Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 18.6.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Қазақ әдебиеті

Абай Құнанбаев
Загрузка...
Абай Құнанбаев
(1845 - 1904)

Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының етегінде туған. Шыққан ортасы ауқатты, Тобықты руының белгілі ел билеушілері болған. Әкесі Құнанбай кезінде болыс, аға сұлтандық қызметтер атқарған. Ал, атасы Өскенбай, арғы атасы Ырғызбай — өз заманының атақты билері.
Құнанбайдың-Құдайберді, Тәңірберді (Тәкежан), Абай, Ысқақ, Оспан, Қалиолла (жас кезінде өлген), Ысмағұл деген жеті баласы болған. Солардың ішінде Абай жас кезінен-ақ ерекше көзге түсіп, келешегінен үлкен үміт күттірген. Әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі-аңыздар — Абай сусындаған халық әдебиетінің алғашқы үлгілері еді.
Кішірек кезінде ауыл молдасынан аздап сауат ашқан Абайды әкесі он жасыңда Семейге оқуға жібереді. Әуелі ол Ғабул-Жаппардың, кейін Ахмет-Ризаның медресесінде оқиды. Болашак, ақын өзімен сабақтас шәкірттерден анағұрльм үздік оқыған. Мектепте жүргізілетін дін сабағын жеңіл меңгеріп, араб, парсы тілдерін үйренеді, бос уақытын кітап оқуға, өз бетімен ізденуге жұмсады. Шығыстың классик ақыңдары: Низами, Сағди, Хафиз, Фзули шығармаларымен, ертегі, дастан қиссаларымен Абай осы кезде танысқан. Медреседегі діни уағыздармен шектеліп қалмай, араб, парсы, түркі тілдерін игеру арқылы шығыс классиктерін оқып-үйренуге жетуі — Абайдың аса зор табысы. Медресенің соңғы жылында Абай, мұсылманша оқумен қатар, Семейдегі «Приходская школаға» түсіп, үш айдай орысша да оқыған. Бұл — Абайдың кейін орысшаны өз бетімен үйреніп, игеріп кетуіне негіз болған.
Он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, өз қасына алады да, ел билеу ісіне баули бастайды. Ел ісіне араласу білімді, саналы, ойлы жас Абайдың ел танып, жер танып есеюіне, халықтың әдет-ғұрып, тұрмыс-салтын терең танып-білуіне жол ашады. Әкесіне ере жүріп, ол сол кездегі шешен-билердің ортасына түседі. Солардан сөз үйреніп, билікке керек қазақтың ескі сөз, жөн-жобасын, мақалдап, тақпақтай айту үлгілерін зерттейді.
Сөйтіп, бір жағынан, Шығыс, орыс мәдениетінен хабары бар Абай ел тарихымен таныса келе, ақыл-ойы толысып, көзге түсе бастайды. Балалықпен ерте қоштасып, ел ісіне араласқан ол елдің тұрмыс-тіршілігін, атқамінер әкімдердің қиянаттарын, шаруасы шайқалып жүдеген кедей шаруаларды, барымта-бақталастықты, содан туған ылаң-пәлелерді көреді. Мұның бәрі Абайға әке жолын ұстаудың жетімсіздігін, халыққа жақын басқа жол іздеу қажеттігін аңғартады. Ендігі жолды ол кітаптан, озық елдердің мәдениетінен іздейді.
60-жылдардың аяқ кезінен бастап Абай аздап оқыған орысшасын өз бетімен үйрену арқылы дамытады, орысша кітаптарды көп оқиды. Сөйтіп жүріп, ол 1870 жылы Семей кітапханасыда Петербургтен жер аударылып келген жас төңкерісшіл Е. П. Михаэлиспен кездеседі. Соның көмегімен Абай ендігі жерде керек кітаптарды іріктеп, жүйе-жүйемен оқитын болады. Ол орыс, батыс әдебиеттерін, философиялық, қоғамдық әдебиеттерді беріле оқиды. 1880-жылдарда Михаэлис арқылы ол Долгополов, Леонтьев сияқты айдауда жүрген демократтармен танысады.
Бұл жылдары Абай орыс әдебиетінің классиктері Пушкин, Лермонтов, Салтыков-Щедрин, Некрасов, Толстой шығармаларын, Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов сияқты революцияшыл-демократтардың еңбектерін оқиды. Еуропаның бірталай ақындары мен ғалымдарының, ежелгі заман даналарының туындыларымен танысады. Олардың ішінде Сократ, Платон, Аристотель, Байрон, Гете, А. Дюма, Спенсер, Льюис, Дарвин, Дрепер, тағы басқалардың шығармалары кездеседі. Сол арқылы Абай әдеби білімін, дүниетанымын кеңейте түседі. Олар Абай бойындағы ақындық талантты оятты, оның жетіліп, дамуына жәрдемдесті. Оның өлеңдерінің жүйелі, ақындық үлгіде жазылуы 1882 жылдан басталады.
XIX ғасырдағы орыс әдебиетін, оның халықтық негізін терең зерттеу Абайды ақын мен ақыңдықтың мұрат-мақсаты жайлы жаңа көзқарасқа алып келді. Ең алдымен, Абай сөз өнерін үлкен қоғамдық күш, әлеуметтік тартыстың құралы деп таныды.
БІ3ГЕ АБАЙДАН ҚАЛҒАН ATA MҰPA:
• сегіз мыңдай өлең жолы, яғни жүз жетпіс бес төл өлеңі;
• елу бес аударма өлең;
• қырық бес қара сөз;
• үш дастан;
• жиырма жеті ән;
• eki күй.

Тапсырма:
1. Абай неге «Шығысым батыс боп кетті» деген?
2. Абай достық туралы не деген ?
3. Абайдың ғылым, білім үйрену туралы өлеңдерін талдаңдар.
4. Пушкин мен Абайдың шығармашылық байланысы неде?
5. Лермонтов пен Абайдың үндестігі?
6. Абайдың қазақ әдебиеті тарихында алатын орны?
7. Абай туралы жазылған қандай көркем әдебиет шығармаларын, өнер туындыларын білесіңдер?
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



43.5 Kb
Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Dastan
Просмотров: 3825 | Загрузок: 172 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Ыбырай Алтынсарин
Дербес демографиялық саясат – берік болашақ кепілі
Абай мен Ыбырай шығармаларындағы үндестік
Ұлы Ақын Жамбыл Жабаев
Бақытжан Қаратаев
Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны, қалыптасуы
Некелесу түрлері, әдет-ғұрыптар
Денсаулықты сақтау мен нығайту
Жамбыл - әлем түркілері поэзиясының алыбы
Байтұрсынұлы Ахмет
Араб халифаты және Исламның таралуы
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары
Қазіргі замандағы шертпе дәстүрі
Жүрек ырғағы
Программалау технологиялары