Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 24.7.2014
Где купить запчасти на квадроцикл ямаха: тема неоригинальные запчасти snegoatv.ru.
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Ән, Мәдениет, Өнер

Бағдарлама - Әлем музыкасы
Скачать удаленно
Кіріспе

«Европадан тыс елдердің музыкалық әдебиеті» пәні профессионалды музыкалық білім системасындағы профильдеуші тәртіптердің бірі, Европадан тыс мемлекеттердің музыкалық мәдениетінің ерекшкліктерін зерттеуге бағытталған.
Тәртіптің пререквизиттері. «Европадан тыс елдерінің әлем музыка тарихы » пәніне дейін БММ және колледждердегі музыкалық әдебиет өтіледі, оның мақсаты – музыканың клссикалық үлгілерін білу, жанрлар мен формалардың терминологиялық түсініктерін меңгеру. Бұдан басқа «Әлемдік музыка әдебиеті» бүкіл теоретикалық пәндердің кешенімен алдын-ала дайындалады- музыкалық формалар анализі, гармония, полифония. «Әлемдік музыка әдебиеті»- көптілік информацияны синтездеуші пән, сондықтан қоғамдықпен тығыз байланысты-тарихи тәртіптермен-тарихпен, философиямен, мәдениет танумен.
Тәртіп сипаттамасы: Бағыттың бірінші бөлімі советтік бағдарламаға қарағанда жаңа болып келеді- онда бұрын оқытылмаған, Европадан тыс елдердің музыкалық мәдениетінің ерекшеліктері зерттеледі-Американың, Азияның, Африканың және Австралияның. Пәннің мазмұнында саяси-қоғамдық тарих жөніндегі информация қамтылған, діни наным сенімдер, фольклор және Европадан тыс елдердің музыкалық мәдениеті.Музыкалық өнер өзінің спецификасы және өмір сүру тәсілі мен жағдайымен тығыз байланыстағы өзіндігі жағынан қарастырылады. Музыканы тыңдауға ерекше мән беріледі-ол музыкалық мәдениет спецификасын меңгеруге жеткілікті болуы тиіс. Бұл бағыт жаңа болғандықтан бағдарламаға музыканы таңдау оқу орнына және мұғалімге ғана байланысты, яғни бос.
Тәртіп құрылуының принципі-жалпылама сипаттан мәдениеттің ерекшеліктеріне.Әр тақырыптың дара ашылуы берілген мәдениеттің спецификасы, оның тарихи дамуы, халық дәстүрлеріне байланысы.
Пән мақсаты:
- интеллектуалды білімді, әлемдік музыка мәдениеттерінің көпшілігін меңгерген музыканттарды тәрбиелеу;
- музыка тарихы сұрақтарында эрудицияны және кең ой-өрісті дамыту;
- стиль сезімін тәрбиелеу
Тәртіп мәселелері. Студенттер бағытты өткен соң осыларды білу керек:
- әртүрлі географиялық өңірлердің: Азия, Африка, Солтүстік және Оңтүстік Америка мемлекеттері, Австралия, Жапон музыкалық мәдениетінің тарихи дамуының ерекшеліктері;
- Европадан тыс елдердің музыкалық мәдениетінің ерекшеліктері;
- Азия мемлекеттерінің діни-мифологиялық сенімдері;
- Қытай, Үнді, Жапония, Корея, Монғолия және т. б. шығыс мемлекеттерінің фәлсәфалық ілімдері;
Тәртіпті өткен соңғы білім мен дағдылар.Бағыт аяқталған соң студент бағдарламаның теориялық және музыкалық материялын меңгеруі тиіс.
Сынақтық-емтихандық талаптар. Бірінші оқу семестрі біткенде жазбаша сынақ өтіледі (тест) , екінші семестр аяқталғанда емтихан өткізіледі. Мұнда студент теориялық білімін көрсетеді.
ІІ.Методикалық кепілдемелер.Музыка тарихы аудиторлы және аудиториядан тыс оқуды қамтитын бағыт.Аудиторлы оқудың негізгі формасы –музыканы тыңдау қосылған (фрагментті, ал толығымен тыңдау аудиториядан тысқы уақытқа шығарылады) лекциялы.
Сабақ құрылады: ұйымдастыру сәті, лекциялық бөлім, музыка тыңдау
немесе видео материал көру.
Студенттің педагог қадағалауымен өздік жұмысы.
СПӨЖ формалары
1-семинарлық жұмыстар(Оларды бір елдің музыкалық мәдениетін зерттегеннен кейін өткізеді.Мысалы «Үнді музыкалық мәдениеті» , «Қытай музыкалық мәдениеті» ) .
2-рефераттар
3-тестілеу өткізу(Ол бағыт бөлімдері боиынша кезекті және оқудың соңында қорытынды болуы мүмкүн) .
Семинарлық жұмыстсар тақырыптары:
№1 семинар: Үнді, Қытай, Жапония, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің музыкалық театрының дәстүрлі формалары.
Семинар жоспары:
а) Үндістан тетрлық өнері;
ә) Қытай музыкалық театры.
-Қытай классикалық театры
-Сарай театры
-Пекиндік опера
-Қытай театрының музыкалық жағы
б)Жапон театрының дәстүрлі формалары:
-Гигаку маскаларындағы буддисттік би драмасының спектакльдері.
-Сарай маңындағы бугаку билік қойылымдар.
-Қарапайым халықтық фарсты-сюжеттік саругаку сахналары.
Кабуки театрының құрылу тарихы. Мәнерлеу тәсілдерінің системасы. Спектакльді музыкалық көркемдеу.Репертуар.
-«Но» театрының көокемдік принциптері.
в)Оңтүстік-Шығыс елдері театрлық қойылымдарының дәстүрлі формалары:
-«тео»ауылдық музыка театры
-судағы «руа нуок» қуыршақ театры
-«ваянг кулит» явандық қуыршак көлеңке театры
-«туонг» вьетнамдық музыка драмасы

Әдебиет:
1.Васильченко Е. В. Арнайы курстың конспект-бағдарламасы «Музыкальная культура Азии и Африки»музыкалық ЖОО-на арналған. –М. : 1982
2.Васильченко «Звуковые аспекты мира»........
3.Внеевропейские культуры: вопросы изучения традиций. –М. : 1988
4.Грубер Р. Всеобщая история музыки. Ч. 1.- М., 1956
5. История мировой культуры / Г. В. Драч редакциясымен.- Ростов-на Дону: Феникс, 2000.
6. Кондратьев С. А. Музыка монгольского эпоса и песен-М., 1962
7. Конрад Н. Очерки истории средневековой Японии.-М., 1978 Актуальные проблемы изучения музыкальных культур стран Азии и Африки.-Ташкент, 1983
8. Серова С. А. Пекинская музыкальная драма (ХIХ-40-е годы ХХ века)- М.:1970
9. Сорокин В. Китайская классическая драма ХIII-ХIV веков.-М.,1979

№2 семинар:Қытай, Үндістан, Корея, Жапония, Түркия, араб-ислам мемлекеттерінің музыкалық системасы, аспаптары және негізгі жанрлары.
а) Үндістан(шрути системасы, әріптік нотация ),Қытай (люй-люй cистемасы, цифрлік нотация), араб-ислам мемлекеттерінің(саз системасы) музыкалық системаларының негіздері.
ә) аспаптары;
б) негізгі жанрлар: Үнді классикалық музыка-Рагасангит;гагаку жапондық музыкасы; Түркия музыкалық жанрлары- фасиль, тагасим, башраф, макам; макамның араб-ислам мемлекеттеріндегі дәстүрлері, тағы нооубы, дестан жанрлары.
Әдебиет:
1. Васильченко Е. В. Арнайы курстың конспект-бағдарламасы «Музыкальная культура Азии и Африки» музыкалық ЖОО –на арналған-М.:1982
2. Виноградов В. С.Индийская рага.-М.: 1976
3. Еолян И. Очерки арабской музыки.-М.: 1977
4. Кондратьев С. А. Музыка монгольского эпоса и песен-М.,1962
5. Лань Юсун Лекции по истории музыкальной культуры Китая.-М.:1982
6. Менон Радхава Р. Звуки индийской музыки. Путь к раге.- М.: 1982
7. Сисаури В. Японская инструментальная музыка гагаку(генетические связи процесс становления) / вопросы теории и эстетики музыки. Вып. 14.-М.,1975
8. Шнеерсон Г. Музыкальная культура Китая.-М.,1952

Рефератқа қойылатын талаптар
Реферат тәртіпті меңгерудің қорытындысы болып табылады.
Реферат-бұл студенттің оқу-зерттеулік қызметінің ұйымдастыру формасы.Оның маңызы-маманның танымдық өздігін, мамандық мазмұнды білімдерді өзі тауып, тереңдету, шығармашылықпен өңдеу қабілетін дамыту. Реферат жазу процессінде студент ғылыми-зерттеушілік қызметінің дағдыларына ие болады.
Сонымен қатар, реферат окушылардың профессионалдық дайындығының деңгеін тексеру формасы.
Реферат сабақтардан тыс уақытта, оқу бағдарламасымен белгіленген уақыт аралығында жазылады. Курстық жұмысқа 5 айдан кем уақыт берілмейді.Жұмыс көлемі: машинамен басылған 20 беттен кем болмуы тиіс.
Реферат екі экземплярмен тапсысырслады.
Реферат комплекстік сипатты, үлкен көлемді әдебиетті меңгеруге құралған.
Рефераттың ғылыми аппараты:
Тақырыптың актуалдылығы
Зерттеудің мақсаты
Зерттеу объектісі
Зерттеу пәні
Зерттеу мәселелері
Зерттеу әдістері
1.Зерттеу тақырыбының актуалдылығы оның ғылымдағы дамытылғандығының деңгейімен анықталып сипатталады.
2. Зерттеудің мақсаты-ол нұсқалған мәселеде қойылған сұраққа жауап іздеу. Зерттеудің нәтижесін болжайтын мақсат, әдетте, «дамыту», «айқындау», «негіздеу», «анықтау» т. б. баяндауыштармен, текқана позитивті хабарлауыш сойлемдермен тұжырымдалады.
3. Зерттеу объектісі – ол зерттеу өткізілетін ғылыми немесе практикалық кеңістік .Ғылыми кеңістік – зерттеу мінезін анықтайтын теория, ілім, концепция. Ал практикалық кеңістік- нақты біліктілік, тәрбиелік немесе оқу системалары, процесстері немесе жағдайлары.
Қойылған мақсатқа жету үшін атқарылатын жұмыс жағдайларын зерттеу объектісі анықтайды.
4.Зерттеу пәні – ол зерттеу объектісінің арнайы қарастырылатын және, дамытылуы мүмкін.
5.Зерттеу мәселелері - мақсаттың фрагменттері, мақсаттың сатылары фрагменттері, іздеудің сатылары. Мәселелерді «өткізу», «зерттеу», «жалпылау», «дамыту» - деген етістікткер, және зат есімдер арқылы белгілеу керек.
6. Зерттеу әдістері – зерттеу методологиясы ретінде ілімдер, ғылыми амалдар, принциптер. Зерттеудің теоретикалық базасының анықтамасы методологияның құрама бөлшегі ретінде енеді.Теориялық база -
ол нақты авторлардың ілімдері, өңдеулері, теориялары. Олар зерттеу пәнімен байланысты және оны ғана түсіндіреді. Зерттеу әдістері екі түрлі бола алады: теориялық ( мысалы, критикалық, кешендік т.б.) эмпирикалық( эксперимент, бақылау , қызмет және құжаттама өнімдерін зерттеу әдістері)
Есеп беру титулдық парақтан, аннотациядан, мазмұннан, есеп беру текстінен және әдебиет тізбегінен тұрады.
Реферат құрылысы:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Әдебиет тізбегі
Қосымша
Кіріспеде тақырыптың актуалдылығы әңгімеленеді, мақсат, зерттеудің пәні мен әдістері. Зерттеліп жатқан шығарманың композиторы туралы қысқаша материал беріледі, жазылу тарихы, сюжет, тематика, берілген шығарманың композитор шығармашылығындағы орны жәе жалпы әлем мәдениетідегі орны.
Негізгі бөлім екі бөлімнен тұрады, олар параграфтарға бөлінеді. Егер бөлімнің мазмұны параграфтарға бөлінбесе,оны параграфтарға дейін қарапайымдау керек. Анализ жасағанда алдымен шығарманың құрылысын талдап алу керек, формасының дамуындағы алдыңғы ориентирі үшін. Құрылысты талдау уақыттағы өтуі бойынша емес, әрі кішкентай бөлшектердің ірілерге бірігуімен талдамай, керісінше – жалпы құрылыстың кескінін көріп оның негізгі бөлімдерге бөлшектенуі принципімен талдау дұрыс.
Негізгі бөлім бірнеше бөліністен тұра алады:
1 Образдық мазмұнның жалпы мінезі
2 Негізгі музыкалық образдар, олардың бір-бірімен қатынасы
3 Образдық мазмұнды музыкалық мәнерлеу тәсілдерін (мелосты, ритмді, ладты, гармониялық тілді)талдау арқылы ашу, және олардың қатынасы
4 Музыкалық форманы образдық мазмұн негізінде анықтау(музыкалық образдардың анықталан қатынасына)
5 Форманың жан-жақты анализі(бөлек бөлімдеп).
Осылардың кейбіреулерінің арасына арнайы проблематикасы бар бөліктер қойыла алады.
Жұмыстың негізгі бөлімі үшін проблематика тізбегі:
Образдық мазмұн
Қандай да болмасын стилистикалық бағыттың белгілері (мысалы, романтизм, экспрессионизм т.б.)
Негізгі музыкалық образдар, олардың қатынастары
Негізгі тақырыптың образдық мазмұны
Қосалқы партияның образдық мазмұны
Реприза мен кодадағы образдық өзгерістер
Құрылыс және тональдық системаның ерекшеліктері
Гомофонды және полигомофонды жазу типтерінің қатынасы
Форманы анықтау, және оның ерекшеліктерін түсіндіу( схемаға сүйене)
Форма анализі
Композиторлық жазудың стильдік ерекшкліктері т. б.

Аяқтау
Әртүрлі болуы мумкін:
а) резюме
ә) қорытындылар
б) аяқтаудың өзі
Кіріспе мен аяқтау көлемі бойынша толық тексттің 1/10 артпауы керек.
Қолданылған әдебиет тізбегінде саны 10 кем болмауы тиіс. Ол алфавиттік ретпен жазылады.
Қосымша. Талданатын шығарманың бөлімдерін , олардың көлемдерін, тоналдық жоспарын анықтайтын толық схемасы келтіріледі.
Курстық жұмысты орындау негізгі кезеңдері :
Тақырыпты талдау
Тақырыпқа ену
Жұмыс жоспарын құру
Теориялық зерттеудің нәтижесін анализдеу.
Студенттің өздік жұмысы(СӨЖ)
-Керкті және қосымша материалды зерттеу (конспектілеу)
-Лекциялық материалды бекту
-Музыкалық материалды толығымен тыңдау,викторинаға дайындалу



Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



231.5Kb
Категория: Ән, Мәдениет, Өнер | Добавил: Аслан
Просмотров: 1411 | Загрузок: 259 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Түріксой ұйымы – түркі халықтарыны мәдениетінің бірлігі
Бауыржан Момышұлы
Сайлау құқығы
Құнды қағаздар нарығы
Өскемен қаласы
Адам болам десеңіз (білім сайысы)
Мұқағали Мақатаев поэзиясының көркемдік жүйесі
Соттылықтың ұғымы мен түрлері
Қайта өрлеу дәуіріндегі итальян әдебиеті
Ынтымақтастық педагогика
Халық педагогикасы – этнопедагогиканың зерттеу объектісі
Тыныс алу орталығы. Тыныс алудың реттелуі
Жеке табыс салығы 2008 жыл
Үкілі Ыбырайдың Гәкку әні
Кали Байжанов