Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Заказать дизайн Кухни в спб "Кухни BROSKO".
Загрузка...
Главная » Работы » Курсовые на казахском » Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы

Корпаративтің ақша айналымын және есеп айырысу жүйесі
Загрузка...
айырысу жүйесі.
Сұрақтар:
1. Корпарацияның қолма-қол ақша операциялары.
2. Қолма-қолсыз ақша айналымының мәні және түлері.
3. Кәсіпорынның банктермен өзара қатынастары.
4. Қолма-қолсыз есеп айырысудың ұйымдастырылу принциптері.
5. Корпарацияның ақша айналымын басқару.
Кәсіпорын өзінің өндірістік шаруашылық қызметін атқару процесінде үнемі ақша есептерін жүргізу қажеттіліктері пайда болады. Корпарацияның ішкі есеп жүйесі еңбек ақыны төлеуге акционерлерге дивиденттері төлеуге байланысты болады. Ал корпарацияның сыртқы есеп айырысу жүйесі өнімді жеткізуге салықтарды төлеуге несиені алу және қайтаруға байланысты жүреді.
Корпарацияның есеп айырысу жүйесін 2 топқа бөлуге болады:
1. Тауар операциялары бойынша төлемдер:
2. Тауар емес операциялар бойынша есеп айырысу бұл операцияларға тауардың қозғалысына байланысты емес, тек қана ақша қаржылардың қозғалысына байланысты төлеулер жатады (банкпен және бюджеттен тыс қорлармен, ұйымдармен акционерлермен несие ұйымдарымен есеп жасасу).
Жалпы айтқанда корпарацияның барлық есептері оның ақша айналымын құрайды және өзінің құрылымы бойынша 2 жүйеге бөлінеді: қолма-қол және қолма-қол ақшасыз айналым. Қолма-қол ақша айналымы қолма-қол ақшамен жүретін төлемдерден тұрады.
Акция айналымының негізгі бөлігін қолма-қол ақшасыз айналым құрайды, ол дегеніміз қаржыларды төлеушілер және қабылдаушылар есеп шоты, өзара талаптарды есепке алу арқылы қолма-қол ақшасыз аударымдар арқылы жүргізілетін төлемдер болып табылады.
Корпарацияның есеп айырысу жүйесі келесі элементтерден тұрады:
1. Қолма-қол есеп кассалық операцияларды жүргізу тәртібі.
2. Нақсыз есеп айырысу және оларды ұйымдастыру принциптері.
3. Есеп жүргізу үшін кәсіпорындардың банктерде есепшоттарын ашу тәртібі.
4. Банк және кәсіпорын арасында банктік есеп келісім-шартын жасау тәртібі.
5. Нақсыз есеп айырысу формалары;
Қазақстан Республикасының территориясында қолма-қол ақша айналымы. ҚР-ның Ұлттық банкісінің арнайы хатымен белгіленеді.
Кәсіпорынның қолма-қол ақшаларды қабылдау, сақтау және пайдалану үшін кассасы болады. Бұл операциялар кассалық операциялар деп аталынады.
Кәсіпорын кассасынан нақты ақшаның берілуі келесі мақсаттар үшін жүреді:
- шар-ң және операциялық шығындарға;
- іс-сапар шығындарына;
- төлемақы беру үшін;
- әлеуметтік сақтандыру бойынша жәрдемақы және стипендия беру үшін;
- ссудалар беру үшін және т.б. шығындарға беріледі.
Кәсіпорын кассасына нақты ақшалардың қабылдануы кіріс кассалық ордерлері бойынша жүреді. Қабылдау туралы осы ордерге ақшаның қабылданғаны туралы квитанция беріледі.
Қолма-қол ақшаның берілуі шығыс кассалық ордерлер, төлем ведомостері, өтініштер негізінде беріледі.
Еңбек төлемі, әлеуметтік сақтандыру жәрдемақы, стипендиялардың берілуі әр алушыға шығыс кассасының ордерін қарастырмай-ақ төлем ведомостері арқылы жүреді.
Кәсіпорын ақша құралдарын оған қызмет ететін банкте алады. Нақты ақшаның берілуі банкпен арнайы формадағы құжат чек негізінде жүреді. Чек бұл кәсіпорынның банкке оның есепшотынан чекте көрсетілген ақша санасын беру туралы бұйрығы.
Чек кітапшалары банктермен кәсіпорындарға олардың өтініші бойынша беріледі, ол арнайы орнатылған формада жүреді, оның сыртында есепшот номері, чек номері, чекті толтыру және пайдалану тәртібі көрсетіледі.
Барлық кәсіпорындар өзінің ұйымды-құқықтық формасы және қызмет түріне қарамастан банк мекемелерінде бос ақша қаржыларын сақтауға және өздерінің міндеттемелері бойынша есептерінің негізгі бөлігі нақсыз тәртіп бойынша жүргізуге міндетті. Бірақ нақты ақша қаржыларын пайдалануды талап ететін есептердің болуына байланысты әр кәсіпорынның кассасы болады, ол арқылы нақты ақшалар есеп айырысу жүйесін қамтамасыз етіледі.
Кәсіпорынның кассасында, оларға қызмет көсететін банк орнататын лимит негізінде ғана нақты ақшалар сақталуы тиіс. Кассадағы нақты ақшаның лимит қалдықтары әр жылда банктермен кассасы бір және нақты ақша есебін жүргізетін барлық кәсіпорындарға, олардың ұйымдастыру-құқық формасы және қызмет ету жүйесіне қарамастан орнатылады.
Кассаның қалдық лимиті кәсіпорынның нақты ақша айналымы мөлшеріне, қызмет ету режимінің ерекшеліктеріне байланысты орналасады, сонымен қатар оны анықтау үшін банкке нақты ақша қаржыларын тапсыру тәртібі және мерзімі құндылықтары сақтандыру қызмет етілуі де әсер етеді.
Әр кәсіпорынға банкпен орнатылған нақты ақша қалдықтар лимиті жазбаша түрде хабарланады. Кассаның қалдық лимиті жыл ішінде арнайы тәртіппен кәсіпорынның негізделген өтініші бойынша қайта қаралуы мүмкін (мысалы кассалық айналым мөлшерінің өзгерісі кезінде табысты өткізу шарттары және т.б).
Кәсіпорындар орнатылған лимиттен жоғары кассадағы ақша қаржыларын банкке тапсыру қажет. Нақты қаржылар банктердің күндізгі және кешкі кассаларына, кәсіпорындардың қосылған кассаларына, кейін оны банктерге тапсыру үшін, байланыс кәсіпорындарына банктердегі олардың шотына аудару үшін келісім-шарттардың негізінде тапсырылады.
Кәсіпорындар орнатылған лимиттен жоғары қаржыларды тек қана төлемақы, әлеуметтік төлемдер, стипендияларды төлеу үшін 3 күн ғана сақтай алады. Бұл мерзім өткеннен кейін мақсатты пайдаланбаған нақты ақша қаржылары банкке өткізіледі және оның кейін алынуы банктік тәртіп бойынша құқықтық актілердің негізінде жүреді.

Есепшоттардан төлемдерді төлеудің тәртібі.
Кәсіпорнның барлық талаптарын қанағаттандыруға қажетті банктегі кәсіпорынның есепшотынан ақша қаржыларының алынуы клиенттердің талабы және тағы басқа құжаттар негізінде жүреді.
Егер кәсіпорындарда қаржылық қиыншлықтар туатын болған жағдайда, яғни оның барлық төлемдеріне ақша қаржылары жетпегенде, банк оның есеп айырысу есепшотына карточка ашады. Осы жағдайда, есепшотқа ақша қаржыларының біртіндеп түсуіне байланысты төлемдерді жүргізу кезегін сақтау мәселесі пайда болады. Оның барлық талаптарын қанағаттандыру үшін ақша қаржыларын есептен шығарылып тасталынған ақша қаржыларын кезегі орнатылған.
Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысу негізінде қолма-қол нақсыз формада жүреді, яғни төлеушінің есепшотынан алушының есепшотына қаржыларды аудару және өзара талаптарды есептеу арқылы жүзеге асады. Кәсіпорынның өз ақша қаржыларын банк есепшотында сақтайды, оған кәсіпорынға тиісті төлемдер түседі және кәсіпорынның міндеттемелері орындалады. Нақсыз айналым нақты ақша айналымына қарағанда айналым шығындарын азайтады, яғни бұл жағдайда қолма-қол ақшаны сақтау және жеткізу қажеттіліктері тумайды.
Ағымды заңдылықтарға сәйкес кәсіпорындар арасындағы есеп айырысу банктермен және банктік емес несие ұйымдарымен жүргізіледі. Төлеушілер және төлем алушыларға әртүрлі банктерде қызмет көрсетеді. Сондықтан банктер арасындағы өзара қатынастардың мәні зор болып табылады. Бұл жағдайда есеп айырысуды ұйымдастыруды есеп-кассалық орталықтар (РКЦ) арқылы жүреді, олар территориялық принцип негізінде ҚР ҰБ-кісімен қалыптасады.
Есеп кассалық орталықтарын (ЕКО) арқылы қолма-қол ақшасыз айналымның ұйымдастыру келесі сызбада көрсетілген.

- өнім қозғалысы;
- төлем құжаттарының қозғалысы;
- ақшаның қозғалысы;
Қазіргі кезде есептер ЕКО – тары арқылы жүреді, есепті жүргізу үшін ЕКО-та банктің әр мекемесіне сәйкесті баланстық есепшотында корпаративтік есепшот ашылады. Бұл есепшотта банк өзінің жеке қаржы құралдарын сақтайды, ол ЕКО банктің және оның клиеттерінің қолма-қол ақшасыз есеп айырысуын жүргізуді. Есепті ұйымдастырудың өзара қатынастар тәртібі банкпен және ЕКО арасында келісілген корректорлық қатарлар туралы келісімдер және заңды, нормативтік құжаттармен реттеледі.
Банктердің кәсіпорын клиенттердің есеп операциялары бойынша ЕКО арасындағы есептер әр ЕКО-та болатын МФО (филиалдар арасындағы айналымдар) есепшоттар арқылы жүреді.
Бір банктің клиенттері арасындағы есептер клиенттердің есепшоттарынан қаржыларды көшіру немесе есепке алу арқылы жүреді, мұнда банктің корректорлық есепшотына қатынасы болмайды.
РКЦ арқылы есептің ерекшелігіне келесі жатады: РКЦ-де банктің коррекциялық есебінде қаржылардың болмаған жағдайында банктегі есепшотта қаржылардың болғанмен төлем жүре алмайды. Сонымен қатар, РКЦ арқылы есептің кемшілігіне банктер және оның клиенттері арасында қосымша звеноның РКЦ-ның болуы болып табылады, бұл негізінде есеп айырысуды күрделендіреді.
Ақша айналымын реттеу және есеп айырысуды дамыту үшін банктер бір-бірімен банкаралық келісімдер негізінде коррекциялық есепшоттар ашады, бұл жағдайда РКЦ сияқты звено жойылады. Келесі сызбада қолма-қол ақшасыз айналымды бұл жағдайдағы ұйымдастырылуы былай жүреді:

- өнімнің қозғалысы;
- төлем құжаттарының қозғалысы;
- ақша қозғалысы;
Коррекциялық есепшотта коррекциялық қатынастар туралы келісім-шарттың негізінде ашылады, мұнда бұл есепшоттардың қызмет шарттары анықталған. Көптеген операциялар мұндай есеп айырысу бойынша тегін жүреді, бірақ та есепшотта қаржылардың кредиттік қалдықтарына % есептеледі, неғұрлым қалдық көп болса, соғұрлым оның мөлшері көп болады, сонымен қатар есепшоттардағы қолма-қол ақша операцияларына төлем төленеді.
Банктер өзара талаптарды есептеу арқылы есеп айырысу жүргізу мүмкін есепті жүргізу үшін өзінің есеп айырысу орталықтарын ұйымдастырады, оларды кәсіпорынның өзара талаптарын есепке алу операциядарын жүргізеді, сонымен қатар, жоғарыда айтылғандай, басқа банктерге өз клиенттерінің есеп айырысуы үшін коррекциялық субесепшоттарын ашады. Өзара төлемдер қалдығы осы банктердің коррекциялық есепшоттары бойынша қаржыларды аудару арқылы өтеледі.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу есеп құжаттарының пайдаланылуы арқылы жүреді. Қазақстан Республикасында жақсыз есепте келесі есеп құжаттарының пайдаланылуы жүреді: төлем нұсқамалары, чектер аккредиттер төлем талап нұсқамалар.
Есеп құжаттары орнатылған стандарттарға сәйкес келуі қажет және келесі шарттары көрсетіледі:
- есеп құжатының аты,
- есеп құжатының номері, айы, күні, оның көшірме жылы:
- төлеуші банктің номері, банктің аты;
- төлеушінің аты, банктегі есепшотының номері;
- төлем алушының аты, оның банктегі шотының номері;
- төлемнің мақсаты және т.б.
Барлық кәсіпорындардың жүргізілетін нақсыз есеп айырысуды екі топқа бөлуге болады:
- кәсіпорынның бюджет, бюджеттен тыс қорлары алдындағы міндеттемелері бойынша есеп айырысу;
- тауар операциялары және шаруашылық келісімдер бойынша есеп айырысу;
Бюджет және бюджеттен тыс қорларға төлемдері төлем нұсқамалары түрінде жүреді.
Тауар оперциялары және шаруашылық келісімдер бойынша есептердің түрлері өте күрделі болып келеді, сондықтан оларды түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады;
1. Келісімді жүргізу фактісіне байланысты (өнімнің тәуелді фактісі бойынша т.б).
- алдын-ала немесе аванстық өнімге төлемдер жүргізу;
- келісімді жүргізу фактісі бойынша төлемдер;
2. Келісімді жүргізілу шарттары бойынша;
- акцептік емес (безакцепная) есеп айырысу,
- акцептік есеп айырысу;
- аккредиттік;
- жоспарланған төлемдер;
- өзара қарыздарды есептеу.
Қазіргі кезе акцептік емес (безакцепная) есеп айырысу (кәсіпорынның келісімінсіз) төлеушінің есепшотынан қаржылардың көшірілуі ағынды заңдылықтарға сәйкес келесі жағдайларға пайдаланады:
- сот шешімдері бойынша кәсіпорынға штрафтық санкцияларды төлеу;
- жол, темір жол тарифтерін, электроэнергияны, сумен жабдықталуы үшін төлемдер;
- банктің есеп кассалық қызметінің төлемдерінің төленуі;
Кәсіпорындар және ұйымдар арасында шаруашылық келісімдер бойынша есеп айырысуда қазіргі кезде акцептік емес есеп қолданылмайды.
3) Пайдаланатын төлем құралдары бойынша:
- төлем құралдарының пайдалануынсыз (төлем талаптары бойынша есеп);
- есептің чектік формасы;
- есептің вексельдік формасы;
4) Келісімді қаржыландыруға пайдаланатын қаржылар көздері бойынша;
- кәсіпорынның өзіндік қаржылары есебінен;
- несие және басқа да қарыз құралдары есебінен;
- клиенттің қаржы құралдары есебінен;
Төлеуші және алушы есептің осы түрлеріне сәйкес нақсыз есептің бір формасын таңдайды. Есеп формасы – бұл кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша міндеттемелерін банк арқылы орындау әдістерін заңдылықпен реттеу болып табылады.
Нақсыз есеп әр түрлі формада жүреді. Оның әрқайсысының ерекшеліктері бар.
Заңдылыққа сәйкес қазіргі кезде нақсыз есептің келесі формалары пайдаланады:
- төлем нұсқамалары;
- төлем талап – нұсқамалары;
- аккредивтер;
- чектер;
- вексельдер;
- инкасасалық есеп айырысу;
Жоғарыда көрсетілгендей кәсіпорындар арасындағы есеп формалары олардың шаруашылық келісімдерінде анықталады: Төлеуші жеткізілген өнім уақытылы төлемдерді жүргізу жауапкершілігіне ие болады. Келісімде жеткізуші және сатып алушы арасында төлемді уақытылы қамтамасыз етілмеуіне байланысты санкциялар анықталады.
Кәсіпорынның нақсыз төлем айналымы міндетті түрде несие ұйымдарының қатысуымен іске асырылады, өйткені банксіз төлемдер мен есеп айрысуды жүргізу мүмкін емес. Қарапайым элементарлы ақшаның нақты қозғалысқа байланысты қаржылық трансляиялар олардың инкасациясыз жүре алмайды, инкасация дегеніміз кәсіпорынға қызмет ететін банкке нақты ақшаны тапсыру болып табылады.
Кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметін жүргізу процестеріне қажетті негізгі банктік қызметтерге келесілерді жатқызуға болады.
1) Қолма – қолсыз есеп айрысуды қамтамасыз ету;
2) Кәсіпорынның қызметкерлеріне еңбек ақыны төлеудің қолайлы әдісін қамтамасыз ету;
Мұндай төлемдердің 2 негізгі әдісі бар:
- банк кассасынан нақты ақшаны алу арқылы және кәсіпорынның кассасы арқылы жұмысшыларға еңбек ақының берілуі;
- жұмысшылардың банктегі есепшотынан нақсыз аулару арқылы жүргізуі;
3) Нақты қаржыларды алуды қамтамасыз ету (еңбек ақысына, іс – сапарға, шаруашылық шығындары).
Кәсіпорынның қызмет ететін банкті таңдау үшін жалпылылық мәлімет құралдары мерзімді жарнамаланатын келесі мәлімет бағытталуы тиіс:
- банктің сенім рецтингі;
- ірі банктердің тізімі.
Кәсіпорынның ірі және сенімді банктерді таңдайды және олардың жоғары сенім рейтингіне енеді.
Халықаралық қаржы тәжірибесі сенімді банкті таңдау үшін ұсынады:
- банктердің жоғары капиталының мөлшері;
- қаржы нарығындағы қызмет мерзімі;
- банк лицензиясының болуы;
- рейтингтегі орны;
- ірі компаниялар клиенттер тізімінің болуы;
- орталық банк орнатқан міндетті нормативтерді сақтау;
Сонымен қатар, кәсіпорынның банкті таңдауда келесі моменттерді есептеу қажет:
- банктің тұрақты қаржы жағдайы, қаржы нарығындағы қызмет мерзімінің ұзақтығы;
- банк қызметінің әр түрлі болуы;
- банкпен кәсіпорын қызметінің ерекшеліктерін білу;
- пайдалы іскерлік ұсыныстарды беру қабілеті;
- қаржы құралдарын алудың әр түрлі әдістерін ұсыну;
- кәсіпорынға оның несиелеу тұрақты сұрақтарымен айналысатын қызметкерлерді бекіту;
- банктің кәсіпорын үшін орналасу жайлылығы;
- қызмет көрсету төлемдер мөлшері;
- банкте несиені алу мүмкіндігі;
Кәсіпорынның ҚР – ның ағымды заңдылықтарына сәйкес бір немесе бірнеше банктерге бір немесе бірнеше есепшоттарды ашуға құқығы бар.
Нақсыз есеп айрысуды жүргізу үшін кәсіпорындар банктерде келесі есепшоттар ашады:
1) есеп айрысу шоты; 2) ағымды есепшот; 3) арнайы еспшот; 4) валюталық есепшот; 5) бюджеттік есепшот; 6) депозидтік есепшот; 7) уақытша есеп айрысу шоты.
1. Есеп айрысу шоты кәсіпорынның өкілімен ағымды төлемдерді жүргізу үшін және кәсіпорынға ақша қаржылар түсімдерін есептеу үшін пайдаланылады. Бұл есепшот кәсіпорындармен өнімді өткізуден түсімдерді есептеу үшін, өткізуден тыс операциялардан табыстарын, алынған несие сомаларын есептеу үшін, жеткізушілермен, банкпен жұмысшылармен, банктермен алынған несие жүргізу үшін пайдаланылады және сот шешімдері бойынша төлемдерді есептеу үшін да пайдаланылады.
2. Ағымды есепшоттар заңды тұлғаларға жатпайтын (мыс. Филиалдар) коммерциялық емес мекемелер және коммерциялық ұйымдар үшін ашылады. Ағымды есепшоттар бойынша операциялар тізімі шектелген, оның қаржыларымен тек қана сметамен бекітілген қатал жағдайға пайдалануға болады. Тәртіп бойынша ағымды есепшоттар айлық және еңбек төлемдерінің басқа түрлеріне, іс – сапар шығындарына және филиалдардың шаруашылық қызметіне байланысты мақсаттарға нақты ақша беріледі.
3. Арнайы есепшоттар қатал мақсатты қаржыларды сақтау үшін пайдаланылады.
4. Валюталық есепшоттар шетел валютасында есеп жүргізу үшін пайдаланылады. Бұл есепшоттар валюта операцияларын жүргізуге ҚР ОБ – сінен лицензиясы бар банктер үшін ашылады, әр валюта түрлеріне бөлек шот ашылады. Есепшоттар кез – келген еркін айналысатын валюта ашылады, әр валюта түріне бөлек шот ашылады.
Валюта заңдылығына сәйкесті кәсіпорындарда транзиттік есепшот ашылады, оған алдын – ала валюта түсімі есептеледі. Бұл шоттан кәсіпорын міндетті түрде ішкі нарықта валюта түсімдерінің заңды түрде орнатылған процентті ҚҰБ курсы бойынша 1 январь 2000 – да 75% сатылады, ал валюта түсімдерінің қалдығы транзит шотынан кәсіпорынның валюта шотына аударылады.
5. Бюджет есепшоты б-ттен қатал мақсатқа қаржылар алатын кәсіпорындар мен ұйымдар үшін ашылады.
6. Депозит есепшоты банктерде бос уақытша ақша қаржыларын нақты мерзімге нақты процентке салымдар жасайтын кәсіпорындар үшін ашылады. Депозит есепшотының қаржылары кәсіпорынның есепайрысу, ағымды есепшоттарынан сәйкесті қаржыларды аудару арқылы қалыптасады.
7. Уақытша есеп айырысу шоты кәсіпорындар жарғы капиталына құрылтайшылар және ақшаға жағыл қатысатын жақтардың бастапқы жарнамаларын есептеу операцияларын жүргізу үшін ашылады.
Әр кәсіпорын салық органында есепке алынған есеп мерзімінен кейіннен сәйкес айдың 20 – сынымен күніне дейін есеп айырысу, валюталық, ссудалық, депозиттік және банктегі тағы басқа есепшоттары туралы мәлімет беруі қажет.

Банктік есепшот келісімі.
Банкте клиенттің есепшотты ашылуы және оларға есеп кассалық көрсету процес банк және клиент арасында банктік есепшот келісімін жасау негізінде жүреді. Онда банктен кәсіпорынға есепайырысу қызмет шоттары анықталады:
- кәсіпорының клиентке банктің қызмет түрлері;
- жақтардың өзара жауапкершілігі;
- конпенсациялық сиақы мөлшері, ал әр жағдайда жүргізілетін операциялардың шығындарын және қажетті рент-льділік деңгейін қамтамасыз етуіне байланысты анықталады.
Келісім шартқа сәйкес банктер клиентке ашқан есепшотқа (шот иесіне) түскен ақша қаржыларын есепке алуға, клиенттің өкімі бойынша сәйкесті ақша қаржыларды аударуға беруге міндет алады.
Банктер клиенттерге өз қаржыларын өздерінше пайдалануға мүмкіншілік жасайды. Банк клиенттердің ақша қаржыларының пайдалану мақсаттарын бағыттарын қадағалай алмайды.
Келісім шарт жасалынған кезде екі жақтың нақты шарттары көрсетіледі, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қолма – қолсыз есеп формаларының кез – келгенін таңдай алады. Төлем нұсқаулары аккредивтер чектер ж.т.б.
Кәсіпорынның есепшотынан қаржыларды есептен шығару акцепты формасына (яғни келісімсіз, келісіммен) атқару құжаттары негізінде жүреді. Яғни ақша қаржылардың есептен шығару сөзсіз.
- орбитражды сот органдарының өкілі;
- Соттарьмен берілетін атқару құжаттары
- Қаржылық және салық органдарының өз компенцацияның шегінді нұсқаулары;
- Сатылушылармен келісілген уақытысында төленбеген төлем талаптары.
Банк клиенттің есепшотына қажетті қаржыларына болуына сәйкес кәсіпорын клиенттің қаржыларды аудару туралы бұйрығын орындайды. Төлемдер кәсіпорынның өзіндік қаржылары есебінен кейбір жағдайларда қызмет көрсететін банкінің несиедегі есебінен жүреді. Банкте салықтарды және бюджеттен тыс қорларға төлемдерді төлеу туралы тапсырысы ең бірінші орындалады. Банкке кәсіпорынның нұсқауларын орындамауға рұқсат етілмейді және салық төлем дерін несие ресурстары ретінде пайдалана алмайды.
Банктер кәсіпорынның есепшоты, банк салымдары, жүргізілген операциялар, кәсіпорындар туралы мәліметті құпия сақтайды. Банк құпиясын құрайтын мәліметтерді тек қана кәсіпорындарға ғана бере алады. Мемлекет органдарына мұндай мәліметтер тек қана заңға сәйкес беріледі. Егер банктер құпия мәліметтерді берген жағдайда кәсіпорындар жіберілген шығындарды өтеуін талап алады.
Клиентерге есеп – кассалық қызмет көрсету төлем төлеу негізінде жүретін болғандықтан, келісім – шартта банк қызметіне төлемдер көрсетіледі. Есеп – кассалық қызмет көрсету төлемі кәсіпорын ұсынатын әр төлем құжатына сәйкес немесе қолма – қол және қолма – қолсыз айналым соммасынан % - тті төлеу негізінде жүреді.
Банктер кәсіпорындарға есеп – кассалық қызмет көрсету бойынша операцияларды жүргізу үшін тарифтер орнатады. Тәртіп бойынша, кәсіпорындар қолма – қол ақша алған кезде, аккр-втен төлем, дубликат, құжат көшірмесін анықтама алған кезде төлейді.
Келісімде сонымен қатар клиент шотында қалған минималды және орта қалдықтар үшін төлейтін % ставкісі көрсетіледі.
Келісім шартта жақтардың өздеріне алған міндеттемелерді орындамаған жағдайдағы жауапкершілігі көрсетіледі: мысалы, банк клиенттің тапсырмаларын уақтылы орындамаған кезде қаржылық жауапкершілікке ие болады.
Әр кәсіпорын өзінің есеп – шот жағдайын біліп отыруы тиіс, осыған байланысты банктер әрқашан олардың есеп – шот жағдайы жүргізілген операциялар туралы көшірме беріп отырады. Кәсіпорындар өз жағынан бұл көшірмелерді мұқият тексереді, қате жіберілген болса банк түзету тиіс. 5 күн ішінде кәсіпорын жағынан ол қаралмаса, яғни ешқандай претензия қойылмаса кәсіпорын есеп шотындағы қаржылар расталады.
Клиенттер мерзімінен бұрын өзінің өтініші бойынша келісімді бұза алады.
Есеп айырысу шоты:
- меншік формасына қарамастан комиссиялық қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға ашылады;
- орталықталынған қорларды құру және басқару аппаратының қызметіне жүргізу үшін мин-во, вед-воларға ашылады.
Есеп айырысу шотының иесі толық экономикалық және барлық төлемдердің дербес төлеушісіне айналады, өзінше банкпен несие өзара катарды қалыптастырады, өндірістік және инв-лық қызметке байланысты кез келген операцияларды жүргізе алады.
Ағымды есеп – шот есеп – айырысу есеп шоты аштыра алмайтындарға ашылады:
- ком-лық емес ұйымдарға;
- заңды ұйымдардың оңашаланған бөлімшелеріне;
- бюджетте тұратын ұйымдар есепайырысу есеп шотының иесіне қарағанда дербестілігі шектелген. Ағымды есеп – шот бойынша операциялардың тізімі қызмет мақсаттарына сәйкес шектелген.
Клиенттер кез келген валютада есеп айырысу шоттардың, депозитік шоттың қажетті санын ашуға құқығы бар.
Банкте есеп – шоттың ашылуы корпарация және банк арасында банк есеп келісімін жасау арқылы жүреді.
Банк клиентке кешенді есеп – айырысу – кассалық қызмет көрсетуге міндет алады:
- клиенттердің есеп айырысуын жүргізу;
- клиенттерге ақша және есеп айырысу чек кітапшаларын береді:
- есепшоттың көшірмелерін береді.
- Пошталық, телеграфтық және кеңес қызметтерін көрсетеді;
- Есеп шотқа түскен қаржының сақталуын қамтамасыз етеді;
- Ақша қаржыларды клиенттердің бірінші талабы бойынша береді;
- Клиенттердің операциялары бойынша банктік құпияны сақтайды;

5. Қолма – қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыру принциптері.

Нақсыз есеп айырысуды ұйымдастыру принциптері олардың жүзеге асырылуының негізгі бастапқы факторы болып табылады.
Кәсіпорындар орындар мен банктердің принциптері орындау нақсыз есеп айырысудың сәйкестігі талаптарға сәйкестігін көрсететеді. Олар келесілер:
1 принцип – нақсыз есепті жүргізудің құқықтық режимі. Бұл принцип өзара есеп айырысу мүшелерінің тәртібі құқық нормаларына, құқықтық жауапкершілікке сәйкес келуін талап етеді;
2 принцип – қолма – қолсыз есеп айырысу ақша қаржыларын сақтау клиенттерге аудару үшін ашылатын банк есепшоттары арқылы жүреді.
Нақсыз есеп айырысуды жүргізудің қажетті шарты бұл фирма – жеткізушілер мен фирма – сатып алушылардың банктік есеп шоттарының болуы;
3 принцип - өндірістік шаруашылық қызметті жүргізу процесінде кәсіпорындардың нақсыз есеп айырысу формасын бос (еркін) таңдауы кәсіпоынның меншік формасына және қызмет жағдайына қарамастан олар есеп айырсу формасын бос таңдай алады және олар контрагенттермен оларды шаруашылық келісім – шартында бекітеді. Банк жағынан таңдау бостандығы шектелмейді;
4 принцип – төлеушінің оның банктік есеп шоты арқылы төлемдерді жүзеге аудару төлеушінің нұсқаулары немесе келісімі арқыл жүргізіледі. Бұл сатып алушы орындарға жеткізушілердің келісім – шарттың негізгі шарттарын орындауды бақылау жасауға мүмкіндік береді, келісім – шартты бұзу төлемді жүргізбеуге жағдай жасайды. Бұл принцип сәйкесті төлем құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асады. Мыс., чек, төлем нұсқамасы, қарапайым вексель және т.б.
5 принцип – есепшоты бар қаржылардың шегінде төлемдерді жүргізу. Есепшотта ақша құралдарынң сомас барлық талаптарды қанағаттандыруға жеткілікті болған ағдайда бұл қаржылардың есепшоттан аударылуы кәсіпорындар жағынан үкімдердің және т.б. аудару туралы құжаттардың түсуі арқылы жүзеге асрылады;
6 принцип. Бұл принцип бойынша тауарлардың өндірісіне үзіліссіз шығындалатын қаржылар сатып алушылардың төлемдері арқылы өтелуі қажет, оның мерзімі шарт келісімдерде белгіленеді. Төлемдердің мерзімдерін сақтауды бұзған жағдайда қаржылардың айналымдылығы бұзылады. Оның нәтижесінде кәсіпорынның төлем дағдарысы пайда болуы мүмкін.
Мерзімдік принцип тек қана тауаралар, қызмет және жұмысты орындау бойынша есепті уақытына ғана емес сонымен қатар, банктердің фирма – клиенттерінің есеп шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу уақытын орындауға да байлансты болады. Банк клиент шотына түскен күннің ертесінен бастап аудару қажет.
7 принцип. Сатып алушның есеп шотынан қаржыларды аудару есеп айырысу құжатының тек қана бірінші экземпляры негізінде жүреді.
8 принцип. Барлық қолма – қол есеп айырысуға қатысушылардың есепті жүргізу дұрыстығына, орнатылған ережелерді сақтауға бақылау жасалуы;
Әр кәсіпорын әрдайым сатушы және сатып алушы бола алады.
Кәсіпорын сатып алушы ретінде өзінің міндеттемелерін жеткізушілер алдында уақтылы және дұрыс орындауды бақылайды.
Бұл өздерінің контрагенттерімен жайлы шаруашылық қызметтерді қамтамасыз ету үшін келісімдерге сәйкес жүреді. Өндірілген өнімді жеткізуші ретінде кәсіпорын табысты көбейту мақсатымен өз пайдасына төлемдердің уақтылықты өңделуін бақылайды. Бұл қайтарылмайтын қарыздарды, жоспардан тыс төлемдердің кейінге қалдырылуын жібермеу үшін жүреді. Уақтылы бақылаудың жүргізілуі міндеттемелердің орындалмауын жібермейді.
Банктер, сатып алушылар және сатушылар арасында делдалдық қызмет жүргізу арқылы олар арасындағы орнатылған есеп айырысу тәртібін сақтауға бақылау жүргізеді. Банктер клиенттердің мүдделеріне және тұрақты несие қабілеттілікті қолдау мақсатымен өздеріне есеп айырысуды жүргізудің барлық бақылауын алады.
9 принцип. Келісім шарттарын сақтау үшін мүлікті жауапкершіліктің болуы. Бұл принцип нақсыз есеп айырысу жүйесінде келісім – шарт міндеттемелерін бұзу жағдайы шығындарды өтеу, айыппұлдарды төлеу формаснда азаматты – құқықтық жауапкершілікті пайдалану мүмкіндігін туғызады.
ҚР – ның Азамт Кодексі ақша міндеттемелерін орындамау жауапкершілікті туғызады.

Ақша айналымын басқару
Қазіргі кезде ақша қаржылары шаруашылық мехнизмінде шектеулі келетіндіктен корпорацияның табыстылығы оның тиімді пайдалануына байланысты болып келеді. Осыған байланысты корпорацияның ақша айнылымын басқарудың маңызы үлкен.
Ақша қаржылардың қозғалысы туралы алғашқы есептер қаржы сарапшыларымен бағалы қағаздар нарығында жұмыс істеу үшін құрастырылған және пайдаланылған. Мұндай есептер кейбір корпорациялардың акцияларын бағалау үшін қолайлы құрал ретінде жүрді, себебі, табыстылық көрсеткіштеріне қарағанда ақша қаржылар қозғалысының нәтижелері бағалы болып келеді.
Корпорацияларда нақты ақша қаржыларның болуы оның табыстылығын көрсетеді. Бірақ барлық жағдайда бұл дұрыс бола алмайды. Табыс ретінде жүретін қаржылық нәтижесі бухгалтерлік принциптерге сәйкес нақты ақша қаржылардың қозғалысына қарамастан табыстар мен шығындар мен резервпен төлемдердің алдағы шғындар өнімнің өзіндік құнын көбейтеді және ақша қаржылар қозғалысын тудырмайды.
Несие және займдарды алу және өтеу сияқты қаржылық операциялар, мақсаты қаржыландыру табыстарда көрініс алмайды.
Корпорацияның ақша ағындары таза табыс және амортизацияға тең болады. Ақша ағындарының бұл түсінігі негізгі қаржылық мақсаттарына корпорациялық сәйкес келеді. Бұл:
1. Өтімділікті қамтамасыз ету.
2. Таза табысты алу;
3. Қажетті өзіндік капиталды қамтамасыз ету;
Ақша ағымдарын басқарудың бастапқы мақсат – оның өтімділігін қамтамасыз тең болып табылады. Өтімділікті қамтамасыз етпеген жағдайда корпорациялар банкроттыққа ұшырауы мүмкін. Барлық стратегиялық және оперативтік шешімдер қабылданып жатқан кезде осы жағдай ескерілуі тиіс.
Сонымен қатар қаржы ресурстардың бос жатуы көптеген шығындар әкелуі мүмкін. Осыған байланысты кейбір инвестициялық жобаларға қатысуына байланысты айырылып қалатын табыстар мөлшерін бағалауға болады.
Сондықтан қаржылардың кезінде 2 өзара байланысты жағдайы есепке алу қажет:
- корпорацияның өтімділігін сақтау;
- корпорация қызметінің рентабельділігін қамтамасыз ету.
Ақша қаржыларды басқаруда қаржы менеджері рентабельділіктің максимальді болуын қамтамасыз ету қажет. Өтімділікті қамтамасыз ету өз жағынан қымбат болмауы тиіс. Қаржы менеджері рентабельділік және өтімділік арасында қажетті балансты табу қажет және оны бір қалыпты сақтап отыруы қажет.
Жоғарыда айтылғандай, корпорацияның ақша ағымдары қызметінің 3 түрі бойынша топталады:
- Ағымды;
- Инвестициялық;
- Қаржылық;
Ағымды қызметке байланысты ақша қыржылар бірінші қаржылар бойынша жылдан жылға түсімдерінің (өсуі) – корпорацияның табыстылығын көрсетеді. Ол ақша қаржылары тек қана қарапайым өндірісті емес, сонымен қатар кеңейтлген ұдайы өндірісті жүргізу үшін мүмкіндік жасайды.
Кәсіпорындар үшін қарыздарды өтеу және мүлікті сатып алу негізінде ағымды қызметке байланысты ақша қаржылардан қаржылану қолайлы болып келеді.
Мұндай саясат жүргізетін корпозациялар жоғар кредиттік рейтингке ие болады және қарылық тұрақты болып келеді.
Корпорациялар ағымды қызметтен ақша қаржыларын қамтамасыз ете алмауы жағдайда өзіндік айналымы қаржыларының жетіспеушілігіне әкеледі. Бұл жағдайда кәсіпорындар қарыз алуға немесе мүліктерін сатуға мәжбүр болады, кейбір жағдайда өндіріс мөлшері азая түседі. Мұндай жағдай тұрақты түрде жүрген кезде кәсіпорындар соңында банкротқа ұшырауы мүмкін.
Корпорациялар ақша қаржылардың қозғалысы туралы есеп бергенде есеп айырысудың тікелей немесе жанама әдістерін пайдаланылады. Тікелей әдіс бойынша есеп айырысудың белгілі бір мерзім ішінде ақша қаржылар есепшоттары бойынша операциялар нәтижелері көрсетіледі. Операциялар қызметінің 3 негізгі түрі бойынша топталады. Форманы толтыру үшін мәліметтерді бухгалтерлік регистрден тікелей алға болады.
Тікелей әдіс арқлы ақша ағындарын есептеу корпорацияның төлем қабілетін бағалауға және ақша қаржылардың түсімдері мен шығындарына бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.
Ішкі шаруашылық қаржылық жоспарлау жүйесінде кассалық бюджеттің жасалуы көптеген жағдайда тікелей әдіс арқылы жүреді.
Жанама әдіс арқылы ақша ағындарын есептеу бухгалтерлік есеп мәліметтерінің кіріс және мәліметтерінің негізінде арнайы түзетулер арқылы табыс көрсеткішін өзгерту арқылы жүреді.
Бұл түзетулер таза табыс көрсеткішін көбейту және төмендетуін туғызады көбейтеді және азайтады:
Таза табысқа келесі көрсеткіштер қосылады:
- Негізгі қорлар және мат.емес активтерге есептелінген амортизация.
- Дебеторлық қарыздың азаюы.
- Тауар – мат.запастар қалдығының азаюы.
- Алдағы мерзім шығындарының азаю.
- Кредиторлық қарыздың көбеюі.
- Б-т, бюджжеттен тыс қорлар алдында қарыздың көбеюі.
- Сатып алынған құндылықтар бойынша ҚҚС – ның азаюы.
Таза табыстан келесі көрсеткіштер алынып тасталынады:
- Негізгі қорлар қайта бағалануы.
- Дебеторлық қарыздың өсуі.
- Тауар – мат.запастар қалдығының өсуі.
- Алдағы мерзім шығындарының көбеюі.
- Кредит қарыздың азаюы.
- Б-т, бюджеттен тыс қорлар алдында қарыздың азаюы.
- Бұрынғы жалғдарда бөлінбеген табсты пайдалану, және т.б.

Ақша ағындарын талдау.
Ақша ағындарын есептеу нәтижесінде алынған мәдіметтерді талдауға болады. Ақша қаржылар жағдайы туралы есептерді талдау корпорацияның кең мүмкіндік береді, өйткені ол бұрынғы қызмет нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді. Талдау арқылы ақша қаржылардың тепе – теңсіз пайдалануын анықтауға болады және болашақта сәйкесті шаралар жүргізуге мүмкіндік береді.
Корпорацияның үзіліссіз қызмет, қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін келесі мақсаттарды орындау қажет:
- Түсімдер ағындары және ақша қаржылар төлемдерін сәйкестендіру;
- Есеп айырысудағы қаржылар мөлшерін оптимизациялау.
- Ауыспалы ақша қаржылар қалдығын оптимизациялау.
- Корпорацияның өзін - өзі қаржыландыру деңгейін оптимизациялау.
Ақша қаржылардың көздері және пайдалануы туралы есепті талдау орта және ұзақ мерзімді қаржыландыру жоспарлау үшін қажет, өйткені ол ақша қаржыларына қажеттілікті анықтайды. Басқаша айтқанда ақша бюджеті арқылы ақша қаржылар жағдайын болжамдауға мүмкіндік береді.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



23.2Kb
Категория: Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы | Добавил: Admin
Просмотров: 2740 | Загрузок: 166 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Қазақ халық көне аспаптарының тарихи даму кезеңдері
Ғабит Мүсірепов
Паскаль програмдау тілінің қайталау командалары
Музыка пәнін қазақ ұлттық аспаптар арқылы үйрету
Жасуша теориясының негізгі қағидалары
Жиренше шешен
Бунақденелілер
Шылым шегудің алдын алу
Қазақстан Республикасы, топырағы, өсімдіктері, жануарлары
Әлеуметтік қорғаудың түсінігі, құрылымы
Құранды түсіну
Жамбылдың ұстазы еді Майкөт ақын
Аймауытов Жүсіпбек
Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы
Денсаулық - басты байлық