайдай жарқылдаған өткір сөзі мен ойы, монолог пен іс - әрекеті драмалық шығармаға
116

Тән қасиет-сипаттардан алыс қонбағандығын аңғартып тұр. Асылы, қаламгер концепциясын
әр образдың өзін танытатын ойлы сөздерінен іздеу абзал. Мәликені: «...өзгені көп түсінетін
ойшыл адам барлық уақытта бақытты бола бермейді. Олардың өмірі кол фонарьдың
батареясы секілді, бар мейірімі мен қайрат-жігерін өзгеге жұмсайды да, өзі түптеп келгенде
«энергиясыз қалады», «Білесің бе, жақсы адамдардың басым көпшілігі тіршілікте бақытты
бола бермейді. Өйткені олар өзіне тиісті бақыттың басқаларға үлескенін біледі және мынау
маған тиесілі еді деп айтпайды. Жақсы адам болудың қиындығы да сонда», - деп ой
таразылауы драмалық сипатқа ие образ табиғатынан туындайды [4,17].
Дулат - Жасынның философиясымен астасқан ойлары «Тірліктің қарапайым заңынан
адам алыс кете алмайды ғой деймін. ...Кез келген қолайлы сәтте биіктен төмен түсе
салуымыз оңай. «Сонда қалай», - деді екінші бір ой - түсініктің биігінде тұрып, тағдыр мен
өмірлік болашақты жерге тастау керек пе?» - деген сауалмен өрнектелсе де: «...оған
ешқашан жауап бермесін, бере алмасын білді» деген толғаныс жан әлеміндегі тартыс
қайшылығын, ойдағы жарылысты танытады [4,165]. Жасынның ішкі монологы драматизмге
құрылған. Ой сапырылысы мен жан арпалысы,танымдық, рухани өзгерістің ішкі әлеміне
әсері барлығы да - монологтағы ой қозғалысы. Демек, «Қарғын» романындағы драматизмнің
ұшқындап көрінуі «ойлардың қозғалысынан» байқалады. Қаламгер өзі өмір сүрген заманның
ғана емес, өткен кезеңнің де шындығын барша драматизм қайшылығымен суреттегенде
адамзатты толғандыратын кесек мәселелерді де қат- қабат шиеленісте беруі ойландырары
хақ. Өйткені мәселе драматизмге толы халық өмірінің жабық болған беттеріне үңілуде.
«Қарғын» романында адамның ішкі дүниесінің драматизмі әр қаһарманға әр түрлі жағдайлармен байланыста дарыған. Романда қаһармандардың танылуы үнемі ішкі
психологияның қарама-қайшылығы мен таным дүниесінің салмақтануы арқылы жүзеге
асырылып, бір сәттегі әр түрлі дүниетанымы түрлі деңгейдегі эмоция иелерінің ойы мен ішкі
бұлқынысын байқататын мінез ерекшелігінен туындайды. Шығарма оқиғасының
басталуында-ақ купе хикаясы Бағиланы, Тұрғатты, Қаратайды және оның маңайындағы
дүрмектің қоғамдық сипатқа ие психологиясы мен жеке адамның санасы және дүниетаным
тереңдігін қозғаушы күш ретінде айқындай алады. Поездағы оқиғадан бастау алған
тұрақсыздық Бағиланың ішкі әлемінде орын алған. Тұрақтылыққа жету формасына дейінгі
аралықта көркем ойдың қозғалысы айналмалы тәрізді сипатқа ие, Себебі әр қаһарманның
(Бағиланың, Ликенің, Қаратайдың) тұрақсыздық берік орын алып, ситуация асқынған сайын
әр түрлі деңгейде танылуы осыған дәлел.
Қаһарманды даралауда автор олардың ой-толғанысын бере алуымен ерекшелейді. «Ойлы адамға қызық жоқ бүл жалғанда» делінген Абайдың сөзіне Бағиланың тереңдей алуы парасатқа ұмтылған таным иесі екенін танытады. Осы ретте Тұрғаттың «Өмірдегі орным ақын-жазушыларға түк те қатысы жоқ» деген философиясы ішкі әлемін паш етіп тұр .
Тек ой ғана қаһарманның дүниетанымын тереңдете алады. Сөйлеген сөз, айтылған пікірдің салмағы әр кейіпкерді таразылауға мүмкіндік береді. Тәшкен сапарының иесі -ғалым адам. Осы ғалымның ұсақ мінезі мен сөзі оқиға басында-ақ тоғышарлыққа жақын екендігін байқатып кеткен.
«Бағила кітаптардан көзін тайдырып, жұртқа қарағанда олардың барлығының көйлекшең отырғанын көрді. Тұрғат та костюмін шешіп, дәл Қаратай секілді жоғарғы екі түймесін ағытып тастапты. Бағила ақыл тоқтатқан ересек адамдардың және бірін-бірі бұрыннан білетін адамдардың өзара отырып та ресми қарым-қатынастың оңай тұтқыны бола салатындарына түсінбеді» [4,22]. Бұл - өзін қоршаған адамдардың іс-әрекет, қимыл, тірлігіне үңілген сайын Бағила санасында біртін-біртін сәулеленіп келе жатқан, әзірше ұлғайып, үлкен мән-маңызға ие бола қоймаған жағдаяттың, ішкі өзгерістің алғашқы бастаулары.
Оқырманды нәзік лиризіммен өрілген юмордың езу тартқызар тұсы - романдағы қаламгердің өзіне ғана тән ерекшелік.
«...Хрусталь бокалдар аспанда түйісіп, күйме қоңыраудай сыңғырлады. Ол бокалдардың арасында Елтайдың лимонад толы бокалы мен ішінде тамшысы да жоқ Ертайдың да бокалы сыңғырға сыңғыр қосты», - деген баяндау үлгісі дәлел [4,177-178].
Романдағы қаһармандар әлемін көркемдік шеберлікпен таныта алуы да осы түрғыдан
117

келгенде стильдік ізденістің нәтижесінен туындаған.
Суық жүз бен өткір жанар иесі Жасынды үнемі ірі ойшыл немесе қырсық, қиқар адам
ретінде біржақты тану адамның мың қатпар ішкі әлемі мен қасиетіне қайшылық туғызар еді.
Романдағы диалогтан қаһармандардың юмор мен лиризмнің астарласуы арқылы тереңдей
түскен болмысын байқаймыз.
«- Міне, міне. Сіз өзіңізге енді ғана оралдыңыз, - деді қыз күліп.
- Сіз маған осындай сәтте ғажап ұнайсыз.
Жасын стол мен лоджияның екі ортасында тұрып оған қадала қарады.
- Сонда немене, саған ұнау үшін үнемі осылай сөйлеп тұруым керек пе? Сен өзің сөзге
тоймайтын мешкей қыз екенсің...
... - Жасын оның шашынан сипады. - Білесің бе, мен сені өте жақсы көрген сәттерімде, -
ол сәттердің төмендейтін кездері де болады, - ер адамның әйелді сүю формасына мүлде
қанағаттанбаймын. Мен екінің бірі сияқты ғашық болғым келмейді, екінің бірі болу деген
сөз, түптеп келгенде, төсекпен біту деген сөз ғой. Сен мен үшін одан мың есе биіксің.
- Онда екеуіміз ахалтеке боп, жапан даланы кезіп кетейік. Есіңізде ме?
- Есімде. Оған мен қазір-ақ дайынмын. Бірақ, амал жоқ, адам боп қала береміз. Сен,
балақай, тұқымыңда маскүнемдіктен өлген біреу болса да, мына фужеріңді столға қойшы.
Сөз бен шампанға тоймайды екенсің», - деді [4,164].
Қаһарманның ішкі әлемін танытуда автор жүрек пен көзді эмоцияны сезіне алушы, сездіре алушы күш ретінде суреттейді. Кейіпкер эмоциясы ғана емес, сезім дүниесіндегі сана қатпарындағы бұлқынысты танытуда қаламгер ұтымды тәсілді шебер қолданған. Мысалы, мына мәтіндік үзінділер соның дәлелі деуге болады.
«...Мына секілді өкініштен гөрі зорлыққа көбірек ұқсайтын сөзден жігіттің өңі сұрланып, анталап тұрған адамдарға сұқтана қарады. Бұл қараста ешқашан айтылмайтын, айтылса да ешкімнің ұға алмасын ұғындырған терең мән жатты. Сүйектен бастау алып, жүректен жасанып шыққан сөз бен ой жанарға кеп үймеледі де, тыңдаушысын таба алмасын сезіп, бойға қайта тарады» [4,7].
«Ол қағазды жанындағы кітаптың үстіне қойып, төбеге қарады. Назары одан сәл төмен
жылжығанда бұғының кепкен басын көрді. Ол бәз-баяғысынша көрінбейтін көкжиекке еліре
таңдана қарап тұр. Қараған сайын қарай бергісі келетін сияқты. Торшердің сарғыш
сәулесінен оның жанары сәл күңгірт тартып, бұрынғы бейкүнә қалпына болмашы ғана
өкініш пен мұң ұялапты. Бір кезде сол жанар бірте-бірте мүлдем суық тартып, Бағиланың
дәл өзіне қадалып тұрғандай көрінді.
Оның жүрегі дір ете түсті. Мына жанар бүгінгі таныс бейтаныстың жанарына ұқсайтын сияқты. Жебедей өткір, сүңгідей суық, шөлдің құдығындай терең, әрі жақын, әрі жат, әрі үрейлі, әрі қымбат» [4,74]. Көзқарастың ұқсастығы бірнеше эмоцияның тууына себепкер болған. Автордың бұғының көзіндегі ұқсастықты суреттеуі қиянаттан туған жамандыққа деген немесе қоғамдағы биік ойдың аласаруына қарсылықты танытуымен шектеледі.
«Көркемдік антропологияда бетперде (маска) ұғымы кеңірек, яғни ол өзіне тек қана алдын ала екіжүзділік бет немесе өзінің жеке, бірақ визуальды сипаттағы адамшылық беттің тірлік көріністерін жасырып қоюға болатын «жат түрді» енгізеді деп түсіндіріледі.
Образ-персонаж сомдай келе, суреткер оның түрін нақты тәндік-рухтық түрде бейнелейді, бірақ сол мезетте ол арқылы көретіні бейне (лик) - рухтың тәндік түр - сипаты, образдың идеалды мәні. Суреткер түр тірлігінің неғұрлым өзгергіш және көптүрлену көрінісі ретінде ең соңында, түрдің бетпердесін береді. Бетперде тірлік жағдайларына сай ситуациялық және ұзақ уақыттық болуы мүмкін. Кейде адам бетпердені тұтас түрінің «тірегі» (доминанты) қылып алады», - деген пікірден ой тарқатсақ, романдағы Қаратайдың маңындағы дүрмектің қоғамдық пікір қалыптастырған маскасы (совхоз директоры және тағы басқалардың аудан басшысын қарсы алған сәтіндегі), қазақи қалжың мен кең мінез, сабыр иелері Көлбай, Теңге, бульдозерші жігіттердің танымдық қасиеттерін бейнелеуде әшкере болумен бірге, юморлық сипатты тереңдете түскен [5,136-141].
Маска (бетперде) арқылы романдағы Сәргел образы жан-жақты ашылған.
«Қаратай оның бегіне қарап, сыпайы күлімсіреді. «Осы кісі» қу адам деймін, - деді көзін
118

қайта төмен түсіргенде іштей. - Мені сынап келе жатқан жок па? Сөзіне қарасақ ештеңе білмейтін жан сияқты, көзіне үңілсең білмейтін нәрсесі жоқтай көрінеді. Мұндай мінезді
қайдан тапқан? Адам өзгереді деген рас-ау, шамасы».
Олар тағы кері бұрылып, қатарларын жазбай, ілгері жүрді.
- Өзім болсам кетіп бара жатырмын, - деді Қаратай Сәргелдің жауапты ұзақ күтіп қалғанын сезіп,- Бұл жағдайды кеше айтқаныңыз жөн болатын еді, және бұл мәселемен
кімге бару керек екенін де білмеймін ғой. Академияда қорғайсыз ба, университетте ме?
- Университетте.
- Кіммен сөйлесу керек екен?
Сәргел үшін де, Қаратай үшін де азапты минуттар басталды [4,37]. Сонымен қатар суреткер масканы диалогтағы ойдың қозғалысы, яғни драматизм табиғатын танытуға да ұтымды пайдалана алған.
Роман оқиғаларындағы Сәргел образы үнемі маскада, нақты айтқанда екі түрлі сипатта көрінеді. Сырттай өте мәдениетті, сыпайы интеллигент Сәргелдің қызғаншақ, өте ұсақ адам екенін іс-әрекеті арқылы автор екі мінезді етіп суреттеген. Алайда осы маска иесінің: «Бұрынғы әйелі тағы көз алдына елестеді. Ауылдағы ересек екі баласы... Мұндағы үйелмелі-сүйелмелі екі ұлы. ...Қалт-құлт өткен аз өмірі. Сырты бүтін, іші түтін тіршілігі.
«Мені кім іздейді, мен кімге қадірлімін?».
Ол өзін жер бетінде еш жанашыры жоқ жетім баладай сезінді. Бір сәтке көз алды мұнартып кетті», - делінген баяндаудағыдай сәтті бастан кешуі тағы да мың қатпарлы адамның ішкі әлемінің тылсымын байқатады [4,99].
Қаһармандарға лайықты есімнің берілуі образ әлеміне үңілген суреткерді ойландырмай қоймайды. Қарапайым өмір тіршілігіндегі жайдары көңілден шыққан қалжың арқылы қаһармандардың:
«- Жасын! - Бір топ қыздар мен жігіттер шу ете қалды. - Қап! Бағана неге айтпадың, автограф алатын едік. Ол әлі осындай жас па еді?! Қыран көз, Жасын десе жасындай келісті екен! ...Әлгі жігіт тағы сөзге араласты:
- Жасын - оның әдеби бүркеншік аты - псевдонимі. Шын аты кім екенін Бағила айтсын,
туысы ғой.
- Шын аты кім, ә? - қыздар оны қоршап алды.
- Жылқыайдар. - Шегінуге жер жоқ, кенет оның туысы боп шыққан соң, шын атын
білмеуге болмайтын еді. Ол аузына түскен бірінші есімді айта салды.
- Жылқыайдар! -У-у! - Қандай олақ ат. Жылқыайдар Мәдиев.
Мынандай атпен жазушы емес, колхозда зоотехник болу керек. Жасын! Бұл басқа-а! Бұл - найзағайдай тіліп түсетін өткір ойлы жазушыға ғана тән! - деп пікір таластыруы, Бағиланың есіміне Жасынның наразылығы, Мәлике-Лике, Сәргел - Сэр, Бағиланың - Сур аталуы адам есімінің ішкі әлеміне сәйкестігін іздеуден туған іс-әрекет [4,311]. Ішкі әлем, жан дүниедегі сипаттың, қасиеттің есімге де байланыстылығы бірін-бірі толықтыра түсетін субъектіні тануға деген құлшыныстан туған танымның жемісі.
Қаһарманның ішкі әлеміне үңілу, тануға ұмтылу сұлулыққа, әсемдікке құштар
болуымен шектесіп жатады. Себебі өзіңді қызықтырған, тәнті еткен қасиетті іздеу, бағалау
жемісі осының дәлелі. Автор - суреткер Жасын - Бағила желісіндегі махаббат сезім
түсінігіне философиялық сипат дарытқан. Бұл жай махаббат емес - парасатқа деген
құштарлықтан туған сезім. -
«Ол осылайша ширек сағаттай қимылсыз жатты. Төбеден шақырайған жарық терезенің ашық сары пердесіне шағылысып, сүт бетіне біркелкі тараған кепірез тамшысындай Бағиланың мінсіз ақ жүзіне жарасымды сарғыш реңк қосып тұр. Табиғат бар өнерін сарқа жұмсап, осы бейнені жасап біткен соң, бұл сұлулықты азырқанғандай қою түннің жасымақтай бір түйірін ойып алып, мәрмәр беттің сол жақ етегіне мең етіп жабыстыра қойыпты. ...Бағиланың дәл қазіргі қалпы мен бүкіл болмысы адам баласының: «Сұлулық пен пәктік қандай болмақ?» деген сауалына жаратылыстың үнсіз беріп тұрған жауабына сайғандай», - деп сұлулыққа тәнті болып, Жасынның көзқарасымен танымдық сипат дарытса, Мәликенің ой шеңберін «Мәлике қыздың қимылсыз отырысына, үрлеп калсаң
119

қауырсындай ұшып кетер қалпына, оң жақ қабағына еркелей кұлаған төрт-бес тал қап-қара шашына сүйсіне қарады. Сурет сияқты, - деді ішінен. - Неткен мінсіз сұлулық», - деген пікірді сыйғызған [4,33-59]. Сыртқы портрет арқылы қаһарманын ішкі портретіне ойысудағы желі де эстетикалық гармония арнасын аңғартады. Адамның ішкі дүниесінің әлемі сыртқы бейне-түрден гөрі күрделілеу. Қаламгердің эстетикалық мұратынан туындаған, яғни Бағиладағы жан мен тән сұлулығын мойындататын оқиғалар желісінде драматизмнің лиризммен астарласуы көрінеді. Қаһарманның ішкі ой сапырылысындағы драматизмнің қозғаушы күшке айналуына орын берген.
Романдағы: «Сұлулық пен пәктік, пендешілік пен тіршіліктің ұсақ-түйегіне пайғамбар биіктігінен қарап тұр. Мұндай әсемдік пен тазалықты бұзуға, оған дақ түсіруге батылың да, арың жетпейді. Оған қарап тұрып өз бойыңдағы тазалықты еріксіз таразыға салуға мәжбүр боласың, таразыға саласың да қоқысың мен лайсаңның баршылық екенін көріп, өзіңді-өзің бейшара санайсың, өз-өзіңнен ұяласың», - деген баяндау сюжет желісіндегі Сәргелдің өнер туралы ұсақ пікірі және суретшілер туралы ойлары тағы да образ әлемін танытуға себепкер болады [4,91].
Қаһарманның жан дүниесіндегі ой қозғалысын, жан айғайын, ішкі психологиялық иірімді беру үлесі Уақытқа тәуелді. Бір сәттегі бірнеше адамның эмоциясы, түсінік тереңдігі (Қаратай, Тұрғат, совхоз директоры, Көлбай, Теңге), әр дәрежедегі дүниетаным қайшылығы (Сэр, Лике, Мәнсия, Бағила) романда Уақыт биігінен таразыланған көркем ойда көрініс табады.
Кейіпкердің кеңістіктегі орны- Бағиланың аурухана төсегіндегі көлденең жатуы мен бөлме ішіндегі басқа кейіпкерлердің орналасу тәртібі де кейіпкер әлемін суреттеуші қаламгерге бірнеше эмоцияны бір сәтте байқата алуға себепкер болған. Роман сюжетінің шешіміне жеткізер оқиға - Бағиланың жүрегінің ауруы.
«Әдебиет сыртқы тәннің түйсік сезімдерін ғана емес, сонымен бірге адам тәнінің ішкі дене мүшелерінің өзін-өзі сезінуін көрсету мүмкіндігін танытады. Сондықтан көркем әлемде адамның ішкі дене мүшелері, бірінші кезекте жүрек пен қан, кеуде, таңдай, бауыр, ми өзіндік таңбаға ие болады. Әлем әдебиетінің мәңгі образы болып жүрек образы есептелінеді», -делінген зерттеуші пікірі де біз қарастырып отырған мәселелердің мән-маңызын айқындай түссе керек [5,165]. Сонымен катар адам тәнінің түйсік сезімдерін беруде бауырды сипаттау ұлттық таным-түсінік пен мінезді танытуда үйлесімділік табады. «...Әкесінің бауыр езер жылы сөзі» деп баяндау осының дәлелі.
Көркемдік әлем эстетикалық талғам мен философиялық тереңдікті танытуда, байытуда көркем мәтін мазмұнында тұтастыққа ие болған. Алайда сыншы Т.Тоқбергеновтің: «Қарғынды» әуелде оқығанда, кетік бір жері бардай, тұтас бір қабырға қалаусыз қалғандай көріне берген еді. Енді ойласам, бір жылғы төлдің ең жақсыларының бірі, бәлкім, шабытпен жазылған талантты әрі жұрт жақсыға теліп қойған шығармашылық кемшілігі кейіпкердің, яғни Жасынның ішкі дүниесі ашылмауында екен. «Ойбай, менің «Қарғынымда» психология жоқ демекші ма, сонда?» - деп, автор таң қалса да жарасар. Өйткені Жасында ой бар, сезім бар, кісінің ішіне үңілген сұңғыла байғыздығы тағы бар. Алдындағысын тістеп, артындағыны теуіп тұрған шу асаулығы және бар. Ендеше Жасынға не жетпейді?
«Біздіңше, Жасынның жетілген қарекетіне, нигилистік көзқарасына көркем талдау жетіңкіремей жатыр...» - деген пікірімен біржақты келісуге болмайтындай [6,299]. Себебі Жасын - қаламгер пікірінше, ұғым. Сондықтан Мәликенің: «Сіз оның бәрін тас-талқан етіп, жазушы деген ұғымды көз алдымда биікке көтердіңіз, осы уақытқа дейін өзімнің аласа ойда жүргенімді түсіндірдіңіз», - деуі қаламгер пікірімен ұштасып жатыр [4,201]. Осы орайда, сыншы Ә.Бөпежанованың: «Өз басым формасының қарапайымдылығына қарамастан, жазылу мәнері бұрынғы дүниелерден өзгеше, кейіпкерлері ілгері бұл шығарманы ой-қуатына орай интеллектуальдық романдар қатарына жатқызар едім. ...Ол, әйтеуір, білімді, оқымағаны жоқ кейіпкер емес, оқығаны аста-төк, өз болмысында циник, жеке адамның рухани жан еркіндігін тұтушы: сондықтан да өзгемен ғана емес, өз-өзімен де қарама-қайшылығы жетерлік; сұлулық, парасат туралы осы күнге дейінгі «сарытіс» ұғымдарды бұлжымас деп қабылдай алмайтындықтан да, бүкіл адамзаттың рухани жәдігерліктермен пікірталас-сайысқа, кейде диалогқа түсетін тұлға кейіпкер», - деген пікірі романға қатысты ой-пікірімізді толықтыра түседі [7,18].
120


Ж.НӘЖІМЕДЕНОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Рамазанова Ж.С. (Д.А.Қонаев атындағы университеті)
Баллада жанрының алғы шарттары қазақ әдебиетінде ерте кезеңдерден-ақ байқалды десек, жанрдың толымды түрде қалыптасып түрленуі жаңа дәуір әдебиетте, жазба әдебиет тұсында барлық жанрда да жаңа сипаттар, жаңғыру үрдісі жүрді. Прозаның тынысты түрлері толысты. Поэма мен тарихи жырлар жаңа бағытта түрлене дамыды. Шағын лирикалық поэмалар, сюжетті лирикалық қысқа өлеңдер дараланып шықты. Баллада жанры да қазақ ақындарының шығармаларында жиі көрініс ала бастады. Балладалық шығармаларға қатысты пікірлер, әдеби көзқарастар айтылды. Егер XIX ғасырдың соңынан көрініс берген жанр сипатына зер салсақ, үздіксіз жалғасқан заңдылықты байқар едік. XX ғасырдың орта тұсында, алпысыншы-жетпісінші жылдарда баллада ұлттық әдебиеттің төл жанры ретінде кең тыныс алды. Баллада жазбаған ақындар кемде-кем десек, артық айтпас едік. Сонымен қатар әлем әдебиетінің, орыс әдебиетінің балладалары ана тілімізге көптеп аударылды. Әйтсе де баллада жанрының қыр-сырына үңіліп, жиірек қалам толғап, осы үлгіде көптеген шығармалар берген ақындар қалыптасты. Баллададан түзілген жыр жинақтары жариялана бастады. Бұл — бізге жақсы мәлім деректер.
Алғашқы дүрмегі қалың болып, бара-бара іріктеліп, ой өрнегіне икемді озықтары шоғырлана көрінді. Поэзиямызда шоқ жұлдыздай оза танылған жас толқын ақындары шықты. Мысалы: О.Сүлейменов, Ж.Нәжімеденов, Қ.Мырзалиев, С.Жиенбаев, Т.Молдағалиев, Т.Айбергенов, М.Мақатаев, М.Шаханов т.б.
241
Солардың қатарында жақұт сөзбен жауһар жыр өрген ақындарымыздың бірі — Жұмекен Нәжімеденов. Ол қазақ лирикасында баллада жанрында көптеген шығармалар жазып, оны тақырып жағынан молайтты. Ақын 1960-1980 жылдардағы балладаларының мазмұнын терең философиялық толғаныстармен бейнеледі, тәжірибесін молықтыра, түрлендіре түсті. Осыған орай ғалым Ә.Тәжібаев былай дейді: «Жұмекен, сөз жоқ, ешкімге ұқсамайтын, өзінің ақындық жаратылысы, өзіндік бейнесі бар, көп ойлап, көп оқитын, көп ізденетін жас. Жұмекен жұртшылығымызды қатты үміттендіретін ақын» [1,374].
Ақынның «Тез, тез» атты өлеңінде балладаға тән қасиеттер кездеседі. Баладада:
- Көрші халсіз жатыр, — деді кәрі әкем -
Тез, тез барып Қошалақтан дәрі әкел! [1, 26], -
деп басталатын шығарма кейіпкері жиырма көрінім жердегі Абдош атты шалдың үйіне дәрі-дәрмекке жүгіреді. Алу-далу боп әрең жеткен балаға шал дәріні ұсынып: «Тез, тез!» — деп шығарып салады. Бала шалбарының балағын қайта түріп, шөп-тікенді сезбей, балтыры сыздап, алқынып желге қарсы жүгіре береді. Жүрегі бірдеңені сезгендей болып, алып-ұшып тұрды. Өне бойындағы қара тері ақ сорға айналған кезде ауылға же-теді. Үйден жоқтау үні естілді. «Кешіктің ғой, ұлым», — деген әкесінің салқын шыққан даусын естіді. Бұл суық хабарды естіген бала:
Су сепкендей болды көңлім ерсінген.
Содан бері...
Бір адамның обалын
Мойнымда деп сезінемін мен әлі [1, 26].
Бала кейіпкер екі дүние ортасында ауыр халде жатқан көршісінің өлімін өз мойнына алады. «Жазмыштан озмыш жоқ» деген ұғымды ескергісі келмейтін бала: «Әлдебіреу халсіз, білемін, қауіптенем жарылардай жүрегім», — деп кез келген пендеге қол ұшын бергелі тұр. Ақын жас кейіпкердің бойына жанашырлық, елгезектік, мейірбандық, жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерді сіңіре білген. Аталған шығармадан ұлт иісі аңқып тұр: «жалаңаяқ шауып жүрген қара бала», «Абдош есімді шал», «Қошалақ атты құмды ауыл», «жоқтау үні». Ақын өмір шындығын жырлаған балладасында борыш, парыз, жалпы адамгершілік проблемасын сөз етеді.
Ж.Нәжімеденовтің жанр табиғатын тереңдей танығанын келесі туындыларынан аңғарамыз: «Домбыра», «Дастархан», «Қара кісі», «Гүл туралы баллада», «Қызғалдақ жайлы баллада» т.б.
Ақынның «Домбыра» деп аталатын балладасында соғыстан оралмаған жауынгердің мұң-қайғыға батып жүрген анасын көреміз.
- Отыз жыл бұдан бұрын жалғыз ұлым,
Қос ішекке байлап кеткен бар қызығын.
Сол ілген орыны осы,
бұл бейбақтың
Күйі де дәл сол күні қалды үзіліп [2, 10], -
деп зар жылаған қарт ананың ащы даусын естиміз. «Ұл өлді: қара тақтым домбыраға, келін өлді: тағы да қара тақтым», — деп отыз жыл бойы қара жамылып, ұлының аманат домбырасына тебірене қарап, содан бері жаралы жанның отын сөндірмепті. Жалғыз ұлынан қалған домбыраны көзінің қарашығындай сақтап, соғыс атты жалмауызға қарсылық көрсеткен ана бейнесінен мыңдаған зарлап қалған жетім-жесірлерді көргендей боласың. Көз алдыңа соғыс уақытындағы, одан кейінгі қысталаң кезеңдегі жетім-жесір трагедиясы келеді. Мұндай әсерге бөлеп, жадыңдағы көп нәрселерді қайта жаңғырта алу — тек көркем шынайы жақсы туындылардың ғана үлесіне тисе керек.
Балладаға тән сипаттар — драмаланған сюжеттің болуы; бір адам өмірінен алынған бір ғана эпизодтың болуы; кейіпкер санының аз болуы және шығарма көлемінің шағын болуы.
243

Балладашы-ақынның аңызға негізделіп жазған шығармалары да бар. Мысалы: «Дастархан» балладасында екі тентек, екі батыр атанып жүрген жігіттердің арасында болған келіспеушілік жайында баяндалады. Әлденеге келіспей қалған екі дос енді қайтып көріспеуге ант етіп, ал кездесе қалған жағдайда бірін-бірі өлтіретінін айтады. Күндер өте дастархан басына жиналған адамдардың мазасын алып, қанжарын жалақтатып бір адам кіріп келеді. «Көтерілген қылыш бірақ соқпады, ай секілді тұрып қалды төбеде» [2, 123]. Келген жігіт былай деп тіл қатты:
Ажалың жоқ ит екенсің сен де бір,
Келіп едім бір-ақ шауып көмгелі.
Дастарханнан аттай алмай қор болдым,
Дастарханмен жеңдің ғой сен, жең мені?
Өз сөзін ол: «Сақ бол бірақ жиналғанда дастархан», — деген ескертумен аяқтады. Сол оқиғадан соң оны ешкім көрмепті. Ал үй иесі болса, содан бері дастарханын жинамайтын болыпты. Мүмкін, біздің бойымызға қонақжайлылық, жомарттық қасиеттер осы аңыздан соң дарыған болар. «Дастарқаннан үлкен емеспін», «Таспен атқанды аспен ат» деген аталы сөздерде терең ой, үлкен пәлсапа жатыр. Балладада ұлт мінезін танытатын көрініс бейнеленген.
Ақындардың өз әріптестеріне арнап жазған балладалары да аз емес. Орыстың ұлы ақыны Пушкинді өлеңдегі ұстазы ретінде қабылдаған Жұмекен «Москвадағы Пушкин ескерткіш түбінде» атты балладасын арнайды. Жас кейіпкердің монологінен оның ақын екенін, ал орыс поэзиясының классигі дана Пушкинді аса құрметтеп, пір тұтатынын, ұстазым деп бас иетінін білеміз. Атап айтқанда:
Кем емессің құдайдан,
Артықтығың болса егер -
Гомер, Данте өлшемімен өлшенер [2, 160].
Баллада соңында бұйра басын сілкіп тастап, тас мүсіннен қолын соза түсіп келе жатқан ақынды көреміз. Шағын ғана оқиғаның айтары мол, аңғартары көп (Қ.Аманжолов, Қ.Бекхожиндердің балладаларымен үндеседі).
Жұмекеңнің «Кішкене» деп аталатын балладасында объект болған өмір шындығына үңіліп, оны өзінше жырлағанын көреміз. Бұл өлеңнен жарық дүниеден өткен ақын жарын жоқтап жылап отырған қаралы әйелді, қазаға жиналған көпшілік қауымды көреміз. Мінбеге шығып, бір-бірінен оза сөйлегендер: «Цитат болып жарқылдады көп өлең» [3, 76].
Жұмекен ақынның өмірден көргені көп, түйгені мол екенін өлең жолдарынан айқын байқауға болады. Көкірекке түйіп жүретін мәселенің бірі — адам баласының көзі тірісінде бірін-бірі бағаламауы, қадірлеп, құрметтемеуі т.б. Бұл — жалпы адамзатты толғандыратын үлкен проблема;
Шын мәнінде ақылға сыймайтын құбылыс — өлінің тірілуін ақын қиялы арқасында қағаз бетіне түсіріп, жырға айналдырады. «Кенет ақын табыттан атып тұрып сөз тастады шаңытқан» [3, 76]. Тіршілікте осынау айтылған сөздердің бірін естімедім, көзімнің тірісінде айтқан болсаңдар ерте өлмес едім ғой деп налыған «өліктің даусын» естиміз. Өлең соңында «өлік» тас мүсінге айналады:
«Ал біреулер тас мүсінді сол тұрған
Бүріп алып жағасынан, алқымнан,
Әр күн сайын қараң-құраң — дүрбелең
Сол өлікті, қайтадан
Табытына түсіре алмай жүр білем...»
Демек, өлген адамға да тыныштық бермей жатыр. Ж.Нәжімеденовтің «Ұрпағым, саған айтам» кітабына алғысөз жазған ақын Т.Медетбековтің пікірі жоғарыда аталған балладаларға тікелей қатысы бар: «Жалпы Жұмекен Нәжімеденов творчествосындағы ең басты доминант не десе, онда бәріміз бір ауыздан: ол философиялық ой дер едік.
244 -

Және оның философиясы құп-құрғақ қағаз иісі шығып тұратын кітаби емес, қара бұйра топырақ иісі аңқып тұ-ратын табиғи» [3,5].
«Қыран-қия» өлеңдер жинағында біршама баллада кездеседі: «Тұлып», «Ақ сүт», «Шабдар айғыр», «Бөрік», «Жұбайлар» т.б.
«Тұлып» деп аталған балладасында ақын бірнеше образ берген. Олардың әрқайсысы бір-бірімен байланысып, өлеңнің мағыналық құрылымдық бөлігін жасайды. Қысқа сюжетте: жас кейіпкеріміздің әжесі арам қатқан бұзаудың терісіне шөп салып қояды. Өрістен емшегін толтыра келген бұзаудың енесі мөңіреуге шамасы келмей, жай ғана ыңырсып, қызыл тұлыпты иіскелей бастайды. «Иіскеп-иіскеп жіберді де тұлыпты иіді» [1, 11]. Мұны көріп тұрған бала жануардың ақымақтығына ыза болады. Жалай-жалай тұлыптың түгі де түсіп қалды. Кенет бала қызыл сиырдың қызыл көзінен тұнып тұрған қайғы-касіретті байқайды. Кішкентай адам осы тұста өмір пәлсәпасын түсінгендей болады: «Алданғаны емес екен, жоқтығы екен амалдың». Ақын ойын өрнектей келе, оқушысының алдына тағы бір көріністі ұсына қояды. Қаламгер шеберлігін осы тұста тағы танисың. Көз алдымызда өзін-өзі жұбатып, қаза болған ұлының бас киімін кұшағына қысып отырған қария. «...бауырынан бала кеткен талай жан шүкір айтып әр күн сайын он рет, алданатын қара іздейді маңайдан», — деп ақын баллада соңында ойын түйіндейді.
Балладаның жанрлық сипатын шұғыл түрде баяндалған оқиғадан туатын ой анықтайды. Өлең идеясының дұрыс ашылуы мен көркемдігіне нұқсан келмеуі үшін осы шарттылық сақталуы тиіс. Ақын ойын нақтылай түсетін мына өлең жолдары да бар:
...Сенем саған, жасқа келдім біршама -
Сенем саған — талғамымыз бір сана.
Сенем саған: көп сөзіңнің көзінен
Шөп көрініп тұрса да [1, 12].
Яғни сенім деген — ұлы қасиет. Адамзат осы асыл қасиетті бойынан жоғалтқан күні халі не болмақ? Адам сену керек, сене білу керек, сонда саған да сенеді. Адам өле-өлгенше сенімін, үмітін жоғалтпайды емес пе? «Үмітсіз тек қана шайтан» деп тегін айтылмаған ғой.
Баллада ақыны Ж.Нәжімеденов бұл шығармада екі көріністі қатарынан тегін алып отырған жоқ. Мал екеш мал да өз төлінің жоқ екенін сезіп, иімей, көзі қанталап ыңырсығаны адам баласының жанына батады. Қызыл тұлып — оның жұбанышы, алданышы. Адам да сол. «Алданатын қара іздейді маңайдан деп» ақын жырлап кеткендей, шал үйіне бара қалған қонақ бала «Мен де өзіңнің ұлыңмын ғой деп алдап» отырарға орын тап-пай сол үйден шығып кетеді. Бәлкім, адамдардың бір-бірін осылайша алдағаны біреуге демеу, жұбаныш тіпті өмірдің мәні болар. Қаламгер өтпелі, өзгермелі өмір кұбылыстары ішінде осынау біреулерге арқау болатын сезімді жырға айналдыра отырып, өлеңнің мағыналық құрылым жүйесіне де, мазмұнына да сұлу жарасым дарытады.
Қорыта айтқанда, балладамен шұғылданатын ақындар тым аз. Бір шағын шығарманың бойына күрделі оқиға енгізіп, оқырманның көңілінен шыға беру әркімнің қолынан келе бермейді. Балладашы-ақындардың құдіреттілігіне таң қаласыз. Себебі шағын шумаққа тұтас өмірді, адам тағдырын, рахат-күйінішін сыйғызу өте шебер, дарынды ақындардың ғана қолынан келеді. Бір тақырып аясында күрделі тұтас дүниелерді сипаттау — қиынның қиыны. Суреткер Ж.Нәжімеденов баллада деп аталатын күрделі поэзиялық жанр арқылы дүниетаным процесін оқырмандарына әрі жеңіл, әрі ұтымды мазмұнда жеткізе білді.
1. Нәжімеденов Ж. Қыран-кия. Өлеңдер, толғаулар, балладалар және поэмалар. — Алматы: Жалын, 1984.
—128 б.
2. Нәжімеденов Ж. Темірказық: Өлеңдер мен поэмалар. — Алматы: Жазушы, 1982. — 344 б.
3. Нәжімеденов Ж. Ұрпағым, саған айтам: Өлеңдер мен поэмалар. — Алматы: Жазушы, 1988. — 312 б.
245

ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДА АВТОР БЕЙНЕСІНІҢ КӨРІНІС ТАБУЫ
Юбасарова Г.К. (ҚарМУ-дың Ақтау филиалы, Ақтау)
Көркем әдебиет тілін зерттеудің алғашқы кадамдары XIX ғасырдың аяғымен XX ғасырдың бас кезінде Еуропа тілші ғаламдары тарапынан жасалды. Оған негізгі әсер еткен жай тілдің қызметтік жағына назар аудару
қолданыстағы жанды тілді зерттеуге ұмтылушылық болды.
Орыс филологы А.А.Потебня көркем тіл туралы теорияны жасауға алғашқылардың бірі болып ат салысты.
Тілдегі эстетикалық факторды бірінші орынға қойған олардың бұл саладағы ізденістері стилистика ғылымын
тудырды. Сөйтіп, тілдің зстетикалық қызметтік, жазушы тілі мен жалпыхалыктық, әдеби тілдің ара-қатынасын
зертгеуге кең жол ашылды.
Осы кезекде жазушы тілін өзара байланысты екі тұрғыда зерттеу принципі ұсынылады: ұлттық әдеби тіл
мен оның стильдері тұрғысынан жеке барлық жанрдағы, стильдік көріністегі көркем әдебиеттің тілі тұрғыснан|
жазушы тілі, бір жағынан әдеби тілдің нормаларына тәуелді болса, екінші жағынан, көркем әдебиеттің құрылысын белгілейтін сөз өнерінің категорияларына тәуелді. Демек, көркем шығарманың тілін зерттеу бір мезгілде әрі
лингвистикалық тұрғыда, әрі әдеби -стилистикалық тұрғыда жүргізілуі тиіс. Кез-келген көркем шығарманы тал-
дау әдеби - стилистикалық тұрғысына жүргізіліл, шығарманың өн бойындағы тілдік қолданыстарды саралау бо-
лып табылады (1).
В..В..Виноградов көркем шығармадағы автор бейнесінің құрылымдық зерттеуін екі жол арқылы көрсете 6iл.ді.
Біріншісін бүтіннен бөлшекке немесе жалпыдан жалқыға қарай жүретін жол деп тануға болады. Ал, екіншісін
біріншісінен қарама-қарсы; ең кіші элементтен күрделіге қарай зерттеу жолы.
Жалпы көркем шығарманың тұтас бейнелі жүйесін зерттеу өз ішіне оның құрылысында тілдік қолданыс-
тың бір-бірімен қиысып жататын әр түрлі формаларын талдауды қамтиды. Шығарманың көркем тіліндегі қол-
даныс формаларын, олардың бір-бірімен байланыс, өзгерісі зерттеумен бір мезгілде күн тәртібінде автор
бейнесі, кейіпкер бейнесі, олардың типтері мен формалары, тілдік- көркемдік құрылу әдіс-тәсілдері мәселесі
тұрады.
Автор бейнесі мәселесі В.В.Виноградов еңбектерінде көркем әдебиет тілін, жазушы стилін зерттеуде ор-
талық, негізгі мәселелердің қатарын құрайды. «Но особенно значительна, глубока и синтетична прежде всего
отношении задачи выяснения внутреннего единства стилистических средств литературного производения
шире творчества писателя в целом- проблема речевой структуры образа автора.Образ автора - это та цементи-
рующая сила, которая связывает все стилевые средства и цельную словесно — художественную систему. Образ
автора - это внутренний стержень, вокруг которого группируется вся стилистическая система производения
(2).
Жалпы көркем шығарманың құрылымы әр тарапты көптеген компонентгердің бірлігінен тұрады. Олар
көркем шығарма тілінің эстетикалық заңдылықтарына бағынып, көркем - тілдік жүйе құрап шашыранды бол-
май, тұтас жүйеге тәуелді болып тұрады. Осы жүйені туғызып, оны жасайтын - қаламгер. Осыдан «автор
бейнесі» мәселесі шығады.
«Автор бейнесі» - көркем әдебиет тілінің ішкі сапалық қасиеттері мен заңдылықтарын анықтауға
мүмкіндік беретін категориялардың бірі, әрі негізгісі.
«Автор бейнесін» В.В. Виноградов көркем әдебиет тілі теориясындағы орталық мәселелердің қатарына қояды. Шығарманың идеялық бағыты, ой - түйіні, көркем мазмұны, - дейді ғалым, - тек кейіпкерлер бейнелерін кұрудан, олардың қарым - қатыстылықтары мен байланыстарынан баяндау мен диалогтың құрылысына
алып қоймайды, сондай-ақ автор стилінен, тұтас шығарманың композициялық бірлігінен жасалатын автор
бейнесінің кұрлымынан да көрінеді (2).
В.Виноградовтың пікірінше, «тілдік құралдарды сұрыптап, таңдап орналастыру нәтижесінде жүзеге аса-
тын түрлі экспрессивтік - стильдік бояулар, бағалаулар мен олардың сипаты шығарманың идеялық мәні, суреттердің жалған - талабы, шығармашылығы туралы түсінік береді. Ал мұның бәрі шығарманың стильдік бірлігінбүтіндейтін автор бейнесінің тілдік құрылымында көрініс табады.
Көркем шығарманың барлық элементтерін бір қазыққа байлап қоятын - бұл автор бейнесі. Ол жа-
нырдың дара стилін анықтауға да көмектеседі.
Автор бейнесі - болмыс пен оқырманды байланыстырушы категория. Автор ондай аралық байланыстыру-
ды қызметті атқару үшін, өмірдегі оқиғаларды белгілі бір көзқарас тұрғысынан, яғни белгілі бір «нүктеден» баяндауы керек. Ол белгілі бір «нүктеден» кейіпкерлердің іс-қимылын бейнелей отырып, өзінің баяндауларына оқырманның қатысын (кабылдауын) және өзінің қатысын белгілейді.
Автор бейнесінің күрделі көпқабатты құрылымға ие түрі көлемді шығармаларға тән, әрі проза даму-
ының жетілген шағында дүниеге келді.
Мұнда бейне бір көп субьекті баяндау орын алып, отырғандай сезіледі, автор көптеген «рөлдерде» беріледі.Бірде объективті баяншы, бірде лирикалық сезім иесі (субъективті), бірде жирене жеккөруші бірде шығарманың тілдік тұлғасынан көрініс табады. Сезімтал оқырман автордың бұл көпқырлы көрінісін баяндау табиғатынан анық байқап, дәл танып отырады.
Баяндау құрылымында авторлық өрімнің қандай жолдармен берілуіне орай «автор бейнесінің» түрлері
орнатылды.
1.Автор — жазушы
2. Автор - әңгімелеуші
3. Автор - бақылаушы
Осы ажыратылған үш түрдің біріне мысал келтіре отырып талдау жасайық:
Автор - әңгімелеуші. Баяндау субъективтік ынғайға құрылып, табиғилық, нақтылық, асыра-болмалық
сәттерге ие болады. Баяндау ауызша сөйлеу үлгісіне құрылатындықтан, әңгімелеушінің жеке тілдік қолда-
нысының ерекшеліктері көрініп тұрады.
Автор - әңгімелеуші өз кейіпкерлерінің кейпіне еніп, олармен қосылып та кетеді. Сондықтан автор олар-
дай сезімдік, білімдік, тілдік дәреже-деңгейлерімен асып, өзінше бөлшектенбейді, солардың әлеуметтік ортасында жүреді.
Әбіш Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң» романдарында автор - әңгімелеуші жолдары өте көптеп кездеседі.
«Әбілқайыр ішінен кәлимасын қайырды. Ерініп жыбырланып екі рет қайталап, үшінші рет қайталай бергенде көзі атыздай болды. Ауылдың алдындағы қара жалға қаққан қазықтай болып біреу көтеріліпті. Басына қарамай борбайлап шауып келеді. Мынандай кезде қазақ болар ма мал аямас па! Аямағанына қарағанда, сұмдықтың кезіккені ғой! Ол не сұмдық екен! Түркпенге кеткен қол бір нәрсеге ұрынып жүр ме екен! десе тымақ киісі Кіші жүзге келіңкіремейді. He деп айқайлайды! Дауыс етіп келе ме? Үні неткен ұрын еді! Баяғыда Тәуке өлгенде «ой бауырымдап» келетін шабарманның дауысы сияқты екен! Болатқа бірдеңе болды ма? Өлмесе, өмірем қалсын! Оны несіне ат сабылтып, жігіт қинайды! Апырау, мынау не дейді? Жаман хабар әкеле жатқан кісі ауылдың қарасын көрісімен екі жағына кезек аулап, басын ерге ұрып, өз бетін тырмалап, жұлынып бітетін еді ғой. Ал, мынау сол баяғы қаққан қазықтай қалпы. Бірақ, қақылдап ауыз жабылмай келеді. Әлде әлгінде ғана өзі ойлағандай жоңғарлардан бірдеңе шықты ма?...» (3).
Жазушы Әбілқайырдың ішкі сезімін ой-толғанысын анық және нақты түрде берген қарайып қаққан қазықтай болып тұрған тұлға арқылы Әбілқайырдың тұтас ойын болашақ жоспарын көре аламыз. Мұндай ба-тырдың артықшылығы біріншіден кейіпкерді сипаттауға кең мүмкіндік туады, екіншіден автор өзінің түсінік арасын оқырманға күштеп тақпайды. Ал, табиғи жолмен кейіпкер арқылы жүргізгендіктен оқырман бұл әңгімеде өзі байлам жасайды. Баядауды бұлайша құру тәсілі шындықты бейнелеуге психологиялық реализмді көрсетуге көмектеседі. Баяндаудың обьективті сипатын алғашқы өңгімелеулердің тілдік қүрылымынан байқауға болады. Сөйлем құрылымдарының біркелкілігі баяндауыштарының өткен шақ етістік тлғаларына ? осы көрсетеді. Романның тілі өз туысының әдеби тілі үлгісі жатады. Онда кейбір диалектілік ерек-шеліктер мен ауыз әдебиеті тілінің үлгілері де жоқ еді. Жазушы сөздерді кейіпкерлерінің көңіл-күйіне психо-логиялық ауанына сәйкестендіріп алады. Автордың баяндау кезіндегі субъективтік көзқарасы қатынасы негізі мынадай түрлі жолмен беріледі:
1.Автордың тікелей кірігулері арқылы;
2. Автор сөзіндегі кейбір лексикалық элементтер арқылы;
3.Кейіпкерлерге сөз беріп, сөйлету әдісімен және кейіпкерлер сөзімен байқалады.
«Үркер», «Елең-алаң» романдарында осы үш жолдың бәрі де кездеседі. Әбілқайырдың мінезін бере отырып автор тікелей кірігу арқылы көрініс табады. Ал, автор сөзіндегі кейбір лексикалық элементтер арқылы шығарманың бір елдің тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрін озық элементтер арқылы бейнелейді. Үшінші жол кейіпкерлерге сөз беріп , сөйлету әдісі жазушының ең ұнамды тәсілдерінің бірі. Шығармаларындағы барлық кейіпкерлерді сөйлетіп, ой-сезімін психологиялық толғаныс өз атынан бергізу жазушылық шеберлігі десек те болады.
Қорыта келгенде Әбіш Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң» романдарындағы автор бейнесінің көрініс табуы шынайы құбылыс. Жазушының шығармаларды жазу үстінде автор бейнесін көрсететін барлық әдіс-тәсілдерді қолданып, қалың жұртшылыққа қазақ елінің шынайы психологизмін көрсете білді. «Автор это носитель речи и точки зрение к изобрежением им явлением» (4).
М.П.Брандес «автор бейнесі» туралы мынадай анықтама берді. «Проблема «образа автора» в художе-ственном произведении имеет два аспекта: литературоводческий и языковедческий. Литературоведы интересуются общественно—идеологической и социально—психологической стороной, а языковеды—композиционно речевой, стилистической стороной» (5).
Негізінен байсалды реалистік стильде жазылған шығармаға жазушы-кейіпкерлер характеріне, ұғым-түсінігіне, өскен ортасына бейнелеуді пайдаланады. Бұл жазушының екі романында да мол байқалады.
Жазушы тілі бай, образды ойлы. Суреттері де жарқын, нақты. Ол құбылысты образбен танып, шешен тілмен суреттейді. Оның тілдік образдары түгелдей қазақ ұғымына лайықты. Өмір шындығын мол қамтып, байсалдылықпен кең суреттеу Әбіш Кекілбаев шығармаларының табысы (6).
Әдебиеттер
1. Шалабай Б. «Көркем әдебиет стилистикасы (оқу құралы). -Алматы, 1999.
2. Виноградов В.В. « О языке художественной прозы» -Москва; Наука, 1980.
3. Кекілбайұлы Ә. Он екі томдық шығармалар жинағы. -Алматы: Өлке баспасы, Т.4.1999.
4. Гуковский Г.А. « Реализм Гоголя». -М.-Л., 1959. -Б. 199-201.
5. Брендес М.П. «Стилистический анализ».-Москва: Высшая школа, 1971. -С. 58-59.
6. Кекілбайұлы Ә. Он екі томдық шығармалар жинағы. -Алматы: Өлке баспасы, Т.5.1999.
228

Д.ИСАБЕКОВТЫҢ ШАҒЫН ЖАНРДАҒЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЗАМАНДАС МӘСЕЛЕСІ
Жарылғапов Ж.Ж. (ҚарМУ)
Әдебиеттің көпүнділік сипат алуы, философиялық тереңдікке бейім келуі, әлемдік мәселе төңірегінен сөз қозғауға ұмтылуы бірнеше ұлттар құраған кеңес әдебиетінің 1970-80-жылдардағы дамуына ортақ. Бұған қайта айналып келіп отырған себебіміз, прозадағы жаңа көркемдік-эстетикалық тенденциялардың енуі — ғылыми-техникалық төңкерістің адамдар психологиясына өзгерістер енгізе бастауымен тығыз байланысты дер едік. «Әдебиет — адамтану ғылымы» болатын болса, онда осындайлық өзгешеліктер әкелген құбылыстарды қалт жіберуі мүмкін емес еді.
Шапшаң дамып келе жатқан, күннен күнге ғылым мен техника жетістіктері адам тұрмысына барынша араласып, ақпараттар тасқыны күшейген тұстағы қоғамның адамгершілік-рухани негіздерін бүкіладамзаттық гуманизм тұрғысынан бағамдау Ш.Айтматов, Ю.Бондарев, В.Быков, О.Гончар, Д.Гранин, В.Астафьев, И.Авижюс, С.Залыгин сынды жазушылардың басты бағыттарының бірінен саналады. Оларды бүгінгі күннің рухани мәселелері толғандырады. «Деревня прозасы» сияқты жанрлық анықтауыш осы кезеңде пайда болған-тын. В.Распутин: «Дело совершенно не в защите старой деревни, как полагали некоторые критики. Речь идет о духовном мире миллионов людей, который преобразуется, уходит и завтра будет уже не таким, как сегодня. Кто, как не писатель, запечатлеет этот нелегкий процесс» (1; 145) дегені бар.
Қаламгердің айтып отырғанындай, жазушылар ауыл (деревня) адамдарының психологиясын зерттей отырып, технократтық дәуірдің аса зор ықпалында қалған қала өміріне қарама-қайшылықта алып суреттейді. Олар үшін ауыл — қоры сарқыла қоймаған рухани байлық пен табиғи тазалықтың символы. Бұл тақырыптағы шығармалардан өткен уақытқа деген ностальгиялық сарын аңғарылады. О.Бөкейдің Тасжан («Жетім бота»), Ақтан («Мұзтау»), Қиялхан («Жасын») бейнелерінен де осындай ерекшеліктерді табамыз.
Цивилизациялық даму мен ауылдық болмысты бір-біріне тығыз байланысты күйінде суреттеу тек бір шығарманың көлемінде ғана емес, жазушының бүтін шығармашылығы арқылы да жүзеге асып жатады. Мәселен, Д.Исабековтің үздік туындылары деуге келетін «Ақырмаштан наурызға дейін», «Шойынқұлақ», «Талахан-186», «Конфронтация» т.б. бірнеше әңгімелерінде ауыл адамдарының характерлеріндегі «қулық-сұмдықты» терең меңгермеген, аңқау да, аңғал қасиеттерді баса көрсетуге тырысады. Б.Майлин стиліндегі жеңіл юмор, зілі жоқ қалжың образдардың табиғи болмысын барынша аша түскен.
Д.Исабеков жаңа дәуір лебіне сай бүгінгі күннің адамдарындағы ұғым-түсініктер ерекшелігін жаза отырып, екі түрлі типтік мінездердің ара-жігін ашады. Заман ағымының адамдар психологиясына тигізер әсерінің біркелкі еместігі, дәуір жаңалықтары кеңістікке сай түрліше қабылданатыны, құбылатыны назарда ұсталынады. Сондықтан да техногендік дамудың өтінде жүретін, заманауи іргелі құбылыстардың әсері барынша мол қала адамы мен табиғи мінездер анағұрлым аз өзгеріске ұшыраған ауыл адамының темпераменттік, мінездік, сезімдік ерекшеліктері, айырым өзгешеліктері пайда болатынын аңғартады.
Жалпы алғанда, бұл жылдары прозаның шағын жанрлары романға қарағанда анағұрлым көп жазылды. Әңгіме мен повестің өркендеуін ғалымдар әрқалай түсіндіріп келеді. Академик М.Қаратаев: «Мұның себебі: романда адам өмірі кең жоспарда алынған ұзақ оқиғаларды қамтуы қажет болса, повесте көбінесе шағын оқиға шеңберінде адамның жеке басына, ішкі дүниесіне көңіл бөлінеді. Оның үстіне повесть жанры романға қарағанда бүгінгі замандастарымыздың бейнесін оперативті түрде, батыл және ізін су-
251

ытпай тез қармап көрсету үшін қолайлы да ыңғайлы секілді» (2, 13) — десе, 1970-80-жылдар повестерін арнайы зерттеу обьектісі еткен зерттеуші С.Асылбеков повесть пен әңгіменің көптеп жазылуын «XX ғасырдың соңғы ширегінде барынша қаулап дамыған ғылыми-техникалык революция қысқалық пен нұсқалықты сүйетін мінезін айқын таныта бастағанынан» (3; 10) екенін айтады.
Шындығында да, зымыран дәуірдің әкеліп жатқан өзгерістері, аса жылдамдықпен дамып келе жатқан ғылым да адам өмірінің практикалық жұмысын жеңілдетуге, материалдық игіліктерді көбейтуге, адамның комфорттық тұрмысын жасауға, әлем, табиғат құбылыстарын танып білуге бағытталғанымен, түрлі парадокстерді де тудырды. Міне, осы шексіз өскен жылдамдық әдебиеттен де сергек болуды талап етті. Жазушылардың дәуір тынысын сезе білуі деп осындай өмірлік өзгерістерді, содан туған қайшылықтарды жіті байқағыштығын айтамыз. Бүгінгідей жаңа кезеңде қазақ қаламгерлері де адам мәселесін әр қырынан зерттеуге, бүгінгі келбетін анықтауға тырысты. Сондықтан да адамның қоғаммен, болмыспен, табиғатпен т.б. қарым-қатынастарын жеке-жеке мәселе ретінде әңгіме, повеске өзек қылды. Сонымен қатар, осы алуан тақырыптарды жинақтап, әңгімелік, повестік сюжетке арқау болған мәселелерді көркем қорытуды романның үлесіне қалдыратын ерекшелік қазақ прозашыларының көпшілігіне тән болды. Мысалы, Д.Исабеков пен О.Бөкей творчестволарының күрделі бөлігін повесть жанрында жазылған шығармалар құрайды. Д.Исабековтің қаламынан бүгінгі уақытқа дейін жалғыз роман — «Қарғын» туды. Бұл жазушының көлемі ірі жанр жазуға қауқарсыздығы деп әрине бағаланбайды. Қайта ол стильдік өзгешелігін сақтай отырып, органикалық бүтіндікті қадағалай отырып камералық сипаттағы романға ден қояды.
Замандас бейнесі сынды тарихи-эстетикалық категорияны әдебиеттің тұрақты мәселесі — адамгершілік-этикалық ізденістер тұрғысынан қарастыруға прозаның көлемді үлгілерімен қоса, шындықты белгілі бір өмір эпизодтары арқылы барынша жинақы бере алатын әңгіме жанрына да 70-80-жылдары қомақты жүк артылғанын байқаймыз. Қаламгер бұл жанрдың қоғам дамуындағы қат-қабат қайшылықтарға, соның аясынан шыққан ірі-ірі мәселелерге, «өмір құбылыстарына шұғыл үн қосқыштығын» ескергені ақиқат.
Тарихи дәуір шындығына лайық, өз кезеңінің келелі мәселесін арқалаған образдар арқылы қоғамның тыныс-тіршілігін таныту — Д.Исабековтың бірнеше әңгімелеріндегі негізгі бағдар. Әңгімені қаламгердің шеберлік мектебі, қомақты шығарма жазу алдындағы шығармашылық дайындық ретінде қарастыратынымыз да рас. Ал Д.Исабеков болса, суреткерлік тұрғыдан әбден ысылып, қалыптасқан, шеберлігі толысқан шағында бұл жанрға қайтадан ден қоюы жоғарыда айтылып өткен адам санасындағы заман шындығы тудырған өзгерістерді жіті қадағалап, ілесе зерттеуге деген тілегінен деп санауымыз керек.
Жазушының әңгіме жанрындағы басты стильдік өрнектердің бірі — ұлттық бояудың қанықтығы. Н.Ғабдуллин: «Шығармалардағы ұлттық өрнек, кейіпкерлердің ұлттық сипаттары — жазушылық шеберлікті білдіретін басты белгілер. Қаһарманның ұлттық характерін шынайы жасау үшін жазушы өмірді, тарихты терең білуімен қатар, сол ұлттың бойындағы эволюциялық құбылыстардың туу, даму заңына, себептеріне жете қанық болуға тиісті» (4; 50) — десе, Д.Исабековтың осы талаптар үдесінен шыға білгендігінің куәсі боламыз.
Қаламгер сексенінші жылдардың аяғына қарай жазылған «Ақырмаштан наурызға дейін», «Талахан-186», «Ескерткіш» сияқты шығармаларында ұлттық кейіпкерлерді сомдауға барынша мән бере отырып, нақты өз қоғамының реалистік бейнесін танытуды көздейді. Қоғамның рухани ахуалы — шығармалардың басты мәселесі. Әрине, кезеңнің зәру мәселесін дәл танып, әлеуметтік шындық ретінде көрсету бар да, оны белгілі бір көркемдік-эстетикалық амалдармен жеткізу бар. Бұл жерде жазушы Б.Майлин дәстүріндегі юмор мен сатираға жүгінеді.
252

«Ескерткіш» әңгімесінде аудандағы ең алғашқы тері илеушіге койылуға тиісті мүсіннің оқиғасы жеңіл юморлық ырғақпен басталып, бірте-бірте сатиралық реңк ала береді. Жоғарының нұсқауын дер кезінде орындамаған аудан басшылары ағылшын делегациясына ескерткіш орнына Әштенді қоюы сюжеттің күлкілі ситуацияларын молайта отырып, жазушының әлеуметтік-философиялық ойының берілуіне негіз болады. Жазушының юмористік стилі кейіпкерлердің сөйлеу машығынан да, образдарға берілетін мінездеме, портреттен де, жалпы баяндау үрдісінен айқын танылып отырады. «...аудандық партия комитеті бұдан былай да белгісіз сиыршылар мен бұзаушыларға, жылқышылар мен қойшыларға, тауықшылар мен шошқашыларға т.т. толып жатқан құрметті мамандық иелеріне «кеудеден жоғары бюстер мен кеудеден төменгі жағы да қамтылған толыққанды бейнелер» жасауды жалғастыра беретінін айтқанда, ағылшындар жағы ду қол шапалақтап, аупартком жағы үнсіз қалды» (5; 465).
Қысқа әңгіме бойына салмақты идеялық мазмұн сидыра білетін жазушы адам құ-нын парықтай алмаушылық, екіжүзділік, рухани бейшаралықты әжуалай отырып, жал-пы қоғамдық құрылымның парадокстарын ашады. «Біз күлгенде әуелі күлкі келтіретін нәрсеге күлеміз. Неден күлкі болып тұрған мәнісін тексермейміз. Себебін тексеріп күл-генде, көңілімізді көтерген нәрсе болып шығуы да ықтимал... Ондай сөздердің көбінің-ақ бергі жағы ғана күлкі болып, арғы жағы адамды мұңайтатын, қайғыртатын сөз бо-луы ықтимал» (6; 457) — деп А.Байтұрсынов айтқандай, Дулаттың әңгімесіндегі сюжет уақыттың ащы ақиқаты мен қоғамның трагедиясын аңдатып жатады. Шенге деген шек-сіз бас июшілік, адамның рухани тұрғыдан мейлінше төмендеуі Жанайдаров, Әштен т.б. сынды әлеуметтік-психологиялық типтер арқылы көрініс береді.
Қаламгердің «Ақырмаштан наурызға дейін», «Талахан-186» әңгімелеріндегі әзіл астарына қомақты суреткерлік ой жинақталған. Ауыл тұрмысы, халықтық тіл құнары-мен бейнеленетін жазушының бұл шығармаларындағы адамдар, мінездер, тағдырлар жайлы, қоғамдық жағдай жөніндегі авторлық сыншыл көзқарас бар. Бірақ мұндай сын-шылдық принцип тікелей мінеу арқылы емес, юморлық тәсілді жүйелі қолдану үстінде, оны сатиралық әуенге ұластыру арқылы, бұл көркемдік категорияларды бір-бірімен са-бақтастыра, алмастыра отырып жүзеге асырылады.
«Талахан-186» әңгімесіндегі бүкіл ауылды «дүр сілкіндірген» үш түп помидордың «оқиғасы» — сатиралық баяндау үлгісі. «Робинзон Крузо қылтиып өсіп тұрған жалғыз түп бидайды көргенде қалай таңырқанса, бұл адамдардың әр қайсысы «қүданың құдіре-тіне» одан кем таңданып тұрған жоқ еді. Бір топ бейғам помидор он шақты жалқау қа-зақтың басына сан-сапалақ сұрақ қаптатып кетті»(94, 445).
Ел ішінде кездесіп жататын жалқаулық, рухани тайыздық, талғамсыздық, білімге деген құлықсыздық сияқты кесірлі құбылыстар мен типтік шындықтар, ұлт дамуында-ғы кері процестер — жазушының сатиралық жинақтаулар жасауына түрткі болған жай-лар. Әңгімедегі Ештен, Пікән, Ипатша, Әбдеш, Нәлетайлар сатиралық образ жасаудың ирониялық тәсілі арқылы мүсінделеді.
Жазушылардың стильдік бағытындағы сатираның әсіресе, осы әңгіме жанрындағы туындыларында айрықша көрінуі элеуметтік маңызды проблемалар көтерудегі белсен-ділігін, уақыт ағымына ілесе отырып, өз дәуірінің көптеген кереғарлықтарын танытуға қолданған бірден-бір ұрымтал, ыңғайлы көркемдік тәсіл болғандығын көрсетеді.
Бүгінгі тақырыпты игеру дегеніміз — қоғам үрдісі мен соның аясындағы замандас-тың тыныс-тіршілігін зерделеу деген сөз. Заман рухына сай замандас бейнесін жасау — әдебиеттің алдында тұрған қиын да күрделі проблема. Сондай-ақ, бүгінгі адамның, қо-ғамның адамгершілік сапасы мен рухани келбеті жөнінде толғану, оны көркемдік-эсте-тикалық шарттарға сүйеніп бейнелеу 70-80-жылдар прозасының да ауқымды мәселесі болды. Қоғам мен ұлт дамуындағы кеселді құбылыстар, рухани эволюциядағы кері про-цестерді реалистік тұрғыдан суреттеуде жазушылар сыншылдық позицияны ұстанды. Бұл кезең прозасының адамгершілік ізденістерін саралай келгенде қоғам дертіне айнал-
253

ған — тоғышарлық орталық мәселе ретінде бой көрсететінін аңдаймыз. Сонымен қатар, нақты қоғам болмысындағы ғана емес, жалпы адам бойындағы жамандық психология-сын жазушылар жеке адам характерінің даму сатылары арқылы ашуға ұмтылады.
1. Распутин В. Быть самим собой. //Вопросы литературы. Москва, 1976, № 9, С. 142-150
2. Қаратаев М. Қазақ әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық диалектикасы. //Дәстүр және жаңашылдық.
Алматы: Ғылым, 1980, Б. 4-25
3. Асылбеков С. Қазіргі казак повестеріндегі заман шындығы (1970-1989 ж.ж.) Фил.ғыл.канд. ғыл. Дәр. алу
үшін дайынд. дис. Авторефераты. Алматы, 1997, 27 б.
4. Ғабдуллин Н. Уақыт сыры. Мақалалар, зерттеулер. Алматы: Жазушы, 1981,232 б.
5. Исабеков Д. Екі томдык таңдамалы шығармалар. Т. 2. Алматы: Жазушы, 1993,496 б.
6. Байтұрсынов А. Ақ жол. Алматы: Жалын, 1991,464 б.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



220.5Kb
Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 1986 | Загрузок: 345 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Бұқаралық ақпарат құралдары
Айша бибі
Кіші өзендердің энергетикалық мүмкіндігін пайдалану
Бауыржан Момышұлы
Қазіргі замандағы шертпе дәстүрі
Қазақстан Республикасының климаты
Ақан сері Қорамсаұлы
Қазанғап күйші
Діни экстремизм мен терроризм
Бақытжан Қаратаев
Қорамсаұлы Ақан сері
Аристотель
Абай шығармаларындағы нәзирагөйлік дәстүрдің зерттелу жайы
Германия
Жамақұлы Бейбарыс