Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 21.11.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Қазақ әдебиеті

В категории работ: 418
Показано работ: 31-45

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Бәдік айтысы. Айтыстың бұл түрі – айтыс жырларының көне түрі. Ол адамның табиғаттың жұмбақ сырына түсінбеген кезінде, шаманизм дін нанымына байланысты туған. Адам өзі танып-білмеген күштердің бәріне табынған, солардың бәрінің өз иесі бар деп білген, жақсылық, жамандық атаулының бәрінің өз тәңірісі бар деп ұққан. Соларға құлшылық етіп жалбарынған, солардан медет тілеген.
Читать полностью

Категория: Қазақ әдебиеті

Халық ақындарының шығармашылығындағы фольклорлық дәстүр мәселесін сөз еткенде, ел аузында сақталып келген аңыз, әпсана, хикаяттардағы кейіпкерлердің де айрықша орын алатындығын жасыруға болмайды. Қызыр, Атымтай Жомарт, Ескендір, Қорқыт тәрізді тағы да басқа бейнелер аңыз арқылы көпшілікке жақсы таныс болғандықтан толғаулар мен дастандарда қолданыс тапқанда туындыны тұтасымен халыққа етене жақын етіп жібереді. Халық ақындарының мифтік кейіпкерлер мен аңыздағы бейнелерді өз шығармаларына арқау етуінің бір қыры осында жатыр. Мифтік кейіпкерлерден жиі кезігетіні періште, пері, жын, мыстан кемпір. Бұлардың жиі қолданылуының да өзіндік себебі бар.

Балдәурен – балалық шақтағы бір бейне әлі есімде. Ол ауылдағы Тасқынбай атаның келбеті еді. Қадірменді қария тарих туралы, өткен бабалар өмірі туралы керемет әңгімелер айтатын. Соның бірі төмендегідей толғаныс-тын. “Батырлардың ішіндегі хас батыр ғана өлімнен қорықпаған, келер күн, ұрпақтың ертеңі деп найзасын көкке шаншып, шарқ ұрған солардың бірі ғана емес-ау, бірегейі Бердіқожа батыр еді ғой. Ол тек шанышқылының ғана емес, алты Алаштың, тұтас қазақтың қайсар, ер мінезді ұлы болатын. Әттең ... Осы күнге дейін бабамыздың жерленген жерін біле алмай жүргеніміз өкінішті-ақ!” – дейтін қария.

Кез келген әдебиет бір күннің төңірегінде өрбитін немесе белгілі бір тарихи кезеңнің оқиғасын баяндайтын тар ұғымды дүние емес. Мәдениеті бай елдердің әдебиеті де қаз тұрып, қалыптасқанша қоғамның дамуы секілді толып жатқан өзгерістерді қорытындылай келіп, алдымен өз халқының, кейін жалпы адамзаттың ортақ игілігіне айналды. Бұл заңды құбылыс. Тамырын тереңнен тартқан тарихымен қоса мәдениеті өркендеген қазақ халқы басында өткерген ұлы оқиғалар мен әлеуметтік жолдарымен ауыз әдебиеті эпостық жырлар, тарихи аңыз әңгімелер арқылы ұрпақтан –ұрпаққа жеткізді. Алғашқы газет журналдар да басылды. Кейінірек осының барлығы кітап болып жарық көрді.

Батырлар жыры - қазақ ауыз әдебиетінің өте ертеден келе жатқан күрделі саласының бірі. Батырлар жыры бір ғасырдың ғана жемісі емес.Ол халықтың ертедегі тұрмыс-тіршілігіне, тарихына, қоғамдық өміріне байланысты туып, солармен бірге жасасқан. Сондықтан да батырлар жыры өзінің қалыптасып, даму процесінде көптеген өзгерістерге ұшыраған. XIX ғасырда батырлар жыры жазылып ала бастады. Бұл кезеңде көптеген ғалымдар қазақ эпостарын зерттеп, қағаз бетіне түсіре бастаған. Мысалы, Ш.Уәлихановтың, В.Радловтың, Н.Ильминскийдің, Г.Потанинннің, А.Васильевтің, Ә.Диваевтың,т.б. ғалымдардың жинап бастырған еңбектерін ерекше атауға болады.

«Алпамыс батыр» жыры қазақ халқының ауыз әдебиетіне жатады және жырдың қазақша бірнеше нұсқалары бар. М. Ғабдулин «Алпамыс батыр» жырының жиналуы мен зерттелуі тураы былай деп жазады: «…«Алпамыс» қазақ еліне, әсіресе оңтүстік қазақтарына, ертеден таныс, көп заман бойына ауызша айту арқылы тараған көне жырдың бірі бола тұрса да, тек өткен ғасырдың аяқ кезінде ғана хатқа түсіп, баспа жүзіне шықты. Жырдың бір вариантын алғаш рет Жүсіпбек қожа Шейхұлы Исламов деген кісі 1899 - жылы Қазан қаласында бастырып шығарды.

Аңыз әңгімелер. Қазақ халқының оқиғасын шындық өмірден алып ауызша шығарған көркем шығармаларының бір саласы – аңыз әңгімелер. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Олардың өміріне байланысты әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейді. Уақиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылады.

Біз сөз еткелі отырған бабамыз күрделі тағдыр иесі. Оны өзімізден бұрын өзгелер танып, баға берген. Оған америкалық ғалым М.Б.Олкоттың “аса мықты тұлға, ресейлік зерттеушілер А.И.Левшин, А.Добромысловтың “атақты адам” деп сипаттауы анық дәлел. Ал Шернияз ақын болса Баймағамбет сұлтанға берген жауабында

Шәкәрімнің танымдық әлеміне Абай мұрасы арқылы кіру – ұтымды боларына айрықша ден қою керек, өйткені бұл жол жантану ілімін танып білуде адастырмас темірқазығымыз. Екі ой алыбы өз туындыларында қазақтың қоғамдық ой санасындағы шешуші әрі күрделі философиялық тақырыпты көтеріп, оның өзегіне айналған жантану ілімін танып білу жолында толассыз ізденіске түскен.

Аралбай Оңғарбекұлы Маңғыстаудың Қарақұм аумағында туып өскен.Кедейліктің кесірінен жасынан ауруға шалдығып,кедейлік тірлігімен қатар денсаулықтың кемдігі де оны өмірге ойлы көзбен қарауға баулыған... Аралбай мен Қашаған ақын тұтас,замандас болған.Олар бірін-бірі құрметтеп,бірінің басына іс түскенде екіншісі қасынан табылып,маңдайынан сүйіп жұбататын,жігерлендіріп,қайғысына жан жүрегімен ортақтасып отырған.Қашағанның баласы қайтқанда барып жұбатып отырып апасы Алтынзереге айтқаны бұл сөзге дәлел.

Арнау жырлары, өзінің атауынан белгілі болып тұрғандай, шығарманың белгілі бір объектіге бағытталып шығарылуы. Бұл арнау жырын анықтауда басты критерия болғанымен арнау мұнымен қатар арнау жырларының өзіндік құрылысы, өлең өлшемдері объектіні қамту ерекшелігі болатынын ешкім жоққа шығара алмайды. Арнау жырларының шығу тегі мадақ жырларымен тығыз байланысты болғанын бұл жанрды арнайы зерттеген орыс ғалымдары да баса айтады.

Аңыз бойынша, Арыстан Баб Мұхаммед пайғамбардың шәкірті болған. Бірде, Мұхамед пайғамбар шәкірттерімен бірге құрма жеп отырады. Құрманың біреуі қайта-қайта табақтан түсіп қала береді. Сол кезде пайғамбарға Алладан "Бұл құрма сізден кейін 400 жылдан соң дүниеге келетін Ахмет деген мұсылман баласына арналған" деген аян келеді. Сонда Пайғамбар шәкірттерінен бұл құрманы болашақ иесіне кім жеткізетінін сұрайды.

Жыраулар поэзиясының біраз үлгілері осы тарауда ұсынылып отыр. Соларды оқып-үйрену барысында халқымыздың атадан мирас болып қалған сөз маржандарына қанығасыңдар, халқымыздың басынан кешірген тарихи кезеңдермен таныс боласыңдар, оның қадір-қасиетін білесіңдер, тәлімдік, танымдық, тағылымдық терең ой дүниесіне енесіңдер. Әдебиет тарихы ел тарихы, халық тарихы екеніне көз жеткізесіңдер.

Табиғат – бүкіл әлем.Адам табиғатта өмір сүреді, онымен тұрақты қатынаста болады. Адам, оның денесі мен рухани өмірі табиғатпен тікелей байланысты. Одан шығатын қорытынды- адам табиғатының бір бөлігі.[1]Қазақ тарихында Сыр өңірі тарихының алар орны ерекше.Ежелгі заманнан бастап Сыр өңірі сан мың ұрпаққа құтты қоныс, жайлы мекен болғаны белгілі.Бұл топырақта есте жоқ ескі кезеңдерден-ақ бағы жетіп, базары қызған қырыққа жуық көне қалалар мен жарты ғаламды жалғастырған Жібек жолының арналы абағы сайрап жатыр.Сөйлете білсең оның әр уыс топырағы, әр бұтасы, әр тасы алуан түрлі ғибратты шежіре шертер еді.

Загрузка...
Предыдущая 1 2 3 4 5 ... 27 28 Следующая