Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Курсовые на казахском » Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы

Мемлекет кірістерінің мәні мен рөлі
Загрузка...
Мазмұны

Кіріспе............................................................................................3
I. Мемлекет кірістерінің мәні, әдістері және табыстар сыныптамасы.
1.1 Мемлекет кірістерінің экономикалық мәні...............................5
1.2 Мемлекет кірістерін жұмылдыру әдістері..............................10
1.3 Мемлекет кірістер мен табыстар сыныптамасы.....................12

II. Мемлекеттік кірістер мен түсімдерге талдау жасау.

2.1 1995-2004 жж. Мемлекеттік бюджет кірісінің құрылымы.......15
2.2 Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 1 шілде айына дейін мемлекеттік бюджеттің орындалуы............................................16
2.3 Республикалық және жергілікті бюджет түсімдері.................18
2.4 Республикалық бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы...20

III. Қорытынды..............................................................................24

IV. Қолданылған әдебиеттер мен мерзімді басылымдар тізімі.................................................................................................26

Кіріспе.

Осы курстық жұмыста мемлекеттік кірістердің экономикалық мәні мен маңызы тұжырымдалады. Мемлекеттік кірістердің мемлекеттік бюджет жүйесіндегі қызметі, олардың тәжірибелік және әдістемелік негіздері қарастырылған. Сонымен қатар мемлекеттік кірістер мен табыстардың экономикадағы атқаратын рөлі мен қызметін, мемлекеттік кірістер мен табыстардың Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жағдайындағы алатын орны көрініс табады. Сондай-ақ мемлекеттік кірістер мен табыстардың қазіргі кездегі экономикалық жағдайын ашып көрсетуді мақсат етеді.
Баршамызға белгілі еліміздің салық жүйесі біршама өзгерістерге ұшырап, дамып және нығайып келеді. Бұл орайда 2002 жылдың 1-ші қаңтарынан іске қосылған Салық Кодексіне байланысты салық салу ісінде көптеген өзгерістер мен жаңалықтар енгізілді.
Курстық жұмыста осы өзгерістерді негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер жүйесіне толық сипаттама берілген.
Мемлекеттік кірістер мен табыстардың экономикалық мәні мен мазмұны жан-жақты ашылып, кірістердің атқаратын негізгі қызметтері көрсетілген. Салық механизмі анықталып, оның құрамына талдау жасалған. Жаңа салық Заңдарының қабылдануына байланысты салықтар мен алымдар жүйесін басқару және оны жетілдіру жолдары айтылған.
Қазақстан Республикасында енгізілген салықтар мен алымдар түрлері, оларды есептеу және бюджетке аудару механизмі көрсетілген.
Курстық жұмысымның бірінші тарауында мемлекеттік кірістері туралы жалпы түсініктеме берілген.
Қазақстан Республикасы Салық Кодексіне сәйкес салықтық түсімдер, сонымен қатар салықтық емес түсімдер, ресми трансферттер және басқа да міндетті төлемдер түрлерімен таныстым.
Ал курстық жұмысымның екінші тарауына келетін болсақ, онда мемлекеттік кірістер жөніндегі практикалық мәліметтер бар. Онда мемлекеттің кірістері мен түсімдерінің пайыздық және ақшалай көрсеткіштері берілген. Осы мәліметтерді негізге ала отырып, мемлекеттік бюджеттің орындалу деңгейі, әр жыл сайынғы өсуі немесе кемуі жөнінде талдау жасалынған.
Бұл курстық жұмысты орындау барысында мен көптеген оқулықтармен, кітаптармен және мерзімді басылымдармен жұмыс жасадым. Мерзімді басылымдарға: “Қаржы-қаржат”, “Альпари” мысал бола алады. Бұл мерзімді басылымдардың мәліметтерін негізге ала отырып, курстық жұмысымның екінші бөлімін жаздым. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының жаңа Салық Кодексі және “Бюджет жүйесі” заңдары жөнінде хабардар болдым.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі – мемлекеттік кірістер, яғни салықтық және салықтық емес түсімдер, ресми трансферттер болып табылады. Ал зерттеу субъектісі – салық төлеушілер болып саналады. Осыған қоса мен мемлекеттік кірістер көздері және оларды төлеу механизмдері туралы мәліметтермен таныстым.

I. Мемлекет кірістерінің мәні, әдістері және табыстар сыныптамасы.
1.1. Мемлекет кірістерінің экономикалық мәні.

Мемлекет қаржысының іс-әрикеті кезінде өзара тығыз байланысты екі процесс пайда болады: мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржы ресурстарын жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттің әр түрлі қызметтеріне пайдалану.Бұл процесстердің алғашқысы өзінің көрінісін мемлекеттің кірістері ұғымында, екіншісі мемлекеттің шығыстарында табады.
Мемлекеттің кірістері деп экономикалық қатынастардың жүйесін айтады, бұл қатынастардың процессінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құралады.
Жиынтық қоғамдық өнімді бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, жеке кәсіпорындардың, шаруашылық ұйымдардың және халықтың бастапқы табыстары жасалынады.Бастапқы табыстар бөлу мен қайта бөлудің күрделі процесстеріне ұшырайды, мұнда маңызды рөлді қаржы орындайды.Бұл процесстердің нәтижесінде ақша қорлары, ең алдымен бюджет қоры жасалынады.
Жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру қаржы арқылы халықтың табысының бір бөлігі алынады; кәсіпорындардың табысы (пайдасы) бөлініске ұшырайды – оның бір бөлігі бюджетке түседі, басқа бөлігі кәсіпорындарда қалады және ішкі шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылады.
Сонымен бірге халықтың бастапқы табыстары да қызметтің өндірістік емес сферасының мекемелері көрсететін қызметтерді төлеу арқылы қайта бөлінеді. Бұл түсімдер өндірістік емес сфера кәсіпорындарының (мысалы, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және т.б.) табыстарын құрайды. Сөйтіп, табыстар қоғамдық өнімнің құнын шаруашылық жүргізуші субъектілербойынша бөлуге байланысты адамдардың қарым-қатынастарын білдіретін дербес экономикалық категория ретінде болады.
Мемлекеттің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен байланысты болатын қаржы қатынастарының бөлігі ретінде көрінеді.Сонымен бірге жұмылдырылатын мемлекеттің қаржы ресурстары орталықтандырылған кірістер қатарына, мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында қалғандары орталықтандырылмағанкірістерге жатады.
Орталықтандырылған қаржы кірістері негізінен салық түсімдері, сыртқы экономикалық қызметтен алынатын кірістер халық төлемдері есебінен қалыптасады. Орталықтандырылмаған кірістер кәсіпорындардың өздерінің ақшалай табыстары мен қорланымдарынан құрылады.
Мемлекеттің орталықтандырылған кірістерінің құрамында басты орынды бюджеттің кірістері алады, оның есебінен қоғамды дамытудың экономикалық және әлеуметтік міндеттерін шешу қамтамасыз етіледі.
Мемлекет кірістерінің басым бөлігін түрлі деңгейдегі бюджеттерге орталықтандыру біртұтас қаржы саясатын жүргізуге, қаражаттарды ұлттық шаруашылықтың басым салаларының пайдасына қайта бөлуді қамтамасыз етуге, өндірістік емес сфера қажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға мүмкіндік береді. Бюджет қаржаттарынан басқа мемлекеттің орталықтандырылған кірістеріне бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар жатады.
Табыстар ұғымының материалдық-заттай жағы мемлекетте, шаруашылық жүргізуші субъектілерде, халықта жиналатын ақша қаражаттарының анықтамасы болып табылады.
Мемлекет кірістерінің экономикалық мағынасы және оларды ұйымдастыру мемлекеттік шаруашылық жүргізудің саяси және экономикалық рөліне байланысты болып келеді. Әрбір қоғамдық экономикалық формация үшін ақша-тауар қатынастарының даму дәрежесімен, өндіріс әдісімен, мемлекеттің табиғаты мен функцияларымен байланысты болатын оған тән мемлекет табыстарының жүйесі сипатты болады.
Мемлекет табыстарының қалыптасуы мемлекеттің тікелей белсенді қатысуымен жүзеге асырылады:ол бюджетке орталықтандырылған және шаруашылық жүргізуші субъектілерге қалдырылатын қоғамның таза табысының үлесін белгілейді, сондай-ақ халықтың жеке табыстарының бір бөлігін және қоғамның басқа қаражаттарын шоғырландырады.
Мемлекет өндіріс құралдарының және тиісінше, қосымша өнімнің иесі болып отырған жағдайда мемлекет меншігінен алынатын табыстар мемлекет кірістерінің айтарлықтай көзі болып табылады. Мемлекет кірістерінің бір бөлігі жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекеттік салық жүйесі жұмылдыратын кәсіпкерлік сектордың, кооперативтік ұйымдардың және халықтың табысының бір бөлігі есебінен құралады. Табыстардың белгілі бір бөлігін мемлекет өзіне қарасты қаржы активтерін (акцияларды және т.с.с.), жылжымайтын мүлікті сатудан алуы мүмкін.
Мемлекеттік меншіктен алынатын табыстарға мыналар жатады:
1) мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы табысы (пайдасы), қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден табыстары түріндегі табысы;
2) мемлекеттік мүліктен алынатын табыс (мемлекеттік тұрғын үй қорынан, жерден, ормандардан, жер-судан, басқа табиғи ресурстардан, мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруден түсетін қаражаттар);
3) мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар көрсететін ақылы қызметтерден алынатын табыстар (тіркеу алымдары, мемлекеттік сараптау үшін төлемдер) мен шаруашылық емес қызметтер үшін төлем ( мемлекеттік баж, жол полициясының алым, тауар белгілері үшін өтінім алымы);
4) бюджеттік мекемелердің үй-жай үшін жалгерлік төлемді, қосалқы шаруашылық табыстарын және басқаларды қамтитын арнаулы қаражаттары.
“Мемлекеттің кірістері” мен “Мемлекеттің қаржы ресурстары” ұғымдарын ажырата білген жөн. Қаржы ресурстары – уақыттың бір мезетіндегі мемлекеттің, кәсіпорындар немесе шаруашылық ұйымдардың меншігіндегі ақша қорларының жиынтығы.
“Қаржы ресурстары” ұғымы мазмүны жағынан “мемлекеттің кірістері” ұғымынан кең. Мемлекеттің кірістерінен басқа қаржы ресурстарының құрамына кірістерге жатпайтын, бірақ қоғамдық қажеттіліктерге пайдалануы мүмкін қаражаттар кіреді .Мысалы, негізгі құрал-жабдықтарды (капиталдарды) қалпына келтірудің амортизациялық аударымдары, айналымдағы қаражаттардың артығы, қуыным мерзімі кредиттік және депоненттік берешектің сомалары, істен шыққан, иесіз мүлікті (өлген адамнан қалған мүлікті), тәркіленген, мұрагерлік құқық бойынша мемлекетке өткен, талап етілмеген ( көліктегі талап етілмеген жүк, талап етілмеген депозит сомалары, таратылмаған пошталық жөнелтім ) мүлікті өткізуден түскен түсімдер. Бұл ақша қаражаттары (сондай-ақ мүлікті өткізуден түскен түсімдер де) тура мағынада табыс, яғни қаражаттарды жұмсаумен байланысты белгілі бір қызметтің нәтижесі болып табылмайды. Осындай себептерге байланысты әр түрлі айыппұлдар, бересілер, өсім (өсімпұл) кіріс болып есептелмейді. Мемлекеттік қарыздардан түсетін түсімдер де мемлекеттің қаржы ресурстары (қарыздарды өтегенге дейін) болғанымен мемлекеттің кірістері болып саналынбайды, өйткені бұлар – қарыз қаражаттары. Қаржы ресурстарына сондай-ақ мемлекеттік сақтық органдардың қарамағындағықаражаттардың барлық сомалары жатады. Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрақты пассивтері өсімінің сомалары ретіндегі ішкішаруашылық ресурстар да мемлекеттік кірістер болып саналмайды. Сөйтіп, мемлекеттің қаржы ресурстары негізінен мемлекеттің кірістері мен басқа көздер есебінен құқралады.
Мемлекет кірістерінің көзі ұлттық табыс болып табылады,ал қаржы ресурстары жалпы қоғамдық өнімнің барлық сомасын бөлу және қайта бөлу кезеңінде жұмылдырылады. Мемлекеттің шығыстарын жабу бүкіл қаржы ресурстарының жиынтығымен қамтамасыз етіледі.
“Мемлекеттің кірістері” және “мемлекеттік бюджеттің кірістері”ұғымдары да бір-біріне тең әрі ұқсас ұғымдар емес. Бірінші жағдайда қатынастардың неғұрлым кең топтары туралы әңгіме болып отыр, өйткені мемлекеттің кірістері құрамына, жоғарыда атап өтілгендей, мемлекеттік бюджеттің кірістерінен басқа мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың, бірлестіктердің таза табыстары, мемлекеттік мүліктен алынған табыс, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, салық түсімдері және т.т. қамтылады, ал мемлекеттік бюджеттің кірістеріне олардың жұмылдырылған бөлігі ғана кіреді.

1.2. Мемлекет кірістерін жұмылдыру әдістері.

Мемлекет кірістерінің сипаты айтарлықтай дәрежеде мемлекеттің өзіне қажет ақшаны жұмылдыратын әдістеріне байланысты болып келеді. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың негізгі әдістері салықтар (оның түрлі нысандары), қарыздар мен эмиссия болып табьлады. Түрлі тарихи кезеңдегі бұл әдістерінің арасалмағы әр түрлі болады және қаржы саясатының мазмұнымен, шаруашылық жағдаятпен, нақты экономикалық және әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісу дәрежесімен және тағы басқа көптеген факторлармен айқындалады.
Мемлекет кірістерінің орталық орынды салықтар алады. Олар нарықтық тұрпаттағы дамыған экономикалық жүйеде әрикет ететін қаржының негізгі қасиеттерін білдіретін әмбебабтық және сонымен қатар басты категория болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында салық нысаны қаржылық өзара байланыстардың бүкіл жүйесінде басымырақ болады.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысымен саяси іс-бағытына қарамастан мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық тетігі, мемлекет кірістерін, тиісінше, бюджеттік қордың кірістерін де қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Фискальдық маңызы бойынша екінші әдіс мемлекеттік қарыздар болып табылады.Олар тек бюджет тапшылығын жабуға ғана емес, сонымен қатар әр түрлі күрделі шығындарды, әсіресе экономиканың мемлекеттік секторындағы қаражаттарды инвестициялауды қамтамасыз етуге пайдаланылады. Қаржы жүйесінің әр түрлі буындарының шиеленісуікүшейе түсіп отырған экономикалық дағдарыс кезінде қарыздардың маңызды айтарлықтай артады. Қарыздар мемлекет қаржыларының түрлі буындарында, республикалық және жергілікт ібюджеттерде, мемлекеттің тартылған қаражаттары құрамында қолданыс тауып отыр. Соңғы жылдары әсіресе бюджет түсімдерінің көздеріндегі қарыздардың үлесі артып отыр. Олар түрлі деңгейдегі бюджет тапшылығын жабуда кеңінен қолдануда. Сонымен қатар қаржы нарығының жұмыс істеуі қарыздарды мемлекеттік кәсіпорындардың шығындарын жабу үшін де пайдалануға мүмкіндік береді. Кәсіпорындарды модернизациялауға, олардың материалдық-техникалық базасын жаңартып, ұлғайтуға бағытталған күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру енді қарыздардың облигацияларын өткізу арқылы қосымша қаржы ресурстарын тарту есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекет кірістерін жұмылдырудың үшінші әдісі эмиссия,оның үстіне тек қазаз-ақша эмиссиясы ғана емес, сонымен қатар кредит эмиссиясы болып табылады. Эмиссияға мемлекет салық және қарыз түсімдері мемлекеттің өсіп отырған шығындарды жабудықамтавмасыз ете алмағанда,оның үстіне қаржы нарығында жаңа қағаздаоды шығаруға қолайсыз жағдай иек артады.
Қағаз-ақша эмиссиясы да, кредит эмиссиясы да егер шаруашылық айналымның қажеттілігіне байланысты болмай бюджет тапшылығын жабу қажеттілігімен байланысты болса, экономикада инфляциялық процесстердің күшеюіне әкеп соқтырады. Со ндықтан дамыған нарықтық шаруашылық елдері әдетте кредит эмиссиясына жүгірмей, оны қарызбен алмастырады.
Мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың жоғарыда сипатталған әдістері мемлекеттік басқарудың әр түрлі деңгейіндегі бюджеттік қорларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Бұл жерде эмиссия қолданылмайды. Орталықтандырылмаған ақша қорларын жасау барысында аударымдар, түрлі жарналар, ерікті түсімдер және т.б. әдістер кеңінен пайдаланады. Бұл әдістер өте-мөте мемлекеттік кәсіпорындарда қолданылады.

1.3. Мемлекет кірістер мен табыстар сыныптамасы.

Мемлекет кірістерін сыныптау олардың экономикалық мағынасын, құрамы мен мақсатты бағыттылығын, яғни мемлекет кірістерінің бүкіл жүйесін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Меншік нысандарын ұйымдық-құқықтық рәсімдеуге қарай мемлекеттің кірістері мыналардан тұрады:
1) мемлеекттік ұйымдар мен кәсіпорындардың табыстары;
2) жеке кәсіпкерлік сектордың салық түсімдерінен;
3) халықтық салық төлемдерінен;
4) кооперативтік және ұжымдық кәсіпорындардың салық түсімдерінен;
5) қоғамдық ұжымдардың салық түсімдерінен.
Жасалу сферасына байланысты мемлекеттің кірістер:
- материалдық өндіріс сферасында қалыптасқан кірістер;
- өндірістік емес сферада жасалатын кірістер болып бөлінеді.
Қаржылық мазмұны бойынша мемлекеттің кірістері:
- салықтық;
- салықтық емес болып бөлінеді (мемлекет иелігінен алудан және жекешелендіруден түсетін қаражаттар, ақшалай-заттай лотереялардан түсетін табыстар және т.б.).
Салықтық кірістерді жұмылдыру жағдай ында меншік нысандарының ауысымы болуы мүмкін.
Жұмылдыру әдістері бойынша кірістер орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып бөлінеді.
Жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыс құнының жеке құрамды бөліктері үкіметтің де, сондай-ақ мемлекетке қарасты шаруашылық құрылымдардың да мемлекеттің кірістері мен қаржы ресурстарының жүйесін қалыптастырады. Олардың арасында негізгі орынды мемлекеттік орындардың таза табысы, қосылған құнға салынатын салық, акци здер, сыртқы экономикалық қызметтен түсетін табыстар, әлеуметтік қажеттерге (зейнетақы қорларына) аударылатын аударымдар түріндегі таза табысы алады. Бұған сонымен қатар өнімнің бағасындағы айырмашылықты реттеу жөніндегі шаруашылық ұйымдардың өзара қарым-қатынастарының сальдосы да жатады. Табыстардың бұл түрлері бөлгіштік процесстерге түрліше қатыса отырып, меншіктің түрлі нысандарының кәсіпорындарында жасалынады. Егер қосылған құнға салынатын салықтан, кеден баждарынан түсетін түсімдер түгелдей мемлекет қарамағына берілсе, мемлекеттік кәсіпорындардың тааз табысы, әлеуметтік мұқтаждарға аударылатын аударымдар тек ішінара беріледі.
Қоғамның таза табысы ақша нысынында қосымша өнімнің құнын білдіреді, яғни өткізу (өтім) кезінде қосымша өнім таза табыс тың нысанын алады.
Қосымша өнімнің және тиісінше таза табыстың аса маңызды бөлігі шаруашылық жүргізуші субъектілердің таза табысы болып табылады. Онда кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық жақтары неғұрлым толық бейнеленеді. Сондықтан таза табыстың өндіріс тиімділігінің маңызды құндық көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Таза табыс өсуінің басты факторлары мыналар болып табылады:
- еңбек өнімділігін арттыру (өнім өндірудің көлемін арттыруды қамтамасыз ететін және өнім өлшеміне жұмсалатын еңбек шығындарын төмендететін);
- өнім өндіруге жұмсалатын материал және ақша ресурстарын үнемдеу;
- өнім сапасын жақсарту;
- негізгі және айналым өндірістік капиталдарын пайдаланудың тиімділігін арттыру;
- табиғим өндіріс жағдайлары.
Практикада кейбір шаруашылық жүргізуші субъектілер табысты бағаны жөнсіз көтеру есебінен көбейтуге тырысады, бұл кәсіпорын-тұтынушылардың табыстылығын азайтуға ұрындырады, қоғам мүдделеріне қайшы келеді, өйткені жеке шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделеріне ұлттық табысты үйлесімді бөлуді өзгертеді.

II. Мемлекеттік кірістер мен түсімдерге талдау жасау.

2.1. 1995-2004 жж. Мемлекеттік бюджет кірісінің құрылымы,%

Бюджеттің кіріс көзіндегі алатын орны жоғары коорплрациялық табыс салығы, сонымен қатар ол басқаларға қарағанда әлеуметтік бағыттылығы жоғары салықтарға жатады. Жыл өткен сайын үлесі артпаса, кеміп келе жатқан жоқ. Күрт көтерілген тұсы, 2000 жыл – ірі кәсіпорындарды мониторингке қою процессімен тікелей байланысты. 1999 жылғы көрсеткіштен екі есеге ұлғайып отыр (1999 жылы-13,9%, 2000 жылы-27,9%).
Сонымен бірге, салықтардың жиналу көрсеткіштері де бастады. 1998-2002 жылдары республикада 2002 жылдың аяғында мөлшері 8,7% құрай отырып, салықтар бойынша жетіспеушілік екі есеге азайды. Қосымша өндіріліп алынған салықтар сомасының барлық есептелген сомаға шаққандағы үлес салмағы 1998 ж. 26%-тен 2004 жылы 40%-ке жоғарылады.
Жоғарыда айтылғандардың және кестеде көрсетілгендерді қорытындылайтын болсақ, Қазақстан Республикасының жыл сайынғы мемлекеттік бюджет құрылымына әсер ететін салық жүйесі нарықтық экономикасы дамыған елдерге қарағанда бізде әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымыздың дамудың төменгі сатысында тұр, экономикамыз шикізат өндірісіне бағытталған, қоғамға батыс елдеріне қарағанда терең әлеуметтік мәселелер тән. Осыған орай, біз салық жүйесіне өзгертулер енгізген кезде, оның әлеуметтік жағдайларға сәйкес келуіне баса назар аудару қажет.

2.2. Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 1 шілде айына дейін мемлекеттік бюджеттің орындалуы.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті. Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің мәліметтері бойынша 2005 жылдың 1 шілде айына дейін кіріс көлемі – 861,7 млрд. теңге (2004 жылдың 1 шілде айына дейін 621,1 млрд. теңге), шығыс көлемі 691,6 млрд. теңге (2004 жылдың 1 шілде айына дейін 585,9 млрд. теңге), операциондық сальдо 170,1 млрд теңгені құрады. Таза бюджеттік несиелеуге 1,8 млрд. теңге, ал қаржы активтерімен операция жүргізуге 74,1 млрд. теңгені бөлінді. Бюджетттің профициті 94,2 млрд теңгені құрды. 2004жылдың 1 шілде айына дейінгі көрсеткіштермен салыстырғандағы кіріс - 38,7%, ал шығыс – 18% өсті.
Белгіленген бюджет бойынша 2005 жылдың 1 шілдкесіне дейінгі кірістер 55%–ға орындалды, ал мемлекеттік бюджеттің шығыстары 42,8%-ға орындалды.
Салықтың түсуі құрылымында негізгі бөлікті кооперативтік табыс салығына - 34,4% (283,8 млрд. теңге) және НДС –19,5% (160,6 млрд. теңге). 2004 жылменсалыстырғандағы мемлекеттік бюджеткетүсімі жоғарыды айтылған салықтар бойынша 88,6% және 30,9% –ға өсті. әлеуметтік қызметке шығыс көлемі 53,8%–ды , жалпы мемлекеттік қызметке және қорғанысқа 20,4%–ды, мемлекеттік шығыс көлемін құрады. Жоқшылықты (дефицитті) қаржыландыру көлемі 94,2 млрд. теңге, олардан ішкі түсім 105 млрд. теңгені құрады. Бюджетті қаржыландыруға 133 млрд. теңге жұмсалды.
Республикалық бюджеттің табыс көлемі 2005 жылдың 1 шілдесіне дейін. Ол 695,1 млрд. теңгені құрды, яғни өткен жылмен салыстырғандағы 48%-ға өсті (469,8 млрд. теңге). 2004 жылмен салыстырғандағы мемлекеттік шығыс көлемі 13,1%–ға өсті және 525 млрд. теңгені құрады.
Операциялық сальдо 170,1 млрд. теңгені, ал таза бюджеттік несиелеу – 30,2 млрд. теңгені, қаржы активтерімен операциялар сальдосы 72,5 млрд. теңгені құрады.
19
Республикалық бюджеттің 90%–ын салықтар, салықтық емес – 2,8% , ресми трансферттер – 7,2% –ды құрады.
2005 жылдың 1 шілдесіне дейінгі жергілікті бюджеттің кірісі. 344,4 млрд. теңге, 2004 жылмен (293,1 млрд. теңге) салыстырғандағы 17,5% –ға, ал шығыс көлемі 342,7 млрд. теңгені және 2004 жылмен (268,9 млрд. теңге) салыстырғандағы 27,4%-ды құрады. Операциондық сальдо 1,7 млрд. теңгені, таза бюджеттік несиелеу – 1 млрд. теңге, активтік қаржылармен операциялар – 1,6 млрд. теңгені құрады. Ал бюджеттік профициті 1,1 млрд. теңге көлемінде болды.
2.3. Республикалық және жергілікті бюджет түсімдері.

Мемлекеттік бюджетке қаражаттарждың түсу көлемі мен құрылымына елдегі экономикалық ситуация: қаржы – бюджет саясаты, өндіріс дамуының аймақтық деңгейі, оның құрылымы, инфляция қарқыны, бағаның өсуі және т.с.с. сан алуан факторлар әсер етеді.
“Қазақстан Республикасының бюджет кодексіне”, “Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жалпы жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер республикалық бюджеттің түсімдеріне ұқсас және мыналарды кіріктіреді:
1) салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдері (кестені қараңыз);
2) салықтық емес түсімдер (комуналдық меншіктен түсетін түсімдер; облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өткізуінен түсетін түсімдер; жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алулар өткізуден түсетін ақша түсімдері; осы мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санциялар, өндіріп алулар; жергілікті бюджеттерге түсетін салықтық емес басқа да түсімдер);
3) жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер (жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүліктік сатудан түсетін түсімдер);
4) жергілікті бюджеттерге түсетін ресми трансферттердің түсімдері.
. Дамудың қазіргі кезеңінде Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерінің негізін аумақтағы шаруашылық жүргізуші субъектілермен халықтың салықтық түсімдері (96,7%) құрап отыр. Жергілікті бюджеттерден берілген кредиттерді өтеуден, комуналдық меншіктегі мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, жергілікті атқарушы органның қарыздарынан түсетін түсімдер жергілікті бюджеттерге есептеледі.

Облыстық бюджетке
түсетін түсімдер Республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне түсетін түсімдер
Салықтар
1. Жеке табыс салығы.
2. Әлеуметтік салық 1. Жеке табыс салығы.
2. Әлеуметтік салық.
3. Жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер мен заңы тұлғалардың мүлкіне салынатын салық.
4. Жер салығы.
5. Бірыңғай жер салығы.
6. Жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық.
7. Акциздер (республикалық бюджетке түсетін газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнайға акциздерден басқасы).
Төлемдер, алымдар
1.Облыстық маңызы бар арқылы мемлекеттік автомобиль жолдары арқылы жүріп өткені үшін алым және бұл жолдардың бөлінген белдеуіне сыртқы (көрнекті) жарнама орналастырғаны үшін төлем.

2.Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем.
3.Жер үсті су көздерінің ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем.
4.Орманды пайдаланғаны үшін төлем.
5.Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ рентасы. 6. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем.
7.Жеке кәсіпкерлерді және заңи тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін төлем.
8.Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.
9.Аукциондардан алынатын алым және басқа да төлемдер мен алымдар;

Республикалық бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы.

“Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне” сәйкес республикалық бюджетке түсетін кірістер мыналар болып табылады:
1) салықтық түсімдер, алымдар мен басқа да міндетті төлемдер: корпорациялық табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге және Қазақстанның аумағына импортталатын тауарларға салынатын қосылған құнға салық, импортталған тауарға акциздер, газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнайға салынатын акциздер, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері, экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым, телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым, теңіз, өзен, кемелері мен шағын көлемді кемелерді, азаматтық әуе кемелерін, радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды, дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым, қалааралық және халықаралық телефон байланысын бергені үшін, радиожиілік сектрін, кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлеентін төлем, әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждары, отандық тауар өндірушілерді қорғау шаралары ретінде алынатын баждар, консулдық алым, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін бергені үшін мемлекеттік баж, жүргізуші куәліктерінжәне көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер бергені үшін алынатын мемлекеттік баж, мемлекеттік нотариат кеңселері нотариустарының нотариаттық іс-әрикет жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж және басқа алымдар мен төлемдер;
2) салықтық емес түсімдер республикалық меншіктен алынатын кірістер ( республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен Ұлттық банктің таза табысы бөлігінің түсімдері, респудликалық меншіктегі: акциялар пакеттеріне дивиденттер, заңи тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер, мүлікті жалға беруден алынатын кірістер, Үкіметтің депозиттері, екінші деңгейлі банктерінің шоттарында орналастырылған мемлекеттік сыртқы қарыздар, республикалық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар ( мүдделер), қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін кірістер, республикалық меншіктен түсетін басқа да кірістер); республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдер және осы мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуларды өткізуден түсетін ақша түсімдері; мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар мен мемлекеттік бюджетке түсетін басқа да салыққа жатпайтын түсімдер);
3) негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер (республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік босалқы қорлардан, резервтерден тауарларды, материалдық активтерді сатудан түсетін ақшалар);
4) ресми трансферттердің түсімдері (болыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен алынған ресми трансферттер, Ұлттық қордан республикалық бюджетке алынған мақсатты трансферттер).
Республикалық бюджетке республикалық бюджеттен кредиттерді өтеуден, республикалық меншіктегі мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, Үкіметтік қарыздарды өтеуден түскен түсімдер есепке алынады.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы республикалық бюджет кірістерінің құрамы мен құрылымы мына мәліметтермен сипатталады:

Түсімдердің атауы Млн.теңге %
Түсімдер 722034 100,0
1. Кірістер 649000 89,9
Салықтық түсімдер 603396 93,0
Соның ішінде:
Корпоративтік табыс салығы 272632 45,2
Қосылған құнға салынатын салық 222161 36,8
Акциздер 6019 1,0
Салықтық емес түсімдер 39348 6,1
Капиталмен жасалған операциялардан алынатын кірістер 6256 0,9
2. АЛЫНҒАН РЕСМИ ТРАНСФЕРТТЕР 57630 8,0
3. КРЕДИТТЕРДІ ҚАЙТАРУ 15404 2,1

Кестеден көрініп тұрғандай, кірістердің негізін салықтық түсімдер құрайды, ал салықтық түсімдердің негізгі көздері, бұрынғыдай қосылған құнға салынатын салық пен корпарациялық салығы болып табылады. Республикалық бюджет кірістерінің басқа да едәуір көзі – салықтық емес түсімдер мен капиталмен жасалынған операциялардан алынатын кірістер.



III. Қорытынды.

Қазақстан Республикасының экономикасы басынан кешіріп отырған нарықтық қатынастарға көшу кезеңі оның бюджетінің мазмұнына, кірістері мен шығыстарына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Бюджеттің, әсіресе оның шығыстарының абсолютты және қатысты тез өсуі оған тән сипат болып отыр. Бұл инфляциялық процесстерден және егеменді мемлекет функцияларының кеңеюінен, Қазақстанның ішкі және сыртқы қауіпсіздігін өзі қамтамасыз ету қажеттігінен туып отыр.
Мемлекеттің кірістері – бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан, алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің, сондай-ақ негізгі капиталды сатудан түсетін кірістердің көлемі болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда бюджеттің кірістері – салық және басқа да міндетті төлемдер, ресми трансферттер, мемлекеттік өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатуға байланыс ты емес, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бюджетке есептелуге тиісті ақша. Немесе қысқа сөзбен айтқанда бюджеттің кірістері – түсімдер, бюджет кредиттерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар деуге болады.
Негізінен мемлекеттік кірістерді салықтық түсімдер, салықтық емес түсімдер және ресми трансферттер құрайды. Салықтық түсімдер – Қазақстан Республикасының Салық Кодексінде белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер. Салықтық емес түсімдер – Қазақстан Республикасының Салық Кодексінде белгіленген, негізгі капиталды, гранттарды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтындардан басқа, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленеген бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша. Ал трансферттерге келетін болсақ, онда біз мынандай анықтама бере аламыз: бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, сондай-ақ бюджеттен, соның ішінде жеке және заңи тұлғаларға Қазақстан Республикасының қорынан бюджетке төленетін өтеусіз және қайтарылмайтын төлемдер.
Белсенді қаржы саясатын жүргізе отырып, өндірісті көтермелеу үшін мемлекет бюджеттің кірістері мен шығыстарын пайдалана алады. Бюджеттің кірістері бюджеттің ынталандырмаларына айналуы үшін төлемнің әрбір түрі тек фискалдық функцияны ғана емес, сонымен бірге ынталандырушы функцияны да орындауы қажет. Қаржы механизмі мен қаржы саясаты қаржы құқығымен тығыз байланысты. Заңды нормалардың болуы бүкіл қаржы жүйесінде бірыңғай талаптар белгілеуге жағдай жасайды.

IV. Қолданылған әдебиеттер мен мерзімді басылымдар тізімі.

1. Қ.Қ.Ілиясов, С.Құлпыбаев “Қаржы” Алматы,2005
2. К.К.Жуйруков «Бюджет: составление, утверждение, исполнение» Алматы, 2003
3. «Статистическое обозрение Казахстана» Алматы, 2005
4. Елеубаева М.Е. «Қаржы-қаражат» Алматы, 2005
5. К.Ш. Дүйсенбаев, Э.Т.Төлегенов, Ж.Г.Жұмағалиева «Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау» Экономика. Адматы,2001
6. А.Б.Зейнельгабдин “Финансовая система: экономическое содержание и механизмы использования” Алматы “Қаржы-қаражат” 1995
7. В.Д.Мельников «Основы финансов» Алматы,2005
8. А.Исаева «Қаржы-қаражат» Алматы,2005
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



25.5Kb
Категория: Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы | Добавил: Admin
Просмотров: 2627 | Загрузок: 172 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
СӨСҚ қызметінің негізгі бағыттары
Бәсентиін Малайсары батыр
Қазақ халық көне аспаптарының тарихи даму кезеңдері
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі
Терминнің тілдік сипаты
Досмұхамедұлы Халел
Италия Республикасының Конституциялық құқығы
Жасуша теориясы
Қазақстан Республикасының климаты
Майлин Бейімбет
Махмұд Қашқари
Гендельдің клавирлік музыкасы
Мұстафа Кәмәл Ататүрік
Тастанбекқызы Сара
Электрокардиограмма