Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 18.6.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Ашық сабақ

«Microsoft Word мәтіндік редакторы»
Загрузка...
Саяхат сабағы. Ақтөбе қаласы, №48 орта мектебі, информатика пәнінің мұғалімі Мухиядинова Сәнімгүл.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
- Саламатсыз ба балалар! Бүгінгі сабақта кім жоқ? Сабаққа деген көңіл-күйлеріңіз қалай?
- жақсы.
- Ендеше балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болғалы тұр. Біз Microsoft Word редакторы бойынша алған білімдерін тереңдету, жалпылау және қорытындылау мақсатында ертегі-саяхат сабағы ретінде алғалы отырмыз.

Сонымен ертеде Microsoft деген шалдың 5 баласы болған. Олар: Word, Excel, Power Point, Access, Outlook. Солардың ішіндегі үлкені Word 18 толып, әкесінен еншісін алып, өзінің оқып-білгендерін жұртқа көрсету үшін жолға шығады. Оның әкесінің берген еншісін білу үшін мына сұрақтарға жауап берейік.

1.Microsoft Word -ты іске қосу әрекеті?
Пуск – Программы – Microsoft - Microsoft Word командалары арқылы іске қосамыз.
2.Алғашқы төрт жолақты ата.
Тақырып жолы, меню жолы, стандартты панельдер жолы, пішімдеу панельі жолы.
3.Оң жақ шетіндегі үш батырманы ата.
Жималау, жаймалау, жабу.

4.Қалай сақталады?
Файл – сохранить как командасын таңдау арқылы сақталады.

Осындай әрекеттер мен батырмаларды Microsoft барлық балаларына еншілеп береді екен. Себебі барлық Microsoft бағдарламаларында осы әрекеттер мен батырмалар орындалады.
Енді біз Word -қа өзін таныстыруына көмектесейік. Мына Word терезесінің элементтерін атап өтейік:
1. Тақырып жолы
2. Меню жолы
3. Стандартты панель
4. Пішімдеу панелі
5. Сызғыш
6. Айналдыру жолақтары
7. Жұмыс аймағы
8. Қалып-күй қатары

Сонымен Word жолға шығып, 1-ші аялдамаға келіп тоқтайды. Ондағы тапсырма мынадай.

3. Аялдама. Диктант
Мәтінді қатесіз, шапшаң теріп жазу.
Менің туған жерім Қазақстан. Қазақстан жері кең байтақ. Ол жерінің үлкендігі жөнінде тоғызыншы орында тұр. Біздің отанымызда жүзге жуық ұлттар мен халықтар өмір сүреді. Қазақстан Еуразия құрылығында орналасқан. Олар Қазақстанды туған жеріміз, Отанымыз деп есептейді.
Мой родной край Казахстан. Земля Казахстана огромная и большая. Казахстан является девятой большой страной во всем мире. В нашей стране живут больше ста национальностей и нации Казахстан рассположена на Евразийском материке.
My native land is Kazakstan. The land of Kazakstan is lange. Kazakstan is the langest country in the world. In Kazakstan there are 100 nations and nationalities. Kazakstan is situated in the continent of Eurasia.
4.Аялдама. Мәтінмен жұмыс
1). Мәтіннің қатесін тексеру. Оны белгілеп, қарпін – Times New Roman, қаріп өлшемін – 16, орта бойынша туралау.
2). Соңғы сөйлемді қиып алып, екінші сөйлемнен кейін кірістіріп қою. Бірінші сөйлемнің көшірмесін соңына қою.
3). Мәтінді курсивпен жазып, Қазақстан деген сөздердің бәрін жартылай қалың қылу.
5.Аялдама. Кесте құру.

6.Аялдама. Безендіру жұмыстары
1). Мәтінге сурет кірістіріп, оны қалауынша орналастыру.
2).WordArt-та ұнатқан безендіруді таңдап, Менің Қазақстаным деп өзгертіп, мәтіннің үстіңгі жағына орналастыру.
Міне сонымен Word әр аялдамаға тоқтап өзінің білетіндерін көрсеткен екен.

ІІІ. Қорытындылау.
Word-та нені үйрендік. Соған тоқталып, жазып шығамыз.

ҮІ. Үйге тапсырма.
Word туралы қосымша материалдар іздеп келу. Сөзжұмбақ, ребус құру.
Ү. Бағалау. Сабаққа жақсы қатысып, барлық тапсырмаларды мұқият, шапшаң орындап отырған оқушыларға баға қоямын.

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



100.0 Kb
Категория: Ашық сабақ | Добавил: Admin
Просмотров: 1834 | Загрузок: 179 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Жамбыл - әлем түркілері поэзиясының алыбы
70-80 жылдардағы қоғамның саяси даму ерекшеліктері
Мұнай және мұнай өнімдерінің топыраққа әсері
Жер планетасының эволюциясы
Тұмар (Томирис) ханша
Ұлытау мұражай қорығы
Денсаулықты сақтау мен нығайту
Абай мен Ыбырай шығармаларындағы үндестік
Құранды түсіну
Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны, қалыптасуы
Марат Отарәлиев: «Тағдырмын ерте жоғалған...»
Жүрек қызметі
Араб халифаты және Исламның таралуы
Сүйінбай Аронұлы
Паскаль програмдау тіліндегі файлдармен жұмыс