Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Курсовые на казахском » Экономика, макроэкономика, микроэкономика

Инновация мен кәсіпкерлік туралы түсінік
Загрузка...
Жоспар

КІРІСПЕ

1 Инновация туралы түсінік
2 Инновацияның рөлі мен функциялары 3 Кәсіпкерлік және оның қызметі
3 Кәсіпкерлік және оның қызметі
4 Кәсіпкерліктің иновацияға қатынасы
4.1 Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі
4.2 Инновациялық жобаларды бағалау
4.3 Инновацияны инвестициялау және ұйымдастыру негіздері

ҚОРЫТЫНДЫ
Әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Ал, жаңашылдық ең біріншіден жаңалықпен немесе инновациямен тығыз байланыстыруға болады. Сондықтан кәсіпкерліктегі жаңашылдыққа жетудің тиімді тәсілі болып инновация болып табылады. Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі – бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен қатар жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады. Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және шетелдік тәжірибедегі ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп нұсқасы болып табылады. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынандай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты. Инновациялық кәсіпкерлік жоғарыда айтылған талаптарға толығымен тікелей қатысты. Кәсіпкерлік қызмет өндірісі кәсіпорын (фирма) звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай “фирма” ұғымын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар: “фирма” термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда, ал барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған. Жалпы бұл тақырыпта инновация мен кәсіпкерлік ұғымдары туралы жазылған. Яғни, қазіргі кездегі нарық заманындығы кәсіпкерліктің инновацияға қатынасына көп көңіл бөлініп, нақты түрде түсіндіріледі.


1 Инновация туралы түсінік

Инновация – жаңа практикалық әдісті тарату және қолдануды құрудың комлекстік үрдісі немесе ғылыми-техникалық шешімнің, адамдардың, ұсыныстапдың, жаңа идеялардың тәжірибеге енуі, іске асырылуы және де соңында қолданылуы. Инновация туралы осындай көптеген түсініктемелер беруге болады. Инновация ұғымын бірнеше мағынамен түсіндіруге болады, бірақ та ең бастысы “инновация” мен “жаңалық” терминдерін айыра біліп, ол ұғымдардың мағынасын білу керек. Жаңалық қандай да қызмет саласында оның тиімділігін жоғарылату бойынша фундаменталды, қолданбалы, тәжірибелік жұмыстардың рәсімделген нәтижесі болып табылады. Жаңалық мынадай түрлерде рәсімделеді: жаңалық ашу; патенттер; тауар белгісі ; рационализаторлық ұсыныстар; жаңа немесе өндіріс процесі құжаттары; ұйымдастыру, өндіріс немесе басқа құрылымдар; ноу-хау; ұғымдар; ғылыми тұрғыдағы принциптер; құжаттар (стандарттар, ұсыныстар, әдістемелер, нұсқаулар және т.б.); маркетингтік зерттеулердің нәтижелері және т.б. жаңалықты жасаудағы инвестиция – жұмыстың жартысы. Ең бастысы - жаңалықты енгізу, жаңалықты инновация формасына айналдыру, яғни инновациялық диффузияны жалғастыруға болады. Жаңалықты жасау үшін маркетингтік зерттеулер жүргізу қажет. Ал, инновация – жаңалықты енгізуде басқару обьектісін өзгерту мақсатында және экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, ғылыми-техникалық немесе басқа тиімділік түрлерінің соңғы нәтижесі. Яғни, жаңалықты ендіріп, іске асырылғанда инновация пайда болады. Қысқаша айтқанда, инновация – жаңалықты енгізудің нәтижесі.
Отандық және шетелдік экономикалық әдебиеттерде “жаңалық” және “инновация” дегенге әр түрлі категорияларда түсіндірулер кездеседі. Кей жағдайларда бұл түсініктер синонимдер секілді қолданылады, бірақ айқын айырмашылықтар бар. ¬ «Жаңалық»-деген айқын жаңалыққа мінездеме береді, тап мұнда түсінік «ойлап табу» деген ұғымға таяу.
“Жаңалық енгізу”- бұл жаңа техника мен технологияны меңгеру, басқару мен ұйымдастырудың жақсарған әдістері.
Инновация – бұл іздеуге, жасауға және жаңа бұйым түрлерін, технологияларын, таратуға бағытталған қызмет. Оның басқа да анықтамасы бар. Иновация –бұл жаңалық енгізудің жалпы процессі, адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін қолданылатын және таратылатын жаңалық , қоғамның даму әсеріне байланысты ауысып отырады.
Фирма жүйесінің “кірісі” сияқты сатушылардың тез енуіне, инновациялық формаға өтуде, өзінің енгізу үшін уақытын күтіп, жай жинақталу жаңалығы болады. Фирманың “шығысында” тауарлар сияқты тек жаңалық болады. ҒЗТКЖ стратегиялық маркетинг процесі бойынша өндірістің ұйымдастыру – технологиялық дайындығының, жаңалықты рәсімдеу және өндіру, оларды басқа салаларға таратуды (диффузия), инновациялық қызметті айтады.
Инновацияның жіктелуінің негізгі критерийлері болуы қажет:
а) талдау және кодтау үшін ескерілетін классификациялық жинақтаудың кешенділігі;
б) критерийді анықтаудың сандық (сапалық) мүмкіндігі;
в) ұсынылған жіктелу белгілерінің ғылыми жаңалығы;
Инновация және жаңалық портфелін қалыптастыру барысында тауардың бәсекеге қабілеттілігін талдау нәтижесі негізінде ұйымдардың ұйымдастыру, әлеуметтік, техникалық, қаржылық жағдайын, оның бәсекелестік мүмкіндігі ұйымның қызмет және кешенді даму саясаты қалыптасады. Ұйымның саясаты – басты жолы, қандай да бір қызмеи саласында (техникалық, экономикалық, әлеуметтік, сыртқыэкономикалық және т.б.) ұйымдардың басшыларымен өткізілген стратегиялық шама жүйесі болып табылады.Кез-келген саясаттың негізі жаңалығы, яғни инновацияны ендіру болып табылады. Ұсыныстар бойынша орындалған жұмыс негізінде ұйымның инновация және жаңалық портфелі қалыптасады. Инновация портфелі ұйымда енгізуге жататын (кіргізуге) жеке еңбектер мен сатып алынатын өзінше кешенін жаңалық тізімін көрсетеді. Осылайша, стратегиялық маркетинг ісінің әдістері мен ғылыми тұрғыда келу негізінде тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі, нормативтері ұйымдардың жаңалық және инновация портфелінде жасалған.
Инновация жіктелуін қарастыруда жаңалық санын алынатыны және жеке жасалған болу мүмкіндігі айтылған, ал жаңалықты ендіру нәтижесі сияқты тек ұйымда іс жүзіне асырылуы мүмкін. Инновация сатылмайды, жаңалық инновацияда тұтыну саласында оларды айналдыруүшін сатылады.
Жаңалықтың өмір сүру циклы үш жолдың біреуі арқылы дамуы мүмкін: 1) инновациялық ұйымда жинақталу; 2) жаңалықтың инновацияға айналуы; 3) тауар сияқты сатылуы;
Ұйым қызметінің тиімділігі экономикалық және қаржылық көрсеткіштерге қарай бағаланады. Нарықтық қатынас жағдайында көрсеткіштің бірыңғай жүйе болуы мүмкін емес. Әрбір инвестор инновациялық жобаның ерекшеліктерінен, мамандардың, менеджерлердің және т.б. факторлардың шеберлігіне байланысты бұл жүйені анықтайды.
Ұйымдардың қызметінің тиімділігі мен қарқындық негізгі көрсеткіштерінің бірі оның тұрақтылық көрсеткіші болып табылады. Экономикалық тиімділікті кіріс формасында алу есебінен ұйым қызметкерлерінің жағдайын кешенді көтеру және дамытуды іс жүзіне асырады. Тиімділіктің басқа түрлері өзіне потенциалды экономикалық тиімділікті алып жүреді.
Мұнда қорытынды бағалау принципіне фактілі экономикалық тиімділікті алу уақыты мен оны алудың анықталмаған дәрежесі болып табылады.
Қазіргі уақытта өнеркәсіпті дамыту бойынша Ұлттық біріккен ұйымы ұсыныстарына сәйкес шетелдік тәжірибеде инновациялық қызметтің тиімділігін бағалаудың келесі көрсеткіші қолданылады:
1) Таза дисконттық кіріс;
2) Кірістің сыртқы формасы немесе дисконттаудың коэффициенті;
3) Кіріс нормасы:

R = [(NP+P) / I] *100%

Мұндағы, NP- таза кіріс, P-алынған капитал проценті, I- жалпы инновациялық ұсталым;

4) Акционерлік капиталдағы кіріс нормасы:

R = (NP/Q)*100%

Мұндағы, Q- акционерлік капитал;

5) Жобаның автономиялық қаржылық коэффициенті:

Кфа= Cc / Z

Мұндағы, Cc- жеке құралдар; Z- алынған құралдар;

6) Ағымдық ликвидтілік коэффициенті:

Кл= Qa / Z >=1

Мұндағы, Qa- жобаның белсенді айналым бағасы;

7) Ұйым қызметінің инновациялық тиімділігін көрсететін интегралды көрсеткіші ретінде жұмыс нәтижесінің коэффициентін қолдану мүмкін ®;

r = R / [ ∑ Q - ∑ ( H – H )]

Мұндағы, R - сериялық өндіріске еге болу үшін қабылданған (ұсынылған), аяқталған жұмыстар бойынша баға шығыны;
Q - 1 жылғы ҒЗТКЖ-нің факеілі шығыны;
N - данған мерзімнің жыл саны;
H - көрсетілген бағада талданған мерзім басындағы аяқталмаған өндіріс;
H – талданған мерзім аяғындағы аяқталмаған өндіріс;

Бұл көрсеткіштерге тағы да инновациялық жобадағы инвестицияның қайтарып алу мерзімінің көрсеткішін ( T ) қосу керек:

T = I / П
Мұндағы, П – обьект қызметінің нәтижесінде алынған таза жылдық пайда;

2 Инновацияның рөлі мен функциялары

Қазіргі таңда кез-келген бір кәсіпорынның немесе фирманың инновацияға деген көзқарасы өте маңызды болып табылады. Сондықтан да нарықтық экономика жағдайындағы бәсекелестік көптеген жағдайда инновациялық қызметтерді талап етеді. Жалпы инновациялық қызмет ролінің маңыздылығын талдау мақсатында инвестицияның берген анықтамасы мен оның механизмін зерттеу болып табылады. Мұның ішінде келесі талдау бағыттары қарастырылады:
- мәселелердің негізделген құрылымдық идеясын талдау;
- ұйымның рационалды құрылымын талдау;
- ұйым басшысының инновациялық жоба басшылығын, олардың командаларының кәсіби шеберлігін талдау;
- ұйымның ақпараттық қамтамасыз сапасын талдау;
- ғылыми тұрғыда келу және қазіргі менеджмент әдістерін жобалауда қолданылатын сәйкестікті талдау;
- ұйымның бәсекелестік мүмкіндігін қолдануды талдау;
- инновация және жаңалық портфелі құрылымын талдау (сатып алынатын жаңалық, ұйымға ендіруге арналған жаңалық, жинақтауға арналған жаңалық, жеке жасалған жаңалық, сатуға арналған жаңалық);
- жоба экспертизасының сапасын талдау;
- ұйымның инновациялық қызмет тиімділігінің есеп көрсеткішінің сапсаын талдау;
- инновациялық қызметтің ынталандыру жүйесін талдау;
Ұйымның инновациялық қызмет тиімділігін, рөлін талдауды келесі принциптерді сақтай отырып іс-жүзіне асыру керек:
- диалектика (жүйелікпен келу, динамикалықпен келу). Қажеттілік және кездейсоқтық ашу принципі, бірлік және қарама-қарсылықты күрес принципі, өту принципі, жоқты жоққа шығару принципі;
- талдау мен жинақтау бірлігі;
- ранжирлеу;
- баламалы нұсқаулардың сәйкестігін қамтамасыз ету;
- оперативтілік;
- сандық анықтамалылығы және т.б.
Талдау әдістері: салыстыру, балансты, индексті, факторлық және т.б.
Инновация бұл – экономикалық категория. Категория бойынша инновация жаңа енгізудің жалпы және маңызды қасиеттерін, себептерін, қатынасын көрсетеді.
Категорияның маңызы оның функцияларында көрінеді. Экономикалық категорияның функциясы оның ішкі құбылысын нақты түрде енгізеді. Инновацияның функциялары оның экономикалық жүйедегі көрінісін және де шаруашылық үрдісіндегі рөлін көрсетеді.
Инновация жаңа өнім немесе операцияға (технология, үрдіс) салынған капиталдың пайда болған нарық көрсеткіші болып табылады. Сатуға дайын инновацияны іске қосарда, "ақша-инновация" айырбасы жүзеге асырылады. Осындай айырбастың нәтижесінде кәсіпкермен (продуцент, инвестор-сатушы) алынған ақша мүліктері, біріншіден, инновацияны құру және сату шығынын жабады; екіншіден, инновацияны жүзеге асырудың нәтижесінде пайда түседі; үшіншіден, жаңа инновацияларды құруға үлкен бір ынта (стимул) береді; төртіншіден, жаңа инновациялық үрдістің қаржыландыру қайнар көзі болып табылады.
Осыларды қарастыра отырып, инновацияның үш функциясын көрсетуге болады:
- өндірістік;
- инвестициялық;
- ынталандырушы;
Өндірістік функция мынаны білдіреді: яғни, инновация кең өрістің маңызды қайнар көзі болып табылатынын көрсетеді.
Нарықта сатылған инновациялардан түсетін ақшалай түсім қаржылық ресурстардың қайнар көзі және де инновациялық үрдістің эффектілік мөлшеріндегі қызметін жасайтын қызметкерлік пайданы құрайды.
Қызметкерлік пайда сауда-өндірістік, инвестициялық, инновациялық және қаржылық істердің көлемін кеңейтуге бағытталуы мүмкін. Пайданың қолдану бағыттары "Шаруашылық субьект ақша ағымының жоспарында" көрсетіледі.
Осылайша, инновациядан пайда көру және оны қаржылық ресурстардың қайнар көзі ретінде қолдану өндірістік функцияның инновациясын құрайды.
Инновацияны өткізу нәтижесінде түскен пайда әрбір бағытта қолдануы мүмкін, соның ішінде капиталдың қызметінде.
Капитал пайда көру үшін алынатын ақша болып табылады. Бұл капитал бүкіл инвестициялардың қаржыландыруы немесе белгілі бір инновацияның жаңа түрлері үшін қолданылатын инновация пайдасы инновацияның иевестициялық функциясын құрайды.
Инновацияны енгізу нәтижесінде кәсіпкердің алатын пайдасы кез-келген коммерциялық шаруашылық субьект мақсатының функциясына тікелей сәйкес келеді. Бұл құбылыс кәсіпкердің жаңа инновацияларға стимул ретінде қызмет атқарады; әрқашанда оған сұранысты үйренуге, маркетингтік істерді жүргізуді ынталандыруға , қаржылық басқарудың жаңа қасиеттерін қолдануға (реинжиниринг, брэнд-стратегия, бенчмаркинг және т.б.) қызуғышылық тудырады. Жоғарыда айтылғандар ынталандырушы функцияның құрамын құрайды.
Жаңалық нарығының механизмі және функциялары.
Жаңалық нарығын инновациялық кәсіпкерлікпен, тауар-жаңалықтарының өндіру амалы мен мекеніне байланысты экономикалық формалардың және механизмдердің жүйесі ретінде қарастыруға болады. Нарықтық механизмге бағалар, ақша, несие және басқа да бағалы категориялар жатады. Жаңалық нарығына жаңалық сұранысы мен ұсынысы, бағалар масштабы, жаңалықтардың өзіндік құнының сұранысы және т.б. байланысты. Нарықтық механизм тауар-жаңалықтарының байланысына қызмет етеді және оны бақарудың факторы болып табылады. Сонымен бірге де ол жаңалық өндірушінің және кәсіпкердің қолданысы үшін пайдалынады.
Астыдағы кестеде жаңалықтар нарығының тауарлары мен инновациялық тауарлар топтарының жалпы мінездемесі мысал ретінде берілген:

Инновациялық тауарлардың түрлері Тауар мінездемесі
Бірлік жаңалық Белгілі бір өмір уақыты мен моральдық қартаюының интеллектуалдық іс-шаралары ретіндегі өнімді білдіретін инновациялық тауар


Обьектік жаңалық Жаңа қолданушы бағалықты құрайтын және техника мен технологияның дамуына белгілі тенденцияларды ұсынатын бірнеше біртестік байланысты жаңалық түрі


Негізгі жаңалық Жаңа өнімдерге сұранысты немесе экономикалық өсудің жаңа сапасын қамтамасыз ететін жаңалықтардың біртестік комплексі


Программалық жаңалық Жаңа сұранысты қамтамасыз ететін бірлік обьектер мен негізгі жаңалықтардың, және де бірыңғай өзгермелі комплексі.


Кесте 1 – Жаңалық нарығының тауарлар тізімі.

Сұраныс пен ұсыныстың обьектік құрылымында белгілі бір келіспеушіліктер туындауы мүмкін. Олар: кәсіпкерлердің (сатып алушылардың) белгілі инвестицияларды қажет ететін негізгі жаңалықтардан бас тартуы, белгілі жаңалықтар сапасының (техниканың деңгейін) қанағаттандырылмауы, көне технологияны және шикізат жеткізушіні ауыстыруды қаламауы.
Көптеген жағдайда жаңалыққа сұраныс адекваттық ұсыныстың болмауынан қанағаттандырылуы мүмкін емес. Бұл техника мен технологияның ғылыми терең түрлеріне байланысты болады. Даму мәселесінің қиындығы мен біртұтастығы жаңалыққа сұраныстың пайда болуы мен оның қанағаттандырылмауының арасындағы маңызды уақыттық мөлшерді анықтайды.
Қалыптасып жатқан нарықтың бірнеше маңызды қасиеттері бар. Жаңалықтар нарығы қазіргі күнде экономикалық айналыста көп қолданылатын интеллектуалдық меншік обьектілеріне рұқсаты растамауынсыз дұрыс қызмет атқаруы мүмкін емес. Интеллектуалдық меншік обьекті ретінде жаңалық тауарлық-ақша формасында жүретін басқа бір тауар ретінде қарастырылуы мүмкін. Экономикалық айналысқа қатысушылар өзіндік интеллектуалдық қасиеттерімен айқындалуы керек: обьектің лигитимизациясы (өнімдерге құқығының бар болуы, экономикалық айналысқа кіруі), беру формасы, жаңалық нарығындпғы субьект ретінде болатын шаруашылықтағы обьективтік интеллектуалдық өнімнің бар болуы.

3 Кәсіпкерлік және оның қызметі

Кәсіпкерлік- адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерін оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950жж.) мән берген. Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: "Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу". Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол жайлы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832жж.) былай деген: “Кәсіпкер- адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам”. “Кәсіпкерлік” термині алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734жж.) ендірді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызған.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымын баламалап қарастыру жиі кездеседі.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез-келген қызметтің түрі. Рас бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.Экономикалық ғылымда "кәсіпкерлік қабілеттілік" ұғымда бар. Ол дегеніміз адамның бизнесте жаңалыты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабелділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабілеттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көзқараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес - бұл табыс табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуеклге бас ұрады.
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.
Қазақстан Республикасы президентінің "Шаруашылық серіктестігі жайлы" және "Мемлекеттік кәсіпорын жайлы" жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай және ұйымдық болуы мүмкін:
- жай, ол бірлескен қызмет шартына негшзделген;
- толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктелген;
- жаупкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің жауапкершілігі жүктелген;
- командиттық-аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және басқаның салынған салымымен);
- қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойнынаалынады;
- өндіріс және тұтыну кооперативтері;
- консорциумдар;
- акционерлік қоғамдар.
Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар. Біріншісі шаруашылықтағы жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі – оперативті басқару құқығына негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады: таза мемлекеттік – толық шаруашылық есеп, қазыналық – толық емес шаруашылық есеп. Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндіріс звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай “кәсіпорын” мен “фирма” ұғымын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар: “фирма” термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәспорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ал барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған. Кәсәіпорынның ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен айқындалмақ. Олар мынандай түрде болуы мүмкін:
- азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;
- ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар.

Кәсіпкерліктің түрлері Артықшылығы Кем шілігі
1. Бір тұлғалы жекеленген шаруашылықтар Ұйымдастырудағы қарапайымдылығы. Қызмет жасауының толық еркіндігі. Нарықтық саладағы мінезқұлқының икемділігі. Қызметінің құпиялылығын сақтау мүмкіндігі. Барлық табыс табудағы максималды мүдделілігі. Капиталды көптеп тартудағы қиындықтары. Болған зардаптарға жауапкершіліктің шексіздігі. Барлық ұйымдық және басқарушылық іс-әрекеттің біріктірілу қажеттілігі.


2. Серіктестіктер Басқару бойынша міндеттерді болу. Қаржы тартудағы үлкен мүмкіндіктер. Еркін және оперативтік іс-әрекеттің әріптестермен келісу кезіндегі шектеулілігі. Әріптестердің өзара өнімсізді—гінің ықтималдығы. Сенімсіздік арқасындағы әлеуметтік – психологиялық комфортсыздық. Әріптестердің өзара келіспеушілігін арқасындағы бір түрдің тұрақсыздығы.



3. Акционерлік қоғамдар

Қосымша капиталды тезірек және кеңірек тарту мүмкіндігі. Корпорация қызметі әр-түрлі сала шеңберіндегі капитал қозғалысының еркіндігі. Акционерлердің шектеулі жауапкершілігі.
Басқарудың тым күрделілігі және оның оперативтілігінің төменділігі. Акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі. Кәсіби құпияның ашылу мүмкіндігі.

Ұжымдық кәсіпоырондар кооперативтік немесе акционерлік түрде болуы мүмкін. Кооперативтік кәсіпорын ақшалайға емес, жеке тұлғаның пайлық негіздегі мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді:
- акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын, акционер меншігінің негізінде қызмет жасайды;
- мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындаржалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін құрылады;
- құрылтайшылар мүлігінің қосылуы негізінде біріккен кәсіпорындар құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтарында енеді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексімен, "Шаруашылық қызметінің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы". "Жеке кәсіпкерлік қорғау мен қолдау туралы" республика заңдарында кәсіпорын кез-келген меншік түрлерінде және оның өзі құрған бірлестіктерде болу мүмкіндігі айқындалған.
Қазірігі кезде нарық экономикасы дамыған елдерде бірнеше миллиондаған әр-түрлі фирмалар қызмет атқаруда. Осы қаптаған көптүрлі белгісі бойынша классификациялау қажет.

Ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша Шаруашылық қызметінің сипатына қарай Салалық қызметі бойынша Меншік нысаны бойынша
Картелдер
Синдикаттар
(консорциумдар)
Трестер
Концерндер
Концерн-конгломераттар
Холдинг-компаниялар
Акционерлік қоғамдар
(корпорациялар)
Кооперативтер
Серіктестіктер Өндірістік
Саудалық
Делдалдық
Банктік
Сақтандырулық
Инвестициялық
Инжинирингтік
Венчурлік
(тәуекелділік)
Консалтингтік
Аудиторлық
Трастлық Өнеркәсіп
Ауыл шаруашылығы
Сауда Байланыс
Көлік
Қаржы-несиелік
Мәдениет
Өнер
Білім
Ғылым
Денсаулық сақтау
Тұрған үй-шаруашылығы Мемлекеттік
Қазыналық
Ұжымдық
Жалгерлік
Кооперативтік
Акционерлік
Жекеленген
Аралас (біріккен)
Мемлекеттік кооперативтікпен бірге
Ұжымдық жекемен бірге
Мемлект аралық (біріккен кәсіпорын)









Бір қолға біріккен фирмалар саны мейліеше көп. Тек қана АҚШ-тың өзінде олардың саны 7 млн.-ды құрайды. Қолдағы қаржы қорының шектеулілігі оларды бірігуге итермелейді. Сөйтіп соның салдарынан әр-түрлі серіктестіктер құрылады.
Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың "өз ісіне" деген табиғи ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл қызметтің ерекше түрі – кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына әкеп соғады.
Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланыстс. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастағанісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б. коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субьектілері мыналар бола алады:
- Қазақстан азаматтары;
- Шетел мемлекетінің азаматтары;
- Адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы).
Кәсіпкердің мәртебесі заңды және заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктері ұлттық заң дармен реттеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеленуі:
- кәсәпкерлік қызметпен айналысу құқығы, кәсіпорындар құру
және олар үшін қажетті мүліктер сатып алу;
- барлық субьектілердің нарықтағы материалдық, еңбек, ақпарат
және табиғи ресурстарға қол жетеізудің теңдік құқығы ;
- меншік түрлеріне және ұйымдастыру-құқықтық формасына қара-
мастан кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы;
- кәсіпкерлердің мүліктерінен заңсыз айыруды қорғау;
- кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінді еркін таңдау;
- нарықтық монополия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір тауар
өндірушілердің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу.
Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төлеп беру өзгешілігі, кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушы оған бүгіннен бастап ақша төлеуге дайын.
Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай, кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық және қаржылық болып бөлінеді. Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешілігі, демек өзіндік технологиясы болады.

Кәсіпкерліктің түрлері


Өндірістік




Өндірістік кәсіпкерлікке – тұтынушылардың кейіннен сатып алуына тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау, өңдеу және ақпарат беру, рухани құндылық жасау тағы тағыларға бағытталған қызметтер жатады.
Өндірістік кәсіпкерліктің мүдделік өрісі едәуір түрліше және оны іске асыру үшін қаржылық және материалдық ресурстар, ал кейде олар көпмөлшерде қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі мол өнім өндіру және оны сату мүмкіндігі болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлікке –қызмет түрін сипаттайтын,оның мазмұнының мәнін айқындайтын тауар-ақша қатынастары,тауар-
айырбастау операциялары жатады.Мұның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы-мұнда өнім өндіруге-байланысты өндірістік ресурстарды қамтамасыз ету қажеттілігі тумайды.Технологияның бастапқы сатысы ретінде,не сатып алу, нені қайта сату және қай жерде екенін таңдай білу қажет.Бұл мәселелерді іске асыру,ең алдымен тауар бағасының өткізу бағасы жағдайында көтерме сатып алу бағасы елеулі жоғары болуы керек екеніне сүйену қажет.
Қаржылық кәсіпкерлік - коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі,солай болғандықтан оның сатып алу,сату объектісі айрықшалығы-тауар болып есептеледі: ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, векселдер, кепілдіктер және т.б.). яғни бірдей ақшаларды сату тікелей немесе жанама формада жүргізіледі.Солай болғандықтан қаржылық кәсіпкерлік – бұл коммерцияның бір түрі, онда қаржылық кәсіпкерінің технологиялық мәмілесі коммерциялық технология мәмілесімен ұқсас болады , айырмасы тек тауар – қаржы активі болып саналады.

4 Кәсіпкерліктің иновацияға қатынасы
4.1 Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі

Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі – бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен қатар жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.
Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады:
- өнімділік;
- үрдістік.
Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінле анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын ұштастырады.
Процестік инновация – бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды өзгерту.
Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және шетелдік тәжірибеде ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп нұсқасы болып табылады. Инновацияның өмірлік кезеңі өзара байланысты процестердің және жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге келуінен өндірістік өткізуден алып тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде анықталады.
Кәсіпкерліктің инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды пайдалануда қосылатындары:
- жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің
жаңа зертханалық үлшілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияны және бұйымдарды дайындауда ғылыми-зерттеу және конструкциялық жұмыстарды жүргізу;
- өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материал-
дардың қажетті түрлерін таңдап алу;
- жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;
- қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан
өткізу және жаңа техниканың үлгілерін енгізу;
- жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық-
басқарушылық шешімдерді әзірлеу және енгізу;
- қажетті ақпараттық ресурстарды және инновацияны ақпаратпен
қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу;
- қажетті ғылыми – зерттеу және конструкторлық жұмыстарды
жүргізу үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және
қызметкерлерді арнайы әдіспен іріктеу;
- лицензиялау, патенттеу, ноу-хау жұмыстарын жүргізу немесе қажетті
құжаттарды алу;
- инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік
зерттеулерді жүргізу.

Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі көптеген жағдайда жаңа техника мен технологияның техникалық деңгейінің көрсеткіштерінде айқындалады. Нарықтық экономикада жағдайында инновациялық қызметінің тиімділігін талдау қиындайды және көп сатылылығын білдіреді. Талдаудың бірінші кезеңінде - жаңа техниканы және технологияны қолдану қажеттігін көрсеткіштер және жаңа техника мен технологияның тииімділігі.
Техникалық-ұйымдастырушылық деңгейінің экономикалық тиімділігін арттыру көрсеткіштері және өз деңгейінің көрсеткіштері, яғни техниканың, технологияның, ұйымдастырудың, басшылықтың және ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстар жөніндегі көрсеткіштерді әдіснамалық тұлға айру қажет. Ең ақырында өндірістің техникалық-ұйымдастыру деңгейі өндірістік процестің негізгі элементтерін пайдалану деңгейінде байқалады:еңбек, еңбек құралдары, еңбек заттары. Міне, сондықтан да, мұндай экономикалық көрсеткіштер, еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну, айналым қаражатының айналымдылығы ретінде өндірістің қарқынды ресурстарын пайдалануды қамтитын жаңа техника мен технологияның экономикалық деңгейін арттыру көрсеткіші болып табылады. Жоғарыдағы аталған көрсеткіштер (еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну және айналым қаражатының айналымдылығы) қарқындатудың жеке көрсеткіштері деп аталады. Бұларды талдау техникалық-ұйымдастырушылық деңгейінің нысаны бойынша жүргізу қажет. Жеке көрсеткіштермен қатар қорытындылайтын көрсеткіштер де пайдаланылады.
Техникалық және ұйымдық дамудың экономикалық тиімділігін арттыру шаралары мына төмендегі топтарға бірігеді:
- еңбек өнімділігінің үстелуі, жұмыс істеушілердің саны және еңбекақы қорының салыстырмалы ауытқкы;
- материалдық қайтарымның үстелуі (материалды қажетсінуі), материалдық ресурстардың шығындарының салыстармалы ауытқуы;
- айналым қаражатының айналым жылдамдығының үстелуі, (босатып алу немесе байлау) айналым қаражатының салыстырмалы ауытқуы;
- қарқындату есебінен еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын тиімді пайдалануда өнімді шығару мөлшерінің үстелуі;
- пайданың немесе өнімнің өзіндік құнының үстелуі;
- кәсіпорынның төлем қабілеттіліг және қаржы жағдайының көрсеткіштерінің үстелуі.
Қолданылатын техникалық және технологиялық шешімдердің үдемелігі өндірістің мүмкіншілігімен тығыз байланысты. Өндірістің технологиялық деңгейінің ең үлкен дәрежесі технологиялық әдістік заттарға технологиялық қарқындылық және технологиялық басқарылатын процестерге, оның бейімделу-ұйымдық деңгейіне әсер етуіне байланысты болады.

Ғылыми-техникалық пррогрестің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
Жобалауда, әзірлеуде және жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізуде бұл шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау төрт кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең – бұл инновациялық шараларды іске асыру үшін қажетті шығындарды анықтау;
Екінші кезең – бұл қаржыландырудың мүмкіншілік көздерін анықтау;
Үшінші кезең – бұл жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізудегі экономикалық тиімділікті бағалау;
Төртінші кезең – бұл экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы салыстырмалы жаңалықтардың тиімділігін бағалау.
Кәсіпкерлік өндіріс жағдайында экономикалық тиімділікті анықтау кезінде мыналар пайдаланылады:
- өнімде және қызмет көрсетуде қолданыстағы көтерме сауда, бөлшек сауда бағалары және тарифтер;
- қолданыста заңды түрде белгіленген өндірістік ресурстар (өндірістік қорлар, еңбек және табиғи) үшін нормативтік төлемдер;
- қолданыстағы кәсіпкерліктің пайдадан нормативтік аударымы және орталықтандырылған салалық қорлар және резервтерді қалыптастыру үшін жоғары ұйымдардың, мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің бірігуі;
- банкілердің несие берудегі немесе жеке қаржыларын сақтау жөніндегі кәсіпкерліктің тәртібі мен есеп ажырасу мөлшері;
- валюталық түсімдерді қайта есептеу нормативтері, т.б.
Экономиаклық нәтижелілік – бұл еңбек өнімділігінің артуы, еңбек және материалдық сиымдылықтарын төмендету, өнімнің өзіндік құнын кеміту, пайданы өсіру және пайдалылықты одан әрі арттыру.
Ресурстық нәтижелілік – бұл кәсіпкерліктегі ресурстарды босатып алу; материалдық , еңбек және қаржы.
Техникалық нәтижелілік – бұл жаңа техника мен технологияның, ашу, өнертабыс және оңтайландыру ұсынысы, ноу-хау және басқа да жаңа енгізілімнің пайда болуы.
Әлеуметтік нәтижелілік – бұл халықты материалдық және мәдени-тұрмыстық деңгейінің артуы, олардың тауарлар және қызмет көрсетуде мұқтаждарын қанағаттандыру, жағдай және техниканың еңбек қауіпсіздігін жақсарту, ауыр қол еңбегінің үлесін төмендету, т.б.
Бұл нәтижелерге қол жеткізуге болады, егер де үкімет тарапынан ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге толық жағдай жасалса.

4.2 Инновациялық жобаларды бағалау

Кез-келген бір инновациянымен жобаны іске асыру материалдық және қаржылық шығынды қажет етеді. Жаңа өнімге немесе қызметікеқызметке қолданушылардың табылуы және де жобаның қаншалықты коммерциализацилауға өтетіндігін білмегендіктен ол әрқашанда рискке байланысты болады. Сондықтан да инновациялық үрдісте бағалау уақыты маңызды болып табылады. Бағалаудың қиындығына қарамастан, ол керекті және инновациялық үрдістің рискін түсіретін фактор болып табылады.
Инновациялық жобалардың эффектілігін бағалау кезінде жобаның белгіленуіне байланысты эффектіліктің бірнеше түрлерін анализдеу керек.

Инновациялық жобаларды салыстыру және олардың ішінен ең тиімдісін таңдауды келесі көрсеткіштерді қолдану арқылы орындалады:
- таза дискоттық кіріс (ТДК) немесе интегралдық эффект;
- кірістің индексі;
- кірістің ішкі нормасы;
- есе қайтару мерзімі;
- баллдық көрсеткіштерді алу әдісі;
- әр-түрлі көрсеткіштердің ұқсастығы.
Таза дисконттық кіріс қазіргі эффектілердің бүкіл төлемдік мерзімі бойынша мөлшері болып табылады:

Э = ТДК = ∑ ( Р - З ) 1/(1+Е) ;

мұндағы, Э - интегралдық эффект;
Т - төлем горизонты;
Р - сол уақыттағы жүзеге асырылатын көрсеткіштер, тг;
З - сол уақытта да жұмсалатын шығындар, тг;
1/(1+Е) – көрсеткіштер мен шығындар уақыты бойынша
коэффициент көрсеткіші;
Е - дисконт нормасы.

Егер де инновациялық жобаның ТД-сі оң болса, онда жоба эффектілі (пайдалы) болып табылады және де іске асырылуы тиімді болып саналады. ТДК неғұрлым көп болса, жобаның соғұрлым эффектісі молырақ болады. Егер де тнвестициялық жоба ТДК-сі теріс болса, онда инвестор шығынға ұшырайды да, жоба эффектілі болмайды.
Кіріс индексі (КИ) берілген эффектілердің қосындысының капитал салымына ара-қатынасын көрсетеді:

КИ = 1/К ∑ ( Р - З ) 1/(Т+Е) ;

мұндағы, З - капитал салымы кірмейтін жағдайдағы берілген
уақыттағы шығыны;

Кіріс индексі ТДК-мен тығыз байланысты. Ол сол элементтерден құралады және оның мағынасы ТДК-нің мағынасымен байланысты. Егер де ТДК оң болса, онда КИ > 1, және керісінше. Егер де К > 1, онда жоба эффектілі, ал егер КИ < 1 – онда эффектілі емес.
Ішкі кіріс нормасы (ІКН) Е дисконтының нормасын білдіріп, сол арқылы берілген эффектілер көлемі берілген капитал салымына тең болады.німдерді
Егер де инвестициялық жобаның ТДК төлемі "берілген дисконттық норма (Е) көмегімен эффектілі бола ма, әлде жоқ па?" деген сұраққа жауап берсе, онда ІКН төлем үрдісінде анықталып, артынан инвестордың талабы бойынша қойылған каиталды кіріс нормасымен салыстырады.
Егер ТДК инвестор талап ететін капиталдың кіріс нормасына тең немесе артық болса, онда берілген жобаға жасалған инвестиция ақталады және жобаны қабылдауды қарастыруға болады.
Егер ТДК және ІКН жоба нұсқаларын салыстыруда қарама-қарсы көрсеткішткерге әкелсе, онда ТДК анализі көрсеткіштеріне көңіл бөлу керек.
Есе қайтару мерзімі – бұл бастапқы жобаны жүзеге асыру барысындағы минималдық уақыт арасы. Бұл жобаға байланысты бастапқы салым мен басқа да шығындардың қосындылық көрсеткінтеріне дұрысталатын уақыт мерзімі. Ол жылмен, үшайлықпен және аймен өлшенеді.
Жобаны жүзеге асыру барысындағы көрсеткіштер мен шығындарды дисконтпен (егер есе қайтару мерзімі 1 жылдан астам болса) және дисконтсыз (1 жылдан кем) анықтауға болады.
Инновациялық кәсіпкерлік − новаторлық функциямен байланысты кәсіпкерлік іскерліктің моделі. Кәсіпкердің ролі жаңалықтарды, бұрын−соңды болмаған өнімдерді экономикалық дәстүрлі факторларын (еңбек, жер және капитал) қолдана отырып табу болып табылады. Осылайша, новаторлық қызмет ең мағызды болып есептеліп қалыптасады. Кәсіпкер уақыт талапарына жауап беріп, келесі функцияларды қолдана отырып уақыт сұранысына жауап береді:
- ғылыми-техникалық прогресті жылдамдату;
- модельдердің ауысуы;
- қолданушының болашақ сұраныстарын бүгін-ақ қамтамасыз етуге
дайын болу;
- жаңалықтарды (өнімдер, қызметтер, технологиялар, өндірістің жаңа
ұйымы және еңбек) енгізу және тарату үшін қолданушылармен тығыз
байланыста болу.
Осы себептер өмірге нарыққа жаңа талаптарға сай құрыла білетін көптеген кішігірім өндірістерді тудырады. Үлкен фирмалар өзінің инерционалдығын және "бұрылмаулылығынан" тез қалыптаса алмайды, бірақ үлкен мөлшерде кіші өндірістер ұсынатын жаңалықтарды қоса алады. Кәсіпкерліктің бұл ролін Й.Шумпетер былай айтты: "Кәсіпкердің мақсаты – ашуларды енгізу арқылы өндіріс тәсілдерін жаңадан құру және оны дамыту, ал нақтылай мағынада жаңа тауарлар немесе көне тауарларды өндіруде жаңа технологияларды қолдану арқылы шикізаттың жаңа қайнар көзін немесе дайын өнімнің жаңа нарығы ашу".

4.3 Инновацияны инвестициялау және ұйымдастыру негіздері

Жаңалық енгізудің негізі болып табылатын инновациялық іскерлік инвестициялық іскерлікпен тығыз байланыста болады. Инвестциясыз жаңалықтың болуы мүмкін емес, өйткені ол өндіріс, таранспорттық және сонымен қатар жаңалық-тауардың қолданушға жетуін қамтамасыз етеді.
Инвестициялау – бұл түсімді қалыптастыру мен алудағы ұзақ мерзімдік капитал салымы. Бұл бизнеске салынған инветициялар болып табылады (экономикалық инвестицияларда). Сол инвестициялардың көмегімен күшті өндірістік жарақтар құрылуда, жұмыс күшін жалға алу қалыптасуда, өндірістік үрдіс ұйымдастырылуда.
Әрқашанда инвестициялау бағдарының альтернативтік түрлері болады:
– ұзақ мерзімдік қолданудағы тауарлар мен қозғалмайтын мүлікті (сұраныс инвестициялары) сатып алу жолымен ақшалай салым;
– бағалы қағаздар түріндегі активтерді алу (қаржылық инвестициялары);
– инновациялық бизнеске арналған инвестициялар.
Инвестициялау бағдарын таңдау тиімді тәуекелдегі үлкен кірістерді болжауын көрсетеді.
Жаңалық енгізулерге арналған инвестициялардың өзіндік қасиеттері болады:
1) Олар инновациялық үрдістің өзіндік қасиетін қарастыру қажет, өйткені кейбір экономика салаларында тұрулар, ал кейбреулерінде – новацияға және өндірістік ақпараттық және өнімнің интенсивтік жаңаруына деген үлкен сұраныс қалыптасады. Инвестциялық үрдістің бұл қасиеті негізгі капитал жинағының механизмдері тығыз байланысты болып, жаңа білім мен интеллектуалдық еңбек өнімдерінің дискреттік қасиетін көрсетеді.
2) Бұл инвестицияларға спкуляцияның байланысы болмайды, өйткені олардың нақты болашақ кірісі мен ұзақ уақыттық салым мерзімі бар.
3) Ішкі және сыртқы факторларға байланысты оның ұйымдық-экономикалық және әлеуметтік параметрлерінің болуымен қатар, бизнеске арналған ивестицияларға обьект туралы мағлұмат білу керек.
Кәсіпкер сонымен қатар инвестициялық үрдістің өзімен анықталатын кейбір талаптарды есінде сақтау керек. Жаңалық енгізу обьектсі мен қаражат қайнар көзінің тәуекелін табу; инвестициялардың түрі (ақшлай қаражат, меншік, басқа активтер және міндеттемелер) мен жүзеге асырудың ұйымдастыру формасын таңдау; инвестицияларды қорғау және т.б.
Жаңалықты енгізу обьект тәуекелінің бірнеше түрлері кездеседі:
Нарықтың тәуекелмен инвестицияланған капиталдың сұраныс, өнімге және өндірістің факторларына арналған бағалардың қозғалысының нәтижесінде жоғалуыныі мүмкіндігімен айқындалады.
Бизнес тәуекелі - жаңалық енгізудің экономикалық бағалау эффектіліндегі нақтылықпен, соның ішінде инвестициялық мерзімнің ұзақтылығымен айқындалады. Қаржылық тәуекел – ақшаның қабілеттілігінің төмендеуі мен инветициялау, коммерциялық жүзеге асыру кезіндегі активтердің құнсыздауына байланысты.
Жаңалық енгізудің инвестициялауының шешу негізіне этаптық мерзімде жүзеге асырылатын стратегия мен бизнес әдісін таңддау кіреді.





Сурет 2 – Инновациялық қызметкерліктің стратегиясының қалыптасуы.

Инвестициялық талаудың статистикалық және динамикалық әдістердің қолдану арқылы критериалдық бағалар құралады. Солардың негізінде инвестициялауға шешім қабылданады.
Статистикалық әдістерге жобаның есе қайтару мерзімі, кіріс деңгейі, таза келтірілген баға, түсім индекс, рентабельдіктің ішкі коэффициенттің анықтамалары қатысты.
Динамикалық әдістерге – инвестициялық жобаның бағалауына әсер ететін көптеген фркторлар анықтамасы.
Өнеркәсіптің қаржылық жағдайын талдау (анализ) инвестициялауда маңызды орын алады. Бұл жерде жаңалық енгізу жүзеге асыру кзделіп отырады, сол үшін де жаңалық енгізуге дейін мен кейінгі обьекттің жағдайын көрсететін арнайы көрсеткіштер жүйесі қолданылады. Бұған өнеркәсіптің өзінің міндеттерін орындау қабілеттілігін сипаттайтын ликвидтілік және жаңалық енгізуге теріс ықпал ететін меншіктік міндеттемелер қолданылуы мүмкін.
Ұйымдық жобалау келесі кезеңдерден тұрады:
- жобаның маңыздылығын анықтау (федералдық, аймақтық, жергілікті);
- фиксация рангі жіне ұйымдастыру-құқықтық қатысушы формасы, сонымен қатар негізгі жеткізушілер мен жіберушілер;
- мемлекеттік және аймақтық басшылықтың жобаны қолдау дәрежесін орнату;
- инвестицияның кепілдігін қамтамасыз етуін анықтау, сонымен қатар тәуекелдерді сақтандыру, саясатты және банкілік кепілдіктер.
Үстіде келтірілген түсініктемелер, жобалаудың түрлері мен сценариилері болжау сипаттамасын анықтайды және көбінесе қарсылық сипаттаманы ұстанады. Бүкіл факторларды сандық көрсеткішпен көрсету мүмкін емес, өйткені мұнда жоба бойынша инегралдық эффектілік көрсеткіштері жоқ. Жаңалық енгізудің тиімділігі сонымен қатар оның қатысушыларының субьектік қызуғышылықтарына баланысты болады.
Сондықтан да кәсіпкер әрқашанда өндіріске арналған ивесициялар туралы шешімдер қабылдағанда тәуекелдейді. Дұрыс қабылданған бизнес стратегиясы, жаңалық енгізуді мамандырылған техника-экономикалық бағалау және керекті нәрселерді білу инновациялық процесті қазіргі үлгімен ұйымдастыру және де басқару қабілеті сол тәуеклелді тиімді қылдырып, көрсеткіштерді жоғары және тұрақты бір деңгейге жеткізеді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Инновациялық кәсіпкерлік − новаторлық функциямен байланысты кәсіпкерлік іскерліктің моделі. Кәсіпкердің ролі жаңалықтарды, бұрын−соңды болмаған өнімдерді экономикалық дәстүрлі факторларын (еңбек, жер және капитал) қолдана отырып табу болып табылады. Осылайша, новаторлық қызмет ең маңызды болып есептеліп қалыптасады. Яғни, бұл тақырып қазіргі таңда нарықтық экономиканың басты мәслелерінің бірі болып табылады. Бұл мәселені жүзеге асыруда көптеген фирмалар жетістіктерге жетуде. Сондықтан да кез-келген бір фирманың, кәсіпкерліктің инновациялық қызметсіз жетістіктерге жетуі бүгінгі күнде екі-талай болып отыр. Инновациялық кәсіпкерлік пен инвестциялық іскерлік экономикалық өсудің негізін құрап, тауарлық нарықпен тығыз байланыста болады. Жаңалықтарды құру және олардың коммерциялық өткізілуі инновацияға қатысушылардың жұмыстарының эффектілігіне байланысты. Мәселенің қиындығы кез-келген масштабтағы интеллектуалдық өнімдердің жинақталуы жаңалық енгізуге өтпеуінен тұрады. Инновациялық процестің біреуінен екіншісіне өтуі белгілі бір қосымша, делдалдық жүйе керек. Бұндай жүйе өзіндік қасиеттері мен механизмдері бар жаңалықтар нарығын құрайды. Бұндай нарықтың қасиеті - "субьектік ақпараттанудың " мүмкіншілігі болып табылады. Жаңалықтар нарығындағы сұраныс пен ұсынысын жорамалау өзінің қиындығынан, инновациялық процестердің тұрақсыздығынан қиындау болып табылады. Сол уақытта да, өнімді өндірушілердің арасындағы тез қалыптасып жатқан бәсекелестіктің себебінен техника мен технологиялардың, өнімдердің жаңаруының жылдамдығы ұлғаяды. Өндірістің қайтадан құрылуы мен өзгеріп жатқан жағдайларға үйренуі жаңалық енгізу тәжірибелілігіне, кәсіпкердің бизнеске көзқарасына байлаысты. Жаңалытардың құны мен бағасы белгілі бір өндірістің экономикалық көрсеткіштік факторларына байланысты қалыптасады. Инновацияның стратегиясы нарықтық коньюнктурасына, кәсіпкерліктің эконимикалық көрсеткіштері мен әлеуметтік қорытындының бағаларынан туындайды.

Әдебиеттер тізімі

1) В.Я.Горфинкель, Г.Б.Поляк, В.А.Швандар; "Предринимательство", ""Юнити", Москва, 2000
2) И.Т.Балабанов; "Инновационный менеджмент", "Питер", Санкт-Петербург, 2001
3) Фатхутдинов; "Производственный менеджмент", "Данков и К", 2002
4) А.Г.Кирьяков, В.А.Максимов; "Основы инновационного предриимательства", "Феникс", Ростов, 2002
5) Ахметов Қ.Ғ.; "Менеджмент негіздері", Алматы, 2003
6) Мейірбеков А.К.; Әлімбеков Қ.Э.; "Кәсіпорын экономикасы", Алматы, 2003
7) Зайцев Н.А.; "Экономика, организация и управление производством", Москва, 2000
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



40.9Kb
Категория: Экономика, макроэкономика, микроэкономика | Добавил: Admin
Просмотров: 3627 | Загрузок: 138 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Паскаль програмдау тілінің қайталау командалары
Құранды түсіну
Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн
Қазақстандағы музыка және театр өнері
Сарыбаев Болат (1927-1984) – қазақтың ұлы өнертанушысы
Адамға сәуле алудың қауіпі
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі
Бәйсейітова Күләш (Гүлбаһрам) Жасынқызы
Қазақстандағы камералық-аспаптың жанрдың қалыптасуы мен дамуы
Елбасы мақсаты- ел мұраты, гүлденген Қазақстан
Есенжанов Хамза
Нәзір Төреқұлов
Марғұлан Әлкей Хақанұлы
Валеология бойынша бағдарламаны енгізу
Сәбитұлы Асанқайғы