Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 24.9.2014
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Педагогика, Психология

Мұғалім деген кім?
Скачать удаленно
Ұстаздың шеберлігі - талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қажыр-қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.
Ұлы ғұлама Әл- Фараби: "Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің барлығын жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсесін ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., меніңше шешен, өнер-білімге құштар қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ ..., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізеттілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек" дейді.
Еліміздің болашағы бүгінгі мектеп қабырғасындағы ұрпақ екені даусыз. Ертең ел тізгініне ие болар жеткіншектеріміздің ғаламдық өркениеттен қалып қоймай, білімді, тәрбиелі, жан- жақты болып қалыптасуының қамтамасыз етілуі - мемлекеттік маңызы бар іс. Бүгінгі таңда білім саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Осы өзгерістерді жүзеге асыру, әсіресе, ұстаздарымыздың біліміне, кәсіби шеберлігіне көп байланысты. Парасаттылықты, адалдықты шәкірттерінің бойларына жас кезінен ұялататын ұстаздар десек, қателеспес едік. Сондықтан да ұстаз еңбегіне еш баға жетпек емес.
"Ұстаз дегеннің өзі - биік атауға тең. "Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз!"- деп ұлы данышпан Абай айтып кеткендей, және де ұстаздың өзі- адам құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы, қазір жаңалықтар легімен енген соны технология, технологиялық дәуір. осыған орай қазіргі кезеңнің талабына сай өскелең ұрпақты білімді, мәдениетті, ұшқыр ойлы, халқының салт-дәстүрін дәстүрлей білетін, туған Отанын, жан- тәнімен сүйетін азамат дәрежесіне тәрбиелеу және осыған жетелеудің өзі педагогикалық шеберлік демекпін.

Абай атамыздың: «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегін кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» - деп айтқанындай, мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінеміз және өмір бойы ізденішулікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жетуге болады. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Әрбір ұстаз үшін оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. Осы ретте кейбір мәселелерді жаңаша көзқараспен қарастыруды жөн деп есептей отырып, мынадай эталондарды атап өтуге жөн көрдік:

- сабаққа педагогикалық – психологиялық талдау жасау;

- дамыта оқыту жүйесінің мәні мен міндеттері;

- сабақты ұйымдастырудың педагогикалық – психологиялық негіздері;

- мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты.

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, зерттеушілік қызметі мұғалімдік жұмысқа дайындық барысында, іс – тәжірибеде және қайта даярлау кезінде қалыптасып тәрбиеленеді.

Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов «Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы» - деп бекер айтпаған.

«Біліктілік» деп қандайда бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық дәрежесінің деңгейін айтады. Кез-келген қызметкер біліктілігін ұдайы жетілдіріп отыруы қажет.

Білім сапасының арттырудың кілті педагог қолында десек, оның білімін жетілдіру басты роль атқармақ. Егер педагог мамандардың біліктілігін жүйелі арттырса, онда үлкен жетістікке қол жеткізуге болары анық. Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру екі бағытта жүргізілуі тиіс:

1.Мұғалімнің кәсіптік жұмысының мәнін үйлесімді өзгерту, яғни басты қызметтік нұсқауды орындау емес, күтетін нәтижеге жету үшін оқу үрдісін шығармашылықпен үйлестіру.
2. Білім беру асында мұғалімнің зерттеушілік бағыттағы қызметін күшейтуге байланысты мұғалімнен кәсіптілікті кеңейтуді талап ету.

Біліктілікті арттырудың негізгі аспектілерінің ішінен мыналарды бөліп алуға болады:
1. Қызметтік (Мақсаты, міндеті, жұмыс мазмұны, формасы, әдістер және нәтижесі).

2. Мазмұндық (Әдістемелік, ғылыми-теориялық білімді практикада қолдана білуге жағдай туғызу).

3. Басқарушылық (Талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, танып-білу. )

Осы 3 аспект бойынша біліктілігін жетілдірген маман өз қызметіне талап деңгейінде қарайтыны белгілі.

Ұстаздар үздіксіз ізденіп, өз білімін үнемі жетілдіріп жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолданып отырса ғана өзінің кәсіби шеберлігін арттырады.

«Мұғалім-өзі де оқуы керек. . . » - деп П. Ф. Каптеров айтқан еді.

Мұғалімнің өздігінен білім алуына нақты көмек көрсету үшін, тұлғаның кәсіптік қызмет саласындағы қажеттіліктерін, сұраныстарын, мүдделерін білуі қажет. Арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс мұғалімнің жеке қажеттіліктерін ескеріп құрылуы тиіс. Мұндай жағдайда мұғалім біліктілікті арттырудың ұжымдық нормаларына қатыса отырып, өзін қызықтыратын мәселелерге жауап табатын болады.

Педагогикалық шеберліктің негізгі белгілері: кәсіптік білім, біліктілік, дағды, кәсіптік қабілет, педагогтік әдептілік, педагогикалық техника жатады.

Қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай мектепте білім берудің жаңа саласына жету – мұғалімнің мейірімділігімен, білімімен, шеберлігімен тығыз байланысты. Өз мамандығына жан –жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы да, ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.

Мұғалімнің творчестволық қабілеті, жаңашылдық әрекеттері, біліктілігі, физиологиялық және психикалық сапасы, педагогикалық кәсіптік біліммен сәйкестенеді.
Жаңашылдық творчестволық қуат шексіз, әрі үздіксіз қозғалыста дамиды. Бұл педагогикалық бағытта оқытушы мен оқушының өзара ықпалы, өзара дамуда, ынтымақтастықтан теңгермешілікке, дамудың жоғарғы деңгейіне жетуде мәні зор.
Материалистік диалектика табиғатында үздіксіз даму, ғылыми білім мен тәжірибенің бірлігін, тұтастығын, сәйкестігін ашып көрсетеді.

Біздің ойымызша, педагогикалық шеберлік - бұл мұғалімнің кіріктірілген қасиеті, өйткені ол өзінін кұрамына өзара тәуелді, тыгыз байланысты бірліктерді, яғни білім, іскерлік, қабілет пен қасиеттерді камтиды. Әрине, педагогикалық шеберлік күрделі кұрылым болғандыктан, онын мәнін ашуды, оны түсінуге деген әр түрлі көзқарас тұрғылары қалыптасқан. Қазіргі заман сұранысына орай, біз педагогикалық шеберліктің негізі инновациялык іс-әрекет деп тұжырымдаймыз. Тек жанашылдыкка деген талпыныс, үздіксіз ізденіс мұғалімді өз ісінің биік шыңына жетелейді. Осы тұжырымды өлкеміздің мандай алды азаматтары, оз ісінін шеберлері К. Нургалиев, К. Бітібаева, Ж. Шайжунусов, еліміздін бір туар тұлғалары Р. Нуртазина, А. Ысқақов, Е. Очкур сынды ұстаздар қызметі негізінде жасадық. Олар өз педагогикалық іс-әрекет шыңына жаңашылдыққа ұмтылыс негізінде жетті. Бірак, инновациялық іс-әрекет, кәсіптік білім мен іскерліктерсіз және тұлғалык қасиеттерсіз жүзеге асуы мүмкін емес. Әсіресе, қазіргі таңда мұғалім шеберлікке қол жеткізу үшін өзін-өзі басқара алуы керек, бойында оптимизм, лидерлік қасиет, тәуекелге бел буа білу, қуаттылык, төзімділік сияқты тұлғалык касиеттері болуы тиіс. Аталған қасиеттер мұғалімді жанашылдыкка жетелейді, жаңаны жасауға ынталандырады.



Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



19.2Kb
Категория: Педагогика, Психология | Добавил: Admin
Просмотров: 3547 | Загрузок: 312 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Азаматтың денсаулығын сақтау, медициналық көмек көрсету
Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет Иүгінекидің педагогикалық ой-пікірлері
1980-1991 ж.ж. Кеңес мектебі мен педагогикасы
С++ тілінде бағанды диаграмма құру
Болмыстың бірінші және екінші сигналдық жүйелері
Ежелгі Қытайдың әлеуметтік философиялық мектептері – конфуция мен леги...
Асан Кайғы
Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы қатынастар
Махаббат пен ғадауат
Қазақстан Республикасы мен Кувейт Мемлекеті арасындағы қатынастар
Ақмаржан Таубаева
Этнопедагогика - халық педагогикасы туралы ғылым
Етістік
Ыбырай Алтынсарин
Қожағұлұлы Қабанбай