Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 22.7.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Қазақ әдебиеті

В категории работ: 418
Показано работ: 1-15

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Қолжазба “Садақ” журналын Уфадағы “Ғалия” медресесінде оқып жүрген қазақ жастары 1915-1918 жылдары шығарыпты дегенді 1952 жылы адал жүрек ақын, атақты “Әли қарттың әңгімесі” поэмасы үшін “жемеген таяғы жоқ” Жақан Сыздықовтан естіп ем. Басылымды іздеу барысында талай қызыққа да, қиындыққа да батқаным 1986 жылы шыққан “Садақ” атты хикаялы эссеме негіз болды. Баспаның сол кездегі қырағы редакторлары, басшылары “Садақты” тілге тиек етіп, бүкіл қазақтың интелектуалды дүниесін ақтарып кетіпсің
Читать полностью

Категория: Қазақ әдебиеті

Абай! Ол – ұлы есімімен жүректің дәл түбін жашыған, қияға шарқ ұрып самғаған, ел болашағына жаңа бағыт іздеген, әзір таппаған, бірақ қайдан табатынын дәл сезіп болған ел баласы, заман жасы, дүйім жұрттың алысты болжай алған., ілгері сүйреген ойы, қиюы қашып, ыдырай бастаған ескі қоғамдағы әділетсіздікке қарсы күресіп, демократиягшыл озат ойларда берік тұтынған кесек тұлғалы аса көрнекті қоғам қайраткері. Ол күнделікті тіршілігімізде, рухани әлемімізді, қарақан басымызды алып жүруден бастап, биік адамгершілікке дейінгі аралықта тегіс қамтитын жан-жақты құбылыс. Абайды тануда саясат ықпалынан, уақыт қыспағынын аса алмаған кездер болды.

Бүгін біздің қай-қайсымыздың да көңіліміздің төріне ықлым замандар қойнауынан мызғымастан мың жасаған айтулы Дастан мен ол жырлаған атақты Батыр тіріліп келіп отыр. Олар бізді тағы да тақуа тарихпен бетпе-бет қалдырып, арғы-бергімізді сарапқа салдырмақшы. Мұндайда уақыт пен кеңістіктің жік-шекарасының бәрі өз-өзінен ұмытылып, бәрімізді бір тектен өрбітіп, бір тамырдан тарататын түп бастауларға, түбегей бірлік пен түбегей тұтастыққа тереңдей үңілуге мәжбүрміз.

Сөз өнерi қазақпен егiз. Қызыл тiлдiң майын тамызып, қара сөздiң құдiретiн асқақтатқан ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан Ақтамбердi, Мұрын, Бұқар секiлдi жырауларды айтпағанда, Ақаны мен Бiржаны, Сегiзсерiсi мен жаяу Мұсасы бар қазақтың ауыз әдебиетiнiң қатарында үкiлi бөрiктi, бүрмелi кәмшатты қыздары қаншама? Бұл қатарда «таңдайында өлеңнiң ұясы бар» екенiн дүйiм қазақ тамсана айтқан Ұлбике есiмi ерекше аталады.

Сан ғасырлық тарихымыздың асыл қазыналарының бірі болып есептелетін жазба ескерткіштер тілі тұтас зерттеліп, сыры түгел ашылып, ғылыми айналымға түсіп бітті деу асығыс айтылған тұжырым болар еді. Ежелгі дәуірдегі, ерте және кейінгі орта ғасырлардағы өлкеміздің тарихына қатысты жазбаша деректемелерді тілдік тұрғыдан қарастырудың ғылым үшін де, рухани кемелдікке қол жеткізу үшін де маңызы зор. Сондықтан да тынымсыз ізденіс, тыңғылықты зерттеулер бір сәтке толастамауға тиіс.

1 –сынып
«Үш би» Н.Оразалин 171-172 –бет
«Досболдың тапқырлығы» 230-бет

Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ыргызбай, Көтыбақ, Топай.
Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ыргызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ыргызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, “Ісің адал болса Өскенбайга бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зердеден Құнанбай туады.

Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының етегінде туған. Шыққан ортасы ауқатты, Тобықты руының белгілі ел билеушілері болған. Әкесі Құнанбай кезінде болыс, аға сұлтандық қызметтер атқарған. Ал, атасы Өскенбай, арғы атасы Ырғызбай — өз заманының атақты билері.
Құнанбайдың-Құдайберді, Тәңірберді (Тәкежан), Абай, Ысқақ, Оспан, Қалиолла (жас кезінде өлген), Ысмағұл деген жеті баласы болған.

Халқымыздың данышпан ұлы Абай Құнанбаев туралы ғылымның сан алуан саласында жазылған еңбектер өте көп. Абай тануға елеулі үлес қосқан ғалымдарымыз Мекемтас Мырзахметов пен Құлшат Өмірәлиевтың келтірген деректері бойынша 50-жылдардан бастап Абайдың әр саладағы шығармашылық қызметі туралы зертеушілердің қаламының 20 монография 2000-ға жуық мақала мен зерттеу жарық көрген екен. Абайдың әр саладағы көзқарасын жан-жақты, терең зерттеу нәтижесінде біз оның күнге дейін беймәлім келе жатқан баға жетпес құнды ойларын танып білу, қазақ қоғамының сол замандағы, тіпті қазіргі кездегі қайшылықтарының себептерін аңғарамыз.

Абай мен Ыбырай мұралары осы кезге дейін біраз зерттелді десек те, бұл тарапта шеті бұзылмай «ақтаңдақ» күйінде беймәлім болып отырған мәселелер аз емес. Бұларды біртіндеп қолға алып, ғылыми айналымға, тексеріске, талқыға салу аса зәру мәселелер санатына жатады. Әрине, мұндай келелі міндеттерді атқарып шығу көп уақытты, дарын-қабілетті қажет етеді. Қандай бір күрделі жұмысты тиянақты орындау үшін оны орнымен, ыңғай жүйесімен бастай білу керек.

ЖАЗ
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге

Әлемдік әдебиеттердің өзара байланысы, түрлі халықтардың көркем сөз өнерінің бір-біріне ықпал-әсерін зерттеу жан-жақты зерттей түсуді қажет етіп отырған көкейкесті мәселе болып отыр. Әсіресе, мұсылмандық Шығыс елдері классикалық поэзиясы мен қисса-хикаяттарының қазақ әдебиетіне жасаған ықпалы ерекше назар аударады. Соңғы жылдары бұл салада бірқатар зерттеулер жарық көрді. Олар: Ө.Күмісбаев, Ш.Сәтбаева, Б.Әбдіғазиев, Н.Келімбетов, [1] т.б.

Бүгінгі таңдағы Егеменді еліміздің ең басты мақсаты - өркениетті елдердің қатарында болу, бүкіл әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Мұның өзі ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын тың арнаға, жаңа сапаға жеткізудің қажеттілігін алға тартады. Осымен байланысты қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді.

Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық алты бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан.

Загрузка...
1 2 3 ... 27 28 Следующая