Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 25.10.2014
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Қазақ әдебиеті

В категории работ: 418
Показано работ: 1-15

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
1 –сынып
«Үш би» Н.Оразалин 171-172 –бет
«Досболдың тапқырлығы» 230-бет
Читать полностью

Категория: Қазақ әдебиеті

Абай! Ол – ұлы есімімен жүректің дәл түбін жашыған, қияға шарқ ұрып самғаған, ел болашағына жаңа бағыт іздеген, әзір таппаған, бірақ қайдан табатынын дәл сезіп болған ел баласы, заман жасы, дүйім жұрттың алысты болжай алған., ілгері сүйреген ойы, қиюы қашып, ыдырай бастаған ескі қоғамдағы әділетсіздікке қарсы күресіп, демократиягшыл озат ойларда берік тұтынған кесек тұлғалы аса көрнекті қоғам қайраткері. Ол күнделікті тіршілігімізде, рухани әлемімізді, қарақан басымызды алып жүруден бастап, биік адамгершілікке дейінгі аралықта тегіс қамтитын жан-жақты құбылыс. Абайды тануда саясат ықпалынан, уақыт қыспағынын аса алмаған кездер болды.

Бүгін біздің қай-қайсымыздың да көңіліміздің төріне ықлым замандар қойнауынан мызғымастан мың жасаған айтулы Дастан мен ол жырлаған атақты Батыр тіріліп келіп отыр. Олар бізді тағы да тақуа тарихпен бетпе-бет қалдырып, арғы-бергімізді сарапқа салдырмақшы. Мұндайда уақыт пен кеңістіктің жік-шекарасының бәрі өз-өзінен ұмытылып, бәрімізді бір тектен өрбітіп, бір тамырдан тарататын түп бастауларға, түбегей бірлік пен түбегей тұтастыққа тереңдей үңілуге мәжбүрміз.

Сөз өнерi қазақпен егiз. Қызыл тiлдiң майын тамызып, қара сөздiң құдiретiн асқақтатқан ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан Ақтамбердi, Мұрын, Бұқар секiлдi жырауларды айтпағанда, Ақаны мен Бiржаны, Сегiзсерiсi мен жаяу Мұсасы бар қазақтың ауыз әдебиетiнiң қатарында үкiлi бөрiктi, бүрмелi кәмшатты қыздары қаншама? Бұл қатарда «таңдайында өлеңнiң ұясы бар» екенiн дүйiм қазақ тамсана айтқан Ұлбике есiмi ерекше аталады.

Сан ғасырлық тарихымыздың асыл қазыналарының бірі болып есептелетін жазба ескерткіштер тілі тұтас зерттеліп, сыры түгел ашылып, ғылыми айналымға түсіп бітті деу асығыс айтылған тұжырым болар еді. Ежелгі дәуірдегі, ерте және кейінгі орта ғасырлардағы өлкеміздің тарихына қатысты жазбаша деректемелерді тілдік тұрғыдан қарастырудың ғылым үшін де, рухани кемелдікке қол жеткізу үшін де маңызы зор. Сондықтан да тынымсыз ізденіс, тыңғылықты зерттеулер бір сәтке толастамауға тиіс.

Ілияс Есенберлин 1915 жылы Ақмола облысындағы Атбасар қаласында туған. 1940 жылы Қазақ тау-кен институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдарда филармонияны, "Жазушы" баспасын басқарады, т.б. жұмыстар атқарады. Жазушы Алматыда дүние салды. Қазақ әдебиетінде І. Есенберлин- жазған романдарының саны ең көп аса көрнекті жазушылардың бірі. Жазушы "Айқас" (1967), "Ғашықтар" (1968), "Алтын құс" (1971), "Көлеңкеңмен қорғай жүр" (1974), "Маңғыстау майданы" (1978), "Аманат" (1978), т.б. романдарымен оқырман назарын өзіне аударды.

Ілияс Жансүгіров – ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Ақынның терең идеялы, көркем мүсінді, эпикалық кең тынысты шығармаларының танымдық, тәрбиелік мәні зор.Олар қалың оқырманның ойына ой, сезіміне сезім қосады, қиялына қанат бітіреді, эстетикалық ләззат беріп, гуманистік адамгершілік идеяларды толғайды. Ілияс Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында ( қазіргі Тадықорган облысы, Ақсу ауданы) туған.Ескіше хат танитын, шағатай тілдеріндегі кітаптарды жинайтын, аңыз-ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды, әңгіме-шежірелерді жақсы білетін, көкерегі ояу, көзі қарақты, әр түрлі өнерді ұстаған әңгімеші, домбырашы, ұста, көшелі Жансүгір анасынан ерте қалған Ілиясты жетімсіретпей, еркелетіп, жақсы үлгі көрсетіп, тәрбиелеп өсіреді.

Ілияс Жансүгіров Жетісу губерниясының Қапал уезі, Ақсу болысы 4-ауылында 1894 жылы 14 мамырда дүниеге келген. Анасынан 4 жасында қалады. Сауатын әкесі ашады. Ілияс лириканың бар саласында қалам жебеген дарын. Оның қазақ поэзиясын өркендетуге ерен үлес қосқан саласы - пейзаждық лирика. Табиғатқа арналған өлеңдерінде сөзбен сурет салуға барынша шебер екенін көреміз. «Жазға салым», «Жазғытұрым», «Жазғы шілде», «Жаз», «Қыс», «Мезгіл суреттері», «Жел», «Жетісу суреттері», т.б. өлеңдері осының айғағы. 1925 жылы қазақ поэзиясына ұлы жаңалық әкелген «Жетісу суреттері» өлеңін оқығаннан кейін М.Әуезовтің - «мен Ілиястың шын ақындығына ден қойдым» деуі тегін емес.

Қазақ поэзиясында бүгінге дейін өнер жайында көп жазған және көркемдіктің шыңына жеткізе жазған І.Жансүгіров пен теңдесер қаламгер жоқ. Сонау 20-жылдардың бас кезінде өмірге келген "Әнші" өлеңінен басталған бұл тақырып тек қазақ әдебиетінде ғана емес, қазіргі әлемдік поэзиядағы айтулы туындылар санатындағы "Күйші" мен "Құлагер" сияқты классикалық поэмаларға ұласты. Акынның осы екі аралықтағы шағын көлемді, бірақ керемет суретті, екпіндеп ескен желдегі көтеріңкі лепті туындылары жоғарыда талданды.

Әбділда Тәжібаев – осы заманғы қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі. Әдебиеттегі алғашқы қадамын өткен ғасырдың 20-жылдарының соңына ала өлең жазудан бастаған ол қазақ сөз өнерінің озық дәстүрлерімен дүниежүзілік әдебиеттің үздік жетістіктерінен үйрене отырып, 30-жылдардың орта шенінде-ақ айтулы ақын, республикада әдебиет ісін ұйымдастырушы қайраткерге айналды. Ә.Тәжібаев – поэзияда лирика мен поэма жанрын қатар алып жүрген ақын. Оның қаламынан туған 30-дан астам поэма мен өте көп сандағы өлеңдері сыршылдық, ойшылдығымен, шыншылдық, оттылығымен ерекшеленеді. Ә.Тәжібаев поэзиясын басқа бірде-бір ақынның туындыларымен шатастыру мүмкін емес. Оның поэзиясы – тың ізденістің, жоғары мәдениеттің, кәнігі шебердің поэзиясы.

Абай мен Ыбырай мұралары осы кезге дейін біраз зерттелді десек те, бұл тарапта шеті бұзылмай «ақтаңдақ» күйінде беймәлім болып отырған мәселелер аз емес. Бұларды біртіндеп қолға алып, ғылыми айналымға, тексеріске, талқыға салу аса зәру мәселелер санатына жатады. Әрине, мұндай келелі міндеттерді атқарып шығу көп уақытты, дарын-қабілетті қажет етеді. Қандай бір күрделі жұмысты тиянақты орындау үшін оны орнымен, ыңғай жүйесімен бастай білу керек.

Әлемдік әдебиеттердің өзара байланысы, түрлі халықтардың көркем сөз өнерінің бір-біріне ықпал-әсерін зерттеу жан-жақты зерттей түсуді қажет етіп отырған көкейкесті мәселе болып отыр. Әсіресе, мұсылмандық Шығыс елдері классикалық поэзиясы мен қисса-хикаяттарының қазақ әдебиетіне жасаған ықпалы ерекше назар аударады. Соңғы жылдары бұл салада бірқатар зерттеулер жарық көрді. Олар: Ө.Күмісбаев, Ш.Сәтбаева, Б.Әбдіғазиев, Н.Келімбетов, [1] т.б.

Бүгінгі таңдағы Егеменді еліміздің ең басты мақсаты - өркениетті елдердің қатарында болу, бүкіл әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Мұның өзі ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын тың арнаға, жаңа сапаға жеткізудің қажеттілігін алға тартады. Осымен байланысты қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді.

Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ыргызбай, Көтыбақ, Топай.
Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ыргызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ыргызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, “Ісің адал болса Өскенбайга бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зердеден Құнанбай туады.

1 2 3 ... 27 28 Следующая