Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Курсовые на казахском » Экономика, макроэкономика, микроэкономика

ЕЛІМІЗДІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ
Загрузка...
ЖОСПАР

КIРIСПЕ .......................................................................................................................3
I КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МӘНІ ..............................................................................................5
1.1 Коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикалық маңызы мен мәні ...............................................................................................5
1.2 Коммерциялық банктердің активті операцияларының жіктелуі .....................7
II ЕЛІМІЗДІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР ..................................................................19
2.1 Еліміздегі коммерциялық банктердің несиелік операцияларының бүгінгі таңдағы жағдайы .......................................................................................................19
2.2 Лизингтің операциялардың дамуы көрсеткіштері ..........................................22
2.3 Бағалы қағаздармен операцияларға анализ ......................................................24
2.4 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің есеп айырысу операцияларының даму мәселелері .......................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...........................................................................30

КIРIСПЕ
Жалпы рыноктық қатынастарда шаруашылықтың тиімді ұйымдастырылуы мен қызмет етуі олардың қаржылық жағдайына, несиелер алу жолдарына байланысты болады. Сонымен қатар рыноктық экономикада экономиканы реттеуде және тұрақты дамуын қамтамасыз етуінде жүргізілетін тікелей және жанама экономикалық саясаттар сол елдің банк жүйесі қызметтері мен оның атқарып отырған саясаттары арқылы іске асады. Елдің ақша-несие саясатының бағыттарын, элементтерін және экономиканы тиімді дамыту, инфляция деңгейін төмендету және оның тұрақты деңгейін сақтауды іске асыратын Ұлттық банктің өзі бұл қызметтерді экономикадағы екінші деңгейлі крммерциялық банктермен бірлесе отырып атқарады.
Коммерциялық банктер сонымен қатар экономиканың шаруашылық салалары, халық пен Үкіметтің экономикалық шаралары, Ұлттық банк саясаттары арасында қаржы делдалы қызметін атқарады. Коммерциялық банктер уақытша бос ақша қаражаттарын экономикалық шаруашылықта сол ақшаға сұраныс туып отырған салаларды несиелеуді, әр түрлі делдалдық операцияларды жүзеге асыруға, елдің қаржы саласының толық қанды дамуына, отандық инвестицияның өсуіне, халықтың экономикалық қызметті еркін жүргізуіне, жалпы бір сөзбен айтқанда нарықтық экономика жүйесінің бір негізгі тармағы болып табылады.
Осы айтылған коммерциялық банктер қызметі ішіндегі олардың активті операцияларының орны ерекше. Активті операциялар негізінде экономиканың шаруашылық салаларын қаржылармен қамтамасыз ету, олардың ынталы түрдк қызмет етуін қалыптастыру, елдің заңды немесе жеке тұлғаларының есеп айырысу қызметтерін жүргізу, экономикада делдалдық қызметтер атқару, халықты немесе басқа да ұйымдарды несиелендіру операциялары болып табылады. Бұл операциялар өз кезегінде коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикадағы маңыздылығы мен мәнін айқындайды.
Осыған орай мен курстық жұмысымның тақырыбын несие және банк жүйесінің негізгі буыны және олардың қызметтерінің басым орындаушыылқ бөлігін іске асыратын коммерциялық банктердің активті операцияларының өзектілігіне байланысты «Коммерциялық банктердің активті операциялары» деп алдым.
Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым коомерциялық банктер нарықтық шаруашылықта қаржы делдалы ретінде тікелей экономика салаларымен қызмет етеді және коммерциялық банктердің активті операциялары барысында барлық шаруашылық механизмдер тиімді ұйымдастырылып, реттеліп және дамып отырады.
Енді осы аталған активті операциялардың маңызы мен мәнін, олардың қызмет ету механизміне және еліміздегі атқарылып жатқан активті операциялардың бүгінгі таңдағы даму барысына толығымен тоқталып өтсек.

I КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МӘНІ

1.1 Коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикалық маңызы мен мәні

Коммерциялық банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметiнiң үрдiсiнде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен мiндеттемелердi жасады. Клиенттердiң салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа мiндеттеме жасаса , ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қояды. Осы жаңа мiндеттемелер мен талаптарды жасау үрдiсi қаржылық делдалдықтың негiзiн құрайды. Несие берушi қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметiнiң қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.
Коммерциялық банктер – нарықтық экономикада несие жүйесiнiң негiзгi буыны. Олардың мiндетi ақша айналымы мен капитал айналымының үздiксiз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсiп мекемелерiн, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруащылығына қор жинау үшiн жағдай жасау болып табылады. Қазiргi коммерциялық банктер қаржы делдалы ретiнде ақша капиталын салааралық және аймақаралық қайта бөлудi қамтамасыз етiп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Ендi коммерциялық банктер туралы кеңiрек танысу үшiн олардың қызметтерiн қарастрырайық:
Ақша қаражатын шоғырландыру және тарту қызметi – банктердiң ежелден атқаратын қызметтерiнiң бiрi. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшасын банкке тарту, бiр жағынан, олардың иесiне процент түрiнде табыс түсiрсе, ал екiншi жағынан банктiң несие операцияларын жүргiзуiне негiз қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлi экономикалық және әлеуметтiк қажеттiлiктерге жұмсалуы мүмкiн.
Коммерциялық банктердiң атқаратын келесi қызметi - несие беруде делдал болу. Бос ақша қаражат иесi мен қарыз алушының арасында тiкелей несие қатынастарының туындауына кедергi болатын жәйттер: ұсынылатын капитал көлемiнiң қарызға қажеттi көлемге сай келмеуi, капиталдың айналыстан босау мерзiмiнiң қарыздарға қажет мерзiммен сай келмеуi. Коммерциялық банктер қарыз берушi мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдалы ретiнде осы кедергiлердi жояды. Банктiк несие экономиканың әр түрлi секторларына берiлiп , өндiрiстiң кеiеюiн қамтамасыз етедi.
Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесiнсiз тұрақты экономика болуы мүмкiн емес. Сондықтан банктiң келесi қызметi шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргiзудiң ролi зор. Кәсiпорындар арасындағы есеп айырысудың негiзгi бөлiгi қолма-қол ақшасыз жүредi. Банктер делдал ретiнде клиенттердiң тапсырысы бойынша шотқа ақша қабылдап, ақшаның түсуiн және берiлуiн есептейдi.
Коммерциялық банктердiң ерекше қызметi құралдарын шығару арқылы айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту немес азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттiк және несиелiк қызметтерiне тiкелей байланысты. Депозит екi түрлi жолмен: клиенттiң банкке ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктiң несие беруi арқылы жүргiзiледi.
Коммерциялық банктер акция және облигация түрiндегi бағалы қағаздарды шығарып және орналастыру эмиссиялық – құрылтайшылық қызмет атқарады. Банктердiң жинақтарды өндiрiстiк мақсатқа жұмсайтын мүмкiндiгi бар. Сөйтiп бағалы қағаздар нарығы несие жүйесiн толықтырып, әрi онымен тығыз байланыста жұмыс iстейдi. Ұзақ мерзiмдi инвестиция тарту мақсатында кәсiпорындар акция және облигациялар шығарады.
Банктер сенiмхат бойынша клиенттердiң мүлкiн басқару қызметiн де атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметтi атқаруға құқығынан айрылғандардың мүлкiн уақытша басқару; iзбасарларының мүддесi үшiн өлген адамның мүлкiн басқару; пайда табу мақсатымен капиталды басқару және т.б. қызметтер көрсету болып табылады. Ал компанияларға көрсететiн қызметтерi : банктiң облигациялар бойынша кепiлшi болуы; нарыққа шығарылған акцияларды және трансферттердi тiркеу үшiн өкiл болуы; корпорацияның зейнетақы қорының қаржысын басқарушы болуы және т.б. қызметтер атқарады.
Экономикалық мағлұматтарды өзiне жинақтауы банктердiң клиенттерiне кеңес беру қызметiне мүмкiндiк туғызады. Банктер төмендегiдей кеңес бередi: шот ашу ; есеп-несиелiк және кассалық қызметкөрсетуден бастап, ақша және тауар нарықтарында операциялар жүргiзуге дейiн нұсқау бередi.
Осы аталған қызметтердің негізгі бөлігі, яғни несие беру қызметі, есеп айырысу – делдалдық қызметтері, бағалы қағаздар шығару және оларды орналастыру қызметтері коммерциялық банктердің активті операциялары негізінде жүргізіледі.
Елiмiздегi банктiк жүйе екi деңгейлi екенiн бiлемiз, яғни соның екiншi деңгейiндегi коммерциялық банктер халық шаруашылығы мен Ұлттық банк арасындағы негiзгi қаржы делдалы болып табылады . Қазiргi кезде коммерциялық банктер өз клиенттерiне 200-ге жуық әр алуан операциялар мен қызметтер көрсете алады. Мұндай кең көлемдi операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерiн сақтай отырып қолайсыз жағдайдың өзiнде де пайдалы жұмыс жасауға септiгiн тигiзедiгіне байланысты .
Банк қызметiн – банк пен клиент мүддесi үшiн белгiлi бiр iс әрекеттрдi орындауын сипаттауға болады. Қазiргi кезде негiзгi дәстүрлi қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлiгiнiң осы операциялар бойынша пайыздық операциялардан алады .
Коммерциялық банктер желiсi ақша нарығының қалыптасуына ықпал етедi, ал заңды және тұлғалардың мемлекетке уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және экономика мен халықтың қысқа мерзiмдiк қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негiзi болып табылады.
Коммерциялық банктер негiзiнен өз клиенттерiнiң шаруашылық қызметтерiне қызмет көрсетумен байланысты несиелiк есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрiмен айналысады. Бұл операциялар коммерциялық банктердің активті операцияларының мәнін ашады.
“Қазақстан Республиксындағы банктер және банктiк қызмет туралы” Заңға сәйкес коммерциялық банктер мынадай операцияларды орындай алады:
1. клиенттер мен банк корреспонденттердiң шоттарын жүргiзу және оларға кассалық қызмет жүргiзу;
2. қайтарымдылық, мерзiмдiк және төлемдiк шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзiмдiк несиелер беру;
3. инвестицияланатын қаражаттар иелерiнiң немесе иемденушiлердiң тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
4. заңда көрсетiлген тәртiппен бағалы қағаздарды шығару;
5. төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргiзу;
6. банктiк операциялар бойынша брокерлiк қызметтердi көрсету, клиенттердiң тәуекелi бойынша олардың агенттерi ретiнде әрекет ету;
7. коммерциялық мәмiлелердi қаржыландыру;
8. клиенттердiң тапсырмалары бойынша сенiмдiк операцияларды (қаражаттарды қарау, орналастыру және бағалы қағаздарды басқару)
9. лизингтiк операцияларды жүзеге асыру және тағы басқа опреациялар.
Активтік операциялар бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдалануға ерекшелігін сипаттайды.
Коммерциялық банктердің активті операцияларының негізінде экономиканың шаруашылық салаларын қаржылармен қамтамасыз ету, олардың ынталы түрдк қызмет етуін қалыптастыру, елдің заңды немесе жеке тұлғаларының есеп айырысу қызметтерін жүргізу, экономикада делдалдық қызметтер атқару, халықты немесе басқа да ұйымдарды несиелендіру операциялары болып табылады. Бұл операциялар өз кезегінде коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикадағы маңыздылығы мен мәнін айқындайды.

1.2 Коммерциялық банктердің активті операцияларының жіктелуі

Активтік операциялар бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдалануға ерекшелігін сипаттайды.
Қазақстан Респупликасының активтік банктік операциялары келесідей түрлерге бөлінеді:
• Несиелік операциялар;
• Инвестициялық операция, яғни бағалы қағаздар бойынша;
• Қаржылық опеарациялар (лизинг, факторинг, форфейтинг);
• Кассалық операциялар
• Делдалдық-комиссиондық операциялар.
Банктің активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік операциялары негізінде алады. Банктік ссудалық операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктің несиелері біршама табысты және тәуекел дәрежесі де жоғары болып табылады. Несиелік операция банктің операцияларының жалпы басым бөлігін (80%) құрайды.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берiлетiн ссудалық капитал қозғалысы. Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылығы бар. Несие – банктiң қаражатын құрайтын көзi ретiнде барлық несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бiр формасын бiлдiретiн кең ұғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi.
Қарыз берушi – қарызды беретiн несиелiк қатынастардың бiр жағы. Қарыз берушi – бұл уақытша пайдалануға қарыз берушi субъектiлер болып табылады. Қарыз берушiлерге: банктер, банктiк емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектiлерi және халық жатады.
Қарыз алушы – бұл несиенi алушы және оны қайтаруға мiндеттi, несиелiк қатынастардың екiншi жағы. Борышқор және қарыз алушы бiр-бiрiмен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсiнiктерi әр түрлi.
Қарыз берушi және қарыз алушымен қатар несиенiң құрылымының элементiне берiлетiн объектi де жатады. Беру объектiсi – бұл құнның ерекше бөлiгi, яғни қарызға берiлген құн.
Несие түрi – бұл несиелiк қатынастар құрылымының, олардың негiзгi қызметтерiнiң, яғни әр алуан сыртқы және iшкi өзгерiстер барысында толық сақталатын көрiнiсiн бiлдiредi. Несиенiң екi формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрiнде берiлетiн нсеиенi – коммерциялық, ал ақша түрiндегi несиенi банктiк деп атйды.
Банктiк несие – бұл банктiк мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берiлетiн несиенi бiлдiредi. Банктiк несие – бұл экономикадағы кеңiнен тараған несиелiк қатынастардың формасы болып табылады. Банктiк несие бойынша несиелiк қатынастардың құралына несиелiк шарт немесе несиелiк келiсiм жатады. Банктiк несиеде несие берушi: банк және арнайы қаржы мекемелерi болса, ал қарыз алушылар ретiнде: кәсiпкерлiкпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушiнiң басты мақсаты – пайыз түрiнде табыс алу.
Несиелер берiлу шартына қарай келесi түрлерге бөлiнедi:
• Тұтыну несиесi – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшiн және тұрмыстық қызметтердi өтеуге берiлетiн несие.
• Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүлiктердi (тұрған үйдi, өндiрiс ғимараттарын, жердi және т.с.с.) кепiлге ала отырып, ұзақ мерзiмге берiлетiн несие.
• Овердравт несиесi – клиенттiң шотынан қаражатты шегеру, дебеттiк қалдық бойынша берiлетiн қысқа мерзiмдi несиенiң формасы.
• Овернайт несиесi - өтiмдiлiктi қолдау мақсатында бiр түнге берiлетiн банкаралық несиенiң түрi;
• Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетiн қысқа мерзiмдi несие;
• Банкаралық несие – банктердiң бiр-бiрiне беретiн несиесi;
• Ломбардтық несие – тез iске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепiлге алып, берiлетiн несие;
• Лизингтiк несие – құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берiлетiн несие;
• Сенiм несиесi – банктiң сенiмiне кiрген, төлем қабiлетi жоғары клиенттеге берiлетiн несие;
• Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсiмдi алу мерзiмi арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие. Мысалы, бұл несие ауыл шаруашылығында жиi кездеседi.
Жалпы қорытындылай келе, банктер несие беру барысында несиелiк саясатты iске асырады. Несиелiк саясат – банктiң несиелiк жұмысын ұйымдастыру негiзiн және несиелеу процесiне қажеттi құжаттар жұйесiн жасау шарттары.
Банктің инвестициялық операциялары – несиелік опеарциялардан кейінгі орында тұрады. Бұл операциялар негізінен бағалы қағаздар портфелі арқылы қалыптасады. Бағалы қағаздар портфелін қалыптастырдың мақсаттарына банкке табыс әкелу және өтімді активтер қатарын толықтыру.
Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:
• Мемлекеттік бағылы қағаздар;
• Корпоративтік бағалы қағаздар.
Бүгінде ҚР-ның екінші деңгейлі банктері инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігін мемлекеттік бағалы қағаздарға жұмсап отыр. Себебі, мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған активтер, біріншіден, өтімді, яғни коммерциялық банктер бағалы қағаз түріндегі активтерін тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады. Екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен оның тәуекел деңгейі төмен немесе жоқ деп те атасақ болады.
Сонымен қатар бүгінде коммерциялық банктердің активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруы дамы пкеле жатыр. Жалпы корпоративтік бағалы қағаздарға келесілер жатады:
1) Акциялар;
2) Облигациялар;
3) Депозиттік және жинақ сертификаттары;
4) Ипотекалық куәліктер;
5) Депозитарлық қолхаттар.
Осылардың ішінде бүгінгі таңда инвестициялық операциялардың негізгі бөлігі акция мен облигация негізінде дамып отырғаны белгілі.
Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке табыс әкелетін активтік операцияларды сипаттайды. Оларға: лизинг, факторинг және форфейтинг операциялары жатады.
Лизинг – бұл лизинг берушiнiң өзiне тиесiлi құрал-жабдықтарды, машиналарды, ұйымдастыру техникаларды, өндiрiске және сауда саттыққа арналған құрылғыларды, машина және ұшақтарды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтiк төлем төлеу шартымен, белгiленген мерзiмге пайдалануға беруiн қарастыратын жалға беру шарты.
Лизингтiң несиеден айырмашылығы келiсiмшартта көрсетiлген төлемдер төленiп, мерзiмi аяқталғаннан кейiн де лизинг объектiсiнiң лизинг берушiнiң банктiк меншiк объектiсi ретiнде қарыз алушының берген кепiлдiгi қалады.
Лизингтiк мәмiлелердiң бiрнеше түрлерi бар. Барлық лизингтiк операциялар екi түрге бөлiнедi: шұғыл және қаржылық лизингтер.
Шұғыл лизинг – бұл мүлiктiң қызмет ету мерзiмiне қарағанда, оның пайдалану мерзiмiнiнiң қысқалығын және мүлiктiң құнын толық өтеуiн сипаттайды.
Қаржы лизинг – уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзiмi iшiнде өзiнiң толық амортизациялық құнын төлеп шығарумен немесеөзiн-өзi өтеуiмен байланысты сипатталады.
Лизингтiң артықшылықтары мен кемшiлiктерi келесiдей.
Лизингтiң қарапайым несиеден келесідей артықшылықтары бар:
• Лизинг көмегiмен кепiлге беретiн мүлкi жоқ ұсақ кәсiпорындарды несиелеуге болады;
• Лизинг 100%-ға дейiн несиелеудi ұсынады, яғни кәсiпорынға қысқа мерзiм iшiнде өзiнiң меншiктi капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсiптiк өнiм шығаруға және пайда табуға мүмкiндiк бередi;
• Кәсiпорынға мүлiктi несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебi, бұл жерде ол мүлiк кепiл ретiнде болады;
• Құрал-жабдықтың лизинг берушiнiң меншiгiне болатындығына байланысты, өнiмнiң құнына лизингтiк төлемдер ғана қосылып, мүлiкке салынатын салықты жалға берушiнiң өзi төлейдi. Сөйтiп, лизинг алушы салықтық жеңiлдiктер алады.
Лизинг операцияларының кемшiлiктерiне келесілер жатады:
• Жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан ештеңе ұтпайды;
• Ұйымдастырудың күрделiлiгi;
• Лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бiрақ та ескiрген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдiң лизинг берушiнiң басында болатынын ұмытпау қажет.
Ендi жалпы лизингтiк операциялардың типтiк сипатын анықтайтын келесi схеманы көру арқылы лизингтiк бизнестiң iске асуын анықтайық. Оны келесi суретен көре аламыз:

4

1 2
7 5

6 6 9 9 8 3

Сурет-1 – Лизинг қатынастарының типтiк схемасы

Мұндағы сандармен берiлген байланыстардың мәндерi келесiдей:
1. лизинг берушi мен лизинг алушы арасындағы лизинг келiсiм шарты;
2. лизинг компаниясы мен жеткiзушi кәсiпорын арасындағы сатып алу-сату келiсiм шарты;
3. лизинг берушi банктердiң арасындағы несиелiк қорытынды;
4. жабдықтаушы кәсiпорынның құрал-жабдықтарды лизингтiк компанияға өткiзуi;
5. лизинг берушi фирмалардың жеткiзушi кәсiпорындарға алған құрал-жабдықтарының құнын төлеуi;
6. лизинг берушi мен сақтандыру компаниясының арасындағы келiсiмдердi сақтандыру щаралары;
7. лизинг алушының лизинг берушiге тұрақты төлеп отыратын төлемдерi;
8. лизинг берушiге банктiк несиелердi қолданғаны үшiн пайыздық қойылымдар;
9. лизинг берушiлердiң мемлекеттiк жергiлiктi бюджетке төлеп отыратын төлемдерi және лизингтiк компанияны қолдаааау мақсатындағы мемлекеттiк жеңiлдiктер мен көмектер.
Коммерциялық банктердiң ең көп таралған делдалдық қызметiнiң бiр түрi – факторинг. Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшiн уақытын кешiктiрiп төлеуге беретiн тауар формасындағы және ашық шот түрiнде рәсiмделетiн коммерциялық несиенiң болын сипаттайды. Факторинг – клиенттiң айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда-комиссиондық операциясының бiр түрi. Бұл жерде факторингтiк компания клиенттердiң шотын 90%-ға дейiн төлеу шартымен сатып алады. Факторингтiң мақсаты кез-келген несиелiк операциялардың ажырамас бөлiгi болып табылатын тәуекелдi қалпына келтiруiн шешуге бағытталады.
“Фактор” сөзi ағылшын тiлiнен “factor”, аударғанда “маклер, делдал” деген мағынаны бiлдiредi. Экономикалық жағынан алғанда бұл – делдалдық операция. Факторинг – жабдықтаушы-клиенттiң жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтерi үшiн төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.
Келiсiмшартқа сәйкес банк жабдықтаушының контрагенттерi өздерiнiң қарызын өтегенiне қарамастан төлем талабындағы соманы төлеуге мiндеттеме алады. Дәл осы жерде факторинг пен банктiк кепiлдеменiң арасындағы айырмашылық байқалады. Яғни, банктiк кепiлдеме бойынша банк өзiнiң есебiнен, оған тиiстi соманы клиент төлемеген жағдайда төлеуге мiндеттi болып табылады. Факторингтiк қызметтiң мақсаты төлеушiнiң төлем қабiлетiне байланыссыз факторингтiк келiсiм шартта көрсетiлген мерзiмде тез арада қаражатты алу болып табылады.
Факторинг операциясы бүгiнгi таңда, отандық ақша нарығында дами алмай отыр. Факторингтi енгiзу сынағы, негiзiнен, 1988 жылы КСРО Өнеркәсiп құрылыс банкiмен жүзеге асырылып, кейiннен өзге де коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтiп, 90-шы жылдардың басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметiнiң банктер үшiн тиiмсiздiгiн айқындап, нәтижесiнде отандық банктерiмiз күнi бүгiнге дейiн бұл операцияға салғырттық танытуда.

Факторинг операциясына үш тарап қатысады:
1. Факторингтiк компания (банктiк факторинг бөлiмi) - өздерiнiң клиенттерiнен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.
2. Клиент (тауарды жабдықтаушы, несие берушi) фактоинг компаниясымен келiсiм шарт жасасушы өнеркәсiптiк мекеме.
3. Кәсiпорын (қарыз алушы) – тауарды сатып алушы фирма.

Факторингтiң бiрегей құқықтық негiзiн құру үшiн 1988 ж. Халықаралық факторинг туралы конвенция бекiтiлген. Халықаралық факторинг туралы кез-келген келiсiмшарт төменде берiлгендердiң кемiнде екеуiн қамтуға тиiс:
• Аванс және несие беру жолымен жабдықтаушыны қаржыландыру;
• Төлем талаптарына жататын жабдықтаушының шоттарын бухалтерлiк жағынан өңдеу;
• Борышқорлардан ақшалай қаражат алу;
• Жабдықтаушыларды олардың борышқорларының төлем қабiлетсiздiгi жағдайынан қорғау.
Факторингтiк операциялар банктер және арнайы ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Ол үшiн банктерде арнайы бөлiмдер ашылуға тиiс. Факторингтiк операциялардың мыналар бойынша жасалмайтынын ескеру қажет:
• Жеке тұлғалардың қарыздық мiндеттемелерi бойынша;
• Бюджеттiк мекемелердiң қоятын талаптары бойыша;
• Банктiң несиелеуден алынып тасталған немесе төлем қабiлетiнсiз деп танылған кәсiпорындар мен ұйымдардың мiндеттемелерi бойынша;
• Кәсiпорындардың филиалдары немесе бөлiмдерiнiң мiндеттемелерi бойынша.
Факторинг пен форфейтинг операциялары өзара ұқсас болып келедi. Бiрақ форфейтингтiң факторингтен айырмашылығы – форфейтинг сатқан тауарлар мен қызметтерге деген құқықтарды қайта сату арқылы ақшалай қаражаттарды қарызға алумен байланысты бiр рет жасалатын операцияны бiлдiредi. Сондай-ақ экспортердiң форфейтингтiк қызметi орта мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi несиелеумен байланысты болса, ал факторингке несие беру мерзiмi небары 6 айды құрайды.
Форфейтинг – бұл форфейтордың, яғни коммерциялық банктiң немесе арнайы компанияның экспортерға импортердiң төлеуге тиiстi төлем талабын сатып алуы.
Форфейтинг мәмiлесiде үш қатысушы болады:
1. Экспортер, яғни тауарды орта мерзiмдi кезеңге несиеге берушi;
2. Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;
3. Форфейтор, яғни мәмiленi қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым.

Мұндағы, 1 – мәмiлеге қатысушылар арсында келiсiмшарт жасалады; 2 – тауарын несиеге бередi; 3 – аудармалы вексельдi (5-7 жылға) жазып бередi; 4 – аудармалы вексельдi қайта сатады; 5 – аудармалы вексельдi есепке алады; 6 – мерзiмi жеткенде төлеуге ұсынылады; 7 – вексель бойынша мiндеттемесiн өтейдi.
Форфейтинг механизмiн мынадай екi мәмiле түрiнде пайдаланады:
1. Қаржы мәмiлесiнде – орта мерзiмдi қаржы мiндеттемесiн тез арада iске асыру мақсатында.
2. Экспорттық мәмiле бойынша – шетелдiк сатып алушыға несиеге тауар бергенi үшiн экспортерға қолма-қол ақшамен түсiм түсуге ықпал ету мақсатында.
Форфейтинг мәмiлесiнiң мерзiмi 180 күннен 5 жылға дейiнгi аралықты құрайды, кей жағдайларда – 7 жыл.

Қ.Р-дағы екiншi деңгейдегi банктер өздерiнiң кассалық операцияларын 1999 жылы 15 қарашада Ұлттық банктiң Басқармасының қаулысымен бекiтiлген “ҚР екiншi деңгейдегi банктерге кассалық операцияларды жүргiзу” ережесiне сәйкес жүзеге асырады.
Осы ережеге сәйкес, кассалық операция – бұл құндылықтарды қабылдау, қайта санау, майдалау, айырбастау, беру, сортау, орау және сақтаумен байланысты операцияны бiлдiредi.
Касса жұмысын ұйымдастыру, яғни клиенттерге кассалық операциялар бойынша қызмет көрсету және қолма-қол ақшаны өңдеу үшiн банктерде мынадай бөлiмшелер болуға тиiс:
• кiрiс кассасы;
• шығыс кассасы;
• кiрiс-шығыс кассалары;
• қайта санау кассасы;
• кешкi касса;
• сыртқа шығатын касса.
Банк кассасына клиентерден қолма-қол ақшаларды қабылдау және оларды ағымдық және корреспонденттiк шоттар бойынша есепке алу мынадай кiрiс кассалық құжаттар көмегiмен жүргiзiледi:
1. қолма-қол ақшаны салатындығының хабарламасы;
2. кiрiс кассалыө ордер бойынша.
Кассадағы қолма-қол ақшаны өткiзу үшiн клиент кiрiс кассалық құжатты толтырады және оған қосымша бетте кассаға өткiзiлетiн банкнота мен монеталардың тiзiмiн жасап, онда олардың номиналдарын, санын, сондай-ақ банкноталар мен монеталардың сомасын санмен және жазбаша түрде көрсетедi.
Қолма-қол ақшаны қабылдап алғаннан кейiн, кассир қабылдаған соманы, кiрiс кассалық құжатындағы сомамен салыстырады, сома сәйкес келген жағдайда кассир кiрiс кассалық құжатқа қолын қойып, түбiртекке “Кiрiс кассасы” деген мөр басып, оны ақшаны тапсырушыға бередi.
Банк клиентiнiң ағымдық және корреспонденттiк шотынан қолма-қол ақшаны беру мынадай құжаттар арқылы жүзеге асырылады:
1. ақшалай чекпен;
2. шығыс кассалық ордермен.
Банк клиентi қолма-қол ақша алуға арналған кассалық құжаттарын операциондық жұмыскерге бередi, ол құжаттарға қажеттi тексерулер жүргiзiп, оларды бақылаушы-бухгалтерлерге бередi, сөйтiп шығыс кассалық ордерiнде көрсетiлген қолма-қол ақша сомасы шығыс жөнiндегi кассалық журналда есепке алынады.
Шығыс құжатын алған бақылаушы-бухгалтер мынадай жұмыстарды жүогiзуге мiндеттi:
1. қолма-қол ақшаны беруге құқығы бар банктiң жауапты тұлғаларының қолдарының барлығын тексерiп, оны қол қою үлгiсiмен салыстыруға;
2. құжатта көрсетiлген соманың саны мен жазба түрдегiсiн салыстыруға;
3. клиентттiң лауазымды тұлғаларының шығыс құжатында қолдарының болуын тексеру және оларды үлгiде қойылған қолдарымен өзара салыстыру.
Содансоң барып кассир қолма-қол ақшаны алушыны кассаға чектегi номерi бойынша шақырып, тағы да қандай соманы алатындығын нақтылап алып, содан кейiн ақшасын бередi.
Қайта есептеу кассасы клиенттiң инкассацияланған ақшалай түсiмдерiн қайта санаумен айналысады. Қайта есептеу кассасының кассирi, бақылаушы кассирдiң қатысумен кешкi кассаның кассирiнен және бақылаушы кассирден инкассаторлық сөмкенi қабылдап, ақшаны оған тiркеме құжаттар негiзiнде қайта санаудан өткiзiп, қабылдап алады.
Инкассаторлардан қолма-қол ақшасы бар сөмкелердi кассирлер қабылдау барысында мыналарды тексередi:
1. келiп түскен сөмкелердiң тұтастығын;
2. сөмкедегi қойылған пломбаның банктегi пломбының үлгiсiмен сәйкестiгiн;
3. инкассаторлар тапсыратын сөмкелердiң құжаттағы сөмкенiң номерiмен сай келуiн;
4. қабылдайтын соманың құжатта көрсетiлген сомамен сәйкестiгiн.
Инкассалық сөмкенi қабылдап алған соң, бақылаушы-кассир және бригаданың әрбiр мүшесi қабылдаған сөмкелердi есепке алу журналдарының екеуiне де қолдарын қояды. Журналдың екiншi данасын бақылаушы инкассаторлардың басшысына бередi.
Отандық банк тәжiрибесiнде банктердiң есеп айырысу-кассалық операциялары мынадай түрлерге бөлiнедi:
• банктiк шоттар ашу;
• ұлттық немесе шетел валютасында аударым операциялары;
• алдағы уақытта валюталау күнi қойылуға тиiстi, ұлттық валютадағы аударым операциялары;
• төлемнiң шартын өзгерту немесе қайтару;
• валюталық операцияларға бақылау жасау;
• шоттың архивiн беру;
• шоттан қолма-қол ақша берк;
• ұсақ ақшаларды iрiлеп беру;
• банктен кеңсеге дейiн немесе керiсiнше қолма-қол ақшаларды инкассациялау;
• құндылықтарды жеткiзiп беру.
Коммерциялық банктердiң тағы да бiр активтi операциясы бұл траст. “Траст” ағылшын тiлiнен аударғанда “сенiм” деген сөздi бiлдiредi. Траст бұл сенiммен басқаруға берiлген мүлiкке деген құқықты анықтайтын және меншiктi иеленудiң ерекше нысаны.
Траст операциясы – клиенттiң сенiмдi тұлғасы ретiнде оның мүлкiн басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банктiң операциялары.
Траст операциясына қатысушыларға мыналар жатады:
• Траст құрылтайшысы – сенiмдi меншiк иесiне сенiмхат арқылы басқаруға беретiн, мүлiктiң немесе мүлiктiк құқықтардың меншiк иесi. Траст құрылтайшысы ретiнде кез келген қолында мүлкi бар заңды немесе жеке тұлға бола алады.
• Трастыны иемденушi – траст келiсiмшартындағы көрсетiлген жағдайға сәйкес, мүлiктi басұару құқығын өзiне қабылдайтын тұлға. Мұндағы мүлiкке жылжитын және жылжымайтын мүлiктер де жатады.
• Бенефициар – траст келiсiмшартын өзiнiң пайдасына жарататын кез келген заңды және жеке тұлға.
Сонымен, банктiң траст операциясы – бұл банктiң өз клиенттерiне көрсететiн әр түрлi қызметi түрiндегi сенiм операцияларын бiлдiредi.
Траст қызметiне: бiрiншiден, жылжымайтын және жылжитын мүлiктердi басқару; екiншiден, инвестициялық портфельдi қалыптастыру және оны басқару; үшiншiден, құндылықтарды сақтауға қабылдау; төртiншiден, тұрақсыздыққа ұшыраған фирмаларға қатысты несие берушiлердiң қоятын талаптарын реттеу; бесiншiден, мұраға қалдыруға байланысты мүлiктi басқару қызметтерi жатады.
Коммерциялық банктiң траст бөлiмiнiң атқаратын қызметi үлкен үш топқа бөлiнедi:
1. Клиенттердiң мұраға қалған мүлкiн иемдену;
2. Сенiмхат бойынша операцияларды жүзеге асыру;
3. Агенттiк қызметтер.
Траст операциясын жасау үшiн ең бастысы, сенiм бiлдiрген банк пен ұйымның арасында жасалатын келiсiмшарт болуы қажет. Осы келiсiмшарт негiзiнде мынандай қызметтердi атқарады:
• Бағалы қағаздарға деген меншiк құқығын беру;
• Пайыздарды төлеу, қарыздарды өтеу;
• Мүлiктi кепiлдiктен босату;
• Сенiмхатқа сәйкес бiр бағалы қағазды алып, басқасын беру, яғни бағалы қағаздарды айырбастауға байланысты агенттiк қызметтi жүзеге асыру;
• Акционерлiк қоғамдардың акциялар бойынша дивидендтер төлеу.
Банктiң траст қызметiн көрсетудiң басты шеңберiн жеке тұлғалар, үкiмет органдары, iскер кәсiпорындар үшiн агенттiк қызметтi атқару құрайды. Банк көрсеткен траст қызметi үшiн комиссионды сыйақы алады.
Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” заңына сәйкес, “валюта – мемлекеттердiң заңды төлем құралы ретiнде қабылданған ақша бiрлiктерi немесе банкноталар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның iшiнде қымбат металдардан жасалған тиындар түрiндегi қолма-қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның iшiнде, халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктерiндегi қаражаттары.
Осы заңда “валюталық операцияларға мынандай түсiнiктер берiлген:
• Меншiк құқығының және өзге құқықтардың валюталық құндылықтарға өтуiне байланысты мәмiлелер, срның iшiнде шетел валютасы төлемдерi мен шетел валютасындағы төлем құралдарын қаражат ретiнде пайдалануға байланысты мәмiлелер;
• Валюталық құндылықтарды кез келегн тәсiлмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөңелту, срндай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және әкелу;
• Ұлттық валютаға, сондай-ақ номиналы мен құны ұлттық валютада көрсетiлген бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншiк құқығы мен басқа құқықтардың ауысуына байланысты резиденттер мен резидент еместердiң арасындағы мәмiлелер.
Мұндағы, валюталық құндылықтарға мыналар жатады:
1. шетел валютасы;
2. номиналы шетел валютасында көрсетiлген бағалы қағаздар және төлем құралдары;
3. тазартылған құйма алтын;
4. ұлттық валюта, резиденттер мен бейрезиденттер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда құны ұлттыө валютамен көрсетiлген бағалы қағаздар және төлем құжаттары.
Валюталық операциялар ағымдық операциялар және капитал қозғалысымен байланысты операциялар бөлiнедi.
1. Ағымдық операцияларға жататындар:
• Тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшiн төлемнiң не аванс төлемiнiң мерзiмiн 180 күннен аспайтын мерзiмге ұзартуды көздейтiн экспорт-импорт мәмiлелерi бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
• 180 күннен аспайтын мерзiмге несиелер беру және алу;
• салымдар, инвестициялар, заем және өзге операциялар бойынша дивиденттердi, сыйақыларды жәнеөзге де табыстарды алу және аудару;
• гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлiк соманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттердi және басқа сомаларды аудару;
• осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын барлық өзге де валюталық операциялар.
2. Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар:
• Инвестицияларды жүзеге асыру;
• Интелектуалдық меншiк объектiлерiне ерекше құқықты толық берудi көздейтiн мәмiлелер бойынша есеп айырысуларды жүргiзуге арналған аударымдар;
• Мүлiктiк құқыққа және өзге де жылжымайтын мүлiк құқығына төлеуге аударымдар;
• 180 күннен асатын мерзiмге несиелер беру; жинақтау сипатындағы сақтандыру және қайта сақтандыру шартары бойынша халықаралық аударымдар.

II ЕЛІМІЗДІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫҢ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР

2.1 Еліміздегі коммерциялық банктердің несиелік операцияларының бүгінгі таңдағы жағдайы

Коммерциялық банктердiң екiншi басты қызметi – экономиканы және халықты несиелендiру. Сонғы жылдары екiншi деңгейдегi банктердiң несиелеу үлесi артуда, оған әсер етiп отырған негiзгi себеп ол Ұлттық банктiң банктiң проценттiк пайызына ставкасының түсуiмен байланысты болып отыр.
Экономика саласындағы екiншi деңгейдегi банктердiң кредит салымдары 2005 жылы қыркүйек айында 1974,7 млрд. теңгені құрады. Мұның ішіндегі 1000,2 млрд. теңге ұлттық валютада, ал қалған 974,5 млрд. теңге шетел валюталарында орын алды. Сонымен қатар экономикада ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелердің өсімі бірдей орын алуда. Ұзақ мерзімді несиелердің жалпы құрамы 1329,6 млдр. теңгені, ал қысқа мерзімді несиелердің мөлшері 645 млрд. теңгеге өсті. Елдегі несие қатынастарының өсуі әсіресе ұзақ мерзімді несиелер экономиканың шикізат өндіріс саласында, ипотекалық-құрылыстағы несиелерді және ірі көлемдегі коммерциялық қызметтер негізінде орын алуда. Ал қысқа мерзімді несиелер (микрокредиттер) халық тұтынатын өнімдерді несиелеу, шағын бизнесті несиелеуде және кепілдік заттар беру арқылы қысқа мерзімді қарыз ақша тартуда көрініс табуда. Сонымен қатар банктер арқылы шағын бизнеске берілген несиенің үлесі 339,5 млрд. теңгеге жетті.

Банк кредиттерiнiң жалпы көлемiндегi ең көп үлесi саудада – 27,5%, өнеркәсiпте – 25,5%. Ауыл шаруашылығына берiлген кредит үлесi өткен аймен салыстырғанда 6,8%-ға өстi. 2005 жылдың 1 маусымына банктердiң шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерiне берген кредиттерi жалпы кредит салымдарының 21,1% құрайды. Оның көбiсi Алматы қаласында шоғырланған 59,4%.

Жоғары суреттен көріп отырғанымыздай коммерциялық банктердің басты қызметтері болып табылатын депозиттік салымдар мен экономиканы несиелеу үлесінің ара салмағын көре аламыз. Жалпы коммерциялық банктердің жылдар өтуіне байланысты салымдық операцияларына қарағанда несиелік операцияларының асып бара жатқандығын, ал бұл өз кезегінде банктің ресурстық тапшылығын тудыратындығын білеміз. Талдау бойынша 1999 және 2000 жылдары банктердің салымдары несие көлемінен айтарлықтай артық болған, ал елімізде осы уақытқа дейін жүргізіліп келген ақша-несие саясатының, Үкімет саясатының, Ұлттық банк саясаттарының негізгі бағыты экономика мен шаруашылықты несиелендіруді жедел дамыту негізінде, ұлттық экономикада несиелік қатынастарға қолдау көрсеткенін ескерсек 2001 жылдан бастап коммерциялық банктердің несиелерінің үлес салмағы асып кетіп отыр.
Сонымен қатар 1997 жылғы 8 сәуірдегі №100 «Коммерциялық банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеудің минималды мөлшері туралы» ҚР Ұлттық банкінің басқармасының Қаулысына сәйкес екінші деңгейлі банктер шағын бизнес саласын банктік несие портфелінің кем дегенде 10%-ын несиелеуі міндетті. Сондықтан да екінші деңгейлі банктердің жүргізіп жатқан несие саясатының арқасында да соңғы жылдары шағын және орта бизнес субъектілеріне берілген несиелер көлемінің қарқыны өсіміне қол жетіп отыр. Сондай-ақ Елбасымыздың Жолдауына байланысты ұлттың ЖІӨ-дегі шағын бизнестің үлесін алдағы жылдары 60%-ға дейін жеткізу шараларына қол жеткізудің басты жолдарының бірі шағын және орта бизнесті несиелендіруді одан әрі дамыту болып табылады.

Лизингтің операциялардың дамуы көрсеткіштері

Қазақстан және ТМД елдерiнде лизингтiк қатынастар 1989 жылдан бастап қалыптаса бастады. Ол кезде негiзiнен қаржылық лизинг, яғни коммерциялық банктер айналысатын операция негiзiнде көрiнiс тапты.
Қазақстандағы лизингтiң дамуы төрт канал бойынша жүргiзiлдi:
• Кәсiпорынның техникалық құралдарды прокатқа беру, яғни елде “Казконтракт” корпорациясы iске асырды.
• Коммерциялық банктердiң лизингтiк операциялары;
• Мамандандырылған лизингтiк фирмалар;
• Халықаралық лизинг компаниялары негiзiндегi лизингтiк операциялардың жүргiзiлуi.
Қазақстан Республикасындағы лизингтік қатынастардың дамуы 2000 жылдан бастап қарқынды түрде дами бастады. Басты лизингтік қызметтердің үлесі «Казагрофинанс» лизингтік компаниясының үлесіне тиді. Ол компания ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында құрылған 100%-дық мемлекеттік компания болып табылады. Еліміздің коммерциялық банктері лизингтік операцияларды жекелеген лизинг компаниялары арқылы іске асырып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда 20-дан астам лизингтік компаниялар бар, ал олардың 8-і жергілікті банктердің еншілес компаниялары болып табылады. Олардың осы нарықтағы үлесі 50%-дан артып отыр, ал «Казагрофинанс» лизингтік компаниясының үлесі 26% шамасында.

Лизингке берілетін құрал-жабдықтардың түрлері бойынша еліміздегі оның сипатын келесі суреттен көре аламыз.

Еліміздегі лизингтің ауылшаруашылығы бойынша үлесінің жоғары болуы негізінен оны мемлекеттік деңгейде қолдаудың нәтижесі болып табылады. Ал коммерциялық лизингтік компанияларды және коммерциялық банктерден берілетін лизингтердің негізгі үлесін (50%) көліктер құрады. Себебі олардың өтімділігі жоғары және тәуекелі аз болып келеді.
Бүгінде ҚР-ның екінші деңгейлі банктері инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігін мемлекеттік бағалы қағаздарға жұмсап отыр. Себебі, мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған активтер, біріншіден, өтімді, яғни коммерциялық банктер бағалы қағаз түріндегі активтерін тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады. Екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен оның тәуекел деңгейі төмен немесе жоқ деп те атасақ болады.
Сонымен қатар бүгінде коммерциялық банктердің активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруы дамы пкеле жатыр. Жалпы корпоративтік бағалы қағаздарға келесілер жатады:
• Акциялар;
• Облигациялар;
• Депозиттік және жинақ сертификаттары;
• Ипотекалық куәліктер;
• Депозитарлық қолхаттар.
Осылардың ішінде бүгінгі таңда инвестициялық операциялардың негізгі бөлігі акция мен облигация негізінде дамып отырғаны белгілі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнiң 2006 жылғы 1 сәуiрiндегi деректерi бойынша мемлекеттiк құнды қағаздардың алғашқы рыногында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң ноталары (53919 млн. теңге), МЕҚҚАМ-6 (1452 млн.теңге), МЕҚҚАМ-12 (2937 млн.теңге), МЕОҚАМ-84 (997 млн. теңге), МЕОҚАМ-24 (13404 млн.теңге) айналысқа шығарылды және экономика салаларында орналастырылды. Мемлекеттiк мiндеттемелердiң айналысқа шығарылғандарының тиiмдi жылдық кiрiстiлiгi 5,04%, 4,95%, 5,11%, 5,88% және 6,19% болды.
Еліміздегі айналыста жүрген қысқа мерзiмдiк 3 және 6 айлық МЕККАМ-дар айналыстан шығарылды, оларды Қаржы министрлiгi өткен 2005 жылғы желтоқсан айында толық өтедi. Нәтижесiнде бағалы қағаздар айналысының құрылымы 2005 жылдың соңында қысқа мерзiмдi МЕКАМ-дар (айналыс мерзiмi 2 айдан 10 айға дейiн) жалпы көлемiнiң 9,2%-ын, орта мерзiмдi МЕОКАМ-дар (айналыс мерзiмi 2 жылдан 10 жылға дейiн) – 89,6%-ын және орта мерзiмдi МЕИКАМ-дар (айналыс мерзiмi 3 жылдан 7 жылға дейiн) – 1,2%-ын құрады.
Жыл соңындағы қор нарығының акцияларының сыйымдылығы 2 622,4 млн.долл. эквивалентке жеттi, өткен жылдан 577,6 млн.долл.-ға өстi. Корпоративтік бағалы қағаздар рыногында қолданыстағы шығарылымдары бар акционерлік қоғамдар саны 2005 жылғы 1 тамызда 2005 жылғы 1 маусымдағы ұқсас көрсеткішпен салыстырғанда 25-ке азайып 2389 болды. Бүгінде бағалы қағаздар рыногында 62 брокер-дилер, 18 тіркеуші, 11 кастадион банк, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын 10 ұйым және инвестициялық портфельді басқаратын 21 ұйым жұмыс істеп отыр. Тамыз айында 47 акция шығарылымы, 2 облигациялық бағдарлама, жалпы номиналды құны 3,4 млрд. теңге болатын 2 облигация шығарылымы, жалпы көлемі 17 млрд. теңге болатын 5 облигация шығарылымы облигациялық бадарлама аясында тіркелді және 38 акциялар шығарылымының күші жойылды. 1 тамыздағы жағдай бойынша 2619 қолданыстағы акциялар шығарылымы және жиынтық номиналдық құны 554,9 млрд. теңге болатын 138 мемлекеттік емес қолданыстағы облигациялар шығарылымы айналыста болды.
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар шығару 2005 жылдың 4-ші кварталында 1144,9 млрд. теңгені құрады, оның 527,2 млрд. теңгесі акциясының үлесіне тиді. Ал облигацияның мемлекеттік емес жалпы көлемі 0,8%-ды (8,9 млрд. теңге) құрап отыр.

Қазақстан Республикасында рынотық қатынастардың дамуы мен қалыптасуы жобасында жекешелендiру жүргiзуде шаруашылық жүргiзудiң жаңа нысандары пайда болады. Олар: серiктестiктер, акционерлiк қоғамдар және жеке меншiк компаниялар шеңберi едәуiр кеңейедi. Ал осы нарықтың әрбiр субъектiлерiнiң арасында еркiн қаржы айналымын бағалы қағаздар рыногы жүзеге асырады және басқа экономикалық рыноктармен үнемi тығыз байланыста болады.
Қазақстанның «Ипотекалық компаниясы» 2000 жылы №469 үкімет қаулысымен 20 желтоқсанда құрылды. Қазір бұл ұлттық компания өз қызметін тиімді әрі жылдам дамытуда.
Қазір бұл компанияның әріптестеріне келесі шаруашылық қызмет етуші субъектілерді жатқызуға болады:
• ААҚ «Альянс Банк»;
• «Астана-Финанс»;
• «АТФ Банк»;
• «БЦК»;
• «БТА – ИПОТЕКА»;
• «Нурбанк» заңды тұлғалары болып табылады.
Еліміздегі мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатудағы басты қатысып отырған алғашқы 10 компанияны келесі 1-ші кестеден көре аламыз.

2.4 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің есеп айырысу операцияларының даму мәселелері

Екінші деңгейлі банктердің қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру барысында кеңінен қолданылатын негізгі төлем құралы – төлем тапсырмасы болып табылады, аз мөлшерде: төлем талап тапсырмасы, аккредетив және инкассалық өкім қолданылады, қолма-қолсыз төлем айналымында чек және вексель арқылы есеп айырысудың үлесі төмен болып отыр. Ал төлем карточкасын пайдалану арқылы жасалған операциялар төлемдер санының ең үлкен бөлігін алады.
Қазіргі кезеңде қолма-қол ақшаны алу үшін кеңінен қолданылатын есеп айырысу құралына төлем карточкалары жатады. 1960 жылдың оратсынан бастап төлем карточкалары кеңінен қолданылған. Ал Қазақстан Республикасындағы төлем карточкалары нарығы 1994 жылдан бастап дами бастады. Төлем карточкаларын дамыту мақсатында Қазақсатан Республикасы Үкіметінің 02.07.02 жылғы №713 қаулысымен «Микропроцессорлық карточкалар негізінде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесінде дамыту бағдарламасы» бекітілді.
«Процессинг орталықпен» ЖАҚ қатысушы банктер арасындағы өзара қарым қатынастың бірнеше тәсілдерін қолданады. Қазақстан Республикасы банктеріне тән, яғни банктер карточка бойынша қызмет көрсетуге техникалық жағынан қамтамасыз етпейтін немесе мүмкіндігі жоқ. Бұл жағдайда қатысушы банк барлық есепті өзінде жүргізеді, ал процессингтік компанияға карточкалық шоттың жағдайы туралы ақпаратты, карточканы персонализациялауға (қолма-қол ақшаны беру немесе төлемді жүргізуге қабылдайтын карточканың төлем қабілеттілігін тексеруді жүзеге асырады және карточка мен оның ұстаушысының идентификаторын тексереді) және карточка бойынша қызмет көрсету үшін арнайы құрал жабдықты (АТМ және РОS-терминал) орнатуға тапсырысты жібереді.
«Процессинг орталық» ЖАҚ қатысушы банк жіберген сұраныстар мен тапсырыстарды орындайды және осы банк туралы деректер қорын өзінде сақтайды. «Процессинг орталық» ЖАҚ қатысушы банктің атынан халықаралық төлем жүйесіне файлды жібереді және қабылдайды. Осындай жағдайда банк компанияның техникалық ресурсына байланысты, сондықтанда деректер қорында сақталған ақпаратты тапсырыссыз өз бетінше өзгерте алмайды.
Ақырғы кездерде дәстүрлі ақшаларды электронды ақшаларға ауыстыру туралы көп айтылып жүр. Пластикалық карталардың кең өріс алуы және интернетте төлем жүргізу жүйесі электронды ақшалар мәселесінің жалпы қоғамдық мәселеге айналуына әсер етті. 90-шы жылдардан бастап дамушы елдерде қолма-қол ақшаның жаңа түрі болып табылатын электронды ақшаларды енгізу бойынша жобалар жүргізілді. Қағаз және металл ақшаға қарағанда элетронды ақшаларда ақша ретінде пластикалы карталардан немесе персоналды кампьютерлерден шығатын ЭЕМ жадындағы электронды импульста болады. Элетронды ақшаларды енгізудегі негізгі мәселе оның елдің ақша-несие жүйесіне әсері болып табылады.
Вексельмен жасалатын коммерциялық банктердің операциясы мындай түрге болуға болады: Активтік операциялар: вексельді есепке алу; Пассивтік операциялар: вексельді қайта есепке алу (орталық банктің жүзеге асыруы); Кепілдік операциялары: аваль, вексельді кепілге ала отырып ссуда беру; Коммиссиондық операциялар: вексельді инкассалау және домициляция; Активтік-кепілдік операция: вексельді акцептеу.
Коммерциялық банктердің кеңінен тараған вексель операциясына - вексельді есепке алу операциясы жатады. Вексельді есепке алу операциясы басқа операцияға қарағанда дамыған. Банктер есепке алу үшін коммерциялық вексельдерді ғана қабылдайды. Банк есепке алу үшін вексельді қабылдау барысында клиенттен тиісті құжаттарды талап етеді және вексельді мәтіні мен тұлғаның төлемқаблеттілігін тексереді. Есепке алу үшін қабылдаған әрбір вексельге «вексельдік құжаттаманы» жүргізеді. Есепке алу үшін қабылдаған вексель қатаң түрдегі есеп беру құжаты ретінде сақталады.
Қазақстанда банктердің акцептік операциялары дамымаған. Ұлыбритания, Германия және Францияның коммерциялық банктері осы операцияны жүзеге асырады. Бұл операцияның дамымай отырған себебі біріншіден осы операцияға қатысты заңның болмауы, екіншіден банк үшін тәуекелдің жоғары деңгейде болмауы, үшіншіден коммиссиондық мөлшердің жоғары болуы.
Акцептік операцияға қарағанда авальдеу банк үшін қолайлы келеді. Аваль қамтамасыз ету формасы болып табылады. Аудармалы вексель бойынша төлем болып немесе аваль арқылы вексельдегі соманың қандай да бір бөлігін қамтамасыз етілуі мүмкін. Авальде кімнің шотынан берілгендігі көрсетілуі керек. Ал көрсетілмеген жағдайда вексель берушінің есебімен берілді деп есептілінеді.
Шетел тәжірибесінде вексельді кепілге ала отырып ссуда беру, белсенді банктік операциялар қатарына жатады. Ал Қазақстанның тәжірибесінде бұл операция кездеспейді.
Қазақстанда есеп-айырысу төлем механизмін қалыптастыру барысында еліміздің ерекшеліктеріне сай келетін шетел тәжірибесін есепке алу керек. Қандай да болмасын елдің қалыптасқан дәстүріне, әдет-ғұрпына, банктің қызмет ету ерекшеліктеріне қарай есеп айырылысу қызметі ұйымдастырылады. Әрбір елдің өзінің ерекшеліктеріне, алдына қойған мақсаттарына байланысты төлем механизмі болады, яғни әрбір елдің есеп-айырысу төлем механизмі экономиканың қажеттілігін қамтамасыз етуі қажет. Сондықтан да Мысалы, АҚШ, Канада, Ұлыбритания және Франция елдері дебеттік аударымдар құралдары арқылы есеп айырысуды жүзеге асырады. Германия, Жапония, Нидерланды және Швеция елдері есеп айырысу барысында кредиттік аударымның құралдарын қолданады. Сондықтан да есеп айырысу операциясын жетілдіру және дамыту барысындағы маңызды аспект – есеп айырысу қызметі аясындағы шетел тәжірибесін талдау, зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып өзімізге қолайлыларын алу болып табылады.
ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде, активтік операциялар бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдалануға ерекшелігін сипаттайды.
Қазіргі таңдағы Қазақстан Респупликасының активтік банктік операциялары келесідей түрлерге бөлінетіндігіне көзіміз жетті. Сондай-ақ бұл операциялар елімізде күннен-күнге даму үрдісінде екенінде айта кету қажет. Оларға: несиелік операциялар; инвестициялық операция, яғни бағалы қағаздар бойынша; қаржылық опеарациялар (лизинг, факторинг, форфейтинг); кассалық операциялар және делдалдық-комиссиондық операциялар жатады.
Бәрiмiзге белгiлi, 2007 жылдар төңiрегiнде Алматы қаласын халықаралық қаржы орталығына айналдырмақшы және елміздің банк жүйесінің бүгінде әлемдегі дамыған елдердің банк жүйесінің, олардың операцияларының стандарттарына өте бастауына байланысты Жалпы банктердің қызметтері мен операцияларын халықаралық деңгейге жауап беретіндей етіп құрылымдаудың қажеттігі туындауда. Әрине бұл елiмiздiң экономика және қаржы саласы үшiн үлкен жетiстiк болмақ, осыған байланысты елiмiздiң екiншi деңгейлi банктiк қызметтерiн, олардың активті операциялары болып табылатын төлем, есеп айырысу және делдалдық операцияларын заман талаптарына сай ииновациялау және әлемдiк деңгейдегi қызмет көрсету үлгiлерiн дамытудың маңыздылығы артып отыр.
Отандық коммерциялық банктердің негізгі мәселелерінің бірі болып отырған қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру барысында кеңінен қолданылатын негізгі төлем құралы – төлем тапсырмасы болып табылады, аз мөлшерде: төлем талап тапсырмасы, аккредетив және инкассалық өкім қолданылады, қолма-қолсыз төлем айналымында чек және вексель арқылы есеп айырысудың үлесі төмен болып отыр. Ал төлем карточкасын пайдалану арқылы жасалған операциялар төлемдер санының ең үлкен бөлігін алады. Сондықтан алдағы уақыттарда еліміздің есеп айырысудың қолма-қолсыз түрлерімен жүргізілетін опрерацияларға сұраныстың өсетіндігін және осыған орай еліміздің қаржы саласы мен Ұлттық банкі және коммерциялық банктері бірлесе отыра шетелдік тәжірибелер негізінде отандық қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесін дамытуы тиіс.
Жалпы елімізде бүгінгі таңда коммерциялық банктердің активті операциялары ішіндегі дамыған түрлеріне несиелік, лизинг беру бойынша, бағалы қағаздармен және т.б. енді дамып келе жатқан операцияларды жатқызсақ болады. Әрине ендігі жерде жоғарыда атап өткеніміздей басқа да активті операцияларды дамытып, жүргізіліп жатқан операцияларды жетілдіру шараларын коммерциялық банктің Ұлттық банкпен біріге отырып іске асыруының маңыздылығы жоғары болып отыр.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-шi басылым, - Алматы: ИздатМаркет, 2004. – 272 б.
2. Баян Көшенова , Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
3. “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы” ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, 1995 ж. 31 тамыздағы №2444;
4. Банки Казахстана, 2003 г. №12; “Банковскаы система Казахстана – крупнейший институтциональный инвестор национального фондового рынка” // Донцов С.
5. Банки Казахстана, 2004 г. №1; “О некоторых аспектах развития филиальных сетей коммерцеских банков” // Кил А. Б.
6. Вестник КазНУ, экономическая серия, 2004 г. №4; “Проблемы стабильности банковской системы РК” // А. А. Ильясов.
7. Каренов Р. Лизингтiк қызметтер. Оның ерекшелiгi неде? // Егемен Қазақстан. – 2004. – 24 сәуiр (№105106). – 2 б.
8. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктiң делдалдық операциялары: факторинг және форфейтинг // ҚазЭУ хабаршысы. – 2003. - №2. – 70-75 бет.
9. Мырзабеков Ш. Қазақстанның банк жүйесi ТМД көлемiнде бiрiншi орында: “Центркредит” банкiнiң директорымен сұхбат // Дала мен қала. – 2004.-1 қазан (№39).-13 бет.
10. Садвакасова Ж. «Кредитная политика коммерческого банка» // Вестник КазНУ, Серия экономическая. №2. – 2005 г.
11. С.Кабашев «Депозитная составляющая оценки кредитного развития банковского сектора республики» // Қаржы-Қаражат, №2, - 2004. 58-61 стр.
12. Баймуратов У.Б. «Электронные деньги: проблемы и перспективы» // Банки Казахстана, №9, - 2005 г. 18-21 стр.
13. Лизинг в центральной Азий. Май – 2004 г.
14. Сайденов А. Г. «О перспективах развития денежно-кредитной политики и других направлениях деятельности Национального Банка» // Банки Қазахстана, №10, - 2005 г. 2-4 стр.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



392.5Kb
Категория: Экономика, макроэкономика, микроэкономика | Добавил: Admin | Теги: рыноктық қатынастар, Ұлттық банк, Коммерциялық банктер, экономикалық шаралар
Просмотров: 1271 | Загрузок: 289 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі
Асан Кайғы
Тастанбекқызы Сара
Гобелен өнері
Қошке Кемеңгерұлы
Жиренше шешен
Ислам әлемінің мәдениеті
Абілда Тәжібаев
Абайтанушы ғалым Қайым Мұхаметханұлы
Шылым шегудің алдын алу
Бекболат батыр
Валеология бойынша бағдарламаны енгізу
Марат Отарәлиев: «Тағдырмын ерте жоғалған...»
Төле би
Ре – мажорлық №104 симфония