Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Курсовые на казахском » Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы

Қазақстан Республикасының лизинг компанияларының дамуы
Загрузка...
Жоспар

Кіріспе
1- бөлім. Лизинг туралы жалпы түсінік .
1.1. Лизинг мәні мен маңызы.
1.2. Лизинг беруші мен алушының құқықтары мен міндеттері
1.3. Коммерциялық банктердің лизинг операциясын жүргізу іс -әрекеті.
2 - бөлім. Қазақстан Республикасының лизинг компаниясының дамуы.
2.1. АҚ “Вираж – Лизинг” компаниясының құрылымы және атқаратын қызметтері.
2.2. АҚ “Вираж–Лизинг”компаниясының Қазақстанда лизингті дамыту ерекшелігі және қатысушылардың рөлі.
3 – бөлім. Қазақстанда лизингтік операциялардың мәселелері және оларды шешу жолдары.
3.1. Лизингтік операциялардың жетілдіру жолдары.
Қорытынды:
Пайдаланған әдебиеттер :

Кіріспе
Бүгінгі таңда банк қызметтерін жетілдіру, банк жүйесінің даму жолдарын анықтау еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік өмірінің басты назарында. Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастар жолына түсуі оның жалпы әлемдік тенденция спекторында дамуын анықтайды.
Сондықтан, коммерциялық банктер қазіргі банктік несиелік істі қалыптастыра отырып әлемдік тәжірибеге сүйенеді. Бірақ, қазіргі жағдайда батыс экономикалық теорияларының жетістіктері Қазақстандық коммерциялық банктердің қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыра алмайды.
Бәрімізде белгілі Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі сауда-экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің құрылуы және инфляция мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында бастады.
Міне, осы жағдайларда Қазақстан экономикасындағы негізгі құрал-жабдықтардың табиғи және моральдық жағынан тозуы өзекті мәселелердің бірі блоып табылады. Себебі, көптеген кәсіпорындардың ақша қаражаттарының жетіспеушілігі, сонымен бірге техникалық құрал-жабдықтардың толық құнын төлеу үшін несие алудағы қиыншылықтар әсер етеді.
Осы жағдайларда негізгі құрал жабдықтарды жаңартудың тиімді әдістерінің бірі күрделі құрылысты қаржыландырудың және инвестицияның ерекше формасы лизинг болып табылады

3


1–бөлім. Лизинг туралы жалпы түсінік.
1.1. Лизинг мәні және маңызы.
Лизинг сөзі “to lease” ағылшын етістігінен аударғанда “ жалға беру” дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден (аренда) айырмашылығы – жалға беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушы: лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.
Лизинг - бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал – жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-сатыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтік несиеден бір айырмашылығын келісім шартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг обьектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік обьектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э. 2000 жылдай бұрын ертедегі Вавилонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг операцмясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы “Белл Телефон Компани” деген американдық компанияның телефондардф сатудың орнына жалғ,а бергендігін тілге тиек етеді. “Юнайтед Стейтс лизинг корп.” Атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан – Францискада (АҚШ) құрыдлған. Еуропада 1962 жылы “Дойче лизинг ГМбХ” деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты. 1972 жылдан бері еуропа лизинг нарығы дамып келеді.
Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.
1. Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.
2. Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін – өзі өтеуімен байланысты сипатталады.
Осы лизингтердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:
Ішкі лизинг – бұл оның қатынасушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.
Халықаралық лизинг – бір тарап немесе ьарлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.
Сыртқы лизинг экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте шетел лизинг алушы болса, импорттық лизингте шетел лизинг беруші болып табылады.
4

Лизинг операцияларының техникасы 11-12 суреттерде түрлі сызба түрінде берілген.
4
Жабдықтаушы
(Өндіруші)
2
Лизинг беруші
(лизинг компаниясы)

4
1 3
Лизинг алушы
(өндірістік кәсіпорын)

1 - құрал –жабдыққа тапсырыс беру; 2 – құрал-жабдық үшін төлем; 3 – құрал-жабдықты жеткізу; 4 – лизингтік төлемдер.
Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін қаражаты жетпей қалатын жағдай да болуы мүмкін, онда ол несие алады. Мұндай операцияны қосымша қаражат тартатын лизингтік операция деп атайды.
Тәжірибе көрсеткендей, лизинг бойынша жасалатын мәмілелердің 85 %- ға жуығы қаражат тарту лизингі операцияларының үлесіне тиеді. Лизинг беруші лизингке беретін активтер құнының 80 %- дай мөлшерінде бір немесе бірнеше несие берушілерден ұзақ мерзімді несие алады. Мұнда лизингтік төлемдер мен құрал-жабдықтың өзі несиені қамтамасыз ету құралы болып табылады.

Банк

7
1
2
Жабдықтаушы

3 4 6
Лизинг компаниясы
(лизинг беруші)

5
Өндірістік кәсіпорын
(лизинг алушы)

2 – сурет.
1 – банк мен лизинг компаниясы арасында несиелік келісімшарт жасалып, несие беріледі; 2 – лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдық үшін жабдықтаушыға төлейді; 3 – жабдықтаушы лизинг компаниясына құрал жабдығын сатады; 4 – лизинг компаниясы мен лизинг алушы кәсіпорын арасында лизингтік келісімшарт жасалады; 5 – жабдықтаушы құрал жабдықпен жабдықтайды; 6 – лизингті алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер жүргізеді; 7 – лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін төлейді.
5
Мұндағы лизингтік төлемдердің жалпы сомасының есебі мынадай формуламен есептеледі:
ЛТ=АА+ НТ+ КТ+ ҚТ+ ҚҚС
Мұндағы:
ЛТ – лизингтік төлемдердің жалпы сомасы;
АА – ағымдағы жылдағы амортизациялық аударымдар сомасы;
НТ – лизинг берушінің несиелік ресурсты пайдаланғаны үшін төлемі;
КТ – лизингтік келісімшарт бойынша мүлікті бергені үшін лизинг берушіге комиссиондық төлем;
ҚТ - көрсеткен қызметі үшін қосымша төлем;
ҚҚС – лизинг берушінің көрсеткен қызметі үшін лизингті алушы төлейтін қосылған құнға салынатын салық.

Амортизациялық аударымдар (АА) сомасының формуласы:
АА= БҚ * На
100
Мұндағы:
БҚ – мүліктің баланстық құны;
На – амортизациялау нормасы (%)

Несиелік ресурс үшін төлем (НТ) формуласы:

НТ= НР * НС
100
Мұндағы:
НР – лизинг берушінің пайдаланған несиелік ресурсының шамасы;
НС – несие үшін сыйақы мөлшері.

Несиелік ресурс (НР) шамасының анықталуы формуласы:
НР= Қб - Қа
2
Мұндағы:
Қб - мүліктің жыл басындағы құны;
Қа – мүліктің жыл аяғындағы құны.

Комиссиондық төлемінің (КТ) мөлшерінің формуласы:

КТ=НР * Кс
100
Мұндағы:
Кс – комиссиондық сыйақы мөлшері.

Банктің қосымша көрсеткен қызметтері үшін төлемдер (ҚТ) есебі:

ҚТ=Шi + Шқ + Шж + Шб
Мұндағы: 6
Шi – банк жұмыскерлерінің іссапар шығыстары;
Шқ – көрсетілген қызмет үшін шығыстар;
Шж – банктің жарнамасына кеткен шығыстар;
Шб – басқа да шығыстар.

Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі – оның қарапайым несиелерден мындай артықшылықтарының болуына байланысты:
- Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік мәміле жасалған мерзім бойынша лизинг обьектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды (нақтырақ айтқанда,несиелік тәуекел бұл сол құрал-жабдықты жалға алуды жалғастыратын басқа кәсіпорын іздестіруге кетеді);
- Лизинг 100 % -ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамайөақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді;
- Кәсіпорынға мүлікті несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебі, бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады.
- Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты, өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады.
- Несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсатты пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды.
Лизинг операцияларына тән кемшіліктер мыналар:
- жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан (әсіресе инфляциядан) ештеңе ұтпайды;
- ұйымдастырудың күрделілігі;
- лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бірақ та ескірген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпай қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін комиссяны көбірек алуға тырысады.
Лизингтік келісімшарт. Лизинг – бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі операция. Көптеген мәмілелерде кемінде үш келісімшарт жасалады: 1) лизинг беруші мен лищинг алушы арасында; 2) лизинг беруші мен жабдықтаушы арасында; 3) лизинг алушы мен банк арасында.
Әдетте, мәмілеге келі алдында клиентті толық қаржылық талдаудан өткізеді. Лизингте, ең маңыздысы, бұл келісімшарт соңында құрал жабдықтың белгілі бір қалдық құнының қалуы.
Ол үшін құрал-жабдықтың қалдық құнының сақтандыру жүйесі болуға тиіс. Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен лизинг затын әр –түрлі тәуекел жағдайлардан (өрттен, ұрлықтан және т.б.) сақтандырады және лизинг берушіге сақтандыру полисінің куәландырылған көшірмесін береді.
7
Іс жүзінде кез келген лизингтік келісімшарт мынадай элементтерден қамтуға
тиіс:
1.Обьектісі.
2.Жабдықтау мерзімі.
3. Лизингке алу мерзімі.
4. Лизингке берушінің меншіктік құқы.
5.Тәуекелдер,жауапкершілік,техникалық кепілхат.
6. Құрал-жабдықты пайдалану.
7. Күту, жөндеу және жаңарту.
8. Зиян,қолайсыз жағдайлар.
9.Сақтандыру.
10. Лизингтік төлемдер, комиссиялар.
11. Төлемді кешіктіргені үшін төлемақы өсімі.
12. Сатып алу мүмкіндігі.
13. Келісімшартты бұзу шарты.
14. құрал –жабдықты қайтару.
15. салықтар, баждар.
16. Жаңа міндеттемелердің пайда болуы.
17. Тараптардың қосымша құқықтары.
18. Даулар мен арбитраждарды қалыпқа келтіру.
19. Кешіктіру шарты (келісімшарт кепілдеме алуына байланысты күшіне енеді және т.юб.)
20. Қажетті ақпаратты беру міндеттемесі (мысалы,баланс).
21. Тараптардың қолдары.
23. Қосымша (материалдардың және т.б. сипаты).
24. Қалдық құнын кепілдеу.
25.Банктердің кепілдемесі.

Қазақстанда лизинг өзінің алғашқы қадамдарын 1989 жылдан бастады. Еліміздегі лизинг мынадай жолдармен қалыптасқан:
1) аймақтық көтерме – делдалдық фирмалардың және “Қаз-контракт” корпорацияларының жүргізілуіндегі жалға беруге байланысты кәсіпорындар және жұмыс істеп тұрған орындар және агроөнеркәсіп кешкніндегі облыстық және аудандық жабдықтау кәсіпорындары;
2) екінші деңгейдегі бнктердің лизингтік операциялары;
3)жаңадан құрылғвн арнайы лизингтік фирмалар;
4)лизингтік халықаралық формалары – экспорттық, импорттық және басқа да шетелдік фирмалармен бірлескен кәсіпорындар және Республика аумағындағы шетелдік лизингтік компаниялардың дамуы.
Келесі қадамы ретінде лизинг қызметіне байланысты қабылданған заңдар, айталық: “Қаржы лизингі туралы” ҚР заңының (05.07.2000) ұзақ мерзімді лизингтің дамуына ықпал еткендігін айтуға болады.
Лизинг берушілерге лизингтік төлемдердің қайтатындығына кепілдеме беру, лизинг жобаларына қатысушылар арасында тәуекелді бөлу арқылы әр түрлі кепіл заттарын, айталық, өтімділігі жоғары бағалы қағаздарын беру және
8
сақтандыру жолымен, кей жағдайларда мемлекеттің кепідемесімен жүзеге
асырылуға тиіс.
Қаржы лизингі үлкен күрделі қаржы жұмсалымын талап ететіндіктен де оларды банктермен ынтымақтаса отырып жүзеге асырады.
Лизинг беруші лизинг лизинг келісіміне тұру жөнінде оңды шешім қабылдаған жағдайда тұтынушылық өтінішін және оның төлем қабілеттігін зерттеу негізінде жабдықтаушы фирмамен сатып алу, сату келісім жасауға міндетті , болашақ лизинг алушы мен жабдықтаушының арасында келісілген коммкрциялық және техникалық жағдайлар негізінде және осы жағдайдға сәйкес келісімнің жеткізу обьектісіне тапсырысты жіберуге міндетті.

1.2. Лизинг беруші мен алушының құқықтары мен міндеттері.
Лизинг беруші лизинг мәміле обьектісінің меншік иесі болып табылады. Ол жабдықтаушының жеткізілетін обьектінің дайындығы жөнінде хабарлағаннан кейін, оның жинақтылығын және сапалығын тексеруге құқы бар. Ол пайдалануға берілген, обьектіні қабылдау актісіне қол қоюға міндетті. Егер қабылдау кезінде жеткіліксіздік табылған жағдайда , ол жабдықтаушыға белгілі мерзім ішінде оны жоюға тапсыруы міндетті. Егер осы міндеттеменің орындалмаған жағдайда, жөнделмейтін обьектіні жабдықтаушының есебінен ауыстыру жүргізілуі тиіс. Лизинг беруші, егер жабдықтаушы жеткіліксіздікті жоя алмаған жағдайда, сатып алу – сату шартын бұзу туралы жариялауға құқы бар.
Лизинг берушінің негізгі міндеттемесі болып лизинг мәмілісіндегі обьектінің төленуі болып табылады. Пайдалануына енді деген антқа қол қойылғаннан кейін лизинг беруші, лизинг алушының алдындағы жауапкершіліктен босатылады, өйткенілизинг алушы, лизинг берушінің кеңесімен немесе өз еркінімен обьект мәмілесін және нақты жабдықтаушыны қалауынша таңдады. Лизинг беруші, жабдықтаушының кепілдік қызметінің міндеттемесіне де, обьектінің қажеттілігі мен тұтыну ерекшеліктеріне де, пайдалануға беру кезіндегі тигізілген залалына да жауапкершілік алмайды.
Лизинг алушы, егер шартта көзделген жағдайда, өзінің заңмен куәландырған жарғысының көшірмесін, өзінің барлық экономикалық жағдайы туралы негізгі информацияларды мерзімді және форма бойынша даму перспективасын лизинг берушіге міндетті түрде танытуы тиіс. Керек уақытта немесе жағдайда лизинг берушінің талап етілген жағдайда осы информацияны немесе жабдықты паййдаланылуы жөнінде мәліметтер бірнеше рет талап етілуі мүмкін. Егер лизинг алушының қаржылық және заңды жағдайы өзгерсе, ол осы өзгерістер туралы лизинг берушіге хабарлауы міндетті.
Лизинг алушы, жабдықтаушының берген техникалық нұсқауларға және рекомендацияға сәйкес ұстауға, оны жұмыс жөнінде керекті өндіргіш ремонт жасауға өз есебінен міндетті. Белгілі бір өзгерістер енгізу жөнінде
9
тек қана лизинг берушіге жазбаша келісімі арқылы ғана рұқсат етіледі. Ол жазбаша келісімсіз жабдықтың құрылымын үшінші тұлғаға таныстыруға құқы жоқ, сонымен қатар жабдықтың қолданылуы жөнінде басқа да
информацияларды және лизинг келісімінің мазмұнын беруге құқы жоқ.
Лизинг алушының лизинг келісімінің мерзімінің бітуіне жақын мынадай құқы бар бар:
- лизинг берушіге қайтару;
- сол шартқа сәйкес лизинг келісімін жаңарту;
- басқа шартқа сәйкес лизинг келісіміне тұру;
- жабдықттаушының өз меншігіне алу.
- Өзінің жасаған таңдауы туралы лизинг қолданушы, лизинг берушіге алдын ала келісімде белгіленген мерзімге дейінгі хабардар етуі міндетті.
Лизинг беруші құқылы
1. Өзіне тиесілі төленбеген лизинг төлемдерін, сондай-ақ шығынның орнын толтыруды талап етуге;
2. лизинг шартына сәйкес лизинг шартының талаптарын орындалуына бақылау жасауға;
3. илзинг алушы лизинг нысанасын қайтару жөніндегі міндеттемелерін бұзғани жағдайда мерзімі кешіктірілген уақытқа төлем жасауды және шығынның орнын толтыруды талап етуге;
4. осы Заңда көзделген жағдайларда лизинг алушыдан лизинг нысанасын талап етуге.
Лизинг беруші міндетті:
1. лизинг алушымен келісілген лизинг нысанасын лизинг шартының талаптарына лизинг алушыға беру үшін оны сатушыдан өз меншігіне сатып алуға.
2. сатып алу сату шартын жасаған кезде лизинг ныснансын белгілі бір сатып алушыға лизинг беруге арналғаны туралы сатушыға жазбаша хабарлауға.
3. лизинг нысанасын лизинг алушыға лизинг шартында келісілген талаптармен беруге міндетті.
4. лизинг берушінің лизинг шартында және Қазақстан республикасының заң актілерінде көзделген және Заңға қайшы келмейтін басқа да құқықтары болуы және басқа да міндеттерді атқаруы мүмкін.
Лизинг алушы құқылы
1. лизинг нысанасын лизинг шартының талаптарымен иеленуге және пайдалануға;
2. лизинг нысанасының сапасына және жиынтықтылығына оны жеткізу мерзіміне қатысты және сатушы мен лизинг беруші арасында жасалған шарт тиесті дәрежеде орындалмаған басқа да жағдайларда сатушыға талап қоюға;
3. лизинг беруші лизинг шартының талаптарын елеулі түрде бұзған жағдайда лизинг беруші лизинг шарты бойынша лизинг алушы алдындағы өз міндеттемелерін орындағанға дейін төленуге тиісті
10
лизинг тлемдерін тоқтата тұруға.
4. лизинг беруші лизинг шартын біржақты тоқтатқан жағдайда ол аванс ретінде төлеген лизинг төлемдерін басқа да салаларды кері қайтаруды
талап етуге.
5. лизинг нысанасын жеткізілмеген, едәуір кешіктіріліп жеткізілген немесе лизинг нысанасы мақсаты бойынша пайдалануға кедергі келтіретін жойылмайтын кемшіліктерімен жеткізілген жағдайларда лизинг шартында көзделген талаптармен лизинг нысанасынан бас тартуға не лизинг нысанасын ауыстыруды талап етуге , шартты бұзуға;
6. лизинг беруші лизинг шартының талаптарын орындамаса не тиісті дәрежеде орындамаса, залалдың орнын толтыруды талап етуге.
Лизинг алушының міндеттері
1. лизинг нысанасын лизинг шартында көзделген тәртіппен қабылдауға;
2. лизинг төлемдерін дер кезінде төлеп тұруға;
3. лизинг нысанасын лизинг шартына сәйкес оның мақсатына сәйкес пайдалануға ;
5. лизинг нысанасындағы қалыпты тозуды және тараптар келісім алған өзгерістерді ескере отырып, лизинг беруші лизинг нысанасын оған қандай күйде берсе , сондай күйінде күтіп ұстауға;
6. егер шартта және Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмеген болса, лизинг беерушінің нысанына қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті;
7. лизинг алушы лизинг шартында және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген және осы Заңға қайшы келмейтін басқа да құқықтарға ие болуы және басқа да міндеттерді атқаруы мүмкін.

1.3. Коммерциялық банктердің лизинг операцияларын жүргізу іс әркеті.
Лизингік мәміленің жасалынуы негізгі 3 кезеңнен тұрады.
Ең 1- кезеңде алдын-ала дайындау жұмыстары жүргізіледі, яғни лизингтік қарым-қатынастардың көп болуы және олардың күрделілігіне байланысты әрқайсысын жеке-жеке нақты талдау қажет.
Осы кезеңде келешектегі лизинг алушының мәлімдемесі тіркеледі және клиенттің несие алу қабілеттігі туралы және қаншалықты лизингтік жобаның диімді екенін есептелініп сол туралы қорытынды жасалынады. Бұның барлығы жабдықтаушыға жіберілетін зказда көрсетіледі.
Лизингті басқару ұйымында екінші еекінші кезең басты рөльді атқарады. Бұл кезеңде лизингтік мәмілені заңды түрде бекітеді және келесідей құжаттарды дайындайды.
- лизингтік обьектіні сату және сатып алу келісім шарты;
- лизингтік обьектіні эксплуатациялаудағы қабылдау актісі;
- лизингтік келісім;
- лизингтік мүлікке берілетін техникалық қызмет көрсету туралы келісім шарт.

11
- Лизингтік обьектіні сақтандыру туралы кеілісімшарт.
Лизингтік процестің үшінші кезеңі – обьектіні өз меншігіндегі қолдану туралы кезең болып табылады. Сонымен бірге, лизингтік операцияларды
бухгалтерлік есеп және есеп берумен бірге қатар жүреді.
Бұл кезеңде лизинг берушіге лизингтік төлемдер жүргізіледі және
лизингтік мерзім біткен кезде, әрі қарай лизингтік обьектіні қолдану туралы қатынастар жүргізіледі.
Жалпы ұзақтығы 180-күннен 360 күнге дейін. Бұл жоғарыда көрсетілген лизингтік процессті ұйымдастыратын ұйым тек қана ірі компанияларға тән, яғни лизингтік нарықта инфрақұрылымы кең көлемде болатын және бәсекелестікті жеңіп алуды көздейді.
Лизингтік процессте ең басты орын алатын лизингтік жобаны тәуелсіз экспертизаға берілуінде. Осының нәтижесінде мүмкіндігі жоғары лизинг алушы таңдалынады.
Жалпы алғанда шетелде лизингтік роцессті жүргізу барысында нақтылық пен жеделділік пен сипатталады.
Осы Заң қаржы лизингі процесінде туындайтын қатынастарды реттейді және лизинг қызметі негізінде инвестициялар тартуға бағытталған. 1- бап Қаржы лизингін құқықтық реттеу
1. Қаржы лизингі туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және заңның, Азаматтық кодекс пен Қазақстан Республиасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінің нормаларынан тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының қаржы лизингі туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелері қолданылады.
2-бап. Негізгі ұғымдар
Осы заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланған:
Қаржы лизинг (бұдан әрі- лизинг) инвестициялық қызметтің түрі, ол бойынша:
1) лизинг беруші сатушыдан лизинг шартын белгіленген лизинг нысанасын өз меншігіне сатып алуға және оны лизинг алушыға белгілі бір ақыға белгілі бір мерзімге және белгілі бір шарттармен уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсаттар үшін пайдалануға беруге міндеттенеді. Бұл орайда лизинг нысанасы лизинг алушыға берілетін мерзім ұзақтығы жөнінен лизинг нысанасының барлық немесе елеулі құнының кемінде 80 ппроцентінің амортизациясы мерзімімен шамалаған немесе одан ұзақ болады.;
2)лизинг алушы лизинг шартын жасау күйіндегі баға бойынша лизинг нысанасы құнының барлық немесе елеулі бөлігінің (кемінде 80 процентінен) өтелуі (амортизациясы) ескңеріле отырып есептелетін лизинг шартына сәйкес төленуге тиісті жүйелі кезеңдік төлемдерді төлеп отыркға міндеттенеді. Бұл орайда лизинг шартының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін немесе ол аяқталғанға дейін лизинг алушы лизинг шартында

12
көзделген толық соманы төлеген жағдайда, егер сондай ауысу лизинг шартында көзделген болса, лизинг нысанасы лизинг алушының меншігіне ауысады;
Лизинг беруші - тартылған ақша және (немесе өз ақшасы есебінен лизинг
нысанасын өз меншігіне сатып алатын және оны лизинг шартының талаптары негізінде лизинг алуда беретін лизинг мәмілесінің басқа қатысушысы ретінде іс-қимыл жасауға құқығы жоқ.
Лизинг алушы – лизинг шартының талаптарына орай кәсіпкерлік мақсаттар үшін лизинг нысанасын қабылдайтын лизинг мәмілесіне қатысушы.
Лизинг мәмілесі – лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған келісілген іс – қимылының жиынтығы.
Лизинг қызметі – лизинг берушінің лизинг шартының талаптарын орындау жөніндегі қызметі;
Тұтынылмайтын заттар - пайдаланылған кезде тоқтататын, бірақ пайдалану процессінде табиғи қасиеттерін жоғалтпайтын жылжымалы және жылжымайтын мүлік;
Сатушы – лизинг нысанасын сатып алу сату шарты және (немесе) лизинг шарты негізінде оны бұдан кейін лизинг шартының талаптарымен лизинг алушыға беру мақсатында лизинг берушінің меншігінде өткізетін лизинг мәмілесіне қатысушы. Сатушы бір мезгілде лизинг нысанасының лизинг алушысы ретінде (қайтару лизингі) іс-қимыл жасай алады.
Сублизинг - шарттық қатынастар, оларға сәйкес лизинг алушы лизинг берушінің жазбаша келісімімен лизинг нысанасын үшінші бір тұлғаға ақыға уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсаттар үшін пайдалануға береді;
Лизинг мәмілесіне қатысушылар – лизинг беруші, лизинг алушы және лизинг нысанасын сатушы ретінде іс-қимыл жасайтын жеке тұлғалар.
3 - бап. Лизинг нысандары мен түрлері.
Осы заңмен лизингтің мынадай негізгі нысандары мен түрлері реттеледі:
Лизингтікң нысандары:
1)Ішкі лизингті жүзеге асыруда лизинг беруші, лизинг алушы жіне сатушы Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылады.
2) Халықаралық лизинг . Халықаралық лизингті жүзеге асырған кезде лизинг беруші немесе лизинг алушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайды.
Лизингтің түрлері:
1) Қайтару лизингі – лизингтің бір түрі, ол бойынша сатушы лизинг нысанасын лизинг берушіге осы лизинг нысанасын лизинг алушы ретінде лизингке кері қайтарып алу талабымен сатады;
2) Банк лизингі - лизингтің бір түрі , ол бойынша лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетуді және оның ағымдағы жөндеуін лизинг беруші жүзеге асырады.
3) Толық лизинг - лизингтің бүл түрі, ол бойынша лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетуді және оның ағымдағы жөндеуін лизинг
13
беруші жүзеге асырады;
4) Таза лизинг - лизингтің бұл түрі, ол бойынша лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетуді және оның ағымдағы жөндеуін лизинг алушы жүзеге асырады.
4-бап. Лизинг нысанасы
1. Үйлер, ғиммараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлік құралдары, жер учаскелері және кез-келген басқа да тұтынылмайтын заттар лизинг нысанасы бола алады.
2. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды.
3. Заң актілерінде заттар мен жер учаскелерінің жекелеген санаттарын лизинг нысанасы ретінде пайдалануға өзге де шектеулер белгіленуі мүмкін.
Лизинг шарты
1. Лизинг беруші лизинг шарты бойынша лизинг алушымен келісілген лизинг нысанасын сатушыдан өз меншігіне атып алып, оны лизинг алушыға ақыға уақытша иеленуге немесе кәсіпкерлік мақсаттар үшін пайдалануға беруге міндеттенеді.
2. Лизинг шартының мынадай елеулі талаптары болуы тиіс:
1) шарттың нысанасы;
2) сатушыны кімнің таңдап алғаны көрсетілген лизинг нысанасын сатушының атауы;
3) лизинг нысанасын лизинг алушыға берудің шарттары мен мерзімі;
4) лизинг төлемдерінің мөлшері мен кезеңділігі;
5) лизинг нысанасының құны;
6) шарттың қолданылу мерзімі;
7) егер лизинг нысанасының лизинг алушының меншігіне ауысуы шартта көзделген болса, мұндай ауысудың шарттары;
8) лизинг нысанасының сипаттамасы;
9) лизинг нысанасын күтіп ұстау мен жөндеу тәртібі;
10) лизинг нысанасын сақтандыру;
11) лизинг берушінің атына лизинг нысанасын мемлекеттік тіркеу міндеттерін тараптардың біріне жүктеу;
12) лизинг алушының лизинг шарты бойынша міндеттемелерді орындауына лизинг берушінің бақылау жасау тәртібі;
13) тараптардың жауапкершілігі.
Осы талаптар болмаған жағдайда лизинг шарты жасалмаған болып саналады.
1. Тараптардың келісімі бойынша лизинг шартына өзге де ережелер енгізілуі мүмкін.
2.Лизинг шарты жазбаша түрде жасалуға тиіс. Лизинг шартының жазбаша түрде жасалуын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соқтырады.
16-бап. Лизинг шартының қолданылуы
1.Қазақстан Республикасның заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, лизинг шарты тараптар белгілеген мерзімге жасалады. Бұл орайда лизинг шартының мерзімі лизинг нысанасы құнының барлық
немесе елеулі бөлігі амортизациясының мерзімінен кем болмауы тиіс.
14
2. Егер заңдарда немесе лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, лизинг шарты оған қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болып табылады.
3. Лизинг шарты тараптар өздерінің барлық міндеттемелерін орындап болған
кезден бастап. Сондай-ақ заң актілерінде көзделген өзге де жағдайларда өзінің күшін жояды.
25-бап. Лизинг қызметін жүзеге асыру режимы.
1. Осы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын лизинг қызметіне Қазақстан Республикасының шетелдік инвестициялар туралы және тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы заңдарында көзделген инвестициялық қызметті жүзеге асырудың құқықтық және экономикалық тәртібі қолданылады.
Қазақстан Республикасның кеден заңдарында белгіленген тауарларды уақытша әкелу мен уақытша әкетудің кеден тәртібі қолданылатын лизинг нысаналарының тізбесін Қазақстан Республикасның Үкіметі айқындайды.
26- бап.Осы заңның қолданысқа енуі.
Осы Заң жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

15
2- бөлім. Қазақстан Республикасының лизинг компаниясының дамуы.
2.1. АҚ «Вираж – Лизинг» компаниясының құрылымы және атқаратын қызметі.
ТОО «Вираж – Лизинг» компаниясы 2003 жылдың 28 шілдеде құрылды.
Компанияның бас диреторы болып Артемов Артем Борисович болып табылады. Компания автокөлік пен арнайы техника лизинг қызмтімен айналысады.
Тоо «Вираж - Лизинг» кәсіпкерлік мақсатқа лизингтік құрал жабдықтың жеткізілуі қызметтің негізі болады. Келісім шарть негізінде сату және сатып алу келісімі мен қаржы лизинг келісімінің қорытындысынан кейін Вираж лизинг құрал жабдықты өз меншігіне алады, яғни клиенттің көрсетілген (лизинг алушымен) ал сондай тұрақты клиенттер жабдықтаушы.
Құрал жабдықты сату және сатып алу келісімінде яғни ТОО «Вираж – Лизинг» пен жабдықтаушының лизинг алушымен арасындағы келісімінде белгілі бір мерзім аралығындағы автокөліктің жеткізілуін, оның бағасы және есеп айырысу реті, сапасы монтаждың жеткізілуі бойынша міндеті. Сату және сатып алу келісімі жазбаша түрде лизинг алушымен ақылдасады. Сатушы болып ТОО «Вираж – Лизинг» ТОО «КазАвтобусПром» және ТОО «Агес».
Лизинг құрал жабдықты жеткізілуінің негізгі шарттары.
- марапаттау сыйақысы
- лизинг мерзімі / жалға 1-3,5 жылға
- авнстық төлем 20 – 30 %
- барлық жағдайдан сақтандыру (лизинг алушының есебінен)
- Кепілдемелі қызмет 1 жыл немесе 25000 км жүгерімі.
Келісім мерзімі уақытында меншік иелігі лизинг компаниясының құрамында қалады. Келісім шарт негізіндегі лизинг төлемін төлей отырып, клиент құрал – жабдықты өз мақсатына пайдаланады.
Егер келісімде көрсетілген лизинг төлемін төлемеген жағжайда лизингт берушіге жататын құрал жабдықты алып оны екінші біреуге беру құқығы бар. Лизинг алушы лизинг төлемдерін графикке сәйкес орындала отырып және толығымен сапасын төлеп отырса құрал – жабдықтың меншік иелігі оған өтеді. Берілген кірістері мен пайдалары клиенттің құрал жабдықты пайдалануындағы клиенттің меншігі болып табылады.
Кепілдік қамсыздандыру
Кепілдік қамсыздандыруларға мыналарды жатқызамыз:
- Көліктерді меншікке тіркегеннен кейін лизингке беріледі;
- ТОО «Вираждың» толық кепілдемесі.
Компанияның несиелік тарихы АО «Казкоммерцбанкпен» құрылған ТОО «Вираж – Лизинг» компаниясы. Баста ТОО «Вираж – Лизинг» ОАО «Казкоммерцбанкпен» несие линиясы №392 01.10.2003 жылы 1 000 000,00 АҚШ долларын көлемінде келісімге тұрды. Содан кейін несиелік лимит бірнеше ұлғайды.
16
- нсие линиясы 17.11.2003 жылы 1800 000,000 АҚШ доллары көлемінде;
- несие линиясының ұлғаюы 16.01.2004 жылы 26000 000, 00 АҚШ
доллары көлемінде.
- Несие линиясының ұлғаюы 11.03.2004 жылы 9000 000,00 АҚШ доллары көлемінде.
Бүгінгі таңда компанияның заим бюойынша марапаттау 197069 АҚШ доллары көлемінде және негізгі қарыз 2266148 АҚШ доллары көлемінде төленді.
АО “Казкоммерцбанктің қайта қаржыландыруда көрсетілген шарттары
- несие линиясының мерзімі 1 қыркүйек 2009 жылы.
- Жету кезеңі 01 наурыз 2005 жылы
- Марапаттау сыақысы 14 % жылдық валютада 18 % жылдық тенге
- Құжат операцияларының валюта бойынша тәуекел комиссиясы 3 –5 % жылы тенге.
- Жеке графикке сәйкес негізгі қарыз бен прценттерді жабу.
Бүгінде компанияда 16 адам жұмыс істейді:
1) Директор
2) Бухгалтерия (3 адам)
3) Қаржы бөлімі (7 адам)
4) Заңгер
5) ГАИ жұмысы бойынша менеджер
6) Пайдалану бойынша менеджер
7) Жарнама бойынша менеджер
8) Қауіпсіздік бөлімі
Компанияның мақсаты:
- басқа банктердің несие түріндегі қосымша қаржыларды тарту;
- Ең ірі үштік лизингтік компанияның қатарына кіру;
- 2005 жылы жоспарланған келісімдерді жүзеге асыру;
- көлік, құрылыс сауда саттық, өндіріс арасындағы автокөлік лизингтерінің диверсификациялануын ұлғайту;
- Қазақстан нарықтарында компанияның қатысуы;
- Қазақстан Республикасының администрациялық орталықтарды және өндірістің ірі филиалдық желілірін қосу
- Қазақстанның басқа қалаларында лизингтік қызметті жедел дамыту
- Компанияның ұйымдық құрылымын жңарту яғни лизингтік қызметті тиімді және жылдам дамыту;
Компанияның стратегиясы – ұйымның лизингтік қызмтеі комплекстік көзқарас негізінде Қазақстан Республикасының лизингтік қызмет нарығында бастамалық орынға ие болу.
Компанияның миссиясы - Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуына нәтижелі салымдарды енгізу, яғни лизинг арқылы экономиканың нақты секторын несиелеу нәтижесінде.
Сонымен компанияның 01.04.2005 жылы автокөлік мөлшерінің соммасы 1840 бірлікті құрады. Келісім шарттың бағасы 25535 910 АҚШ доллары.

17
Лизингтің қызметін ұйымдастырудыың 3 негізгі формасы бар; Ірі банктермен лизингтік компаниялар, яғни тәуелсіз лизингтік компания немесе диллер, өндіруші де болады. Бүгінгі таңда Қазақстан
Республикасында ірі банктердің қатысуымен лизингтік компаниялар көбейеді. Қазақстанда автокөлікт лизингтік аудандағы алдыңғы қатардағы олар БТА Лизинг (ОАО Банк ТұранАлем), Темір Лизинг(ОАО Темірбанк), Халық Лизинг (ОАО Халық банк), АТФ Лизинг (ОАО АТФ банк).
Осы 2005 жылы ТОО “Вираж – Лизинг” Алмтаыда ашылайын деп датыр.Территориясында машиеалар және 100 станция болады машина құрал жабдықтары мен қамтамасыз етілген магазин болады. Бұлардың өзі лизинг келісім шартына жеңілдік жасайды.
Қазақстан ірі лизинг қызметті атқаратын ұйымдар бар: Олар
1) Лизингтік компаниялық ұйымдар бантік негізінде.
2) өндірістік
3) бағынышты емес лизинг компаниялары бар.
Қазақстан Республикасы кең тараған түрі “лизингтік компаниялық ұйымдар банктік негізде”
Олар БТА лизинг АТФ лизинг, Темір лизинг және т.б. Банктен лизинг олар кезде былай жүзеге асырылады.
1) арыз ол қанағаттандырса 2 апта қарастырылып лизинг беріледі.
ТОО “Вираж – Лизинг” келісім шарт былай жүзеге асырылады. Клиент нарықта беделі сияқты болу керек. Ол 10 – 20 жыл артық үлкен бизнеспен айналысқан тұлға. Лизингтік несие беру барысында мұндай бизнесмендерге жеңілдіктер жасалады.
5 – 20 жылға дейін автомабиль ала алады. Вираж лизинг компаниясына арыз берілгеннен кейін тұлғаның барлық істері қарастырылады және лизингтің заң актілерімен нормативтеріне сәйкес жүзеге асырылады.
ТОО “Вираж – лизингтің” негізгі артықшылықтары:
1) Арызды оның толық қарап шығуы;
2) Проблемаларды кешенді түрде шешу;
3) Клиентті түсіну және мәселелерін шешу;
4) Терең (кең) мамандық.

2.2. АҚ“Вираж – Лизинг” компаниясының Қазақстанда лизингті дамыту ерекшелігі және қатысушылардың рөлі.
Қазақстан Республикасында өндірістің дамуы Қазақстан Республикасының экономикалық проблемаларын шешеді. Әр түрлі ақпараттарға қарағанда Қордың 60-80 % - ы алдағы бірнеше жылға машина құралдардарын дамытуға арналағн. Бұл жерде басшы рөлді лизинг атқарады, яғни өндірісте қаржыны қаржыландырудың басшы көзі осы лизинг.
Лизинг дамушы және дамыған елдерде өндірісті қысқа немесе ұзақ қаржыландырудың басшы көзі болып табылады.
Лизингтің дамуына біріншіден мемлекеттің қолдауы керек. Егерде мемлекет

18
тарапынан лизингке салық салынбаса, шомаждық ұсынулар аз болса және бәсекелестік төмен болса, Оңтүстік Корея және Турция сияқты онда мемлекетте лизинг дамыды.
Оңтүстік Корея 1975 жылы лизинг нарығын қалыптастыра бастады. Лизинг
нарығы 1994 жылы бүкіл әлемде 5-ші болуғажеткізді. Оңтүстңк Кореяның экономикасы ең керемет экономикасы екенін барлық мемлекет мойындайды.
Дамушы елдерде лизинг капиталы 20 – 30 % -ды құрайды, өйткені экономикалы елде 10 – 20 %. Ал Қазақстанда 2003 жылы 1 % құрайды 2005 жылы 2 % - ды құраған. Ресейде бұл көрсеткіш 5 % көрсетті.
Лизингтің дамуына макроэеономикалық және нормативтік даму керек. Бұл екеуіде Қазақстанда бар. Дәл қазіргі кезде Қазақстан Республикасында лизинг ең қызықты коммерциялық құрылым болып табылады.
2000 жылы Қазақстан Республикасында 5 лизингтік компания жұмыс істесе, қазір 20 компания салық ішінде 15 компания активті түрде жұмыс жүргіде.
12-сі Қазақстан қаржы ассоциациясының мүшелері болып табылады. Бұның ішіне лизингпен айналысатын банктерді де қосып отырмыз.
Лизинг өте қарқынды дамуда 2003 жылы лизинг көлемі 4 есе өсті екінші жылмен салыстырғанда 85 млн доллар. 2004 жылы бұл көрсеткіш 2003 жылмен салыстырғанда 3 есе өскен ол 165 млн долларды құраған.
Қазақстан Республикасының ең үлкен рөлді ауыл шаруашылығы ойнайды 80млн доллар ауыл шаруашылығына жұмсалған бұның өзі 53 % құраған.
Коммерциялық лизингтік компания транспорттық отррслерде және құрылыста жұмыс жасауды қарастыруда онда доляны 18 және 11 % құрады.
3 –сурет көрсетілген.
Қазақстанды Азиямен салыстырғанда жоғары көрінеді.
Қазақстанның лизингтік даму проблемалары. Барлығымызға белгілі, лизинг туралы ж заң жоғарғы дәрежелі болып табылады. Бұдан бірнеше сұрақтар туындайды.
1) Қазақстан лизинг даму құрылымында тұрғандықтан лизинг комапнияның басты проблемасы транспортты қаржыландыру құрылымы. 5 – суретте көрсетілген. Ауыл шарушылық техникасы 47 % - ды құрайды бұның өзін Республикалық бюджет қаржыландырады екінші жартысын лизингтік коммерциялық компания. 2004 жылы Қазақстан лизингтік Қосылған құн салығы жеңілдіктер берілген. Бұның өсуі үлкен емес 6 –5 % -ды құрайды.
6 – сурет.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банк лизинг компаниясының тәуекелдерін шешу үшін қаржыларды қарастырған және бұл (К3)
Қазақстан Республикасының лизингтік дамуы немесе проблемалары.
Болашақта дамыту үшін лизингтің мынадай проблемалары бар.
1) Қосылған құн салығы босату импорты
2)Лизнг компанияларын несиелеу барысында (К3) коефицентін қарастыру.
3) Өзгертулер енгізу “транспортты мемлекеттік тіркеу деп өткізу)
5) лизинг алушыға – амортизацияны алып топтау.

19
2004 жылы лизингті қаржыландыру 257 млн доллар құраса 2-3 жылдан кейін

600 млн болады деген болжам бар.
Қазақстан Республикасында лизинг туралы заң 1995 жылы 23 желтоқсанда қабылданған бұл жерде агроөндірісті көрсеткен. Қаржылық лизинг туралы заң 2005 ж 5 шілдеде қабылдаған оның 10 бабында былай деп айтылған.
Лизинг қызметті банктермен компанияларда және операцияларды Қазақстан Республикасы уәкілетті орган реттеп отырады.
Заңды және жеке тұлғалар лизингтік қызмтеі лицензиясы ала алады.
Қаржылық жоспар.
1) 4 жылдық қаржылық жоспар;
2) кредит алу;
3) кредиттік ставка қолайлы болу керек;
4) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес 228 қаржылық лизинг ҚҚС –тан босатылуы, оның жарлығынан.



20
3 – бөлім. Қазақстанда лизингтік операциялардың мәселелері және олардың шешу жолдары.
Бүгінгі таңда қазақстандық өндірушілердің өнімдерін бәсекелестік қабілеттілігінің төиендігіне байланысты нарықтан сапасы жоғары шетелдік тауарлар ығыстыруда. Отандық өнеркәсіп техникалық параметрлері бойынша өте артта қалуда, өндірісте 70-90 % тозған құрылғылар пайдаланылуда.
Мұндай жағдайлардың қалыптасуының негізгі себебі өндіріске инвестицияның мүлдем жоқтығы болып табылады. Өндіріс бір қалыпты жұмыс істеп отыру үшін стандартты жағдайларда негізгі құралдар моральдық тозуы және табиғи ескірулеріне байланысты үздіксіз жаңартылып отырылуы қажет. Инвестициялық процесс және ғылыми-техникалық прогресс өндірісті жоғары техникалық деңгейде қолдап отырады.
Қазіргі кезде біздің еліміздің өндірушілері қиын жағдайларды бастан кешіруде. Өндірген өнімдерінің бәсекелестік қабілеттілігінің төмен болуына байланысты олардың қолында өзіндік қаржылық ресурстары өте аз. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында мемлекет отандық тауар өндірушілерге тікелей қолдау көрсете алмайды. Коммкрциялық банктердің де қаржылық жағдайларының тұрақсыз болуына байланысты ұзақ мерзімді инвестициялауды жүргізу үшін мүмкіншіліктер жоқ. Міне, осындай жағдайларда лизинг Қазақстандағы қаржылық нарықты күшейтудің сенімді құралдарының бірі болып табылдады.
Лизингтік компаниялардың және банктік мекемелердің жүргізетін лизингтік операцияларының жетістіктері олардың ұсынатын қызметтерінің санына және лизингке берілетін мүліктердің бәсекелестік қабілеттілігіне белгілі-бір деңгейде тәуелді болады. Сондықтан да лизингтік қызметті ұсынатын компаниялар мен банктер жақсы байланыста болулары қажет.Кіші және орта кәсіпроындардың дамуына лизингтік құрылғылар жолымен бағытталған инвестициялық қызмет ақша қаражаттарын пайдаланудың неғұрлым сенімді механизмі болып табылады..
Сонымен бірге, қазіргі кезде көптеген өнеркәсіптік, транспорттық және әсіресе ауыл шаруашылық кәсіпорындарында негізгі құралдарын жаңартудың, құрылғылар мен машиналар паркін дамытудың қажеттілігі кезек күттірмесе мәселелердің бірі болып табылады.
Еліміздегі коммерциялық банктердің несиелік портфеліндегі орта және үзақ мерзімді қаржыландырудың инвестициялық жобаларының болуы экономиканың нақты секторларын несиелеуге ақша қаражаттарының
Жеткілікті деңгейде бөлінбей отырғандығын көрсетеді. Сонымен бірге, коммерциялық банктер несиелердің қайтарылмай қалу тәуекелділіктерін төмендету мақсатында несие беру шарттары күннен – күнге күшейтуде. Көптеген өндіріс орындарының қаржылық жағдайларының тұрақсыз болуына байланысты олардың қаражаттарды талап ететін инвестициялық
21
жобаларды жартылай қаржыландыру үшін де өзіндік қаражаттарды
жинақтаудың мүмкіндіктері жоқ. Міне, осындай мәселелерге байланысты бүгінгі таңда Қазақстанда қаржылық лизингтік қызметті жедел дамыту үшін қажеттіліктер тууда. Яғни, жоғарыда көрсетілген мәселелерді, оның ішінде экономиканың нақты секторларын несиелеу мәселелерін аз уақыт аралығында тек қана лизинг арқылы шешуге болады. Себебі, қазіргі кезде елімізде жүмыс істеп тұрған қаржылық институттардың бірде біреуі жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешуге дайын емес.
Жабдықтың бұзылуымен немесе жоғалту , ұрлау, мерзімнен бұрын тозу, жабдықтың бұзылуының жөндеуіне немесе жөнделуіне байланыссыз залал, бұл бұл залал жеткізілу негізінде немесе одан кейін де барлық тәуекелдер лизинг алушы өзіне алады.
Лизинг алушы, лизинг берушіден шығындарды жабуға немесе қолданылуы және пайдаланылуы барысында жақсы жұмыс кезінде ісінен шығын қойған жағдайда төлем мөлшерін азайтуды талап ете алмайды.
Егер мүліктің жолын жоғалту жағдайында немесе оның түгел опат болуы жағдайында барлық кейінгі жарналар лизинг берушіге төленуі тиіс және келісімнің қолданылу күші тоқтатылады.
Салық салу саласындағы несие қатынастар және басқа да қарастырылмаған шығындарға әкелген кез –келген өзгерістер жағдайында, жәбірленуші жақ бұл жөнінде контрагентті ескерту немесе хабарлау тиіс. Егер лизинг беруші жәбірлеуші жақ болған жағдайда лизинг алушы мүліктің құнын және барлық төлемдерді де қоса төлей отырып, мүлікті алуы тиіс.
Егер жәбірленуші жақ лизинг алушы болса, лизинг беруші оған мүлікке меншік құқығын мүліктің құнын сәйкес лизингтік төлемдерді төлеуге қарсы өткізу тиіс.
Лзинг келісімде лизинг обьектісін сақтандыру шарттары қарастырылуы тиіс. Егер сақтандыру қолданушыға жүктелінсе, онда ол лизинг алушыға келісімнің басталған мерзімнен 15 күн аралығында сақтандыру полисін ұсыну немесе көрсету тиіс және осы лизинг мерзімінің барлық әрекетінде қамтамасыз ету.
Лизинг келісімнің тоқтатылуы.
Лизинг келісімінің мерзімі өткен кезде, келісім тоқтатылды деп есептеледі. Лизинг алушы лизинг мерзімі өтпей, дан бас тарта алмайды. Оны бұзған жағдайда ол лизинг берушіге мәмілені бұзуға байланысты барлық сомаға (мерзімінде төленбеген лизингтік төлем мен келісім бұзылмаған жағдайда төленер жарналарлдың жалпы сомасына) тең өтемақы төлеуге міндетті.
Лизинг алушы құралдарды қабылдап оларды олардың ақауларын жөндеу мүмкін болмағанда келісімді бұзуға құқылы. Келісімді бұзу туралы құралдардың жеткізілу мерзімінен 10 күн ішінде лизинг берушіге жазбаша нысанда хабар беруі тиіс.
Лизинг беруші келісімнің тоқтатылуы туралы мына жағдайларда ғана

22
хабар етуге құқы бар:
1. Белгілі бір себеп – салдарға байланысты құралдарды сатып алу, сату келісімнің заңды күшіне байланысты.
2. Белгілі бір себептерге байланысты жеткізілетін құралдың мүмкін еместігін жабдықтаушы хабар еткенде.
3. Лзинг беруші келісімде көрсетілген белгілі бір төлем түрі жөнінде міндеттемесін орындалмаған жағдайда ( берілген мерзімнің 3 аптадан асса)
4. Лизинг алушы төлем талабының барлық қарыз сомасын ( көбікті есептегенде) 2 апта ішінде.
5. Лизинг алушы, лизинг берушінің 4 апта ішінде жіберілген хабарына көңіл бөлмесе, 2 міндеттеменің сақтануының шартын қанағаттандырмасы, құралды пайдалану туралы келісім шартын бұзса.
6. Жабдықтаушы құралды тұтынушыға жеткізгеннен кейін , сатып алу, сату келісім шарты жойылады.
7. Келісімнің жүзеге асуы уақытысында лизинг алғаннан кейін, лизинг алушының ұйымының қызметі тоқтатылады.
Мәміленің тоқтатылуы туралы хабар алғаннан кейін, лизинг алушының құралды қолдану құқығынан айырылады.
Егер мәміленің тоқтатылу сомасын немесе төлемдер төленбеген жағдайда, лизинг алушы 4 апта мерзімінде, яғни меншік иесі талап етілген күннен бастап жабдықты берілген адрес бойынша жіберуге міндетті. Бұндай жіберу жағдайындағы барлық тәуекелдер мен шығындарды лизинг алушы алады. Егер жабдықты қайтармаған жағдайда, жабдықты өзі алып кетуге, сонымен қатар барлық тәуекелді қолданушыға жіктеуге құқы бар.

3.1. Лизингтік операциялардың жетілдіру жолдары.
Экономикадағы жалпы жағдай, еліміздегі лизингтік бизнестің дамуына үлкен әсер әтеді. Нарықтық экономикаға өту экономиканың құлдырауына
әкеліп соқтырды. Олардың бәрі техника экономикалық қатынастардың үзілуіне, қаржы – несие саясатын жүргізудегі бағыттың бұзылуына әсер етті. КСРО – ның құлауы тауар алмасуды қайта қарастыруға ікеліп соқтырды.
Сонымен айтқанда, Қазақстандағы лизингтік бизнестің дамуына жалпы экономиканың мәселесі және тағы басқа обьективті, субьективті факторлар әсер етеді.
Осы факторлардың кейбірі лизингтік бизнестің дамуына кедергі болса, ал енді бір факторлар оның дамуына жол береді.
Қазақстандағы лизингтің дамуына жасалған талдау көрсеткендей,1992 – 1994 жылдар лизинг дамуындағы қаралы жылдар болса, 1995 – 1997 жылдар мемлекеттік және аралас лизингтің ұйымдастырылуы өтті. Коммерциялық негіздегі транспорттық лизинг нәтижесінде, бұл мерзім лизинг бизнесінің дамуына үлкен үлес қосты.
Бірақ та лизингтің тез дамуына, әсіресе коммерциялық лизингтің дамуына
23
көптеген шешілмеген мәселелер кедергі жасады және жасауда. Солардың ішінде келесідей жалпы экономикалық және салалық мәселелерді көрсетуге болады.
1. Машиналар мен құрылғылардың бағаларының өсуі, және осы өсу нәтижесінде машина жасау және басқа салалар арасында бағалық дисперитеттің туындауы.
2. Машиналар мен құрылғылардың лизингпен қаржыландыруда, ішкі және сыртқы инвестицияларды іздеу және тарту.
3. Лизингтік негізде жіберілетін машиналар мен құрылғыларды іздеу.
4. Экономикадағы төлем тәртібі. Соңғы жылдардағы несиелер бойынша қайтарымдардың болмауы.
5. Лизингтік бизнесті реттейтін заңдық – нормативтік базаның төмендігі.
Коммерциялық лизинтің дамуын тежейтін тағы бір мәселе - ол банктік несиенің ставкасының жоғарылығы мен мерзімінің қысқалылығы. Олардың деңгейі инфляция және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру ставкасына байланысты болады. Осындай жағдайларда Қазақстан банктері лизингтік операцияларға қатысуға ешқандай қызығушылық танытпайды.
Қазіргі кезде бізлің еліміздің кәсіпорындары көбінесе моральды және физикалық тозған негізгі қорларды пайдалануға. Оларды жаңарту қажеттілігі өте жоғары. Бірақ та Республикамыздың әр – түрлі салада керекті, әр – түрлі негізгі қорларды шығаратын өндіріс жоқтың қасы.
Мамандардың есептеуі бойынша агроөнеркәсіпке керректі құрал – жабдық алу үшін конкурстық негізде лизинг беруші компанияны іздеп табу.
Жоғарыда аталған проблемаларды шешпей, еліміздегі лизингтік компанияларды, дәлірек айтсақ, лизинг нарығының дамуы мүмкін емес.
Қазақстан экономикасының қуатын одан әрі күшейту үшін, елімізде халықаралық лизингті дамыту керек, бұл дегеніміз - өз алдына бір өзекті мәселе.
Қазақстанда лизнгтің даму жолы, біздің көзқарасымызша, келесідей 3 негізгі бағытқа байланысты:
1. Экономиканың барлық саласындағы моральды және физикалық тозған негізгі құралдарды тез, әрі түбірімен ауыстыру.
2. Инфляция деңгейін төмендетумен қоса, инвестициялық белсенділікті арттыру.
3. мемлекеттік қолдау және ынталандыру арқылы, Ұлттық экономикадағы шағын және орта бизнесті дамыту.
Шарушылық кешендегі инвестицияны жоғарылату – ол лизингтік іс – шараны тезірек дамыту болып табылады. Оны жүргізу механизмі тек қана бос қаражатқа тірелмей, сонымен қатар дамып келе жатқан шағын және орта бизнеске де арқа арту керек.
Сонымен елімізде лизингтің дамуы Қазақстанда инвестицияны белсендірудің және негізгі құрал – жабдықтарды ауыстырудың бірден – бірі болып табылады.

24
Қорытынды.

Қорытындылай келетін болсақ экономиканың нақты секторларын дамыту шеңберінде лизингтің кең түрде дамуы төмендегідей жағдайларға мүмкіндіктер береді:
1. Өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің көлемін жоғарылату арқылы оларға деген сұраныс үшін жеткілікті ұсынысты қамтамасыз ету.
2. Экономиканың нақты секторларына, яғни, өндіріске жаңа техникалар мен технологияларды енгізуді жеделдету. Елде бәсекелестік өндірісті құру.
3. Өндірістің салалық құрылымын жетілдіру. Өнеркәсіптік өндіріске дұрыс көңіл бөлген жағдайда елдегі шикізат, қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
5. Дайын өнімдерді шетелдерден әкелу көлемін азайту. Себебі, ұлттық экономика шеңберінде де дайын өнімдер өндірілуі қажет.

25

Пайдаланған әдебиеттер.

1. “Қаржы лизингі туралы” Қазақстан Республикасының заңы, Енгемен Қазақстан 12 шілде 2000 жыл.
2. “ Коммерциялық банктер” оқулық
Мақыш.С. Алматы 2002 ж.
3. Оралбаева Ж “ Қазақстандағы лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру жолдары” Қаржы – қаражат 2004 ж № 2 б 91 – 96.
3. Валитов Ш.М., Кириченко Е.Г.
“Лизинг как инструмент расширение возможностей реального сектора экономики” 2005 ж № 4 стр 47 – 55.
4. Иссык Т. “Проблемные аспекты развития лизинга в РК” Экономика и статистика 2003 ж № 1 с 28 – 32.
5. Оралбаева Ж.З.
“Лизингтік келісімдердегі тәуекелдіктерді ескере отырып лизингтік қатынастарды басқару мәселелер” Аль Пари 2004 № 4 б 35 – 43.
6. Доспамбетов А.Б. “Развитие лизингового рынка в РК” Сборник научных трудов 2003 г с 185 – 193.
7. Иссык Т. “Новое о лизинге” Финансы и кредит 2004 г с 28 – 32.
8. “Банковское дело” Справочное пособие Под ред К.Э.Н. Бабычевой Ю.А. Экономика 1994 г.
9. Интернет.

26
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



38.3Kb
Категория: Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы | Добавил: Admin
Просмотров: 2836 | Загрузок: 172 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Құнанбайұлы Абай
Алпамыс батыр дастанының зерттелуі
Ғарифолла Құрманғалиев
Жұмабаев Мағжан Бекенұлы
ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары
Валеология бойынша бағдарламаны енгізу
АУДАРМА
Құранды түсіну
Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша оқушыларды кескін картам...
Ахмет Байтұрсынов және қазақ терминологиясы
Жасуша теориясының негізгі қағидалары
Ақыт қажының Жиһаншаһ дастанындағы Шаһзада бейнесі
Жапонияның тарихы
Сарыбаев Болат (1927-1984) – қазақтың ұлы өнертанушысы
Қазақ халық аспаптар оркестрін ұйымдастыру