Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 21.7.2019
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Ашық сабақ

Елбасы мақсаты- ел мұраты, гүлденген Қазақстан
Загрузка...
Сабақтың тақырыбы: Елбасы мақсаты- ел мұраты, гүлденген Қазақстан
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
а) Білімділік мақсаты: Оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, жас мемлекет Қазақстан үшін жас өреніміз, ертеңгі елдің тұтқасы бүгінгі ұландардың білім, ғылым үйреніп мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосуы және ғылым, білімінің адам өміріндегі маңызы зор екендігін айту.
Ата заңымызға -15 жыл толуына орай, Қазақстанның әр азаматы үшін ерекше мәнге ие екендігінен терең түсініктер беру.
ә) Тәрбиелік мақсаты: «Тәрбие бесіктен басталады» дейді халық. Сол көп салалы тәрбиенің ең бастысы: Отбасы – Отанды сүю , адамгершілікті, еңбекқор болу, өз Отанына, халқына адал қызмет етуге, сонымен бірге қазақтың әрбір ұл –қызын өз халқының тегін, тарихын білуге үйрету;
б) Дамытушылық мақсаты: Конституция баптарына сүйене отырып мемлекет, қоғам, парламент, үкімет деген ұғымдарға кең тоқталу. Оқушыларға сұрақтар қою арқылы олардың пікірін білу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Көрнекіліктер: ОТҚ, слайд, газет-журналдар, т.б.

Сабақтың мазмұны мен өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
• Оқушылармен сәлемдесу
• Оқушыларды түгендеу
• Жаңа оқу жылымен құттықтау

Жоспар:
1. 1 қыркүйек – Білім күні
2. 2010 жыл Ата Заңымызға - 15 жыл

Сабақтың басталуы:

Білім күнінің мәніне тоқталу
Мұғалім сөзі: Ұлы ағартушы, педагог Ы.Алтынсарин алғаш рет қазақ мектебін ашып, балаларды білім алуға, өнер үйренуге шақырды.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей –ақ табылар,-деген еді.
Білім кемесін мініп ілім іздеп, алға қарай ұмтылу әр азаматтың борышы. Сондықтан осынау киелі қара шаңырақ – мектеп ордасына қош келдіңіздер.
1-оқушы
Келді міне, қоңыр күз,
Келді қағып қоңырау.
Мектеп –ана жылы жүз,
Ашты құшақ омырау.
2-оқушы
Мектеп –анаң бүгіннен,
Мектеп- алтын босағаң.
Мектеп берген білімнен,
Марқаясың, жас ұлан.

Осыдан 19 жыл бұрын, яғни 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің ғасырлар бойы армандаған мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Қазақстан мемлекеті тәуелсіздігін алғаннан кейін 1993 жылы 28 қаңтарда өзінің алғашқы Конституциясын қабылдағаны баршамызға мәлім. Бірақ,1993 жылы Конституция ескі әкімшілік, әміршілдік қоғам ережелеріне, көбіне кеңестік демократия принциптеріне негізделгендіктен, жаңа қоғам өмірінің талабына сай сәйкес келмеді. Осылайша, 1993 жылғы Конституция өмір талабына сай келмегендіктен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қайтадан жаңа Конституция қабылдау керектігі туралы ұсыныс жасады. Сөйтіп, 1995 жылы 30 тамызда ел тарихында алтын әріппен жазылған кез.
Осы күні Конституцияны қабылдаған еді. Бұл республикамыздың тәуелсіздікке қол жеткеннен бері екінші Конституциясы еді.

Сұраққа жауап берейік.

-Балалар, ҚР Конституциясының құрылымы қанша бөлімнен, қанша баптан тұрады?
Көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.
І бөлім – Жалпы ережелер
ІІ бөлім – Адам және азамат
ІІІ бөлім – Президент
ІV бөлім – Парламент
V бөлім – Үкімет
VІ бөлім – Конституциялық кеңес
VІІ бөлім – Сот және Соттар төрелігі
VІІІ бөлім – Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару
ІХ бөлім – Қорытынды және өтпелі ережелер.
-Заңды кім шығарады?
-Парламентте халық сайлаған кімдер отырады?
1995 жылғы Конституцияның І бөлімінің 1-бабында:
ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы адам және адам өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары деп жариялаған.

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



60.0 Kb
Категория: Ашық сабақ | Добавил: Аслан | Теги: гулденген казакстан ашык сабак, елбасы максаты туралы
Просмотров: 3239 | Загрузок: 507 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Дербес Компьютер есте сақтау құрылғысы
Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің құрылымы мен жүйесі
Сүйінішұлы Қазтуған
«Риджент Алматы» қонақ үйіне мінездеме және қызмет көрсету сапасы
Досмұхамедұлы Халел
Нығмет Сауранбаев
Ғабиден Мұстафин
Байтұрсынұлы Ахмет
Экономика саласындағы жаңа атаулар
Табиғатты аграрлық мақсатта пайдалану экономикасы
Бейімбет Майлин
Туыстық қарым – қатынастар
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы
Миокард жасушасының электрлік белсенділігі
Адам болам десеңіз (білім сайысы)