Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 16.12.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Ашық сабақ

"Үздік экономист" білім сайысы
Загрузка...
Бекітемін:
Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасар Г.А.Нұпқалиева
«Үздік экономист» білім сайысы
6 сынып 18.10.10
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетінше ізденуге тәрбиелеу. Ойлау қабілетін, танымын дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: мультимедия, карточка, бағалау бетшесі
Сайысқа 5 оқушыдан тұратын екі команда қатысады. Команданың аты, ұраны, эмблемасы болады.
Сабақтың барысы:.
І. Әділқазы алқасын сайлау.
ІІ. Сайыс кезеңдерімен таныстыру:
1. Таныстыру (Команда мүшесі өз - өзін таныстырып өтеді)
2. Білімділер сайысы (сұрақтарға жауап беру)
3. «Кім жылдам?» экономикалық есеп шығару.
4. «Сен білесің бе?» (ұяшық таңдау арқылы сұраққа жауап беру)
5. «Макетинг» (үйге берілген тапсырма жарнама жасау)
Командалар:
1. Бизнесмендер
2. Экономист
Білімділер сайысы:
1. Жарнама деген не? (Өндірістің, сауданың, әртүрлі мәдени-тұрмыстық кәсіпорындары мен мекемелердің сондай-ақ жеке адамдардың тұтынушыларды заттар мен қызмет көрсету істерімен таныстыруы, соларды жариялауы, насихаттауы)
2. Корпорацияға иелік құқы қалай анықталады? (Корпорацияға иелік құқы акциялар бойынша бөлініп таратылады)
3. Серіктестік деген не? (екі немесе одан да көп адамдардың бизнеспен айналысатын еркін одағы)
4. Бизнестің басты мақсаты не? (Бизнестің басты мақсаты – табыс)
5. Нарық деген не? (сатушылар мен сатып алушыларбір бірімен қатынасқа келіп бизнес жасайтын «механизм»)
6. Нарықтық экономиканың үш сұрағын атаңыз (Не? Қалай? Кім?)
«Кім жылдам?» кезеңі экономикалық есеп шығару.
1. Бизнесмендер - Сіз 100 доллар ақшаңызды 1 жылға банкке депазитке салдыңыз дейік. Банк қызметкері жылдық пайдаңыз 20% болады деді. Сіздің ақшаңыз 1 жылдан кейін қанша доллар болады?
2. Экономист - Компьютерлік үш фирма өз компьютерлерін нарыққа шығарды. Әр фирманың ұсынған бағалары әртүрлі. Үнемшіл Әлімге арзан компьютер сататын фирманы таңдауға көмектесіңдер.
Көрермендермен көзайымы (Жанкүйер командасына ұпай алып беру мүмкіндігі бар)
1. Есептеу құралдарын даму тарихы бойынша орналастыр (тас, есепшот, калькулятор)
2. Ауылшаруашылығы, егін шаруашылығы, балық шаруашылығымен айналысатын экономика түрі қалай аталады? (Дәстүрлік экономика)
«Сен білесің бе?» ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру.
Сол жақтағы 500 Бизнеспен айналысатын адамды кім дейді? (Бизнесмен)
Оң жақтағы 500 Бизнестің неше түрі бар? (үш)
Ортадағы 1000 Коммерция деген не? (сауда және түрлі сауда саттық істері)
Сол жақтағы 2000 Коммерциялық құпия деген не? (кәсәпорындарда өндірістік, сауда және қаржы істерін жүргізуді құпиялау, бүркемелеу)
Оң жақтағы 2000 Өзіндік құн деген не? (өнімді жасауға кеткен шығынның ақшалай көрінісі)
Сол жақтағы 1000 Бәсеке деген не? (тауарды тиімді жағдайда өндіру және оны өткізу, сату үшін сөйтіп көбірек пайда алу мақсатымен зат өндірушілердің арасында болатын бәсеке)
Оң жақтағы 1000 Заттарды сатып алуға ынталандыру жолына нелер жатады? (заттардың түрлі көрмелері, бағасын арнайы азайтып сату және т.б)
Ортадағы 500 Саудаға кімдер қатысады? (сатушы мен сатып алушы (тұтынушы))
«Маркетинг» Өнімді жарнамалау
1. Бизнесмендер
2. Экономист
Бағалау: Бағалау бетшесі арқылы бағаланып, жеңген команда марапатталады.

«Үздік экономист» білім сайысының үлгісі.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетінше ізденуге тәрбиелеу. Ойлау қабілетін, танымын дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сайысқа 5 оқушыдан тұратын екі команда қатысады. Команданың аты, ұраны, эмблемасы болады.
Әділқазы алқасын сайлау.
Әділ халқым берерсің әділ баға,
Өнері мен өренін салыстырып.
Төрағасы, төбе билер, жюрилер,
Әділеттен кеңес құра біліңдер.
Сонымен сайыс кезеңдерімен таныстыра кетейін:
1. Таныстыру
2. Білімділер сайысы
3. «Кім жылдам?»
4. «Сен білесің бе?»
5. «Макетинг»
Бәріңіз маған қараңдар!
Сайысымызды бастайық,
Алуан түрлі ойларды
Ортамызға тастайық.
Экономика пәнінен
Көрсетіп біздер батырлық
Ой толғайық жүйелі
Таңдайымызға татырлық
Сайыс шартын біліп ал,
Құлағыңа құйып ал.
Кәне мында кім батыр?
Кәне мында кім тапқыр?
Бағымызды сынап көрейік,
Ол үшін керек батылдық.
Дей келе сайысымызды бастаймыз.
1. Таныстыру. Мұнда команда мүшесі өз - өзін таныстырып, сүйікті пәнін, өмірлік ұстанымын, арманын айтып өтеді.
2. Білімділер сайысы. Сұрақтарға жауап беру арқылы ұпай (шартты ақша) жинайды.
1. Жарнама деген не? (Өндірістің, сауданың, әртүрлі мәдени-тұрмыстық кәсіпорындары мен мекемелердің сондай-ақ жеке адамдардың тұтынушыларды заттар мен қызмет көрсету істерімен таныстыруы, соларды жариялауы, насихаттауы)
2. Корпорацияға иелік құқы қалай анықталады? (Корпорацияға иелік құқы акциялар бойынша бөлініп таратылады)
3. Серіктестік деген не? (екі немесе одан да көп адамдардың бизнеспен айналысатын еркін одағы)
4. Бизнестің басты мақсаты не? (Бизнестің басты мақсаты – табыс)
5. Нарық деген не? (сатушылар мен сатып алушыларбір бірімен қатынасқа келіп бизнес жасайтын «механизм»)
6. Нарықтық экономиканың үш сұрағын атаңыз (Не? Қалай? Кім?)
Сонымен алғашқы кезеңнен сүрінбей өттік, осы кезеңде командалардың алған ұпайлары туралы әділқазы не дейді екен?
Ендігі кезекті «Кім жылдам?» кезеңіне берейік. Мұнда оқушылар экономикалық есеп шығарады.
1. Бизнесмендер - Сіз 100 доллар ақшаңызды 1 жылға банкке депазитке салдыңыз дейік. Банк қызметкері жылдық пайдаңыз 20% болады деді. Сіздің ақшаңыз 1 жылдан кейін қанша доллар болады?
2. Экономист - Компьютерлік үш фирма өз компьютерлерін нарыққа шығарды. Әр фирманың ұсынған бағалары әртүрлі. Үнемшіл Әлімге арзан компьютер сататын фирманы таңдауға көмектесіңдер.
Көрермендермен көзайымы (Жанкүйер командасына ұпай алып беру мүмкіндігі бар)
1. Есептеу құралдарын даму тарихы бойынша орналастыр (тас, есепшот, калькулятор)
2. Ауылшаруашылығы, егін шаруашылығы, балық шаруашылығымен айналысатын экономика түрі қалай аталады? (Дәстүрлік экономика)
«Сен білесің бе?» ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру.
Сол жақтағы 500 Бизнеспен айналысатын адамды кім дейді? (Бизнесмен)
Оң жақтағы 500 Бизнестің неше түрі бар? (үш)
Ортадағы 1000 Коммерция деген не? (сауда және түрлі сауда саттық істері)
Сол жақтағы 2000 Коммерциялық құпия деген не? (кәсәпорындарда өндірістік, сауда және қаржы істерін жүргізуді құпиялау, бүркемелеу)
Оң жақтағы 2000 Өзіндік құн деген не? (өнімді жасауға кеткен шығынның ақшалай көрінісі)
Сол жақтағы 1000 Бәсеке деген не? (тауарды тиімді жағдайда өндіру және оны өткізу, сату үшін сөйтіп көбірек пайда алу мақсатымен зат өндірушілердің арасында болатын бәсеке)
Оң жақтағы 1000 Заттарды сатып алуға ынталандыру жолына нелер жатады? (заттардың түрлі көрмелері, бағасын арнайы азайтып сату және т.б)
Ортадағы 500 Саудаға кімдер қатысады? (сатушы мен сатып алушы (тұтынушы))
«Маркетинг» Өнімді жарнамалау
1. Бизнесмендер
2. Экономист
Жеңген команда марапатталады.
Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет!

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



77.0Kb
Категория: Ашық сабақ | Добавил: Admin
Просмотров: 2038 | Загрузок: 225 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Менің Отаным - Қазақстан
Қонақ үйлердегі қызметтің түрлері және оның қонақ үйлермен байланыс...
Ғұмар Қараш
17 ғасырдың музыкалық мәдениеті
Мұстафин Ғабиден
Домбыра философиясы
Германия
Бетховен. Фортепианолык сонаталар
Неологизмдердің жасалу жолдары
Жасуша теориясы
Батыр жырау - Қожаберген
PowerPoint 2007 бағдарламасы
Азаттық жырының ақтаңгері
Сақтар
Астана - Қазақстанның саяси ерік-жігерінің нышаны