Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 20.9.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Ашық сабақ

"Елтану" тарауы бойынша жоғарғы сынып оқушыларына арналған мультимедиялы көрнекі құралдар
Загрузка...
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, №30 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері С.Р.Қайырбаева, А.С.Тампишева.
Архивте презентациялар.

Қазақ халқының ұлттық киімдері
Қазақ халқының киім – кешегі ұлттық, тұрмыстық және рухани мәдениеттің бағалы ескерткіштерінің бірі. Одан қазақтардың ұлттық ерекшеліктері, мәдени дәстүрлері, эстетикалық талғамы анық байқалады.
Қазақ халқының ұлттық киімдері үшке бөлінген. Олар: бір киер киім, күнделікті киім, жұмыс киімдері. Бір киер киім деп жиындарға, той- думанға барғанда киетін сәнді киімді атаған.Бір киер киімдерге ашық түсті көйлек, камзол, шапан, үкілі тақия, сәукеле, бөрік т.б. жатады.
Сәукеле - қызды ұзатқандағы киетін бас киім. Сәукелені арнайы ақ киізден жасап, сыртын қымбат матамен қаптайды, шетіне құндыз, кәмшат терісін айналдыра тігеді.Сәукелеге алтын, күміс, маржаннан әшекей тағылады.
Шапан – қазақ жерінде шапандар әр түрлі тігілген: сырмалы шапан, қаптал шапан, қыз – келіншектерге арналған қималы шапан. Сәнді шапандарды түрлі қымбат матадан тігіп, оларға түйме орнына асыл тастар орнатылған, күміс қапсырма тағылған. Кейде жағасына құндыз салынып әшекеленген. Қазақтың халық дәстүрі - сыйлы қонаққа “ шапан” жабу күні бүгінге дейін сақталып келеді.
Мәсі – аяқ киімнің бір түрі. Оның етіктен айырмасы өкшесі болмайды, сыртынан кебіс киеді.
Тымақ – ерлердің бас киімі. Тымақтың төбесі шошақ, құлағы ұзын, артқы делегейі желкені жауып тұрады. Тымақ қатты аяз күндері суық жібермейді.

Қазақтың ұлттық дастарханында болатын негізгі тамақтардың түрлері: ет тағамдары, сүт тағамдары және нан тағамдары.
Айран. Қаймағы алынған немесе алынбай пісірлген сүтке азырақ су қосып ұйытылады. Ол- жеңіл және сусындық тағам.
Қуырдақ. Қуырдақ кез келген малдың етінен жасала береді. Қуырдаққа еттен басқа өкпе-бауыр қосып жасайды. Қуырдақтың түрлері көп: соғым қуырдағы, өкпе-бауыр қуырдағы, қарын қуырдағы.
Бауырсақ. Шай дастарханының басты асы – бауырсақ. Бауырсақ ең жоғары сапалы ұннан май, ашытқы қосып жасалады. Қазақтың ұлттық бауырсағы әр түрлі пішінде, үш-төрт бұрышты, сопақша, домалақ болады. Бауырсақтың түрлері көп. Мысалы: бармақ бауырсақ, жол бауырсақ, ши бауырсақ, ақ бауырсақ, той бауырсағы т.б.

Қазақстан Республикасының валютасы
Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады.
Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Кез келген ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді. Ал Теңгенің - Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан басталды.
Алғашқы кезде Теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100 тиын) мынадай номиналдардан тұрды: • 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар • 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар, • 1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар ( бастапқыда қағаздан жасалған ).

Кейіннен айналысқа: • 1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар; • 1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар; • 1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар ; • 1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны); • 1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар; • 2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген),
2001 жылы : • 2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар ( дизайны өзгертілген ); • 2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінара өзгертілген ); • Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар; • 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінара өзгертілген ).
2002 жылы : • 2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар; • 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген) шығарылды.
2003 жылы: • 2003 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар. қолданылады . Мерейтойлық және ескерткіш монеталар оларда белгіленген құнға сәйкес төлем қабілетіне ие, бірақ олар негізінен мәдени - ағарту
Республикада ақша айналысындағы монетамен қатар мерейтойлық және ескерткіш монеталар да мақсатында шығарылған . Әдеттегідей, олар қатаң шектеулі таралыммен шығарылады және Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде коллекциялық құнымен сатуға арналған.

Киіз үй
Қазақ халқының көшпелі тіршілігіне сай, негізгі баспанасы киіз үй болған. Киіз үй тез құрылады, тез жиналады. Қолданыста өте ыңғайлы, көшіп – қонуға лайықты.
Киіз үй негізгі төрт бөлшектен құралады. Ол – уық, кереге, шаңырақ, есік. Олар мықты ағаштан жасалады. Киіз үйді тігу үшін, алдымен керегелерді керіп, таңғышпен байлайды. Содан кейін шаңырақты көтереді. Шаңырақты салт бойынша сол үйдің иесі ер адам көтереді. Шаңырақ пен керегенің арасын уықпен бекітеді. Уықты баумен байлайды. Содан соң киізбен жабады. Киіз үйдің есігін ағаштан әдемілеп жасайды. Киіз үйдің жамылытқысы : туырлық, түндік, үзік деп үшке бөлінеді. Бірінші туырлық / керегені /, содан кейін үзік /уықты / жабылады. Ең сыртынан түндік /шаңырақты/ жабылады.
Киіз үйдің іші төртке бөлінеді. Ортасында тамақ асатын ошақ орнатып қояды. Ошақтан жоғары бөлігі “ төр”, есік жағы “ босаға” аталады. Үйдің оң жағында ағаш төсек, көрпе жастық жинайды, сол жағында тамақ салатын кебеже, ыдыстар қойылады.

Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат».

Саз аспаптары
Қазақтың саз аспаптары — ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, көнеден келе жатқан мәдени мұралардың бірі. Ертеде саз аспаптарды ағаштан, түрлі өсімдіктерден, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізінен, қылынан және басқа да түрлі заттардан жасаған. Халқымыздың жыр аңыздарынан, дастандарынан және өткен ғасырлардағы саяхатшылардың, ғалымдардың еңбектерінен көне аспаптардың сипаттамаларын, суреттерін кездестіреміз. Қазақтың музыка аспаптарын Мәскеу, Санкт-Петербор, Алматы, Семей қалаларындағы мұражайларынан да кездестіруге болады. Осы кезде байырғы аспаптардың түрлері 20-дан аса болғандығы анықталып отыр. Ертеде музыка аспаптарын жұртқа хабар бергенде, аңшылар құсты, аңды үркіткенде, бақсылар сарын айтқанда, әскери жорықтарда ұран салғанда пайдаланған.

Топтастырылуы

Аспаптарды бес топқа бөлуге болады:
дыбысын үру арқылы шығарылатын аспаптар: сазсырнай, қоссырнай, қамыссырнай, мүйізсырнай, сыбызғы, адырна, ұран, керней;
дыбысы шек арқылы шығарылатындарға жататындар: жетіген, шертер, екі және үш шекті домбыралар, қылқобыз;
жіңішке сым арқылы дыбысы шығарылатын аспап: шаңқобыз немесе шаңқауыз;
аспапқа тартылған көн арқылы дыбыс шығарылатындарға жататындар: даңғыра, дауылпаз, шыңдауыл, дабыл, кепшік, шың;
аспаптың басына тағылған шынжырлар, қоныраулар арқылы дыбыс шығарылатын тобы — асатаяқтың бірнеше түрлері.
Қазіргі жағдай

Көне музыка аспаптарының табылуымен байланысты музыка мамандарының алдына жаңа міндеттер жүктелді. Ол міндеттер көне аспаптарды жетілдіріп жасап шығару, орындаушыларды тәрбиелеу, түрлі ансамбльдер ұйымдастыру, т.б. Музыкалық аспап жасау шеберлері Оразғазы Бейсембайев пен Абузар Аухадиев көне аспаптардың біраз түрлерін жаңартып жасап шығарды. Жетігенді, шертерді, үш шекті домбыраны, сыбызғыны, шаңқобызды, қылқобызды, асатаяқтың көптеген түрлерін меңгеріп ансамбльге қосып, жеке ән-күй орындап жүрген жас музыканттарымыз да бар. Орындалатын көне күйлердің кейбірі халқымыздың өткендегі тұрмыс салтын, табиғатын бейнелейтін, осы күнге дейін ұмытылып қалып тартылмай келген.

Наурыз мейрамы – адамзат тарихындағы ең көне мерекелердің бірі. Наурыз - дін мейрамы емес, тұрмыс, шаруашылық мейрамы.
«Наурыз» - парсы сөзі. Қазақша « жаңа күн» деген сөз. Бұл күні күн мен түн теңеледі. Қазақ халқы бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды. Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр ата аралайды.
Наурыз-жаңа жыл тойы, көктем мерекесі, халықтардың ынтымақ күні. Наурыз табиғаттың мейрамы. Осы мерекені тойлайтын халықтар үшін үлкен салтанат. Орта Азия мен Қазақстан халықтары бұл күнді « Самарқанның көк тасы жібіген күн» деп қастерлейді. Наурыз – қазақ күнтізбесінде бірінші айдың аты.
Наурыз күні адамдар таза киініп қыдырады, бірін – бірі құттықтайды, мерекелік дастарқан жаяды. «Ақ мол болсын!», « Ұлыс құтты болсын!», « Денсаулық берік болсын!»- деп ақсақалдар бата береді. Жастар бір - біріне сыйлықтар береді. Ақындар айтысады. Ұлттық ойындар ойнайды, ән салады, би билейді, ренжіскендер татуласады. Адамдар бұлақтарды тазалайды, ағаш отырғызады.
Наурыз мейрамының мерекелік тағамы – наурыз көже. Наурыз көжені міндетті түрде жеті дәмнен дайындайды. Олар: бидай, тары, күріш, ет, сүт, су, тұз. Дастарқанға жеті түрлі тағам қойылады.

Қазақстанда 16-дан астам ірі қала бар. Солтүстікте – Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Павлодар. Шығыста – Өскемен, Семей қалалары орналасқан. Оңтүстікте – Қызылорда, Талдықорған, Түркістан, Тараз, Шымкент, Алматы. Батыста – Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалалары.
Солтүстік және Шығыстағы қалаларды орман-тоғай қоршаған. Ең әдемі жері – Бурабай көлі. Қазақстанның орталығындағы Қарағанды, Жезқазған, Астана қалалары Сарыарқа даласында орналасқан. Батыстағы қалалар Нарынқұмда, Каспий теңізінің жағасы мен Жайық өзенінің бойында тұр.
Оңтүстіктегі қалалар Арал теңізі мен Сырдария, Шу, Іле өзендері мен Алакөл, Балқаш көлдері жанында орналасқан. Шығыстағы қалалар Ертіс өзенінің бойында орналасқан.
Қазақстанның батысында Мұғалжар, шығысында Тарбағатай, оңтүстікте Қаратау, Алатау таулары бар.
Қазақстанның қай қаласына барсаң да қонақжайлы, берекелі қазақ халқы сені құшақ жайып қарсы алады.

Алматы қаласы – мәдениет және қаржы орталығы
Алматы - әлемдегі сұлу қалалардың бірі. Ол өте көрікті Тянь-Шань тауларының баурайында орналасқан. Алматының жасыл желегі, түзу көшелері, қазіргі заманғы аса сәулетті ғимараттары, гүлді алаңдары, сарқырап аққан бұлақтары, өзендері, көлдері, орманды таулары оны таңғажайып көркейтеді.
Алматы – ірі мәдениет және қаржы орталығы. Қалада көптеген университеттер, академиялар, колледждер, кітапханалар, театрлар, түрлі демалыс парктері, спорт кешендері, қонақ үйлер бар.
Алматы қаласының мәдени өмірі бай. Онда опера және балет, драма, қуыршақ театрлары, көптеген кинотеатрлар бар. Әдебиет, музыка, көркемсурет, сәулет өнері, кино, дизайн өнерлері жақсы дамыған. Мұнда әлемдік фестивальдар, конкурстар, конференциялар, көрмелер ұйымдастырылады, олар өнердің дамуына ықпал етеді.
Алматы қаласындағы осы заманғы сәулет өнері үлгісінде салынған мәдени орындар кімді болса да қызықтырмай қоймайды. Республика алаңы, Тәуелсіздік монументі, Абай ескерткіші, Республика сарайы, Студенттер сарайы, Ұлттық кітапхана, Ұлттық мұражай, Неке сарайы, Президент резиденциясы, Халық аспаптар мұражайы және т.б. әсем ғимараттар бар.

Астана (1998 жылдың 6 мамырына дейін - Ақмола) Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Парламентінің мақұлдауымен 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.
Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өткізілді.
Астананың аумағы 710,2 шаршы километр, тұрғындардың саны 2007 жылдың 1 маусымында – 584,8 мың адамды құрады.
Астана халықаралық іскерлік және мәдени орталыққа айналып келеді. Қалада әкімшілік, іскерлік, әлеуметтік-мәдени, ғылыми-білім беру және бизнес-орталықтардың, тұрғын үй кешендерінің, алдыңғы қатарлы мемлекеттер астаналарының стандарттарына сай келетін елордалық инфрақұрылым нысандарының құрылысы жанданып, бой көтерілуде. Әкімшілік орталық аймағында ҚР Президентінің резиденциясы, ҚР Парламенті мен Үкіметінің ғимраттары орналасқан. Елорданың іскерлік орталығында кеңселер мен компаниялар, сауда орталықтары, мейманханалар, ал әлеуметтік-мәдени орталығында театрлар, мұражайлар, демалыс орындары, спорт залдары, ойын-сауық орталықтары орналасады. Астанадағы терең әрі кең көлемді өзгерістер әлемдік ұйымдар назарынан тыс қалмады. 1999 жылдың шілде айында елордамыз ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығына ие болды.

Семей –1718 жылдан бастап қала. Семейдің ежелгі аты- Доржынкит. Мұнда бұрын бірнеше елді мекендер болған. Солардың бірі-Жетішатыр. 600 жылдан бастап белгілі болды. Сол Жетішатырдың сәл төмендеу жерден 1718 жылы Семейдің іргесі қаланды. Семей қаласында өте көп зауыттар мен фабрикалар бар. Сондай-ақ, қалада халықтың ұлы пезенттері Абай Құнанбаев пен Шоқан Уәлиханов тұрған. Қазақстан Республикасы Ғалым Академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтпаев өзінің еңбек жолын осында бастаған. Академик жазушы Мұхтар Әуезов алғашқы шығармаларын Семейде жазған.
Ертіс өзені қаланы екіге бөледі. Ескі көпірден машиналар ағылып жатады. Жапон фирмасы жаңа көпір салды. Семейдің мақтанышы-қарағай орманы, жаңа көпір. Евразия континентінің кіндігі аталатын Семей шаһарына 2008 жылы 290 жыл толды. Алғашында қамал ретінде салынған Семей талай ғасырлардан бері айтулы орталық ретінде танымал. Ұлылар мекеніне айналған шаһар тек саяси оқиғаның ғана емес, өркендеген, өндірістің, сауда кешенінің орталығы.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
1899-1964
Қаныш Сәтбаев - - аса көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті, академик, қоғам қайраткері.
Ол 1899 жылы Павлодар облысында туған. Қаныш Павлодар қаласындағы екі кластық орыс - қазақ мектебін, Семейдің семинариясын, Томскідегі Технология институтын бітірген.
Сәтбаев Қазақстандық металлогения мектебінің негізін салушы. Ғалым бүкіл өмірін геология зеттеуге және туған өлкесінің минералдық шикізат базасын жасауға арнады. Ол Жезғазған мыс кенді ауданын ашты. Қаныш Сәтбаев дарынды адам еді. Ол – 640- тан астам ғылыми еңбектің авторы. «Жезғазған руда кеніші» деген ғылыми еңбегі үшін Қ.И. Сәтбаев Ленин орденімен марапатталды.
Ұлы ғалым 1964 жылы қаңтар айында көз жұмды.

Нұрғиса Тілендиев
/ 1925 – 1998/
Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев – Алматы облысының Іле ауданы Шилікемер ауылында дүниеге келген. Қазақстанның халық әртісі, КСРО, ҚСР мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, сазгер, дирижер, тамаша домбырашы. 1953 жылы Мәскеудегі П.И.Чайковский атындағы консерваториясының дирижерлік факультетін бітірген. 1953 – 1961 жылдары Абай атындағы опера және балет театрында,1961 –1964 жылдары Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінде бас дирижерлік қызметін атқарған.
“Отырар сазы” атты ұлттық этнографиялық оркестрді ұйымдастырып, оған өзі дирижерлік әрі көркемдік жетекшілік етті. “Еңбек Қызыл Ту” орденімен марапатталды. Өмірінің соңғы кезінде Қазақстан Республикасының ”Халық қаһарманы” деген ең жоғары атағына ие болды.

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



10.06Mb
Категория: Ашық сабақ | Добавил: Admin
Просмотров: 2531 | Загрузок: 173 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Табиғатты аграрлық мақсатта пайдалану экономикасы
ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары
Байтұрсынұлы Ахмет
Шылым шегудің алдын алу
Тіршілік үшін өсімдіктің маңызы
Зейнолла Шыраев
Германия
Мұстафа Шоқай
Қаржының мәні мен рөлі
Ахмет Жұбанов
Міржақып Дулатов
Жүсіп Қыдыров
Құранды түсіну
Алпамыс батыр дастанының зерттелуі
Әбілқайыр әулетінен шыққан өнерпаздар