Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 18.1.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Қазақ әдебиеті

В категории работ: 418
Показано работ: 406-418

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей хан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.
Читать полностью

Категория: Қазақ әдебиеті

Қазақстан ғылымында этноархеологиялық жаңа ағымның негізін академик Әлкей Марғұлан қалады. Этноархеология зерттеулерінің басты объектісі болып халықтың материалдық мәдениеті, ал пәні—адамдардың іс-әрекет ерекшеліктері мен әлеуметтік қарым-қатынастарының өзіндік бет-бейнесі болып табылады. Кең байтақ қазақ жеріндегі көптеген ескерткіштер мен ашылмаған тарихи-мәдени құбылыстарды жаңаша зерттеуге бұл ғылымның әдіс-тәсілі маңызды рөл атқарады.

Ғұлама ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұланның тікелей оқытушылық қызметпен айналысқанын көрсететін бірнеше нақты мәліметтер бар.
Әлкей 1915 жылы Баянауылдағы үш кластық орыс мектебіне оқуға түсіп, орыс тілін үйреніп, әдебиет, есеп, тарих, жағрапия пәндерінен білім алып, мектепті 1918 жылу бітіріп шығады. Мектепте жақсы тәлім-тәрбие алған Әлкейдің өнер-білімге құштарлығы артып, үлкен қалаларға барып оқуды арман етеді.

Әміре Қашаубаев 1888 жылдың шілде айында туылған. Туған жері – Шығыс Қазақстан, қазіргі Семей облысы, Абай ауданы, Қайнар селосында тұрған. Кедей шаруа жанұясында туып өскен. Қазақстан ұлттық театр өнерінің негізін салушылардың бірі. Өнер жолын 1917 жылы бастады. 1921-1924 жылдары Семейде құрылған Қазақ Совет жастарының ағарту ұйымы (Ес-аймаққа) мүше болып, әншілік өнерін шыңдай түсті. 1924 жылы осы қалада ұйымдастырылған халық өнерпаздарының байқауына (әншілер сайысына) қатысып, бас бәйгеге Байжановпен бірге ие болды. 1925 жылы Қызылордада өткен Қазақстан Советтерінің бесінші съезі мен 1927 жылы Москвада болған Советтердің төртінші съезіне делегат болып, әрі делегаттар үшін ұйымдастырылған концертке қатысты.

Әміре 1888 жылы (кейбір деректерде 1886 жылы) Семей облысы, Абралы ауданына қарасты Дегелең тауының етегінде туды. Әкесі Қашаубай кедей адам болып, тек күнелту айналасында ғана, күнбе-күн өмірді қуып жүрді. Ауылды жерде тиянақты кәсіп болмаған соң, Қашаубай көп ұзамай Семейге көшіп барады. Қалада да кәсіп істеу оңай болған жоқ. Дала байы мен қала байының кедейдің, жалшының еңбегін жеуде қандай айырмасы болсын, Қашаубай әрең дегенде үй ішін асырап тұрды. Бірақ жасынан бейнет шегіп, иықбасты болып қалған Қашаубайдың денесі нашарлап, қажып, бара-бара қара жұмысқа жарамайтындай халге келді.

Күн астыңда көк жайқын боп, тыныш теңіз тербеледі. Байтақ Балқаш бетінен кеш самалы келеді. Сол самал жел жылжытқан көкше, мөлдір көп толқын, бүгін Бертіс жағасынан, дағдыдан тыс күй көрді. Қою будақ түтіні бар, мұнарадай мұржалар емес таң қылған. Әсемдігіне Алматының өзі қызығарлық, өңшең бес қабат тас үйлі жаңа қалада емес бүгін бөлек көрінген. Теңізге таман төніп келген күдір белді бір тепсең бар еді. Соның барлық алаң-атырабын өзгеше қалың толқын басыпты. Салқын, сүйгіш теңіз толқыны емес.

Әуезов Мұхтар Омарханұлы (1897-1961) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымының тұңғыш докторы, профессор, Қазақ КСР ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Туған жері бұрынғы Семей уезінің Шыңғыс болысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы).

19 ғасырдың басы аяғы мен 20 ғасырдың басында қазақ тарихынан ерекше орын аларлық бір дүркін азамат дүниеге келіп, халқының болашағы үшін аянбай қызмет етті. Оған тарих куә. Мен осы тарихта өз ісімен, өз қолымен, өз еңбегімен, жасап кеткен ұлы тұлғалардың, Әулие–ата уезіндегі салдырып кеткен және іргесі қаланған мектептер туралы сыр шертпекпін. Менің мақсатым Әулие–ата тұсындағы оқу ағарту ісінің, және сол жылдардағы алғашқы мектептерді іздестіру, оны жарыққа шығару, болашаққа жеткізу.

Өмірұлы Жасыбай (ХҮІІІ ғ.) – жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен қазақтың әйгілі батыры. Шыққан тегі – Орта жүздің Арғын тайпасының Бәсентиін руынан. Әкесі Өмір от ауызды, орақ тілді шешен адам болыпты. Анасы – қазақтың атақты батыры Олжабайдың апасы. Шежіре деректерінде батырды «Олжабайдың жиені» дейтіні де содан. Жасыбай екі ағайынды болған, інісі Байсары да жоңғарларға қарсы күресте ерлігімен көзге түскен белгілі батырлардың бірі көрінеді.

Өтеген батыр Өтеғұлұлы (Мүйізді Өтеген) (1699-1773) – XVIII ғасырдың І жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен батыр.
Ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан. Бабасы Сырымбет 1635 жылы Ойрат ханы Батырдың 50 мың әскеріне қарсы соққы берген Салқам Жәңгірдің сапында ұрысқа қатысқан. Өтеген батыр 15 жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа қатысып, қазақ елінің түстігін, Жетісу мен Шығыс Қазақстан өңірін жаудан азат етуге зор еңбек сіңірді. Түркістан, Ташкент маңындағы кескілескен ұрыстарға, Аңырақай шайқасына қатысты. Осы ұрыстарда қалмақтың Бөтхишар, Сабан Тайшық секілді аты шулы батырларын жекпе-жекте жеңіп, қазақ әскерінің даңқты қолбасшыларының біріне айналды. Төле бидің, Абылай ханның серігі болды.

Өтемісұлы Махамбет (1804-1846) – қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Туып өскен жері Ішкі Бөкей ордасының Бекетай деп аталатын өңірі. Бұл қазіргі Орал облысының Жәнібек ауданына қарайтын жер.

Өтеғұлұлы Өтеген (1699- 1773) – XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры. Шыққан тегі – Ұлы жүз Дулат тайпасының Жаныс руынан. Өтегеннің ата-бабалары да есімдері елге танылған батырлар болған. Бабасы Сырымбет қазақ ханы Салқам Жәңгірдің Самарқан әмірі Жалаңтөспен бірігіп, жоңғардың 50 мың әскерін талқандайтын әйгілі шайқасына қатысқан батыр. Өз әкесі Өтеғұл да талай қанды жорықты бастан кешкен батыр адам болған. Шешесі Нұрбала атақты Қордай батырдың немересі екен.

Қолжазба “Садақ” журналын Уфадағы “Ғалия” медресесінде оқып жүрген қазақ жастары 1915-1918 жылдары шығарыпты дегенді 1952 жылы адал жүрек ақын, атақты “Әли қарттың әңгімесі” поэмасы үшін “жемеген таяғы жоқ” Жақан Сыздықовтан естіп ем. Басылымды іздеу барысында талай қызыққа да, қиындыққа да батқаным 1986 жылы шыққан “Садақ” атты хикаялы эссеме негіз болды. Баспаның сол кездегі қырағы редакторлары, басшылары “Садақты” тілге тиек етіп, бүкіл қазақтың интелектуалды дүниесін ақтарып кетіпсің

Загрузка...
Предыдущая 1 2 ... 26 27 28