Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Қазақ әдебиеті

Ақтамберді - тарихи тұлға
Загрузка...
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
I ТАРАУ
АҚТАМБЕРДІ – ТАРИХИ ТҰЛҒА.
1.1 Ақтамберді шығармашылығына шолу.....................................................5

II ТАРАУ
ЖЫРАУ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ.
2.1 «Күмбір- күмбір кісінетіп» толғауы –патриоттық туынды...................8
2.2 Қоңыраулы найза қолға алып...................................................................13

ҚОРЫТЫНДЫ
Толғауы тоғыз ханды түзеткен.........................................................................23

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................25

КІРІСПЕ
Жыраулық поэзия 15 — 18 ғасырлардағы қазақтың халық поэзиясы. Сахарадағы рухани өмірдің өзіндік ерекшеліктері көп еді. Кең даладағы көшпенді тірлік, тұрмыстық-қоғамдық өзгешелік сөз өнерінің соны сипатта қалыптасуына себеп болған-ды. «Өнер алды – қызыл тіл, ал тіл шұрайы - өлең сөз » деп танылады. Халықтың рухани өмірінде жетекші орынға шыққанпоэзия әлденеше ғасыр бойы қазақ әдебиетінің жай ғана көшбасшысы емес, ең басты жанры қызметін атқарды. Біздің дәуірімізге, негізінен, ауызша жетті. 15 ғасырдың орта шенінен бастап қазақ халқының төл мәдениеті өркен жая бастады. Көне, ортақ арнадан бөлініп, қазақ халқының дербес әдебиеті қалыптасты. Жыраулық поэзия қазіргі Қазақстан жерін қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан қор алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде кемелденді. Қазақ әдебиетінің ортақ арнадан оңаша жоқ тартқан алғашқы қадамдарының өзінен-ақ кемелдікті, көркем келісімді аңғару қиын емес. Жыраулық поэзия сұлулық пен сезімнің шеңберінде шектелмеген. Содан да болар, жыраулық поэзия да мейлінше терең танымдық ойлар буырқанып, ұдайы философиямен шендесіп жатады. Онда өмір мен болмыс, заман және адам туралы толғанады. Қоғам, дін, этика, адамгершілік, қарыз пен парыз, ерлік пен ездік, байлық пен кедейлік, о дүние мен бұ дүние жайлы сан – салалы ойлар тоғысқан философиялық туындылар жыраулық поэзияның терең дүниетанымдық сипатын аңғартады. Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері, кезінде бүкіл Дешті Қыпшаққа даңқы кеткен Сыпыра жырау, Асан Қайгы, Қазтуған жыраулар жаңа әдебиеттің ізашарлары ғана емес, көне мұраны жалғастырушылар деп те саналады.
Ал бұл курстық жұмыста мен 18 ғасырдың атақты жырауы Ақтамберді жайлы қалам тартамын. Ақтамберді шығармашылығының жанжақтылығын қамтып, қарастырамын.
3
Курстық жұмыстың мақсаты:
1. Қазақтың атақты Ақтамберді жырауының өмірін білу.
2. Ақтамберді толғаулары арқылы тарихи кезеңдерді топшылау.
3. Ақтамберді жырларын жан – жақты қарастыру.
Курстық жұмыстың негізгі міндеті:
1. Толғаулардың өзектілігіне тоқталу.
2. Жырға мән беріп, зерттеме жүргізу.
Курстық жұмыстың құндылығы:

Курстық жұмыстың өзектілігі:

Курстық жұмыстың құрылымы: Бұл курстық жұмыстың құрылымы кіріспе бөлімінен, ал кіріспе бөлімі екі тараушадан тұрады; негізгі бөлім екі тараушадан; және қортынды бөлімнен тұрады.







1 ТАРАУ.
АҚТАМБЕРДІ – ТАРИХИ ТҰЛҒА.
1.1 Ақтамберді шығармашылығына шолу.
Cарыұлы Ақтанберді (1668-1762) - атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері. Ұлы жүздің Ошақты руынан. Әкесі Сары мен шешесі Сырбикеден жалғыз туған. Жыраудың «атадан жалғыз туғанның жүрегінің бастары сары да жалқын су болар» деуінде өз өмірінің шындығы бар.
Қазақ тарихындағы аласапыран кезеңде өмір сүрген Ақтанберді «дұшпаннан көрген қорлығым, сары су болды жүрекке. Он жетіде құрсанып, қылыш ілдім білекке. Жауға қарай аттандым, жеткіз деп, құдай, тілекке» деп, өзі айтқандай, он жеті жасында-ақ қолына қару алып, ел қорғауға аттанады.
Жыраудың ақындық даңқымен балуандық, батырлық даңқы қатар шығады. Орта Азия хандықтарымен, қалмақтармен арадағы ұрыстарға қатысып алғашқы кезде жеке басының ерлігімен, соңынан қолбасшылық қабілетімен көзге түседі. Сақа батырлар санатына қосылған кезде атақты «Ақтабан шұбырындының» куәгері болады.
Осы кезде ол жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт азаттық күресін ұйымдастырушылардың және жеңісті жорықтарға дем берушілердің бірі ретінде танылады.
Жоңғар мемлекеті талқандалып, шығыстағы бұрынғы жау қолында қалған жерлер босатылған кезде сонда қайта қоныс аударған қазақтарды ата мекеніне біржола орнықтыру жолында Ақтанберді
айтарлықтай роль атқарады. Өзіне қараған руларды отырықшыландырмақ болып, арық, тоған қаздырады, егін ектіреді.
4
Ақтанберді шығармалары негізінен нақылдық толғаныстар түрінде болып келеді. Олар көшпелі қазақтардың ой-арманымен, мақсат-мүддесімен астасып жатады. Жыраудың «Түйе мойнын түз кесер», «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Жылқыдан асқан мал бар ма?» тәріздес әйгілі толғауларынан қазақ халқының мінез-құлық ерекшеліктері, болмысқа өзіндік көз-қарастары анық аңғарылады. Мал атаулының, оның ішінде жылқы түлігінің көшпелілер өміріндегі орыны жайында өз тұстастары арасында дәл Ақтанбердідей толғаған ақын жоқ. Ол жылқыны тіршілік көзі, жігіттің көркі деп есептейді. Әсіресе, батырдың жан серігі, жауға мінер тұлпары ретінде мадақтайды.
Ақтанберді жырларындағы негізгі сарын - ерлікке үңдеу, жауға қарсы күреске жігерлендіру. Ол жау табанында қалған жерлерді азат етуді аңсайды, бүкіл қазақ болып бірігіп атқа қонуды, жоңғарларға күйрете соққы беруді армандайды. «Балпаң-балпаң кім баспас», «Жауға шаптым», «От басар орыны отаудай» секілді біраз жырларында жұртшылықты ата жаумен айқасқа шақырады. Ел қорғау жолында өлген ерде арман жоқ деп біледі.
Аласапыран кезенде ТУЫП, шайқас алаңында шындалып өскен Ақтанберді жырлары қазақтардың он сегізінші ғасырдағы жаугершілікке толы өмірінің шынайы суреттерін алға тартады.
«Тауарих Хамсаның» айтуынша, Ақтамберді – ойраттармен күрес дәуірінде қазақ қолының басында жүрген ерлердің бірі. Ол – атақты Қаракерей Қабанбаймен бірге Наймандықтардың рубасы көсемі, әскербасы батыры.Сонымен қатар Ақтамберді жортуыл жыршысы, әулетті жырау да болған.
Ақтамберді – атадан жалғыз ұл туады. Әкесі Сары – Найман Сыбан ішіндегі орташа ғана дәулеті бар, қақсоқта жұмысы жоқ момын адам екен.
Қазақ жұртына ертеден танымал талант иесінің бірі, заманының ірі қайраткер- азаматы, сөз өнерінің көнекөз өкілі Ақтамберді
5
көп жылдар бойы жіті зерттелмей, ескерусіз естен шығып қалуға айналған асыл мұралар қатарына жатады.
Ақтамберді Сарыұлы – суырыпсалма сөз өнерінің жетік өкілі. Шығама- лары табан асты шығарылып, ауызекі таралып, ел есінде сақталу арқылы жеткендердің бірі. Халық оны жоңғарларға қарсы жорықтар кезінде қол бастап, ерлік көрсеткен батыр, өзінің өжет те, өткір сөздерін қалың қауымға әсері күшті болған жалынды деп санайды.
Ақтамберді – тарихи тұлға. Оның есімі қазақ халқының тарихында ата- лады, ел аңыздарына сай бағаланады. «Қазақ ССР тарихы» берген бағаға көң- іл аударатын болсақ,ол – жоңғарларға қарсы жорықтарға қатысқан батыр, ерлік қимылды аңсаған қаһармандық күрескерлердің жалынды жыршысы, замана қауымына танымал жырау, аты әйгілі ақын.
ХХ ғасыр басында жазылған қазақ тарихы туралы кітаптарында да жырау есімін кездестіреміз. Мысалы, 1911 жылы Қазан баспасынан жарық көрген Құрбанғали Қалидовтың «Тауарих хамса» атты кітабында Ақтамберді туралы қысқа мәлімттер кездеседі.
Ақтамбердіні кейінгі жыраулар шығармашылығынан да ұшыратамыз. Ел жауына қарсы аттанған батырлар қатарында оны ХҮІІІ ғасыр жырауы Үмбетей атаған. ХІХ ғасырдың белгілі ақыны Дулат Бабатайұлы өзінің «Ер Еспенбет» дастанында жырлаған . Ақын Ақтамбердінің қартая бастаған тұсын бейнелейді. Оны тәжірбиелі қолбасы, батыр, қайтпас ер тұлғасында танытады.


6
II ТАРАУ
ЖЫРАУ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ.
2.1 «Күмбір- күмбір кісінетіп» толғауы –патриоттық туынды.
«Күлдір- күлдір кісінетіп» деп басталатын шығармасы – ақынның алдына қойған арманын танытатын патриоттық туынды. Одан тұлпар мінер ту ұстап, ел шетіне қорғау болып ерлікпен атын шығаруды аңсаған батыр адам үні естіліп тұрады.
Ел қамы автор өз мүддесін бірге ұстайды. Сұлу құшу және батыр деген атаққа ие болу, бұл сайып келгенде, жалаулы найза қолға алып, жау қашыра білуіне, ерлік қимылдарына байланысты немесе жігіттің ерлік көрсетуге даярлығына тәуелді армандар бар. Автордың ойынша, ел үшін аянбай еңбек етіп көзге түссең дегеніңе жетесің. Ер азаматтың алдына қояр талаптарын ол өзінше термелейді.
Күлдір- күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екенбіз.
Күрек тісін қасқитып,
Сұлуды құшар ма екенбіз.
Күдеріден бау тағып,
Кіреукеден тон киер ме екенбіз
Жағасы алтын, жеңі жез,
Шығыршығы торғай көз,
Сауыт киер ме екенбіз.
Сырттан сауыт киген соң,
Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқын төске алып,
Қол қашырар ма екенбіз.

7

Жалаулы найза қолға алып,
Жау қашырар ма екенбіз?!
«Ақтамберді қолы» деп,
«Жанайдың салған жолы» деп,
Жақсы атанар ма екенбіз.?!
1973 жылы шыққан « Алдаспан» жинағында осы толғауының 2 нұсқасы басылған.
Ақтамберді есімін ақын Сара да еске алады. Ол Біржанмен айтысқанда өз елінің атақты ақыны, аруақты батыры деп мақтан етеді. Белгілі жазушы С.Мұқанов жыраудың «Күлдір- күлдір кісінетіп, күреңді мінер ме екенбіз» толғауын 1942 жылы шыққан «ХҮІІІ – ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің очеркі» кітабында жариаланған. Бұдан кейін «Ерте дәуір әдебиеті нұсқасы», «Алдаспан», «Бес ғасыр жырлайды» жинақтарына енді.
М. Мағауинің «Қобыз сарыны» атты кітабында да Ақтамберді ақындығы біркелкі сөз болған еді. Аталмыш Еңбектерде жырау шығармашылығын толық танытуға белгілі дәрежеде көңіл бөлінген.
Ақынның батыр мінер тұлпарды бейнелеген өлеңі оның суреткерлік шеберлігінен де хабар береді.
Келбетіне қараса,
Омырауы даладай.
Әлпетіне қараса,
Сырлап соққан моладай.
Жан- жағына қараған,
Жал- құйрығын тараған
Жолбарыстай жон түзген
Аш күзендей бүгілген
Ол киіктей жүгірген

8

Табаны жалпақ боз таралан
Таңдап мінер ме екенбіз?!
Осы келтірілген жолдар жоғарыдағы «Күлдір- күлдір кісінетіп» - деп басталатын өлеңнің жалғасы не өзге нұсқасы десе болады.
Ақтамберді ермін деген жігіт алдына асқар таудай асыл мұраттар қоя біледі.
Қазақтар өзінің қонақжайлығымен, меймандостығымен ежелден- ақ мәшһүр. Халқымыздың бұл қасиеті өткен ғасырларда қазақ топырағын басқан еуропалықтың қай- қайсысы болмасын ерекшеназар аударып, өздерінің шын көңілден шыққан ризашылықтарын білдірген. Қазақтардың осы ұлттық қасиеті – қонақжайлылық, меймандостық толғауларының лирикалық кейіпкері жас жігіттің арманында ең өзекті орындардың бірін алады.
Өзім бір бөлек жайласам,
Жігіттен нөкер сайласам,
Ойпаң жерге он отау,
Қыраң жерге қырық шатыр тігіп
Қонағымды жайласам!
Пышақтан малым кетпесе
Ауылдан топыр үзілмей,
Ошақтың оты өшпесе,
Май жемесе, қонағым,
Қан жемесе барағым,
Он кісіге жараса,
Бір кісіге арнап тартқан табағым!
Халыққа атым білініп,
Шүліңгір мырза атанар ма екенбіз?
Жомарт болған, шүлен болған жақсы- ақ, бірақ бұл кез

9

келген қара сирақ кедейдің қолынан келе бермейді. «Ойпаң жерге он отау, қыраң жерге қырық шатыр тігіп», сансыз қонақты атқару үшін, «ауылдан топыр үзілмей, күніне он- ондап мал сойып, қазан астынан от кетпеуі үшін мыңғыраған бай болу керек. Қазақ үшін байлық – малда. Малдың еті, сүті – тамақ та, жүні, терісі – киім, мал қазаққа көшсе – көлігі, мінсе – жүйрігі, яғни малсыз тірлік жоқ. Сонда да ескі патриахалдық – феодалдық қазақ қоғамда қай көшпенділердің болмасын арманының асқарларының бірі- мал.
Мал – көшпенділер үшін өмірдің қуанышы, тіршілік көзі болған осы бір тақырыпқа Ақтамберді толғауларында қайта- қайта оралып соға береді.
Қазақтар үшін мал асылы жылқы екені мәлім. Ешбір халықтың әдебиетінде жылқы дәл біздің әдебиетіміздегідей дәріптелмейтін шығар. Әйткенмен де, мал атаулының, оның ішінде жылқының көшпенділер өмірінде алатын орны жайлы Ақтамбердіні толғаған қазақ ақыны қазақ ақыны жоқ.
Ел басына қиындық түскенде сыналар және елі үшін жанын отқа салуға даяр жігіт қана ер атанбақ. Ақын заманы мұқтаж етіп отырған ер – азаматты үлгі етіп, әр тұста елі үшін ерлік көрсете білуге үндейді:
Балпаң – балпаң басарсың,
Басуға табан шыдаса,
Қызыл алмас жан қияр
Қызыл талға қынаса
Мал бітпеске немене,
Жігіт жанды бұласа,
Ел шетіне жау келсе,
Алдыңа сірә дау келсе,


10
Батырсынған жігіттің
Күшін сонда сынаса.
«Алдаспан» жинағында жариаланған ақын толғаулары өзінің мәні жағынан да, көркемдік жағынан да құнды. Қазақ поэзиясына сүбелі үлес қосқан сөз зергерінің келбетін танытқандай шығармалар. Сөзіміз жалаң болмас үшін ақынның өзі туралы айтқан бір пікірін келтіре кетейік:
Торлаусыз өскен құланмын,
Мезгіліз жусап өрермін.
Байраққа біткен құрақпын,
Саусағым жерге түсірмен.
Жапанға біткен тірекпін
Еңсемнен жел соқса да теңселмен.
Қарағайға қарсы біткен бұтақпын
Балталасаң да айрылман.
Сыртым құрыш, жүзім болат,
Тасқа да салсаң майрылман.
Келтірілген жолдар – ақын шабытын танытарлық кесек туынды. Өзін бейнелеуде эпитеттер ауыстырудың асқақ та асыл түрлерін орынды қолданып ер тұлғасын көз алдыңа айқын елестетеді. Бұл үзінді – Махамбеттің әйгілі «Мен, мен едім, мен едімді» дүниеге әкелген оның арғы атасы дерлік туынды. Кейінгі көп ақынға азық болған асыл сөздердің үлгісі.
Болашақ батыр ақын мейірімсіз жақын – жуықтар түрткісінен көп көріпті.
Жамаулы киім кигенім,
Жарлық сенен көремін.
Атадан тудым жалқы боп,
Жақыннан көрдім талқы көп.

11
Жасым жетпей он беске...
«Жақыннан көрдім талқы көп» - деседағы олардан өш қастандық не кек алу дегенді ойламаған. Ондай қысқа тапшы мақсаттардан өзін жоғары ұстай білген.
Қорғайтын жан адам жоқ...
Қазір әлсіз болсам да,
Үмітім бар ақырдан...
Он жетіге жас жетті,
Көңілім сонда орнықты.
Жауласуға жау емес,
Жақынға қылман зорлықты.
Ақын өзі ер жетіп, қайраты толған кезде ел – жұрт, қалың қазақ мүддесін ойлауға серт береді, ел тағдыры толғауы сырт жаулар корсетіп жатқан қорлық – зорлықтан елін азат ету арлы азаматтың абыройлы міндеті екенін түсінді.


2.2 Қоңыраулы найза қолға алып.
Әрине, Ақтамберді тек жалаң ерлікті көксеп бойындағы күшін қоярға жер таппай аласұрап ақылсыз, мақсатсыз жортуылының құмары емес, ол – ел шетіне қорған, жаудың талап кеткен мал- мүлкін қайырып, халқының кегін алу, «қатын- бала қамы үшін» қылыш сермейтін, мақсаты айқын батыр.
Жауға шаптым ту байлап,
Шепті бұздым айқайлап.
Дұшпаннан көрген қорлықтан,
Жалынды жүрек, қан қайнап,
Ел- жұртымды қорғайлап,
Өлімге жүрміз бас байлап.
Жаумен тікелей белдескен кездерде шығарған өлеңдерінде
12
өз істерінің әділдігін ерекше ескертіп, өз елін жаудан қорғар ердің ісін құрметтейді. Баса көктеп, ел намысын таптап келген, өзі келіп ұрынған дұшпанды аямады, сазайын тарттыра соққы беру жөн деп санайды.
Ақтамберді сөздері – ақыл- нақыл ретінде келетін дидактикалық толғаулар. Ол «Ел аман болсын ләйлі» - деп, туған жер, отан тілегін бірінші орынға қоя білген. Халқының ер- азаматы, төре сұлтандары, бай- батыры, жарлы- жақыбайы – түгел бір мақсатта, бір тілекте болса деп армандайды.
Құнарлы жерін, орманды- нулы, өзенді- сулы өлкесін мекендеп, адал кәсіппен айналысқан біркелкі елді аңсап, халқына ақыл айтудан талмайды. Орамды шешендік сөздер, түйінді түйдек ойлар тастайды.
Еділ – Жайық екі өзен,
Талсыз болар демейсің.
Көкшетаудың көп көлі,
Елсіз болар демейсің!..
Орын тапқан ер жігіт,
Жерсіз болар демейсің.
Орда тігіп орнаса,
Төрсіз болар демейсің?
Кең өрісті толтырып мал өсіріп, құйқалы жерін өңдеп бейбіт тіршілік қамын ойлауды еңбекпен ел дәрежесін арттыруды жырлайды ақын. Әсіресе, кедейлер айналысар кәсіптің берекелі түрі мекен теуіп, егіншілікпен шұғылдану дейді.
Нашар қайтып күн көрер,
Егін салар құлқы жоқ.
Босып жүр ән тоқтамай,
Мекен еткен жұрты жоқ...
Ақын шығармашылық, гуманисттік адамгершілік идеяларды көтерген.
13
Асылы олар - әрқайсысы әр тұста айтылған өзінше бөлек жырлар. Себебі, қайталау көп кездеспейді. Қазақ елінің ата мекені, кең қонысын ен жайлап, жайбарақат жатқан шағын, бейбіт өмірін ардақтайды.
Көкорай шалғын, көк майса,
Сырдың бойын жайладық
Жетісу, Балқаш, Ұлытау.
Сауық құрып тойладық,
Үдіре көшіп қонған жер
Тоқырауды тапшы деп
Сарысу, Атасу
Бермекпіз кімге алшы деп?!
Сондай- ақ басқа екі аяқты пенделер сияқты тіршілік қамын да ойлайды. Тірі жан- жануарлардың бәрі де тіршілік үшін еңбектенбекші. Алдына мал салып, тең құрбыдан кем қылмай, молшылық жасау, бақ- дәулетке ие болу әр адамның дүниеге көзін ашқаннан кейінгі тілек талаптары. Ондай молшылық пен бақ дәулетті біреулер алақанын аспанға жайып, алла тағаладан сұрап- тілеп алуды ойлап, өзін- өзі талапсыздыққа меңзесе, екіншісі өз күшіне, талабына, еңбек әрекетіне сенім артып, белсене араласады. Алдына асқар таудай талап қойып, сол талабын іске асыру үшін аянбай қайрат жұмсайды. Өмір, қиыншылығымен алысып, ерінбей еткен еңбегінің жемісін жеп, төккен терінің қызығын көріп, өзіне өзі бақ- дәулет орнатады. Ақын дүниеге келген тірі жанның осы бір әрекетін өз атынан, лирикалық кейіпкер тілегі ретінде, әдемі бейнелейді:
Көк көгершін, көгершін
Көк құтан ұшар жем үшін
Тем, тем үшін, тем үшін,
Көк шекпенін бөктеріп,

14
Ерлер жортар мал мал үшін.
Қатын – бала қамы үшін,
Әркім өзі талпынбақ
Басына біткен бағы үшін.
Бақ- дәулетті, өмір қызығы бейбіт еңбекте ағайын арасы, ел – жұрт тыныштығында, тату- тәтті бірлікте екенін ол әрдайым ескертеді. «Балаларыма өсиет»- деп басталатын өлеңі түгел келешек жастарға арналған ақыл- нақылға толы дана сөздер.
Бірлігіңнен айырылма,
Бірлікте бар қасиет.
Татулық болар береке,
Қылмасын жұрт келеке,
Араз болсаң алты ауыз,
Еліңе кірмес береке....
Татулықты сараң болмай, мейірімді болуды, әділ билік пен батырлықты, ақылмен іс қылуды көксейді.
Сары аязда қата ма,
Қайнардың аққан тұнығы,
Қап түбінде жата ма,
Болаттың асыл сынығы,
Халқы тозып, кем болмас,
Іділ болса ұлығы.
Әділетсіз болса биден, рақымсыз болса байдан, қатты болса жақыннан ел түңелетінін айтып, әділет жолын нұсқайды.
Рақымсыз жақыннан,
Халқы қатты түңелер...
Әділ туған жақсыға,
Екі даугер жүгінсе,


15
Тізесін қисық бұрмаса,
Асылдығы білінер.
Нашар қайтып күн көрер,
Егін салар құлқы жоқ.
Босып жүр әні тоқтамай,
Мкен еткен жұрты жоқ.
Ақын шығармашылық гуманистік, адамгершілік идеаларды көтеріп, елдегі күйкентай пендешілікті, өзімшілікті сынайды. Кейбір мал- басы өскен дәулеттілердің ішінен тұмсығын аспанға көтеріп, кеудесіне нан пісіп, ешкімге көзә түспей кететін құр кеуде тәккаппарларды – «семіздікті қой көтереді» дегендей, малының буына мас болғандардеп бір кекетсе, ал ақылсыз алаяқтарды- «жал бітсе, жанына торсық байлатпайтын» жаман ат сияқты дегендей ой айтады.
Ондай адамға жат мінезділер, өз ниеттерінің сазайын тартар- ау деп үміттенеді.
Мал- басы өскен адамның,
Алды- арты бұрқан бу болар.
Көтере алмай дәулетін,
Көрінгенге қыр болар.
Не боларын білмейтін ,
Өзінен - өзі зор болар.
Жетімменен жесірге,
Қазары ылғи көр болар,
Онымен жол болмайды,
Біреуден қайтып қор болар.
Ел арасының дау – далбасын қоздырып, күшіне сеніп өктемдік көрсеткен Абылайдай ханды да, Бөгенбайдай батырды да қан бір түйіріп өтеді. Бұлардың сырт жаулары жеңіп алып, енді өздеріне жақпаған руларға тізе батырмақ әрекеттеріне қарсы шығады.

16
Мысалы, « Уа, қарт Бөгенбай!»- деп басталатын толғау наймандарға көрсеткен арғындар өктемдігіне қарсы дау ретінде айтылады. Желігіп жесір жеткен, күнәсіз қан төккен арғын бұзықтарын ұстап беру орнына, Бөгенбайлардың оларды қоғап отырғанын айтып күш көрсетеді.
Жендетті көрсет көзіме,
Желіккен басты кім кеспес! –
Деп тапжылмай тұрып алады.
Бөгенбай айтқан бұл сөздері тек арына шапқан қайсар батырдың тегеуірінді сөзін ғана танытып қоймайды, оған қоса ел бастаған төре мен қол бастаған батырдың мақсаты өзара дауды қоздыру е мес, ел тыныштығын сақтай білу, қорлық – зомбылық көргендерге қамқор болу, әділет жолымен адал қызмет ету деп біледі.
Құяр жауын аспаннан,
Қара бұлт торласа.
Пәлекет елде көбейер,
Жігітті жігіт қорласа.
Ақбөкен келіп жығылар,
Алдын қазып орласа...
Қынаптан қылыш суырмай,
Қарысқан жау бүлік етпес.
Жуылмай қастың қанымен,
Намысқа тиген кір кетпес..
Ақтамберді толғаулары берер ақылдың шегі жоқ, бәрінде де адамгершіл пікірлер ұсынылып, жат мінездер сыналады. «Жақсы бай», «жаман бай» болады деп ұққан ақын, байлардың мінез- құлықтарын көз алдына елестете жыр төгеді, шешен толғайды.
Қайырлы болса малды жан,
Дария шалқар көлмен тең.
Қайырсыз болса жаман бай,

17
Ел қонбаған шөлмен тең.
Адамның артықшылығы жомарт жайдары мінездеме, ақылы мен білімінде – деп атап көрсетеді. Асыл ару, ақылды жас, жайдары да білімді, пейілді, өзіне- өзі сын көзімен қарай білетін, дандысымай кішіпейіл жүретін ұяты мен ары таза әділ азаматты ардақтайды.
Білімді туған жақсылар,
Аз да болса көшпен тең.
Жақсысы кеткен ауылдың,
Артынан жақсы шықпаса,
Өртеніп кеткен жермен тең... – деп, ақын әрбір ел, өз ішінен шыққан жақсысымен, білімді азаматымен берекелі, атақты болатын ескертіп өтеді. Оларды ерекше қадірлеуді қажет ететін шешен афоризмдермен термелейді.
Мінезді болса жолдасың,
Күнде сонар қызбен тең.
Жаман болса жолдасың,
Астыңнан өткен сызбен тең...
Ақын нақылдарының ішінде талай адамгершіл нақылдар, өмірдің өзінен ойып алған бейнелі өсиеттер, ұзақ өмір тәжірбиесін қорытқан тұспалдар көп. Солардың бірін жар таңдаушы жастар үшін ғибрат деуге болады.
Мінезді болса алғаның,
Одан артық жар бар ма?
Екі жаман қосылса
Күнде жанжал, күнде шу,
Ұяларлық ар бар ма?
Білімді туған жақсыға,
Залал қылмас мың қарға.
Жаман туған жігітке,
Рахатты күн бар ма?
18
Өз мінін білген жігіттің,
Тәлімінде мін бар ма?
Бұрын Ақтамберді екі- үш шумақ өлеңнің авторы ретінде ғана белгілі еді. «Алдаспанға жауынгер жыраудың біздің заманымызға жеткен, құрастырушыға мәлім шығармалары тегіс енгізілген болатын. Бұл кітап негізінен сол басылымды қайталайды.
«Жағалбай деген ел болар... – «Жыраудың тұрымыстан таршылық көріп жүрген кезінде, 10-11 жасында шығарған туындыларының бірі.
Осы кітапты құрастырушы 1966 жылы Ақтамберді ұрпағы, Аякөз қаласында тұратын Кенжехан Боқасовтан жазып алған.
Ақтамберді жырау Сарыұлы 1675 жылы Оңтүстік Қазақстанда, Қаратау бойында ауқатты отбасыда дүниеге келеді. Болашақ жырау жамағайын туысы Бердіке деген батырдың қолына өседі. Ақындық талантын тым ерте, 10-11 жасынан бастап қазақтардың Орта Азия хандықтарымен арадағы соғыстарына қатынасады. Өзінің жанкешті ерлігімен ақыл – айласымен көпке танылады. Талай рет өлім ауызынан қалады. Бірде, тіпті, жортуылад жау қолына түсіп, өлім жазасы орындалар қарсаңда ғана қашып құтылады. 1723 жылы қазақтар ойраттардан ойсырай жеңіліп, бүкіл оңтүстік және шығыс аймақтан айырылған Ақтамберді ерлік көрсеткен.
Ақтамберді Сарыұлы 1675- 1768 жылдары арасында өмір сүрген, жас кезінен алдымен қазақ жерін оңтүстіктегі орта азиялық хандықтар шабуылынан қорғауға қатысып, «Ақтабан шұбырынды» жылдарынан кейін қолындағы қаруымен де, жалынды сөзімен де жоңғар басқыншыларынан елді азат етуге белсенді қызмет еткен батыр жырау.
Ғасырға жуық ұзақ, мәнді ғұмыр кешкен, ақындығы ерте оянған жырау мұрасы мол болуға тиіс болса да, кейінгі ұрпаққа жеткені өте шағын, болғаны үш жүз- ақ жол. Жыр – толғаулары Ақтамберді жыраудың эпикалық жанрдың ақыны болғанын көрсетеді. Оның
19
жырларының арқауы – жас ұрпақты жаудан қаймықпай, «Жалаулы найза қолға алып, жау қашырар ма екенбіз»! дегендей жауынгелік, ержүректілікке, қаһармандық рухқа үндеу болып келеді, сонымен қатар жыраудың тікелей, әдейі хандарға арнаулары болмаса да, елдегі билік, елдіктің, мемлекеттіліктің тірегі ел бірлігі мәселесіне қатты жаны ашитындығы байқалады. «Сары аязда қата ма»,- деп, басталатын толғауында ел билеуші ұлыққа қойылатын басты талаптың әділдік екенін, егер «Әділ болса ұлығы» халқының тозып кем болмайтынына кәміл сенетіндігін білдіреді.
Жаугершілік заманда «Дұшпаннан көрген қорлығы» жанына батып, он беске жетер- жетпесте олармен «Шығар күн туса күреске» - деп, армандаған Ақтамберді «Он жетіде құрсанып», біраз хандардың қол астында, белгілі батырлармен үзеңгелес, талай жорықтарға қатысқаны аңғарылады. Бірақ, ол жорықтар туралы тарихи де мардымсыз, өз шығармаларында да мәлімет аз. Бізге жеткен толғауларының ішінде жалғызы «Еділ, Жайық екі өзен» атты өлеңдерінде Абылай ханның есімі бейбіт өмірге байланысты аталып, «Абылай қонған кең қоныс, елсіз болар деймсің»- деп, оған өзінің құрметін хан қонысында халықтың әрқашан көп болатынын, себебі халық оған шексіз сенетіндігін білдіреді. Соңғы екі жолында «Орда тігіп орнаса, Төрсіз болар деймісің» - деп, жай үй туралы сөз емес, билік ордасын айтып, ал орда төрінде, әрине, ханның отыратынын меңзеп отырған сияқты.
Өмірінің соңғы кезінде кейінігі ұрпаққа арнаған «Балаларыма өсиет» деген толғауларының едәуір бөлігі ел бірлігіне арналған. Қарт жыраудың халыққа қалдырып отырған өсиетінің өзегі, халыққа мықтап тапсырып отырғана соның бірі татулық, ал татулық бар жерде береке болатынына сенімді. Егер ел арасында бірлік болмаса, «Араз болса алты ауыз дейді жырау, оны «Еліңе кірген әреке» деп, елді алауыздықтан сақтандыруды, сол береке баянды болу үшін, елде бірлік болсын деп, өзінің «Талпынып салдым егінді» деп, берекенің экономикалық негізін қалағанын ақылы бар кісі ұғатын әрекет жасағанын айтады.
20
ҚОРЫТЫНДЫ:

23

ПАЙДАЛАНЫҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.
2.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



155.0Kb
Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 2612 | Загрузок: 383 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Қазақ халық аспаптар оркестрін ұйымдастыру
Рашмор тауы
Жетісу күйшілік мектебі
Тілендіұлы Нұрғиса
Қазанғап күйші
Ғарифолла Құрманғалиев
Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы Абай дәстүрі
Талғат Бигелдинов
Ақпарат, ақпарат түрі, формасы және қасиеттері
Менің Отаным - Қазақстан
Тіршілік үшін өсімдіктің маңызы
Кіші өзендердің энергетикалық мүмкіндігін пайдалану
Қазақ халық көне аспаптарының тарихи даму кезеңдері
Германия
Шәңгерей Бөкеев