Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Курсовые на казахском » Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы

Қазақстанның инвестициялық саясаты
Загрузка...
МАЗМҰНЫ :
І. Кіріспе ..................................................................................................... 3
ІІ. Негізгі бөлім
1. Экономикалық ой және инвестиция ........................................... 4
2. Қазақстанның инвестициялық саясаты ...................................... 9
3. Тікелей шет ел инвестициялары ................................................ 17
4. Инвестициялық қорлардың бөлінуі............................................. 20
ІІІ. Қорытынды ........................................................................................... 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................ . 28


КІРІСПЕ

Инвестиция - пайда табу, дивиденд алу не болмаса басқандай кіріс кіргізу мақсатыменкәсіпорындарға, құрылыс жұмыстарына, ауыл шаруашылық өндірістеріне ұзақ мерзімдік күрделі қаржы, немесе құнды қағаз жұмсау.
Күрделі қаржыны жұмсау орнына байланысты инвестиция:
• ішкі (өз елінде пайдаланатын), сыртқы (шет елге шығарылатын) болып бөлінеді. Ішкі инвестициялар нақтылы және қаржылы болып бөлінеді;
• сыртқы инвестиция тікелей және портфельді (қаржынды) болып бөлінеді.
Инвестицияны акционерлік және сақтандыру ұйымдары, сауда банктері, инвестициялық трестер және жеке кәсіпкерлер бере алады№ Негізгі капиталды (қорды) кеңейтуге не орнын толтыруға, мүлік-заттық - өндірістік қорды молайтуға жұмсалған ішкі инвестиция нақтылы деп аталса, ал құнды қағаздар (акциялар, облигациялар т.б.) сатып алуға жұмсалған ішкі инвестиция қаржылы деп аталады.

1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ

Бүгіндері дүние осыдан жиырма жыл бұрынғымен салыстырғанда, танымастай өзгерген. Жетпісінші жылдырдың бас кезінде компьюторлық жүйе орталықтан пайдаланылатын ірі көлемді есептеу машинасының бір түрі ғана болып көрінетін. Онда электромагнитті бобиналар, факсмашиналар, оптикалық талшықтар, балауызды телефондар, видеомагнитафондар мен қолға ұстап жүретін шағын стереожүйелердің ешқайсысы да болмайтын.
Бұрын шет елдің қаржы салушыларын инвестор қабылдай қоймайтындар, енді оларды құшақ жая қарсы алатынды шығарды. Басқаны қойғанда, өзін өзгелерден бөлектеу ұстайтын Солтүстік Кореяның Оңтүстік Корея мен Жапония сияқты шетелдік көршілеріне есік аша бастауы осыған дәлел. Оңтүстік Африка республикасындағы Африка Ұлттық Конгрессі жұрт алдына елдегі шет ел қаржы салушыларының маңызды рөлін мойындаған саяси мәлімдемемен шықты. Бұл мәлімдемеде жеке қор жинау “ішкі қаржы сақтауды көбейтудің” қажетті шарты деп бағаланады. Сондай-ақ ең соңғы технология мен соған сәйкес басқару әдістерін енгізу, оны бәсеке жағдайында үлкен тиімділік құралы есебінде пайдалану және сыртқы базарларға кіруді жеңілдету – осы қажеттіліктерді тудыратынын айқын көрсеткен. Шет ел қаржысын мүнда келтірушілерді жұмыспен қамтуды арттырып, жергілікті өндіріс мүмкіндіктерін өсіретін жерлерде аса қолайлы жағдайлар күтіледі.
Қабылдайтын елдердің экономикасы үшін қаржыны келтіру, айтарлықтай кепілдлік болмаса да, әлемдік экономикамен бәсекенің кірігуіне көмектеседі. Төменде дамушы елдер үшін шетелдік қаржыны келтірудің неліктен жоғары дәрежелі көмегі барлығына мысалдар келтіріледі.


Жаңа технологияны әперу.
Халықаралық корпорация әдетте аса ірі, ең дамыған өндірістің барлық деңгейінде оның нәтижелерін базардағы сатуды ұйымдастыруға дейін, әрі әртүрлі елдердегі өзінің өндірістік күштерін орналастыруға пайдаланатын және барынша бәсекеге икемді компанияға жатады. Бүгінгі экономикада дүние жүзіндегі жабдықтаушы мен базарларға жол іздейтін басты өндірушілер құдыретті күші бар елдер ретінде көрінеді.
Халықаралық корпорацияны қабылдаушы елдердің индустриялық базасының дамуы баға жеткісіз жаңа технологияның өсу әсерін сезінеді. Халықаралық корпорациямен байланыс құрған жергілікті компаниялар олардың ноу-хоуын игеріп алады, сөйтіп, қатал бәсеке жағдайында халықаралық базарларға шығуға үйренеді. Дәл осындай білімді жергілікті тұрғындардан жалданған менеджерлер мен халықаралық корпорацияның қызметкерлері де игеріп алады.
Жұмыс ортындарын жасау.
Экономикасы өтпелі елдердің жағдайында адамдардың жұмыспен қамтылмауы, немесе жаппай жұмыссыздық - ескіден келе жатқан созылмалы проблема. Мемлекеттік секторда жұмысшы орынын жасау арқылы жұмыссыздықпен күресу – көбіне аз нәтиже береді. Халықаралық корпорацияны тікелей инвестициялау жұмысшы орындарын туындатады. Сонымен қоса, жоғарыда айтылғандай жергілікті кадрлерді маман ретінде дайындау қазір сол жердің экономикасына оң ықпалын тигізеді.
Экспорттың жетілдірілуі.
Шетелдік инвестиция көбіне көрші елдердің базарларынан халықаралық корпорацияның штаб-пәтері орналасқан қабылдаушы-елдерге әкелінетін экспорттың көптеп әкелінуіне ықпалын тигізеді. Бұл экспорт тұрақты экономканың өсуіне игі ықпалын тигізетін қатты валютаның болуын қамтамасыз етеді. Қатты валюта сыртқы қарыздарды өтеуге, сырттан заттар сатып алуды қаржыландыруға және ішкі инвестицияны қаржыландыруға аса қажет. Рас, экспорттың есебінен алынған қатты валютаны пайдалануға деген ниет бұл елдердің сауданы шектеуін азайтып, сол арқылы элемдік экономикағы кіруіне көмектеседі. Шет ел инвестициясының елдерге өз экспортының номенклатурасының көбеюіне мүмкіндік беруінің де маңызы аз емес. Дәстүрден тыс өнім деп аталатын өнімнің сапалық өсуі шикізат өнімдерін (кофе, қант, банан) дәстүрлі экспортқа шығарып, дамып келе жатқан елдер үшін де аса маңызды қызмет атқарады. Экспорттық өнімдер номенклатурасының ұлғаюы елдегі шикізат өнімдері құнының төмендеуі секілді бүлдіргіш әсерді азайтады.
Нақ осы ойлар дамып келе жатқан елдерді өздерінің өнеркәсібін қорғауға және оны қатал бәсекеден сақтай отырып дамуға мүмкіндік беретін, шетелдік инвестицияны шектеу арқылы сауда мен саясат жүргізетін ізденістерге жетеледі. Өнеркәсіптің көптеген салаларында шетелдік инвестицияға түгелдей тиым салынды, өйткені, бұл салалар ұлттық мүдде үшін өте маңызды саналады және тұтастай мемлекеттік секторға көшірілді. Мәселен, Мексика конституциясы мұнай өнрекәсібін шетелдіктердің инвестициялауына тиым салған. Мексика экономикасында, шетелдік инвестицияға қойылған көптеген шектеуді қоса есептегенде, шапшаң қарқын мен еріктендіру көлемінің өсуі бұрынғы қалпында қала береді.
Шетелдік инвестицияға тікелей тиым салудан басқа да көптеген шектеулер қойылды. Мысалы, ұлттық компаниялардағы шет ел қаржысының қоры шектелуі, рұхсат алудың күрделі де қиын тәртіптері енгізілді, шет ел инвестициясынан түсетін пайдаға салынатын салық мөлшері ұлғайды, тағы да қабылдаушы-елден алған пайданы әкету бұрынғыдан бетер болды, іске жұмсаған қаржыны (Әсіресе, өз валюта қорын сақтауға тырысқан елдерде) қайтырып алу тәртібі күрделілене түсті.
Бұл секілді саясат ұлттық өнеркісіптің гүлденуіне қол жеткізе отырып, кейбір елдерде аз уақыттық болса да табыс әкелді. Алайда мұндай саясаттың орташа және ұзақ мерзімдік болашағында үкіметке де, жеке адамға да қымбатқа түсетін тиімділігі аз және бәсекеге қабылетсіз өнеркәсіп құрылысы болып есептеледі. Бұл тұрғыда, Латын Америкасының алпысыншы және жетпісінші жылдардағы тәжірибелері көрсетуге татырлық. Бұл мерзімде көтермешілік саясаттың арқасында ішкі базарда өнеркәсіп қаулап өсті. Анд пактісі мен Орталық Американың көпшілік базарындағы келісімдерге сай шетелдік инвестиция мен еркін саудаға қатал шектеу қойылды. Бұл елдер экономикалық өсудің таң қаларлық көресткіштеріне қол жеткізсе де, халықаралық базарда бәсекеге түсердей олардың индустриялық негізі болған жоқ. Енді сауда және инвестициялық бөгеттер жойылғанда, келісімге қол қойған көптеген елдер үлкен қиындықтармен жаңа жағдайларға икемделуде.
Инвестор өзіне қабылдауға әзір инвестициялық мақсаттар мен тәуекел деңгейіне және инвестордың бейнесіне қарап шет ел инвестициясының да түрі анықталды. Соңғы жылдары шет ел инвестициясының жүзеге асырылу құралдарына сай олардың өздері де әрқилы болатынды шығарды. Бұл дүние жүзі базарларының байланыстарын нығайтатын және көптеген инвестициялық жаңа механизмдерді дамытуға мүмкіндік беретін электронды коммуникация саласындағы табыстарға тікелей байланысты. Төменде дүние жүзінің дамышу және дамыған елдерінің көбінде пайдаланылатын инвестиция түрлерінің шолуы беріледі.
“Елдер қоры…” былайша айтқанда, жекелеген елдердің экономикасына салынатын құнды қағаздар. Мұндай қорлар инвесторлардың кейбір елдердегі күрт дамып келе жатқан корларына қатысу үшін құрылды. Бұл қорлар шет ел компанияларының акциялар мен жергілікті қор биржаларын біріктіреді. Бұл қорлардың қаржылары нақтылы бір елде, болмаса дамып келе жатқан елдердің тұтас бір аймақтарында. Мысалы Азия немесе Латын Америкасында құнды қағаздың ауқымын кеңейту (диверсифицировать), сол арқылы жеке әр елде тәукелдын азайту мақсатында пайдаланылады.
Инвесторлар бұл қормен қуана-қуана пайдаланады. Соңғы жылдары осындай қорлар санының өсуі және олардың қызмет аясының кеңеюі көрініс беруде. Кейбір инвесторларды жергілікті биржалардың жағдайы тез өзгергіш және болжап болмайтындықтан жаңа базарлардан тездетіп кету қызықтырып тұрады. Чили секілді басқа елдерде шет ел инвесторларына акцияны тікелей сатып алуға шектеу қойылған, сондықтан “ел қоры” құнды қағазы олардың базарға шығуына бірден-бір мүмкіндік тудырады. Бұл секілді жақсы ұйымдастырылған қор дамушы елдер биржаларында жағдайлардың өзгеруі туралы хабарлар алудың қиндықтарынан құтқарады. Биржа жағдайы өзгергенде “ел қоры” инвесторлардың жергілікті акциялардан тез құтылуына мүмкіндік беретін болғандықтан, инвесторлардың дамушы елдер банктерінің есеп-шотына салған қаражаттары секілді бұл құнды қағаздарды “ыстық ақшы” деп атайды. Мұндай есеп-шоттар, әдетте, бұл елдердің экономикалық қызметі хауіп-қатерге толы болғандықтан және құнсыздануға сай қаржы саясатының күшінің арқасында үлкен өсім процентін әкелді. Ал, проценттік көтерілуі азайған шақты инвесторлар есеп-шоттарын дереу жабады.


2. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЛЫҚ САЯСАТЫ

Инвестициялық саясаттың әлеуметтік-экономикалық салдарын ескере отырып, Қазақстан экономиканың қаржылық тұрақтануы сатысына ену кезеңінде қатаң әдістерді қолдана бастады, бұл әдістер төмендегі бағыттарды қамтиды:
• үкіметтік несиелер мен кепілдемелерді шектеу (өйткені үкіметтік несие алдын-ала ақы төлеуді; кепілдемелерді ұсынуды және белгілі сомалардың процентімен қайтарылуын талап етеді).
Мұндай жағдайда елге келіп жатқан шетел инвесторларын көбейтуге арналған мүмкіндіктер кеңейіп жатыр. Капиталды тартудың мұндай формасының басымдылығы әртүрлі түсіндіріледі:
• тікелей шетел инвесторлары донордың ұзақ мерзімдік мүдделерінің жүзеге асуына мүмкіндік береді;
• донордың өндірістік процесті басқаруға қатысу мүмкіндігі болуы тиіс;
• елеулі көлемде қаржылық ресурстардың ағылып келуін қамтамасыз етеді, ол сыртқы қарыздардың төлену проблемасына әсер етпейді;
• тікелей шетел инвестициялары іскерлік және шаруашылық белсенділікті қамтамасыз ете отырып, өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың әр түрлі формаларының кең түрде таралуына ықпал етеді.
Мұның барллығы Үкіметтің орта мерзімдік инвестициялық бағдарламасын қабылдау және жүзеге асыру үшін бағыт-бағдар беруге мүмкіндік жасады. Объектілерді салу және сатып алумен қатар шетел капиталын салу бағыттарына мыналар жатады:
• біріккен және төл кәсіпорындарды құру;
• шетел компанияларының басқаруына объектілерді беру;
• акционерлеу жолы арқылы кәсіпорындарды жекешелендіру процесіне донорлардың қатасуын кеңейту;
• банктік мекемелерді инвестициялу.
Қолданылатын бағыттар сипатында елеулі өзгерістер болуда:
• Біріккен кәсіпорындардың делдалдық-өткізу және сатып алу қызметі салаларында емес, өндірістік, банктік, құрылыстық қызметте, аграрлық сектордаұлғаюы.
1997 жылы қызмет етіп жатқан біріккен кәсіпорындардың жалпы саны 1388, ал шетел инвесторларының басқаруына берілген кәсіпорындар саны 100-ден астам болды.
Бір кеңістіктегі серіктестердің мүдделері, өндірістік міндеттер сияқты, өнімді өткізудің белгілі бір нарығында тоғысады.
• Қазақстан Республикасы экономикасына тартылатын айналым капиталының ұлғаюы жеке жобалар бойынша жекешелендіру процесінде көрініс тапты.
Оның өрістеуі белгілі мөлшерде төлем төлемеу дағдарысы сияқты түйінді мәселені жеңілдетті, өндірістердің іскерлік белсенділігін көтеруге және озық технологияларға өту процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.
Дегенмен, бірқатар жағымсыздықтар да кездеседі, олар республиканың экономикалық қауіпсіздігіне әсер ететін қатерлердің пайда болуына жағдай жасайды.
Олар мыналар:
1. Бұрынғысынша донор үшін өте тартымды болып табылатын мұнай-газ саласы, қара және түсті металлургия, ақырғы нәтижесінде олар халық шаруашылығындағы жекелеген салалардың дамуындағы алшақтықтың ұлғаюына ықпал етеді.
Шетел инвестицияларын осылайша орналастыру шетел инвесторларының (темекі, кондитерлік, маргарин өндірісі және т.б.) қызмет етуін монополиялық тұрғыда бекітілуіне ықпал етті.
2. Шетелдік тікелей инвестициялар құрылымында үлкен үлесті – несиелер, займдар, ссудалар алып жатыр. Оларды негізгі инвестор кәсіпорыннан филиалдар мен еншілес компаниялар алады. Мұндай фирмааралық инвестициялау қияндап бара жатыр. Соның салдарынан фирмааралық қарыздар қалыптасуда және ұсынудың қатаң жағдайлары кезінде клммерциялық несиелеу кеңейтілуде.
3. Фирмааралық несиелерді қолдану, сонымен бірге бас компаниядан қаржылану көп жағдайда инвестициялаудың өзінің көлеміне тең емес пайданың ауысуына әкеліп соғады.
Мысалы, әлемдік тәжірибедегі шынайы салым жоспарланған инвестициялар сомасыныың 20%-нен асқан жоқ, ал пайданы қайта инвестициялаудың бұдан кейінгі процесі бухгалтерлік және басқа да әдістерсіз қаржылардың негізсіз ағылып кетуіне әкеліп соғады.
Соңғылар тікелей де, жанама да табыстардың елден негізсіз “шығып кетуіне” ықпал етеді.
4. Ел экономикасындағы өңдеуші емес, шикізат салаларын инвестициялау теріс жағдайларға әкеліп соғады, олардың ішінде ерекше орынды дивидендтер алады, олар саланың экспорттық көлемінің елеулі бөлігін құрайды.
Бұл жағдайда кеден арқылы шетелге өнімнің едәуір көллемінің өтуі кезінде экспорттық валюталық түсім пропорциналды дәрежеде өспейді.
5. Шетелдік инвестициялаудың басқа формаларын салыстырғанда, тікелей инвестициялар ағымын қатаң түрде реттеу өте ауыр, нәтижесінде ол төлем балансы жағдайына белгілі дәрежеде әсер етеді.
6. Бүкіл әлемдік тәжірибедегідей, Қазақстан Республикасына тікелей шетел инвестицияларын тарту ұзақ мерзімдік болашақты айқындай алмайды. Тәжірибеде көптеген донорлар міндеттемелер шеңберін орындауға қабілетсіз болып келеді, тиісінше ол төлем балансына, жұмыскерлердің әлеуметтік тұрақсыздығы жағдайына әсер етеді.
Қазақстандағы объектілер басқаруға өте тиімді жағдайларда беріледі: әлеуметтік объектілерді қамтамасыз етілуден босатылады, жұмыскерлер санын қысқартуда еркіндік беріледі және экспортқа бағытталған өндірістер құнға үстеме салықтан босатылады.
Сонымен бірге, белгілі бір өндіріске салынған инвестициялар кейінгі жылдары едәуір көлемде коммерциялық несиелеу құнынан асып кетті.
7. Ақпараттық нарықтардың құрылмағандығы – шетелдік басқаруға өту шарасының шектен тыс жабық түрде жүретіндігін алдын ала айқындайды, ол көптеген келісімдерді бақылау мен олардың жүргізуіне жауапты болуы мүмкін емес.
Нәтижесінде, 1996 жылғы қарыздарды өтеу, еңбек ақыны дер кезінде төлеу, зауыттар жұмысының ырғақтылығы, экспортты ұлғайту сияқты көрсеткіштері – 1995 жылдың объектілерді шетел инвесторларының басқаруына жаппай беру көрсеткіштерінен едәуір төмен болды.
Барлық елдердегі сияқты, Қазақстандағы инвестициялық процестің гүлденуі макроэкономикалық параметрдің төмендегі факторларымен тежеліп отыр.
Олардың біріншісіне мынаны жатқызуға болады: яғни жинақталатын ресурстардың төмен тиімділікте сіңірілуі, оларды қаржыландыру механизмінің жоқ болуы (сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз ету және инвестициялаудың нарықтық институттарының қалыптасуының, сонымен бірге жинақтаулардың салымдарға айналуы механизмінің аяқталмағандығы).
Бұл жағдайды ұлттық банктік жүйенің жеткілікті түрде дамымауы шиеленістіріп отыр. Қазіргі кезде ұлттық банктік жүйе жинақтарды салудың және оларды инвестициялаудың шынайы активтерге айналуының тартымдылығын қамтамасыз етуге қабілеті жоқ.
Екіншіден, Республика көлемінде тиімді инвестициялық жобалар түріндегі төлем алушылар ұсыныстарының мәліметтер банкінің құрылмағандығы. Көптеген жобалар жабық жағдайларда қарастырылған, осының әсерінен жеткіліксіз дәрежедегі жоғары тиімді жобалар өмірге енгізілген.
Үшіншіден, банктердің, клиенттердің қаржылық жағдайының төмен деңгейі; мемлекеттік бағалы қағаздардың жоғары табыстылықпен қамтамасыз етілмеуі; кәсіпорындардың қаржылық жағдайының қажетті деңгейде болмауы себебінен инвестициялаудың жоғары тәукелділіктерін компенсациялайды.
Төртіншіден, төлемдер дағдарысы жағдайындағы қарыздардың сақталуы бұрынғысынша айналым капиталын толтыру үшін ақшаға деген жоғары сұранысты сақтап отыр, ол қаржылық ресурстарды инвестицияландыру мақсаттарына емес, айналым қорларын қаржыландыруға бағыттайды.
Бесінше – жүктемеленбеу жағдайында тұрған өндірістік салының негізгі капиталы өзін сақтауға жоғары шығындарды талап етеді, сол арқылы қаржылық ресурстардың елеулі бөлігі шығындалады.
Алтыншы – тиісті әдістердің болмауы негізгі капиталдың теңбе-теңсіз қайта бағалануына әкеліп соқты.
Осының салдарынан амортизациялық төлемдер мен ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) арасындағы арақатынас шектен тыс жоғары болып отыр. Нәтижесінде, жоғарыда аталған себептер әсерінен Қазақстан экономикасында өндірістік шығындардың бұзылған құрылысы, өндірістердің төмен шынайы пайдалылығы, бюджетке төлемдердің жинақталмауы, мүліктік активтер негізінде кәсіпорындар қаржыларының жоғарылауы көрініс алып отыр.
Көптеген экономистер мемлекеттік басқаруды аз талап ететін саясаттардың жүзеге асырылуы нұсқаларын ұсынып отыр. Бірақ жоғарыда аталған факторлар Қазақстан Республикасының өзіне тән ерекшеліктері жағдайында инвестициялық белсенділікті көтеру үшін, қолайлы жағдайларды қалыптастыру әдістерін белсенді қолдану мемлекет тарапынан талап етіліп отыр (бәсекелестік қабілеті бар отандық өндірушілерді бюджеттік қаржыландыру және қолдау, балансталған сыртқы экономикалық саясатты (СЭС) жүргізу, өнеркәсіптік даму саясатын үйлесімді түрде байланыстыру және т.б.).
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, соның ішінде Азия-Тынық мұхиты аймағындағы кеңістік өзінің терең нарықтық өзгерістері сатысына енуде жоғары инвестициялық белсенділікті танытты. ІЖӨ құрылымында негізгі капиталға инвестиция салудың үлесі 30-40%-тен асты. Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған экономикалық саясаттың мұндай сапалы сипаттамасы жоқ.
Ұзаққа созылған өндірістік құлдырау, инфляцияның жоғары деңгейі – инвестициялық сұраныс жолындағы тежегіштер болды. Бұл жағдайда талдау көрсетіп отырғандай, инвестициялардың төмендеу динамикасы 1990 жылғы деңгейге қарасты ІЖӨ-нің төмендеуі динамикасынан бірнеше есеге көбейіп отыр.
Инвестициялық белсенділікті қамтамасыз ететін алғашқы себептер қатарына мыналар жатады: бюджеттік саясаттың қатандығы және шиеленіскен ақпараттық хал-ахуал.
Айналым капиталының инфляциялық құнсыздануы, экономикалық байланыстардың үзілуі, несиелерді берудегі шынайы емес шарттар, жекешелендіру саясаты нәтижесіндегі ауыр төлемдік дағдарыс – жаппай банкротқа ұшырау және халық шаруашылығының барлық салаларының қаржылық жағдайының нашарлауына әкелді.
Мұндай жағдайларда инвестициялық құлдырау материалдардың да, өндіріс құралдарының да тікелей рпопорционалды түрде қысқаруына әкеліп соқты.
Экономикалық жағдайдың ауырлығы халық шаруашылығының бірқатар салаларын, ең алдымен қор құрайтын салалар үшін аман қалудың қиын жағдайларын туғызды. Экономикалық тұрғыда аман қалу үшін қазба өнеркәсібі саласы аз шығынды болғандықтан, ішкі де, сыртқы да инвестицияларды тарту үшін өте басымды болды.
КСРО кезінде де көрініс тапқан техника мен құралжабдықтарды қолданылудың жоғары мерзімі, инвестициялық сұраныс қысымының нәтижесінде негізгі қорлардың бұзылуы күшейді, ал негізгі қордың моральдық емес, табиғи тозуы 40% шегінде өзгеріп отырды. Кәсіпорындардың өзіндік қаржылары инвестицияға деген сұранысты 25-40% деңгейінде қанағаттандыра алды.
Елдегі қаржылық, несиелік жүйелер мен оның институттарының дұрыс қалыптасуы шетелдік капиталдың жаппай өктемдік жүргізуі үшін қолайлы жағдайлар жасады.
Мемлкеттік меншікті жекешелендіру процестерінің кезеңдері іс жүзінде меншік формаларының ұдайы өндіріс процестеріне әсер ете алмайды. 1993-1996 жылдарда Қазақстанға шетел инвестициялары 6,2 млрд.доллар көлемінде тартылды.
Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатын дамытушы елдер тәжірибесімен салыстыра отырып, Аргентина саясатымен белгілі бір ортақтықтың бар екендігін атап өтуге болады.
Өйткені Қазақстанда жүргізілген 4 кезең төмендегідей нәтижелерге әкелді:
• Реформалаудың бірінші кезеңі – инвестициялық жекешелендіру қорының (ИЖҚ) қалыптасуына және капиталдың үкімет кепілдемесі арқылы тартылатындығына жағдай жасады.
• Екінші кезең - жекешелендіру процестерінің белсенді жүруін және акциялардың мемлкеттік пакеттерінің 80%-ке дейіні шетелдік инвесторларға саталуын қамтамасыз етті, осы уақытта төлемдердің төленбеуі және отандық тауар өндірушілердің банкротқа ұшырауы проблемалары қат-қабат жүріп отырды.
• үшінші кезең - жекешелендіру процесінде республикалық нарықта шетелдік банктердің рөлін “тереңірек” өтті; нәтижесінде инвестициялық саясатың аргентиналық қателіктері болған, атап айтқанда: аз шығынды әдіс өңдеу, ғылыми технологиялар салаларының туындауына жағдай жасамай, керісінше дәстүрлі салалар экспортын кеңейту құралдарының дамуына жағдай жасады.
Тиімді инвестициялық саясаттың жоқ болуы “өсу нүктесі” болып табылатын белгілі бір салаларды анықтауға мүмкіндік бермеді; ол сыртқы экономикалық саясатты “өсу локомотивінен” “тежеу локомотивіне” айналдыруды, әлеуметтік реформаларды ұстап тұру, халықтың ағымдық табысының төмен деңгейі, сонымен бірге тұтынушылық несиенің болмауы республика халқын инвестициялық саясаттың белсенді субъектілерінің біріне айналдырды.
Бұл кездегі тауар өндірушілердің жаппай банкротқа ұшырауы шетел инвесторларының баюы жағдайында жүріп жатыр және ұлттық валютаны жоюда.
Қазақстандағы саны 1300-ден астам біріккен кәсіпорындар жаңа, яғни 20 мың жұмыс орны бар кәсіпорындардың құрылуына ықпал етті, осы кезде кішкентай Сингапурде алғашқы кезеңдерде жұмысшы орындарының саны 70 мыңға жеткен еді.
Экономиканың қазіргі кездегі төртінші кезеңге енуі еңбек бөлінісінің халықаралық жүйесіне кіру нәтижесінде мемлкет рөлін күшейту қажет екендігін қайтадан талап етіп отыр.


3. ТІКЕЛЕЙ ШЕТ ЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫ

Шет ел компаниялары мен мемлекеттер басқа елдермен тікелей инвестициялар жүргізе отырып, инвесторлар базарды тезқалдырып кету мүмкіндігінен айрылады. Бірақ, соған қарамастан олар бұрынғыдан да гөрі қауіп-қатері көп ұзақ мерзімдік қаражат салуға әзір, өйткені мұндай жағдайда кіріс тәуекелмен салған ақша мөлшерінен асып түседі. Тікелей шетелдік инвестиция “ел қоры” секілді жанамалы инвестицияның күрделі қаржы мөлшерінен әлдеқайда артық. Осыдан барып дамушы елдер инвестицияның бұл түрлеріне көбірек қызығады деген қорытынды жасауға болады. Тікелей шетелдік инвестициялар әрқилы жүзеге асуы мүмкін.
Қабылдаушы-елдердің жергілікті қор биржаларынан осы компанияның акцияларын компанияларға тікелей сатып алу жолымен қатысуы шектеулі. Бұл инвестициялар көбіне инвесторлар тиісті фирманың өндіріс қызметін бақылау және осы ьасқару процесіне ықпал жасай аламайтын болғандықтан, енжар, немесе “портфельдік” деп аталады. Әдетте шетелдік фирмаларға қатусыдың шектелуі – бұл мемлекеттің қәсепорындарын жекешелендіру және айырбас, қарыз акциялар секілді мемлекеттік фирмаларды да конвертициялау.
Қабылдаушы-елдер фирмаларымен лицензиялық келісім. Халықаралық корпорация жергілікті фирманың белгілі бір технологиясын өндіріп, ішкі базарда тарау үшін пайдалану хұқын бере алады. Жергілікті фирма халықаралық корпорацияға оның технологиясын пайдаланғаны үшін ақы төлейді. Мұндай келісім үлкен қатерге бас тікпей-ақ, халықаралық корпорацияның шет ел базарына шығуына мүмкіндік береді. Кейде халықаралық корпорация соңынан лицензиялық келісімдер жасау үшін жергілікті фирмалардың акцияларын сатып алады.
АҚШ-тың сауда палатасы өз құрамына кіретін компаниялардың материалды негізінде бір елге күрделі қаржы беру кезінде американың халықаралық корпорациялары нені басшылыққы алады дегенді анықтау мақсатымен кең көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Жергілікті базардың мінездемсесі. Базардың тартымдылығы мен халықаралық корпорациялардың қызмет етуі ең басты фактор болып саналады.
Базардың арзаншылығы. Жергілікті базарды қамтамасыз ететін, немесе оған қол жетерліктей мүмкіндікті, шамадан тыс болмаса да, шектейтіндей жергілікті заң мен нормативтік жағдайлар кәсіпорынның потенциальдық табысы мен тиімділігін арттыру ықтимал.
Валюталық хауіп. Жергілікті валютаның құны өзінің негізгі !әлемдік валютаға қарағандағы) экономикалық қызметінің нәтижелерімен күңгірт бағаланатын тұрақты қатты валюталарға (иен, неміс маркасы, әсересе доллар) шаққандағы халықаралық корпорациялардың шығышы мен пайдасына тікелей қатысты.
Қаржының қайта оралуы. Инвесторлар қабылдаушы-елден инвестрленген қаржының шығарылу мүмкіндігі мен кірісіне әсер ететіндіктен, заңдар мен нормативтік ережелерге үлкен маңыз береді. Бұл заңдарға салық дейгейін реттеп тұратын, елден қатты валютаны әкетуді шектейтін, немесе осы секілді алып шығатын заттардың құжаттарын әзірлегендегі күрделі бюрократтық (мәселен, рұхсат алуға қатал талап қою, сол сияқты орталық банктің келісімі секілді) процедурларды қамтитын ережелер жатады. Тәртіп бойынша, жергілікті бөлімшелер өздерінің туған компанияларына дивиденд, проценттік өтем, қаламақы, сол секілді техникалық қызмет түрлерінде аударып отырады.
Интеллектуальды меншік бұл компанияның метериалдық емес (мысалы зерттеу) меншігі. Бұған техникалық прогрестер, бағдарламалық қамсыздандырулар және маркетинг енгізу тәсілдері жатады. Техникалық хабарларға жекеменшіктік хұқы бар жетекші индустриалық державаларда компаниялардың меншіктік хұқы патенттермен, авторлық хұқықпен, сауда маркаларымен, коммерциялық құпияларды сақтау заңдарымен.
Сауда саясаты. Сауда саясаты қабылдаушы-елдердің эксопрттық-импорттық операцияларының бағасына, сонымен бірге осындай операциялардың жүзеге асу процесіне ықпал жасайды.
Лицензиялық процедуралар алушылардан заттарды оңай түсіру үшін өте маңызды. Көптеген елдер өз өнімдерін таратып болмай тұрып, экспортерлердің бірталай шарттарды орындауын талап етеді.
Макроэкономиакалық саясат. Үкіметтің экономикалық саясаты – инвесторлардың сенімділігін арттыратын маңызды фактор. Өйткені, қабылдаушы-елдерде тиімді экономикалық саясат мүмкіндігінен экономикалық тұрақсыздық та шамалы. Ал. Ол отындық және шет елдік компаниялардың тиімді жұмыстарына бөгет келтіріп, инвесторлардың күдігін көбейтеді.


4. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ БӨЛІНУІ

Инвестициялық қорлар – жеке және ұжымдық тұлғалар ақша қаражаттарын немесе активтерін басқару үшін кәсіпқой инвестициялық менеджерлерге беруге мүмкіндік беретін механизм. Мыңдаған инвесторлардың инвестициялық қорға салған салымдары бір портфель ретінде басқарылып, әр инвестордың инвестициялық қорларға қосқан инвестициясына пропорционалды үлестері болады. Бұл келесідей артықшылықтар береді:
- Кәсіби басқару – акцияларды таңдау процедурасы мен қор нарығындағы жұмысқа ұсақ жеке инвесторлардың не білімі, не уақыты жетісе бермейді, бірақ олар акциялар мен облигацияларға салынған қаражаттан артықшылық алғылары келеді:
- Диверсификация – портфельді басқаруда диверсификация қауіптілікті төмендетеді. Бірақ ұсақ инвесторлар операцияны өткізудің шығыны көп болуына байланысты және аз акция санымен бұған экономикалық жолмен қол жеткізе алмайды;
- Шығындарды төмендету – көп санды ұсақ инвестицияны бір үлкен портфель ретінде басқарғанда операциялардың ауқымының азаю есебінен үнемге жетуге болады. Осыдан ұсақ инвесторлар басқару төлемінің аздығынан тиімділікке қол жеткізулеріне болады;
- Сенімділік – барлық елдерде іс жүзінде инвестициялық қорлар ұсақинвесторлардың мүдделерін қорғауға бағытталған заңмен реттеудің объектісі болып табылғандықтан, инвестор өз қаражаттарының дұрыс деңгейде басқарылып, айтарлықтай дәрежеде қорғалатынына сенімді болуы керек.
Инвестициялық қорлар бағалы қағаздар нарығына оң әсерін тигізеді. Халықтың, институтталынған инвесторлардың, жарналық қорлардың уақытша бос ақша қаражаттары инвестициялық сұранысты көбейтіп, бағалы қағаздардың айналымын ынталандырып, ақырында инвестициялық ресурстардың өндіріске құйылуына мүмкіндік туғызады. Инвестициялық қорлардың қызметі «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралың заңмен реттелініп, инвестициялық қорларды ұйымдастырудың негізгі принциптерін белгілеп, бағалы қағаздар уәкілетті органның нормативтік актілерімен реттеледі. Инвестициялық қорлар ашық акционерлік қоғам түрінде құрылады және қаражаттарын болашақта бағалы қағаздарға инвестициялау мақсатында өз акцияларын шығарып, оны ашық орналастырып ақшалай қаражаттарды тарту арқылы ерекше қызметті жүзеге асырады. Инвестициялық қорлар бағалы қағаздардың басқа түрлерін шығара алмайды. Акционерлермен өзара қарым-қатынасына байланысты инвестицияық қорлар төмендегідей болады:
- Өзара инвестициялық қорлар - бұл ашық инвестициялық қорлар, олар өздерінің эмитенттелінген акцияларын заңмен белгіленген бағамен кері сатып алуға міндетті. Олар дамыған елдерде кең тараған, ол соңғы жылдары неғұрлым динамикалық жолмен дамитын қаржылық институттар болып табылады.
- Инвестициялық компаниялар – бұл жабық инвестициялық қорлар, акционерлер қорынан өзі эмиссияланған акцияларды кері сатып алуға міндетті емес.
Инвестициялық қорлар типі қорлардың жарғысында көрсетілуі керек. Инвестициялыққорлардың типтерінің өзгеруі заңға сәйкес уәкілетті органға тіркеледі. Инвестициялық қорлардың құрылуы мен қызметі ашық акционерлік қоғам құруға арналған заңдамамен және «Қ.Р-ғы инвестициялық қорлар туралың Заң ережелерін есепке ала отырып реттеледі. Инвестициялық қорлардың портфелінде акциялары бар, акционерлік қоғамдар оны басқаруға қатысуға құқығы бар. Бұл құқықтарды шектеу заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Инвестициялық қорлардың акционерлері кез-келген тұлға бола алады.
Жарғылық капиталдың мөлшері өзара инвестициялық қорлар (ӨИҚ) үшін 50000 есептік көрсеткіштен, инвестициялық компаниялар үшін 30000 есептік көрсеткіштен кем болмау керек. Инвестициялық қордыңқұрылтайшылар жиналысында міндетті түрде инвестициялаудың мақсатын, стратегиясын, бағытын, бағалы қағаздар портфелінің диверсификациялау нормаларын және басқа да шектеулерді анықтайтын инвестициялық декларация (ИД) бекітіледі. Өзара қорлардың инвестициялық декларациясында портфелінің бағалы қағаз өтімділігі жөнінде шектеулер жазылады. Өзара қордың бағалы қағаздар портфеліне тиісті мәміле жасалар кезде орын алып отырған бағасы, олардың нарықтық құнының он пайызынан аспайтын мерзімде сатуға болатын бағалы қағаздар ғана енгізілуі мүмкін. Инвестициялық қорлардың ол шектеулері:
- инвестициялық қордың еншілес кәсіпорындарын құруға және осы қордың аффилирлендірілген тұлғаларымен мәміле жасауға;
- алты айдан артық мерзімге қарыз қаражаттарын тартуға;
- инвестициялық қорлардың акциясы бойынша табысты, сонымен қатар портфельдегі бағалы қағаздардың өтіділігін щектейтін, инвестициялық қорлардың жарғысына және Қ.Р. заңдарына қайшы келетін міндеттемелерді өзіне қабылдауға;
- бағалы қағаздардың портфелінде өзара қорлар үшін 10% және инвестициялық компаниялар үшін 20%-дан аспайтын бір элементтің бар болуына;
- инвестициялық қорлардың , аффилирлендірілген тұлғалардың, өздерінің кастодиалдары мен тіркеушілерінен бағалы қағаздарды алуға;
- меншік акцияларды сату және сатып алудың пирамидалық жүйесін құруға;
- таза активтердің 10%-нан артық мөлшерде кепіл зат мәмілесін жасауға және кез-келген кепілдіктер мен басқа да шектеулер беруге.
Портфельді басқару – бұл инвестициялық қорлардың инвестициялық декларациясына сәйкес компания басшысының нысаналы қызметі. Компанияның басшысы бағалы қағаздардың ұлттық уәкілетті органдарының берген лицензиясы бар және инвестициялық қормен оны басқару туралы жасалған шарт негізінде жұмыс істейтін заңды тұлға болуы мүмкін.
Қаржы нарығының ажырамас бөлігінің бірі бағалы қағаздар нарығы (БҚН) болып табылады. Инвестицияны (Бағалы қағаздарды) есепке алуды қарастырмас бұрын инвестиция, инвестор, эмитент т.с.с. түсініктерді анықтау керек.
Эмитенттер – бұл нақты өндірістік немесе әлеуметтік жобаларды қаржыландыру үшін қаражаттарды тарту мақсатында бағалы қағаздар шығаратын және бағалы қағаздардың иеленушілерінің алдында өз атына міндеттемелер алатын субъектілер.
Бағалы қағаздар акциялар, облигациялар, туынды бағалы қағаздар, сонымен қатар Қ.Р. заңыеа сәйкес бағалы қағаздардың статусы бар ипотекалық куәліктер, коносаменттер және құжаттардың басқа да түрлері болып табылады.
Мемлекеттік бағалы қағаздар – бұл Қ.Р. Үкіметі мен Ұлттық Банкінің ішкі және сыртқы борыштық міндеттемелері. Үкімет Қаржы Министрлігінің атынан бюджет тапшылығын инфляциялық емес жабу мақсатында мемлекеттік борыш шегінде бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асырады. Ұлттық банк айналыстағы ақша массасын реттеу мақсатында бағалы қағаздарды эмиссиялайды.
Қазіргі уақытта Қаржы Министрлігі мемлекеттік ішкі заемнің ұлттық жинақ облигацияларын, айналыс мерзімі 3, 6, 9,12 айлық мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер, айналыс мерзімі 1 жыл және одан жоғары индекстелген қазынашылық міндеттемелерін , айналыс мерзімі 5 жылдық арнайы мемлекеттік валюталық облигацияларын, Ұлттық Банк – қысқа мерзімді валюталық ноталар, айналыс мерзімі 90 күндік қысқа мерзімді ноталар шығарады.
Муниципалдық бағалы қағаздар – бұл жергілікті атқарушы органдардың қарыз міндеттемесі. Ол жергілікті бюджетпен және коммуналдық меншікпен кепілдікбереді. Муниципалдық бағалы қағаз аймақтық әлеуметтік бағдарламаны орындау мақсатында шығарылады. Ол құрылыс, ауруханалар мен бала-бақшасын және үйлер мен мектептерді, жолдарды жөндеу, керекті мүліктер сатып алу үшін пайдаланады.
Кооперативтік бағалы қағаздар – субъектінің заңға сәйкес жарғылық капиталды қалыптастыру немесе шаруашылық қызметін іске асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатында шығаратын бағалы қағаздары.
Инвесторлар – ұзақ мерзімді пайдаланылатын активтер құру, өз қаражаттарын инфляциядан сақтау мен акциядан дивиденд түрінде, облигациялардан сыйақы түрінде табыс алу мақсатында өз қаражаттарын бағалы қағаздарға салатын субъектілер.
Егер эмитенттер – меншік және айналысатын қызметімен сала түрлеріне қарамастанәр уақытта тек заңды тұлғалар болса, инвесторлар өз алдына 2 топқа бөлінеді:
1. Жеке инвесторлар, яғни жеке және заңды тұлғалар;
2. Институттандырылған инвесторлар, яғни қаржы институттары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қорлары, сақтандыру ұйымдары т.б.
Инвестициялық мақсаттарын шешуге байланысты төте және портфелдік инвесторларға ажыратылады.
Венчурлік инвесторлар – қауіпті тәуекелге байланысты және тез қайтарымды күрделі салым инвесторлары. Бұл жаңа құрылып жатқан мұнай және газ компанияларына, жаңа компьютерлік жүйелер мен бағдарламалық өнімдерге, технологияларға т.б. салынатын салымдар.
Төте (тура) инвесторлар - белсенді басқару және табыс табу мақсатымен шаруашылық субъектісінің жарғылық капиталына қаражаттарын тура салатын инвесторлар.
Портфельдік инвестициялар – қауіпті тәуекелдік жағдайында өте жоғары табыс алуды қамтамасыз ету немесе төменгі тәуелділікпен белгіленген нормадағы табыс алу мақсатында активтерін тиімді үйлестіре отырып орналастыру, яғни әртүрлі санды инвестицияларға иемдене отырып оптималды табыс табу.
Инвестициялар – бұл ұйымның табыс алу (мысалы, сыйақы(мүдде), роялти, дивидендтер мен жал төлемі), инвестициялынған капиталды өсіру немесе басқа да пайда алу (мысалы, коммерциялық қатынастар нәтижесінде) мақсатында иеленетін активтері. Инвестицияларға сонымен қатарқолданылмай тұрған қозғалмайтын мүлік те жатады. Одан басқа тиімді инвестицияға инвестор өзі шығарып өндіретін өнімге қажет шикізат алатын жабдықтаушы кәсіпорындардың акциясын сатып алу жатады. Мұндай салым инвестордың өндіріс процесін бұзылудан, тоқтап қалудан сақтайды. Инвестициялар бухгалтерлік есептің стандартына сәйкес иелену мерзіміне қарай қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып жіктеледі.
Инвестициялар үлестік және борыштық бағалы қағаздармен берілу мүмкін.
Операцияларды есепке алу және инвестицияның қолда бар болуы мен қозғалысы туралы ақпаратты кеңірек түсіну үшін қаржылық-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есептің бас шоттар жоспарының 14 «Инвестицияларң және 40 «Қаржылық инвестицияларң бөлімшелерінің шоттары арналған.
Бухгалтерлік есеп стандартының инвестицияларды иелену мерзімдері туралы ақпараттарды ұсыну туралы талабы берілген бөлімшелердің шоттарына сәйкес субшоттардың ашылуымен орындалады. Үлестік бағалы қағаздар әдетте жай және артықшылығы бар акциялармен көрсетіледі. Бірақ үлестік бағалы қағаз ретінде акциядан басқа иелену мен мүліктегі үлесін сату құқығын растайтын кез-келген қаржылық құрал болуы мүмкін.
Борыштық бағалы қағаздар әдетте облигациялармен, қазынашылық вексельдермен, депозиттік сертификаттармен көрсетіледі.
Облигация – эмитенттің инвесторлар арасында орналастырылған қарыздың түрін білдіретін қаржылық құрал. Облигациялар белгілі бір мерзімде өтелуі керек және сыйақыны кезеңдік түрде төленуін талап етеді.
Ұйымның иелігіндегі бағалы қағаздардың жиынтығы инвестициялық портфель деп аталады.
Қысқа мерзімді инвестициялар тез өткізілуі мүмкін және бір жылдан көп сақталынбайды деп болжанатын инвестициялар.
Субъект өзінің есеп саясатында инвестицияны бағалау әдісін және қайта бағалау кезеңдерін белгілеулері керек. Олар есеп саясатын есеп беру кезеңдерінде басшылыққа алулары керек.
Кез-келген қаржылық инвестицияны есепте сатып алу құнымен есепке алады. Сатып алу құнына тек жеке қаржылық инвестицияның құны ғана кірмейді. Оған комиссиондық және дилерге, брокерге, қор биржасына, тәуелсіз тіркеушілерге төленетін сыйақылардан тұрады.


ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта айтқанда, біздің жұмысымыз бен демалуымызға қажетті қатынас құралдарының төңкерісі болды деуге әбден сияды. Шет ел қаржысын пайдалануда да дәл осыған ұқсас төңкеріс болғаны анық. Тоқсаныншы жылдары дүние жүзінің көптеген елдерінде әлемдік экономиканы еріктендіру және кіріктіруге негізделген экономикалық өсу және даму мәселелеріне мүлдем жаңа тәсіл енгізілді, Мемлекеттің басқарушылық рөлі дамушы елдердегі сияқты экономикалық жағынан жетілген елдерде де экономистер халықаралақ корпорацияны бақылауға және ішкі экономикалық мақсаттарды қорғауға негізделген.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Кэмпбел Р. Макконнелл, Стэнли Л. Брю «Экономиксң, том 1, Таллин, 1995
2. Борисов Е. Ф. «Экономическая теорияң Москва, 1998
3. Самуэльсон П. А. «Экономикаң, том 2, Москва, 1992
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



44.1Kb
Категория: Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы | Добавил: Admin
Просмотров: 6043 | Загрузок: 212 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Домбыра философиясы
Құранды түсіну
Сүйінбай Аронұлы
Байжанұлы Жаяу Мұса
Ресей жане Украина
Шоқай Мұстафа
Сұлтанбек Қожанұлы
Палеозой заманында тіршіліктің дамуы
Абай Құнанбаевтың әлеуметтік ой-көзқарасы
Ар жақта дүмбірлеген Арынғазы...
Жүсіпбек Елебеков
Нығмет Сауранбаев
Ақыт қажының Жиһаншаһ дастанындағы Шаһзада бейнесі
Дулат Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар
Кіші өзендердің энергетикалық мүмкіндігін пайдалану