Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Курсовые на казахском » Экономика, макроэкономика, микроэкономика

Депозиттің теориялық негіздері
Загрузка...
Кіріспе
Алғашқы банктер тек қана саудаға қызмет еткендіктен, олардың клиенттері саудагерлер болып табылады. Сондықтан да, бұл банктерді «коммерциялық банктер» деп атап кеткен. Банк ісінің пайда болуы Италиядағы орта ғасырлық айырбастаушылар қызметінен басталады. «Банк» сөзі итальянша «banco» cөзінен шыға отырып, «айырбас үстелі» деген ұғымды білдіреді. Банктердің алғашқы клиенттері ақша сауда қызмет өкілдері болған.
Депозит (латын сөзінде depositium сақтауға берілген затты білдіреді) – бұл бір тұлғаның (депозиттердің) басқа тұлғаға – банкке (оның ішінде Ұлттық банкке) қайтарылу шартымен уақытша пайдалануға беретін ақшасы. Сонымен қатар депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында қаржы нарығының келесідей сегменттері дамудың қарқынды үрдісінде: мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы, зейнетақы активтерінің нарығы, қор нарығы, валюта нарығы және депозиттік нарық. Депозиттік нарық ең ерте дамыған нарықтардың бірі бола отырып, қазіргі кезеңде төмен тәуекелмен салымдардың сенімді орналасуының арқасында сомалық жинақтауларда үлкен үлес салмақ пен қарқынды даму тенденциясына ие.
Депозиттік нарықтың даму үрдісінде депозиттердің қалыптасуына түрткі әрі себеп болған жинақтаулар ерекше рөлге ие болып табылады. Жинақтаулардың экономикалық категориялар ретіндегі мәні қайта бөлу функциясы арқылы жүзеге асады. Соның арқасында ақша қаражаттарының банктік жүйеде шығарылуы және олардың жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы ары қарайғы пайдаланылуы жүзеге асады. Салымдардың кез келген түрлері жинақтаулар болып табылады. Депозиттік – бұл осы жинақтауларды сақтау формаларының бірі.
Депозиттік операциялардың әрекет ету механизмінде депозиттік нарықтың субъектілері ретінде банктер ерекше рөлге ие. Ақшалай табыстар мен тұрғындар жинақтауларының аккумуляциясы банктердің дәстүрлі қызметі. Банктер уақытша бос, пайдаланылмайтынақшалай табыстар мен тұрғындардың жинақтауларын, салымдарды сақтау тұрғындар үшін де, мемлекет үшін де тиімді. Салымшыларға пайыз немесе ұтыстар түріндегі табыс төленеді.
Депозиттер екі жолмен пайда болуы мүмкін, біріншісі, банк заңды және жеке тұлғалардан ақшалай қаражаттар қабылдай отырып, оны депозиттік шотына орналастырған жағдайда; екіншісі, «жасанды» депозиттер, яғни банк клиентке чек арқылы есеп – айырысуы мүмкіндігін беру барысында.
Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай – ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден – бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тарататын қаражаттары.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.
Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент-банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.
Пассивті депозиттік операциялар – бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Диплом жұмысына осы тақырыпты таңдап алудағы мақсатым
- Депозиттік операциялардың нысандарымен жан – жақты танысу;
- Өз көзқарасым тұрғысынан депозиттік операциялардың бүгінгі мен ертеңін дәлелдеу;
- Жұмыс қорытындысы бойынша белгілі бір пікір жасау;
Жұмыс орындарындағы міндеті мынадай
- Депозиттік операциялардың бағыты мен маңыздылығын көрсету;
- Қазақстан Республикасында депозиттік операциялардың нысандарын жүзеге асыруға талдау жасау;
Тақырып өткірлігі болып депозиттік операциялардың қазіргі нарық экономика кезеңіндегі банктік ресурстар қалыптасу көзі болып табылады.
Депозиттік операциялардың қазіргі жүйесі нарықтық қатынастарды қалыптастыру өндіріс тиімділігін арттыруға, егеменді ел – Қазақстан Республикасының экономикасымен қаржысын нығайтуға, айналымдағы ақша массасының негізсіз өнімді қысқартуға, инфляциялық үрдістерді тоқтатып ұлттық валюта – теңгенің нығаюына негізделген. Сондықтан диплом жұмыс тақырыбы өзекті болып табылады.
Әдістемелік негіз ретінде Қазақстан Республикасының Президнтінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік заң актілері мен ережелері, отандық және шет ел экономикалық әдебиеттер қолданылды.
Дипломдық жұмыс құрылымы: Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қосымшалардан және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

1 – бөлім. Депозиттің теориялық негізі
1.1. Депозиттің экономикалық маңызы мен мәні

Коммерциялық кәсіпорын түріндегі басты бір ерекшелігі, оның ресурстарының едәуір бөлігі меншікті қаражаттармен қатар, тартылған қаражаттар құрайды. Сондықтан да банктің беретін несиелер көлемі тартылған қаражаттарға тікелей байланысты болып келеді. Банкте тартылған қаражаттар құрамына қарай әр түрлі болып келеді. Олардың басты түріне банктің клиенттерімен жұмыс процесі кезінде тартылған, сол сияқты басқа да несиелік мекемелерден қарызға қаражаттары жатады.
Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Сырттан тартылған қаражаттар үлкен екі топқа бөлінеді:
(1 сызба)
1. Депозиттік қаражаттар.
2. Депозиттік емес қаражаттар

Депозит (латын сөзінде depositium сақтауға берілген затты білдіреді) – бұл бір тұлғаның (депозиттердің) басқа тұлғаға – банкке (оның ішінде Ұлттық банкке) қайтарылу шартымен уақытша пайдалануға беретін ақшасы. Сонымен қатар депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік операциялар – банктің негізгі пассивтік операцияларын құрайды. Шын мәнісінде депозиттер, коммерциялық банктердің еркін несиелік ресурстар нарығынан ресурстар сатып алудағы делдалдық қызметінің мазмұнын ашады.
Депозиттік операциялар – бұл заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын белгілі – бір мерзімдегі немесе талап етуге дейінгі салымдарға тартуға байланысты банктің операциялары болып табылады.
Кеңес экономистері депозиттерге мерзімді салымдарға орналастырылған қаражаттарды жатқызады. Бұл әлемдік банктік тәжірибеге сәйкес келмейді.
Қазақстан Республикасының банктік секторындағы реформалар жалпы мемлекеттік экономикалық шаралармен қатар жүзеге асырылып келеді. Жүргізіліп отырған банктік реформалардың басты бағыттарының бірі – уақытша бос қаражаттарын тарту және инвестициялаудың ішкі көздерін қалыптастыруға бағытталған депозиттік нарықтың қалыптасуы мен дамуы болып табылады. [21.15-14б]
Кез келген ел экономикасының дамуы жинақтаулардың инвестицияларға өту тиімділігімен тығыз байланысты. Республиканың ішкі жинақтауларын тарту қажеттілігі, ең алдымен, инвестициялық ресурстар тапшылығы және тікелей шетелдік инвестициялар үлес салмағының ұлғаю мәселесімен белгіленеді. Осыған байланысты, нарыққа өту жағдайында ұлттық ақша ресурстардың мобилизациясы, тұрғындар жинақтауларының банк жүйесіндегі несиелік ресурстарға құйылуына әрекеттесетін депозиттік нарықтың қалыптасуы мен дамуы мәселесі ерекше өзектілікке ие болып отыр.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында қаржы нарығының келесідей сегменттері дамудың қарқынды үрдісінде: мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы; зейнетақы активтерінің нарығы; қор нарығы; валюта нарығы және депозиттік нарық. Депозиттік нарық ең ерте дамыған нарықтардың бірі бола отырып, қазіргі кезеңде төмен тәуекелмен салымдардың сенімді орналасуы арқасында сомалық жинақтауларда үлкен үлес салмақ пен қарқынды даму тенденциясына ие. Тұрғындар өзге қаржы нарығының сегменттеріне жинақтаулар салу тәжірибесінің жоқтығы бұл сегменттердің жеткіліксіз дәрежеде дамымауына әкеліп соқтырады.
Халықаралық банктік тәжірибеде депозиттер 4 топқа бөлінеді:
I – топ, мерзімді депозиттер, олардың басқа да түрлері – депозиттік сертификаттар ;
II – топ, талап етуге дейінгі депозиттер;
III – топ; халықтың жинақ салымдары;
Мерзімдік депозиттер тобы, әдетте мерзімдеріне қарай жіктеледі:
- 3 – ай мерзімге дейінгі депозиттер;
- 3 айдан 6 айға дейінгі мерзімдегі депозиттер;
- 9 – айдан бір жылға дейінгі депозиттер;
- Бір жылдан жоғарғы уақыттағы депозиттер;
- Депозиттік сертификаттар
Депозиттер екі жолмен пайда болуы мүмкін, біріншісі, банк заңды және жеке тұлғалардан ақшалай қаражаттар қабылдай отырып, оны депозиттік шотына орналастырған жағдайда; екіншісі, «жасанды» депозиттер, яғни банк клиентке чек арқылы есеп – айырысуы мүмкіндігін беру барысында.
Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай – ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады. [23. 24-38б]
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден – бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тарататын қаражаттары.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.
Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент-банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.
Пассивті депозиттік операциялар – бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
- талап етуіне дейінгі депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағалы қағаздар.
Сондай – ақ, оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
- мерзімдеріне қарай;
- салым иелерінің категорияларына қарай;
- қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
- пайыз төлеу тәсіліне қарай;
- банктің, активтік операциялары бойынша Жеңілдіктер алуына қарай;
Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай түрлерге бөлінеді:
- жеке тұлғалардың шоттарына;
- кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;
- жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;
- қаржылық мекемелерінің шоттарына;
- шетелдік азаматтардың шоттарына.
Талап етуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады:
- мемлекеттік акционерлік кәсіпорындардың, сондай – ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
- әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айырусыдағы қаражаттар;
- жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.
Ал кемшілігі – бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне, осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың мынадай өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
- ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;
- шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе комиссиондық ақы алып отырады;
- банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
- талап етуге дейінгі депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.
Депозиттер

Транзакциялық шоттар

Талап еткенге дейінгі салымдар Жинақ және мерзімді салымдар

Куәләндыратын чектер
Жинақтық салымдар Мерзімді салымдар

Нау шоттары және басқа да шоттар

Кәдімгі жинақ салымдар Ақша нарығының депозиттік шоты Ұсақ мерзімді салымдар Ірі мерзімді салымдар
1.2 - сызба .АҚШ-тың коммерциялық банкілеріндегі депозиттер.

АҚШ – тың банктік тәжірибесінде, талап етуге дейінгі депозиттік шоттармен қатар, сондай шоттар түріндегі Нау-шотты және куәләндырылған чектер сияқты депозиттер Америка бантерінде кеңінен қолданылады.
Нау – шоттар бұл пайыз төленетін, чектік депозиттер.
Нау шоттың мынадай өзіне тән ерекшеліктері болады;
- бұл шот түрі бойынша пайыз төленеді;
- бұл шот жеке тұлғаларға немесе пайда таппайтын ұйымдарға ашылады;
- салым иелерінің бұл шотта ең төменгі қаражат болуы талап етілмейді.
Куәләндырылған чектер шоттары – бұл куәләндырылған чектерді төлеу үшін, сақталатын банктердегі талап етуіне дейінгі депозиттік шоттағы қаражаттарды білдіреді. Куәләндырылған чектер – бұл банктің шоттағы қаражаттың барлығын чектер арқылы куәләндырылуы.
Американдық банктік тәжірибелерде жаңа депозит түріне ақша нарығының депозиттік шоты жатады. Оның мынадай ерекшелігі бар:
- ақша нарығының басқа құралдары бойынша мөлшерлемелерінің өзгеруіне байланысты, әр аптада шот бойынша пайыз мөлшерлемесінің өзгеріп отыруы;
- шот бойынша ең төменгі қалдықтың болуының талап етілуі;
- салымдардың сақтандырылуы;
- иемденуші, үшінші жақтан төлемдер үшін айына шоттан алты рет аударма жасауына болады, мұның ішінде үшеуі чекті көшіріп жазу жолымен, үшеуі телефон арқылы жүзеге асады.
Мерзімді депозит – бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.
Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айып пұл төлеуге міндетті. [24.16-20б]
Бұл салымның ерекшелігі – талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда, оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.
Депозиттің бұл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.
Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
- меншікті-мерзімді депозиттер;
- алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.
Меншікті-мерзімді депозиттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:
- 30 күнге дейін;
- 30-90 күнге дейінгі;
- 90-180 күнге дейінгі;
- 180 күннен 360 күнге дейінгі;
- 360 күннен жоғары.
Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті міндетті түрде өтінішін талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгіленеді. Әдетте, алдын ала алуын хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді.
Мерзімді депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады:
- есп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
- шоттағы қаражат баяу айналады;
- тұрақты пайыз төленеді;
- пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Ұлттық банкі тарапынан реттеліп отырады;
- ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;
- бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді.
Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі – жинақ салымдары.
Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғарғы шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.
Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: оперцияны рәсімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай екі жақты тіркеу енгізу қажет және тағы басқа. Компьютердің көмегімен жасалған жеке бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдармен басқа салымдарды ауыстыруға мүмкіндігі бар.
Жинақ салымдардың тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдар жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.
Жинақ салымдардың мынадай ерекшеліктері болады:
- ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;
- шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап етілмейді;
- ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.
Отандық банктік тәжірибеде жинақ шоттары тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Ал шетел тәжірибесінде мұндай шоттар коммерциялық емес ұйымдарға және іскер фирмаларға ашыла береді.
Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдар салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
- мерзімді жинақ салымдар;
- қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдар;
- ұтыс салымдары;
- ақшалай-заттай ұтыс салымдары;
- мақсатты және ағымдық салымдар;
- алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
- валюталық салымдар.
Мерзімді жинақ салымдарға - тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарға басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.
Қосымша жарна қосатын салымдар – бұл шоттағы қаражатқа алдын ала келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын салымды білдіреді. Бұл шотта жинақталынған соманы белгілі бір күнде (жаңа жылдық салым, бойжеткен кезде және т.с.с) толық төленеді.
Ағымдық жинақ салымдар, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.
Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдардың бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары – бұл салым иесіне белгілі мерзім өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражаттың барлығын куәләндыратын банк-эмитент жазбаша куәлігі.
Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып келеді:
- атаулы сертификаттар ;
- мәлімдеуші сертификаттар ;
Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына толтырылып беріледі. Ал мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбіне ірі сомада шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.
Әлемдік банктік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар:
- аударылатын
- аударылмайтын.
Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады, аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші нарықта сатып алу-сату арқылы өтеді.
Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды. Жинақ сертификаты тек жеке тұлғаларға ғана беріледі.
Мерзімді депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімінен бұрын төлеуге ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатын сатып алады, бірақ төменгі мөлшерде пайыз төлейді. Коммерциялық бенктер үшін бұл сертификат ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге түсуін сипаттайды. [27.25-29б]
Осындай жағдайда, коммерциялық банктердің активтік операцияларын қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде жүргізе отырып, депозиттік операцияларды ұлғайту талап етіледі. Депозиттік операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеру тиіс:
- депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;
- депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу үшін жұмыс жасауға тиіс;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;
- салым иелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.
Банк депозиттік емес ресурстары банктің қысқа мерзімді өтімділігін қолдау мақсатында тартылады. Оларға: банкаралық несиелер, Ұлттық банктің несиелері, банктердің меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау нәтижесінде тартқан ресурстары, сондай-ақ отандық және шетелдік басқа да қаржы нарығынан сатып алынған ресурстары жатады.
Банкаралық несие – бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретін несиелері.
Банкаралық несие бұл басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат ресурс болып табылады.
Банкаралық несиенің негізін банкаралық депозиттер құрайды. Банкаралық депозиттер – бұл банктердің бір-бірінде ашқан корреспондент шотындағы қаражат қалдықтары.
Депозиттік емес қаражаттардың бір түріне Ұлттық банктің коммерциялық банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп отырған мынадай несиелерін жатқызуға болады: овернайт (бір түндік) және күндізгі заемдар.
Овернайт – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтыңпайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.
Мысалға, оны бүгін кешке алған жағдайда, ертеңіне кешке қайтаруға тура келеді. Кей жағдайда бұл несиені алу жұмыс аптасының соңғы күні немесе жұма күнге түссе, онда несие келесі аптаның бірінші күні қайтарылуы тиіс.
Күндізгі заем – банктік жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық банкте ашқан корреспонденттік шотында уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие.

1.2 Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты.

Депозиттік саясат зерттеу жұмысында салымшылар мен басқа да кредиторлардың тартылған қаражаты бойынша банктің стратегиясы мен тактикасы ретінде қарастырылып отыр және қаражат көздерінің ең тиімді комбинациясын анықтауға мүмкіндік береді. Бұндай тәсілдеме банк ресурстарының тиімді, оңтайлы комбинациясын анықтауды болжайды. Банктің депозиттік саясатын оңтайландыру - бұл күрделі көп факторлы міндет, оның шешімінің негізі біздің ойымызша елдің экономикалық қызығушылығын тұтасымен коммерциялық банк экономиканың субъектісі ретінде банктің клиенті және мамандары табылады. Олардың ынталары әрқашан біріне сай келмейтіндігі айқын. Сондықтан оңтайлы депозиттік саясат, ең алдымен, олардың мүдделерінің келісуін болжайды.Бұдан басқа, депозиттік саясат коммерциялық банктің несиелік саясатының бір бөлігі ретінде, несиелік саясат үшін тиімділіктің, оңтайлылықтың жалпы талабына бағынады- бұл өтімділік, табыстылық және тәуекелдің оңтайлы ара қатынасы.
Банктердің депозиттік саясатының мақсаты - олардың активтері мен пассивтерінің үйлесімділігі мен тиімділігін қолдау үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражаттарын тартуды оңтайлы басқару болып табылады.
Банктің депозиттік саясатының негізгі міндеттері:
- халықтың қысқа мерзімді депозиттеріне қарағанда ұзақ мерзімді депозиттерді дамыту және осының негізінде қаражаттардың тұрақты көздерін қалыптастыру;
- талап еткенге дейінгі депозиттердің баламасы ретінде карточкалық шоттарды (пластикалық карточкаларды) кезеңдер бойынша көбейту;
- клиенттерге көрсетілетін депозиттік және онымен байланысты банктік қызметтер ауқымын кеңейту;
- қаржылық және қаржылық емес салалардың клиенттерінің депозиттерін арттыру;
Банктердің депозиттік саясаты олардың тарифтік, мүдделік саясаттарымен өзара байланысты болады және келесі мәселелерді шешуге бағытталады:
- барынша аз қаржылық шығындарды жұмсап, жеке және заңды тұлғалардың бос ақшалай қаражаттарын тарту;
- ақшалай қаражаттарды шоғырландыру үшін депозиттердің жаңа түрлерін дайындау және енгізу;
- инвестицияны қаржыландыру мен несиелеу үшін депозиттердің жеткіліктілігін қамтамасыз ету;
- депозиттерге қызмет көрсету бойынша банктің шығындарын азайту және т.б.
Депозиттік саясаттың қағидалары:
- ақшалай қаражаттарды депозиттерге орналастырудың еріктілігі және оларды қабылданған номиналдары бойынша қайтарымдылығы;
- нарықтық конъюктура тұрғысынан қарағанда депозиттік өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі;
- жинақтарды жинақтау үшін депозиттердің шартының қолайлылығы;
Депозиттік саясат депозиттер бойынша сыйақы ставкаларын, жинақтарды тарту әдістерін, депозиттерді сақтау мерзімдерін оңтайландыру, қызмет корсету аясын кеңейтуді, клиенттерге қызмет көрсету технологиялық үрдісін өзгертуді икемді реттеу жолымен жүзеге асырылады.[13.17-19б]
Банктің депозиттік портфелінің оңтайлылығы және диверсификациясы өтімділікті ойдағыдай басқаруға қажетті шарт болып табылады. Банктің негізделген және заңды клиенттерінің қажеттіліктерінің қабілетсіздігі тиімді келісім-шарттардың тез арада жоғарылауына, оның бәсекелік позициясының әлсіздігіне және ақырында, нарықтық қатынастың өміршең қабілетті субъектісі ретінде банктің күйреуіне әкеледі. Банк қызметінің мақсаты (басқа да экономикалық қызметтер сияқты) – минималды тәуекелділікте максималды мүмкін пайда (табыс) алу. Басқаша айтқанда, бұл анықтама –тәуекелдің табысқа немесе табыстың тәуекелге қатынасы. Табыстылық пен тәуекелдің оңтайлы комбинациясы тәуекелдің табысқа қатынасы үшін минимумға жету немесе эквивалентті бөлу табыстың тәуекелге қатынасы үшін максимумға жету болып табылады. Табыстылық пен тәуекелдің оптималды комбинациясын Морковиц-Шарп моделіндегі бағалы қағаздар портфелінің оңтайлы бір уақытта ұштастырылуы мынадай екі шартты орындайды: бұдан басқа ешбір табыстылық пен тәуекелдің бұдан басқа ешбір комбинациясы берілген табыстылықтың көп немесе тәуекелдің аз деңгейінде қамтамасыз етілмейді; табыстылық пен тәуекелдің бұдан басқа ешбір комбинациясы берілген аз немесе табыстылықтың жоғары деңгейінде қамтамасыз етіле алмайды.
Мұндай комбинация тәуекелдің бір түрін ғана қабылданғанда және табыс көздерінің баламасыздығын тек біреу ғана болған кезде қалыптасады. Көп қабылданған тәуекел және сараланған табыс көзднрін қолдану кезінде мұндай оптимумдар бірнешеу болуы мүмкін, ол тәжірибеде ереже болып табылады. Бұндай жағдайда табыстылық пен тәуекелдің ара қатынасының оңтайлылығын іздеу кезеңі бойынша өткізіледі, тәжірибеде жүзеге асыру жолында тізбектілік итерацияда негізгі бағыттарды байқай отырып “градиент” сияқты кеңестік ықтималдық жоғары жағдайында.
Дегенмен, саналы тәуекелді қабылдаудан басқа, оны минимизациялауды банк өзінің қызметін мыныдый түрде: минимумды жоғарылытуды өзіне анықталған табысты қамтамасыз етуде іске асыру керек. Мұндай минималды табыс деңгейі деп табыстылықтың жеткіліктілігін айтамыз. Онда табыстылықтың тәуекелділігін бірнеше аймаққа бөлуге болады, оның әрқайсысы қызметтің айрықша жағдайымен сипатталады. [14.25-29б]
Болашақтағы сұраныстың анықталмаған жағдайында өтімділіктің қалыпты мөлшерін анықтау қиын. Коммерциялық банктердің өтімділік жағдайын нақты бағалау үшін анықталған кезеңде қолма-қол ақшаның түсуі және қолма-қол қаражаттарының қажеттілігі, күтілген деңгейде өтімді активтердің нақты болжамдары қажет.
Несиелік саясатты әзірлеу кезінде:
1.базистік кезең деңгейімен салыстырғанда салымдар мен ссудалардың әр түрінің күтілген өзгерістеріне сүйенуі мүмкін.
2. банктің өтімділік ресурстарының қажеттілігін есептегенде.
Коммерциялық банктердің несиелік саясатын анықтайтын өтімділік динамикасына мынадай үш негізгі фактор әсер етеді:
А) салым сомасының азаюына немесе көбеюіне байланысты қаражаттарды сатып алу немесе жоғалту;
Ә) инвестиция және ссуда сомаларының қысқаруы мен өсуіне байланысты қаражаттардың түсуі немесе жылыстауы;
Б) салым сомасының қысқаруынан немесе өсуінен міндетті резервтік мөлшерінің төмендеуі немесе өсуі.
Коммерциялық банктердің депозиттік саясатын анықтауда нарықтың ерекшеліктерін талдауға сүйенеді, сондай-ақ банктің ресурстарының оңтайлы комбинациясының критерийлерін, негізгі талаптарын жасауға болады. Сонымен бірге, біздің көзқарасымыз бойынша, жеке, таңдаулы банктің депозиттік саясатының ерекшелігі айырықша көрінеді және барлық банктер үшін жалпы критерийлер болуы керек.
Қазақстан банктерінің депозиттік саясатының жалпы оңтайлы критерийлерімыналар:
- банктің қаржылық тұрақтылығы, оның сенімділігі, тұрақтылықты ұстап тұру үшін қажетті банктің депозиттік, несиелік және басқа да операцияларының өзара қатынасы. Жекелей алғанда, активтер мен пассивтердің келісуі қажет (сомасы, мерзімі, өтімділігі, тәуекелдік және табыстылық дәрежесі бойынша), яғни банктің депозиттік саясатты жүргізгенде депозиттер портфелінің оңтайлылығын банкке деген салымшылар (заңды және жеке тұлғалар) талабының жиынтығы ретінде ең артынан қарауының, өтімділіктің және табыстылықтың, тәуекелдің дәрежесін анықтайтын критерийлердің негізінде жіктеліуінің (несиелік ұйымның берілген ресурс түрінің айналымы мен мерзімі, талап ету дәрежесіне, проценттік ставка деңгейі және т.б.) қалыптасуына үлкен көңіл бөлу қажет.
- банк ресурсының тәуекелдігін минимизациялау мақсатында диверсификациялау;
- депозиттік портфельді сегменттеу (клиент, өнім және нарық бойынша);
- әр түрлі клиенттер тобына саралау тәсілдемесі (тұрғындардың жоғарғы депозитіндегілер, байлар, кедейлер үшін әр түрлі өнімді жинақтау);
- банктің өнімі және қызмет көрсетуі басқа бәсекелес банктің өнімінен өзгешеленуі керек (сапасы, бағасы бойынша және т.б.);
- жоғары тәуекел жағдайында банктің депозиттік портфеліндегі тұрақты ресурстарының үлесі жоғарылағанда тұрақты және “ұшпалы” ресурстардың оңтайлы үйлесуін қамтамасыз етуде ресурстардың тиімді комбинациясының қажеттігі сонымен қатар депозиттік операциялар бойынша да;
- депозиттік портфель мен салымдардың гаммасын тұтасымен қалыптастыру процесінде өміршендік кезеңде есепке алу концепциясы.
Депозиттік саясаттың оңтайлы критерийлерін ерекшелігі әр банкте жеке-жеке анықталады (банктің мөлшеріне, оның персоналдарының квалификациясына, олардың орындаған операциялары және қызмет көрсетулерінің өзіндік құны және т.б.) Мысалы, әлеуметтік бағытталған саясатты жүргізуде (халықтың тұрмысы төмен жіктері үшін; VIP-клиенттер үшін; халықтың тұрмысы жоғары жіктегілер үшін) нақты аймақта өзінің операцияларын дамыта отырып немесе операцияларымен қызмет көрсетудің анықталған түрлеріне арналған нарықтық стратегияны банк таңдайды, оның оңтайлы көрінісі біршама дәрежеде сәйкес келеді.
Халыққа банктік қызмет көрсету нарығын маркетингтік зерттеу нәтижесі жоғарыда айтылғандай, сонымен қатар шетелдік ьанк тәжірибесін зерделеу мынадай қорытындағы әкеледі, банк қызметінің түбегейлі бағыты депозитке қаражаттарды тарту, бұл – салымдар гаммасының кеңеюі. Берілген жағдайды негіздеу үшін депозиттер нарығының қазіргі жағдайын және жекелей алғанда, Қазақстандағы банктердің салымдар жүйесін зерттеу өте қажет.
Халықтың ақшалай жинақтарын талдау қазіргі кездегі Ресей жинақтау жүйесінің үш негізгі элементтен қалыптасқанын көрсетеді банк шотында салым түріндегі жинақ ақша, сақтандыру полисі түрінде және бағалы қағаздар түрінде. Ең маңызды рөлді банк шотындағы салым түріндегі жинақ ақша алады, және жоғарыда көрсеткендей жинақ, банктегі салымдар тарихи басымды.
Салымдар бойынша операциялар несиелік айналымның және халықтың жинақ ақшаларын оңтайлы ұымдастыру мәселесіне тікелей байланысына қарамастан, осы уақытқа дейін “депозит” жинақ ісінің теориясы мен тәжірибесінде “салым” түсінігінің біржақты анықтамасы жоқ. [15.17-21б]
Осы зерттеу жұмысында депозиттер – банк кітабындағы келісім және шарт бойынша қаражаты немесе банкке анықталған талабының бар екенін куәләндыратын тіркеу ретінде қарастырылады. Сондықтан, бағалы қағаздарды жатқызуға болады және банктерге клиенттердің ақшалай қаражаттарын тартуға қызмет көрсетеді. Депозиттерді әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады. Бірақ бағалы қағаздарды жіктеу мәселесі экономикалық әдебиеттерде жеткілікті дәрежеде өңделген, ал салымдардың жіктелуі- пікірталас тудырып отырған мәселе.
Депозиттік операцияларды жүргізген кезде, әр банк онымен жасаған депозиттік саясатты ұстанады. Оның ережелері:
1) депозиттік операциялар банктік пайданы алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға әсер етуге болатындай ұымдастырылады;
2) ұйымдастыру процесінде депозиттік операциялар субъектілерінің әр түрлілігін және әр формадағы депозиттердің сәйкестігін қаматамасыз ету керек;
3) бакнтік операцияларды жүзеге асырған кезде депозиттік операциялар мен депозиттер және несие салымдарының сомалары мен мерзімдері бойынша қарыздарды беру операциялары және депозиттік операциялар арасындағы өзара байланыстылығы мен өзара келісушілікті қамтамсыз ету қажет;
4) депозиттік операцияларды ұымдастыру процесінде банк балансының өтімділігін сақтауды ең жоғары дәрежеде қамтамасыз ететін мерзімді депозиттерге ерекше көңіл бөлінеді;
5) депозиттік операцияларды ұйымдастыру кезінде банк депозиттік шоттардағы бес (активті операцияларды тартылмаған ) қаражаттардың резервтері минималды болдыруына тырысу керек.
6) банктің қызметтерін дамытуы және клиенттерге қызмет етуге, мәдениеті мен сапасын арттыруы шараларын қолдану керек. Бұл депозиттерді тартуға әсер етеді.
Депозиттік саясаттың маңызды тетігі – банктің салымшыларына тартылатын ресурстар үшін төлейтін проценті. Депозиттер бойынша процентті орнатуға әсер ететін бірқатар факторлар болады. Шартты түрде оларды сыртқы (олар объективті және банктің қызметінен және оның контактілік аудиторияларына тәуелді емес) және ішкі (олар банктің ішкі саясатының және контрагенттердің әсерінен қалыптасады) деп бөледі.
Сыртқыларға:
- елдің орталық банк анықтайтын проценттің есептік ставкасы;
- қорлану нормасы;
- ақпараттың деңгейі;
- банктік қызмет нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың қатынасы;
- әлемдік қаржы нарығындағы проценттік ставкалардың деңгейі.
Ішкілерге:
- операцияның мазмұны, яғни депозиттің түрі, мерзімі, сомасы және т.с.с.
- клиенттің сипаттамасы;
- берілген банкте қолданылытын баға белгілеудің әдістері неғұрлым өз экономикалық мазмұны бойынша әр түрлі болса, соғұрлым ол бойынша әр түрлі процент ставкалар орнатылады. Банктің депозиттің әр түрі бойынша операцияларынан кірістер мен шығыстары әр түрлі болады. Төменде шығындарды функционалды талдау беріледі.
Ең арзан депозиттер- бұл чектік депозиттер, соның ішінде кәдімгі пайысыз мерзімді депозиттер. Чектерді жасау мен есептуге байланысты шығындар, шығындардың ең үлкен бабын құрап тұрғанмен, кәдімгі чектік депозиттер бойынша салымшылар шамалас пайыздық табыс алады, бұл банктің қаражаттарының басқа көздеріне қарағанда шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Коммерциялық фирмалар үшін ашылатын чектік шоттар орташа мәнде азаматтарға ұсынылатын чектік шоттар сияқты банктер үшін онша қымбат емес. Коммерциялық фирмалардың депозиттеріне түсетін қаражаттардың долларға кететін щығындары азаматтардың чектік шоттарды жүргізуімен байланысты шығындарының жартысынан аз бөлігін құрады. Жеке чектік шоттың орташа мөлшері коммерциялық шоттың орташа мөлшерінің 1/3 бөлігінен аспайды, сондықтан банк өзі инвестициялайтын қаражаттардың ең көп бөлігін коммерциялық салымдардан алады.
Мерзімді депозиттер (әсіресе ақшалай нарықтық шоттар) жен жинақ салымдары ранг бойынша жалпы талап еткенге дейінгі депозиттерден кейін жүреді, себебі банк үшін ең арзан емес болады. Жинақ салымдары банк үшін өз төмен проценттік ставкасына байланысты, ал көп жағдайда салымшылар үшін шоттардан айлық көшірмесінің жоқтығына байланысты операциялардың үлкен саны жүргізіледі, көптеген салымшылар оларды чектік шоттар ретінде қолданады. Көптеген банктер өз жинақ депозиттерінің ағымдылығын болдырмау үшін шоттардан қаражаттарды алуға шектеулер қояды және қызметтері үшін төлем мөлшерін орнатады.
Жалпы, мерзімді депозиттер, депозиттік сертификаттар және ақшалай нарықтық шоттардың қаражаттарды салу және алуды жүргізу тұрғысынан жинақ шоттарына қарағанда қозғалмалылығы аздау. Мерзімді депозиттер мен ақшалай нарықтағы шоттардың көбісі бойынша ең жоғары проценттік ставкалар жинақ салымдарымен салыстырғанда олардың артықшылығын кемітеді. Үлкен емес банктердің ірі банктерге қарағанда жинақ депозиттер және ақшалай нарықтық шоттарға қызмет ету бойынша жоғары шығындары жиі болады, бірақ олардың басқа банктерге қарағанда мерзімді депозиттер бойынша шығындары орташа төмендеу болады. Сонда да ірі банктер депозиттердің орташа мөлшерінің көптігіне байланысты чектік және жинақ депозиттері операциялардан ең жоғары мөлшерде табыс алады.
Депозиттерді ұстау бойынша қызметтердің бағаларына қатысты мәселелерді шешкенде банктің басқармасы ескі дилеммаға тап болады банктер клиенттердің салымдарын тарту мен сақтау үшін жеткілікті мөлшерде жоғары проценттік табыстарды қамтамасыз ету керек, бірақ депозиттерден алынатын қаражаттарды пайдаланудан алатын пайдадан асатын шектен тыс проценттік ставкалардан жалтару керек. Депозиттер үшін қатаң бәсекелестік күрес бұл мәселенің шешуін күрделіндіреді, себебі бәсеке депозиттер бойынша проценттік шығыстардың өсуіне әкеледі және бір уақытта тартылған қаражаттар айналымынан күтілетін пайдаларды төмендетеді.
Депозиттік нарықтың даму үрдісінде депозиттердің қалыптасуына түрткі әрі себеп болған жинақтаулар ерекше рөлге ие. Жинақтаулардың экономикалық категориялар ретінде мәні қайта бөлу функциясы арқылы жүзеге асады. Соның арқасында ақша қаражаттарының банктік жүйеде шығарылуы және сондай-ақ олардың жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы ары қарайғы пайдаланылуы жүзеге асады.
Экономикалық әдебиеттерде «жинақтау» түсінігінің көптеген анықтамалары кездеседі. Олардың біріне жүгінсек, жинақтаулар – бұл «жаратудан бас тарту», яғни байлық иелерінің ақша қаражаттары түріндегі жинауларының нәтижесі.
Жинақтаулар – төмендегідей екі типтің дерменттігі жағдайында дамитын экономикалық құбылыс:
- табыс алудың белгілі бір кезеңділігін, жалақы және бағдарлардың деңгейін белгілейтін, экономикалық ;
- ағымдық табыстың бір бөлігін бірінші кезекте негізгі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін бөлуге итермелейтін физиологиялық.
Қалай болғанда да, жинақтаулар, өз кезегінде, өндірістік қатынастардың дамуына себеп болатын қоғамдағы айырбас қатынастары дамуының белгілі бір формасы болып табылады. Жалпы алғанда, жинақтаулар – бұл тұрғындардың белгілі бір тұтынушылық мақсаттарға қол жеткізуін қалыптастыратын ақшалай қоры. Бұл ақшалай қордың ерекше пайда болу механизмі, өзіндік даму логикасы мен әрекет ету формасы болады.
Шетелдік ғалымдардың пікірінше, адамдардың өз қаражаттарын жаратпай, сақтауының көптеген себептері мен мотивтері бар. Олар:
1) Ақша «қиын-қыстау кезеңге» бөлінетін сақтандырушылық мотивтер.
2) Кейбір адамдардың өз тұтынуындағы басқаларға қарағандағы үнемділігі немесе аз жарату әдетіне байланысты ұқыптылық мотиві.
3) Жинақтаулар болашақтағы тұтынуларды қаржыландыруға арналған кейінге қалдырылған сатып алу себебі.
4) Ақша кепілді борыштардың орнын толтыру, несие төлемін, сақтандырушылық салымдар төлемін жүзеге асыру үшін бөлінетін келісім-шарттардың міндеттемелер себебі.
Салымдардың кез келген түрлері жинақтаулар болып табылады. Депозиттер – бұл осы жинақтауларды сақтау формаларының бірі. Депозиттің экономикалық категориясы жинақтаулар категориясының құрамдас бөлігі болып табылады. Алайда, егер жинақтаулар жалпылама табыстар мен жинақтаулардың бөлінуі және қайта бөлінуімен байланысты болса, онда депозиттер тек қайта бөлу қатынастарының саласын қамтиды. [25.15-19б]
Депозиттің экономикалық категориясының айрықшалығын сипаттайтын келесі қасиеттерді бөліп көрсетуге болады:
- Депозиттер салынған салымның қайтару мерзімі келген мезетте салынған ақша қаражаттарының қайтарылуын белгілейтін банкттердегі ақшалай қайта бөлулер үрдісін қарастырады.
- Депозиттер жеке табыс бөлігі ретінде капитал мен тығыз байланысты. Мұндай қайта бөлу қатынастарының пайда болу қайтару мерзімінде салым төленген пайызбен берілетіндіктен, депозиттің табыс алып кететіндігімен белгіленеді.
- Депозиттер қайтару мерзімдері бойынша көптүрлілігімен сипатталады. Бұл мерзімді салымдар, ұзақ мерзімді салымдар да болуы мүмкін.
Депозиттік операциялары барысында пайда болатын қайта бөлу қатынастарының келтірілген ерекшеліктері оған келесідей анықтама беруге мүмкіндік туғызады:
«Депозиттер – бұл банк пассивінің балансында көрініс табатын депозиттік портфельдің ақшалай салымдар есебінен қалыптасу жөніндегі қатысушылар арасындағы ерекше қайта бөлу қатынастарының жиынтығы».
Депозиттік нарықтың әрекет ету механизмінде депозиттік нарықтың негізгі субъектілері ретінде банктер рекше рөлге ие. Ақшалай табыстар мен тұрғындар жинақтауларының аккумуляциясы – банктердің дәстүрлі қызметі. Банктер уақытша бос, пайдаланылмайтын ақшалай табыстар мен тұрғындардың жинақтауларын аккумуляциялайды. Ақшалай жинақтауларын, салымдарды сақтау тұрғындар үшін де, мемлекет үшін де тиімді. Салымшыларға пайыз немесе ұтыстар түріндегі табыс төленеді.
Кез келген нарықтағы сияқты депозиттік нарықта да қажетті операцияларды жүзеге асыратын өзінің қатысушылары мен құралдары болады. Депозиттік нарықтағы әрбір субъектінің мақсатты функциясы берілген түсінікті анықтау критерийі болып табылады. Депозиттік нарықтың келесідей субъектілерін (қатысушыларын) бөліп көрсету қалыптасқан:
- депозиттер тартудың жүзеге асыратын – екінші деңгейлі банктер түріндегі банктік жүйе;
- депозиттер салатын – тұрғындар, кәсіпорындар түріндегі салымшылар;
- реттеуші және бақылаушы орган – Ұлттық банк түріндегі мемлекет.
Депозиттік нарық дамуындағы объективті факторлардың бірі – белгілі бір себептерге байланысты қаражаттарды депозиттерге тарту бойынша тиімді банк іс-әрекетін және оларды тиімді басқаруды жүзеге асыруда үлкен маңызы бар оңтайлы депозиттік саясаттың өмірге келтірілуі болып табылады.
Депозиттік саясат – ары қарай табысты әрі белсенді пайдалану мақсатында заңды және жеке тұлғалардың депозиттер түріндегі бос ақша қаражаттарын мобилизациялауға бағытталған шаралар жүйесін білдіреді. Алдын-ала белгіленген үстеменің қосылуымен берілген соманы номиналды турде қайтару талабымен бір тұлғадан екіншісіне берілетін ақшалай қаражаттар сыйақы алатындықтан, салымшылар үшін ғана емес, қаржылық делдалдар үшін де табысты құрал ретінде көрініс табады. Көптеген депозиттер кейіннен экономиканың кез келген салаларында табысты талаптар бойынша орналастырылатын несиелік капиталды қалыптастыра алады.
Банктің депозиттік саясаты қалыптасатын қатынастар жүйесі салымшыларды тарту және өзін-өзі жою, сенімділік, салымдардың табыстылығы негізінде клиенттерге қызмет көрсету сапасын жетілдіру бойынша шаралар кешенін білдіреді.
Депозиттік саясаттың маңызды міндеті банктің депозиттік базасын ұлғайту мақсатында қажетті жағдайлар туғызуда көрініс табады.
Біріншіден, банк әзірлейтін депозиттерді тарту стратегиясы мен тактикасы әлуетті салымшылар санын ұлғайтуға әрекеттеседі. Тартымды депозиттік саясат, салымшылар үшін қаражаттарды салудың тиімді жағдайларын қалыптастыру берілген банктердің басқаларға қарағандағы бәсекелестік қабілетін көтереді.
Екіншіден, салымшы-клиенттер санының өсуі есебінен банкке несиелік саясатты белсендірек етуге мүмкіндік беретін тартылған қаражаттар көлемі ұлғаяды. Яғни, депозиттік саясаттың тиімді бағамының арқасында банктің банкаралық несиелік нарықтан әрі қымбаттамауға немесе қаражат тартудың басқа да көздерін іздеуге мүмкіндігі туады.
Депозиттік саясаттың ұйымдастырылуы тиімді депозиттік портфельдің қалыптасу принципіне негізделгеді. Нарық жағдайында банк дамуының жалпы стратегиясында депозиттік портфельдің орны мен рөлі бірталай өседі. Бұл жағдай ұсынылатын қызметтер саны мен сапасының ұлғаюы, депозиттер түрлерінің өсуі және осыған байланысты мемлекеттің әлеуметтік іс-әрекеті шекарасының кеңеюімен белгіленеді.
Депозиттік портфель – салымшылардың барлық банкке салған депозиттері түрінің жиынтығы. Депозиттік портфель депозиттік саясатты жүзеге асыру құралы бола отырып, ақшалай қаражаттардың пайдаланылуын қалыптастыру және бағыттау көздерін бейнелейді. Ол туралы банк балансының пассивті бөлігі бойынша айтуға болады. Құрастырылатын банк балансы банктік қаржылық бақылаудың әрекетті құралы болып табылады. Баланстық көрсеткіштер арқылы қаржылық жағдайды бақылау мақсатында барлық банктің операциялар ағымын көруге болады. Яғни, ақша қаражаттарының пассивтен активке өтуі депозиттік портфельдің банктің несиелік портфеліне трансформациялануы жолымен жүзеге асады. [20.31-36б]
Банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында көптеген тәуекел түрлеріне кез болады. Ең кең таралған тәуекелі түрі – бұл банктің депозиттік операцияларымен байланысты тәуекел.Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері қызметті тәжірибесінде депозиттер бойынша сыйақы (мүдде) пайыздық ставкасын белгілеу банктердің Басқармасының қаулысымен бекітілген пайыздық саясатына сай жүзеге асырылады.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



165.8Kb
Категория: Экономика, макроэкономика, микроэкономика | Добавил: Admin | Теги: бағалы қағаздар, депозиттік операциялар, Әдістемелік негіз, нарықтық қатынастар
Просмотров: 2058 | Загрузок: 159 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Паскаль програмдау тілінің қайталау командалары
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі
Балалардың сүйікті жыршысы - Мұзафар Әлімбай
Қорықтар – биосфера эталоны
Майлин Бейімбет
Ақан Сері
Адамға сәуле алудың қауіпі
Бақытжан Қаратаев
Қазақстандағы музыка және театр өнері
Адам болам десеңіз (білім сайысы)
Тіршілік етуші негізгі орта және оларға ағзалардың адаптациялануы (бей...
Тастанбекқызы Сара
Сарыбаев Болат (1927-1984) – қазақтың ұлы өнертанушысы
Қазақ фольклористикасы
Германия