Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Курсовые на казахском » Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы

Қазақстан Республикасында салықтық реттеудің қазіргі тенденциялары (ОҚО мысалында)
Загрузка...
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ
ҚАЗІРГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ ( ОҚО МЫСАЛЫНДА )

Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының салық жүйесі және оның
Ерекшеліктері

Мемлекетте алынатын салық түрлерінің , оны құру мен алудың
нысандары мен әдістерінің, салық қызметі органдарының жиынтығы әдетте
мемлекеттік салық жүйесін құрайды.
1991 жылға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-
әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық
жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым
салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға
және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын.Қазақстан егемендікке
ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес
республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991 жылғы желтоқсанны 25- інен бастап біздің елімізде тұңғыш салық
жүйесі жұмыс істей бастады. Ол “Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі
туралы” заңға негізделеді.
Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын,салықтар мен алымдардың
түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы
заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1- інен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық
Реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте – бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты “ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы 1995 жылғы сәуірдің
24- інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24- індегі заң күші
бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы
№ 440 - 1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл
заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Заңға Ел Президенті 2001 жылдың 12 маусымында қол қойды. Жалпы
жаңа салық кодексін дайындау қажеттілігі, бірінішіден,салық жинаудың барлық
аспектілерін қорғайтын негізгі ережелерді жүйелеу қажеттігінен туындады.
Өйткені, экономиканың құрылымы мен динамикасы түбегейлі өзгерді. Бұл
қолданыстағы салық заңдылықтарды жетілдіру талабын қойды.
Қазақстан Республикасы салық жүйесінің қалыптасуы және дамуының
Негізгі кезеңдерін төмендегі кестеден көруге болады ( Кесте 2).
Кең ауқымды жаңа салық заңы, жалпы мемлекеттің және барлық
Шаруашылық субъектілерінің аспектілеріне әсер ететін бірден бір құжат.

Кесте 2
Қазақстан Республикасы салық жүйесінің қалыптасуы және даму кезеңдері

Кезеңдер
Салық жүйесінің
қалыптасуы және дамуы Салықтық
қатынастарды
басқарудың
стратегиясы
және тактикасы
Орталық-
тандыру
дәрежесі
Әлеуметтік-
экономикалық
нәтижесі

Бірінші
кезең
1991-1994
жж. Салық жүйесі
жаратылды,
экономикадағы және
салық
қатынастарындағы
ретсіздік элементтері
реттелді және
мемлекеттік бюджет
табыс бөлімі бағыт
бағдары
қалыптастырылды.

Ағымдағы және
мерзімді
мәселелер
шешімін
бағдарлау

Төмен

Ретсіздік
элементтері мен
қайшылықтар
ескеріліп, салық
салу жүйесі
жаратылды

Екінші
кезең
1995-1998
жж.


Макроэкономикалық
тұрақтылық және
кәсіпорындарды
ынталандыру жолымен
бюджеттің табыс
бөлімін максималдауға
жету
Қысқа- орта
мерзімді
мәселелерді
шешу. Орта
мерзімді
мәселені
бағдарлау.

Орташа Макроэкономикалық
ынталандыру
экономикалық
дамудың негізі
болып қалады.
Салық салу
базасының
қысқартылу
тиімділігі.

Үшінші
кезең
1999-
2001
жж.


Салықтық реттеу
ұйымдарының жаңа
принциптеріне өту
арқылы экономикалық
дамуға жету, әлемдік
салық тәжірибелерін
ескеру және
мемлекеттік бюджет
табысын көбейту. Орта мерзімді
мәселелерді
шешу және ұзақ
мерзімді
бағдарлама
мақсаты,
“Қазақстан
2030”
стратегиясын
қалыптастыру.

Жоғары

Экономикалық даму
басталды.
Тұрақтылық және
салық салу базасы
кеңейе басталды.

Төртінші
кезең
2002
жылдан
басталады

Әлеуметтік-экономика-лық бағдарламаларды
қаржыландыруды
кеңейтіруінің
мақсатымен салық салу
субъектілерін
капиталдандырылған
құнын өсіруін
ынталандыру жолымен
бюджеттің табысын
максималдау
Орта және ұзақ
мерзімді
мәселелерді шешу. Әсіресе,
стратегиялық
мәселелерді
шешуді
бағдарлау.

Жоғары
Мемлекеттің және
салық
төлеушілердің
мүдделерін
теңестіре отырып
экономикалық
дамуды
тұрақтандыру
Ескерту: Кестені құрастырушы автор.
Екендігімен ерекшеленеді. Қолданыстағы салық заңына келсек, ол шағын
заңнан және көптеген нормативтік актілерден тұрады. Яғни, мұның барлығы
салық заңының құрамдас бөлігі болып табылады. Ал, жаңа Кодекстің
қабылдануымен іс жүзінде енді бір ғана заң болды.Салық жүйесінің бір орында,өзгеріссіз тұрып қалуы мүмкін емес.Ел экономикасының дамуы, нарықтық қатынастарға көшу жолыда қалыптасатын іс-тәжірибелер, экономикасы дамыған елдердің тәжірибелерін талдап-жинақтау барысында, салық жүйесінде өзгеріп,дамып,бара-бара жақсара түсуі тиіс,
1995 жылғы болған соңғы салық реформасынан кейін ел экономикасында көптеген өзгерістер болды. Бұл өзгерістер Республикадағы салық қатынастарын реттейтін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы барлық ережелер мен нормаларды жүйелеу қажеттігін көрсетті. Мұның барлығы елге жаңа салық кодексі қажеттігін дәлелдеді. Салық кодексі кеңінен, ашық, жан-жақты талқыланған заңдық құжаттардың бірі. Жаңа салық заңының жобасын талқылау барысында көптеген конференциялардың да өткізілгенін айта кетуіміз керек. Мұндай іргелі бас қосулардың ұйымдастырылуына салық заңдылықтары саласындағы ірі халықаралық ұйымдар өкілдеріде атсалысты.
Конференциялар Астанада, Лондонда, Вашингтонда өткізіледі. Халықаралық сарапшылар талқылаудың барлық кезеңіне қатысты. Халықаралық өлшемдерге жақын жаңа салық заңы шетелдік сарапшылардың оң ықыласына бөленді. Мұндай іс-шаралардан көзделген мақсат салық жүйесінде өткен жылдардағы
қате-кемшіліктердің қайталанбауын қамтамасыз ету.
Қазір біздің мемлекетіміз экономикасы дамуының жаңа кезеңінде тұр.
Сондықтан да келешектегі даму тенденциясын, экономиканы ұйымдастырудың
жаңа әдістерін, инвестициалық нарықты ескеру қажет. Сондықтанда
мемілекеттік органдар өзара қарым-қатынасында барлық құқықтық аспектілерді күшейту Салық кодексінде шешілуі қажет басым міндеттер болды.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық службасының органдарын қамтиды.
Қазақстан Республикасындағы салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналардан тұрады:
1) Салықтар:
1.Корпорациялық табыс салығы
2.Жеке табыс салығы.
3.Қосылған құнға салынатын салық.
4.Акциздер.
4.1 Экспортталған шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы.
5.Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.
6.Әлеуметтік салық.
7.Жер салығы.
8.Көлік құралдарына салынатын салық.
9.Мүлікке салынатын салық.
2)Алымдар:
1.Заңды тұлғаларды мемілекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
2.Жеке кәсіпкерлерді мемілекеттік тіркегені үшін алынатын алым.

3. Жылжымайтын мүлікке құқықтары және олармен жасалған мәмілелерді мемілекеттік тіркегені үшін алым.
3.1 Жылжымалы мүлік кепілін мемілекеттік тіркегені үшін алым.
4.Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемілекеттік тіркегені үшін алым.
5.Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемілекеттік тіркегені үшін алым.
6.Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемілекеттік тіркегені үшін алым.
6.1 Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемілекеттік тіркеу үшін алым.
7. Азаматтық әуе кемелерін мемілекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
8. Дәрі-дәрмек құралдарын мемілекеттік тіркегені үшін алым.
9. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.
10. Аукциондардан алынатын алым.
11. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық
алым.
12. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.
3). Төлемақылар:
1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.
2. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.
4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.
5. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.
6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.
7. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.
7.1 Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы.
8. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
9. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы.
4) Мемілекеттік баж:
Мемілекеттік баж.
5) Кеден төлемдері:
1. Кеден бажы.
2. Кеден алымдары.
3. Алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы.
4. Алымдар.
Бүгінгі республикамызда шаруашылық жүргізуші (шағын және орта бизнес) субъектілеріне салық салу қалай жүргізілуде деген сұрақ көпшілікті қызықтырады. Қазіргі кезеңде елімізде шағын кәсіпкерлік субъектілері, шаруа (фермер) қожалықтары, ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін салық салудың арнайы салық тәртібі орнатылңан. Кәсіпкер бұл арада өзінің қызметінің меншігіне, алатын
табысының мөлшеріне байланысты аталмыш немесе басқа түрін қолдануға құқы бар/18/.
Арнаулы салық режимі шағын бизнес субъектілері үшін, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтік салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді.
Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі бірыңғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен есеп айырысудың айрықша тәртібін көздейді және акцизделетін өнімдерді өндіру, ұқсату және сату жөніндегі қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өзі өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсату және оны өткізу жөніндегі шаруа (фермер) қожалықтары қызметіне қолданылады/19/.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимі патент негізінде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібін көздейді және заңды тұлғалардың :
1) жерді пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өзі өндірген осы өнімді ұқсату және өткізу жөніндегі;
2) толық кезеңді (төлді өсіруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (соның ішінде асыл тұқымды), ара шаруашылығының ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру жөніндегі, сондай-ақ өзі өндірген осы өнімдерді ұқсату және өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады(20).
Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимі:
1) ойын бизнесі саласында;
2) ақшасыз ұтыс ойын автоматтарына;
3) боулинг (кегельбан) бойынша;
4) картинг бойынша;
5) бильярд бойынша;
6) лото ойынын ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсететін жеке кәсіпкерлердің, заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының, өкілдіктерінің және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне қолданылады.
Салық жүйесі өзінің құрамына мемлекеттік салық қызметі – Қаржы министрлігін, облыстардағы, аудандардағы, қалалардағы және қалалардағы аудандардың салық комитеттерін қамтиды. Салық қызметінің құрылымында Қазақстан Республикасы Мемілекеттік салық комитетінің салық полициясы органы жұмыс істейді, ал қазір ол Қаржы полициясы деп аталады. Салық қызметін Қазақстан Республикасы салық комитетінің төрағасын Қазақстан Республикасы Президенті, ал оның орынбасарлары және салық полициясы басқармасының бастығын Қазақстан Үкіметі тағайындайды. Салық қызметі органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындалуына салықтық бақылауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының 2001-2005 жылдардағы салық түсімдерінің әртүрлі бюджет деңгейлері арасында бөлінуі кестеде көрсетілген
(Кесте 3).

Кесте 3
Салық түсімдерінің бюджет деңгейлері арасында бөлінісі
(млн.теңге)
2001ж.
2002ж. 2003ж. 2004ж. 2005ж.(11ай ішінде)
Мемілекттік бюджет 635792 752785 947251 1186138 1731768
Республикалық бюджет 313432 458227 603396 816458 1340160
Жергілікті бюджет 322360 294558 343855 369680 391608
ҚР ұлттық қоры 88529 39781 123615 120792
Ескерту: Кесте Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері
негізінде жасалған.

Жоғарыдағы кестеден, салық түсімдерінің жылдан – жылға өсуін байқаймыз.
Бюджетке салықтар және басқа төлемдер құрылымында 2005 жылдың (қаңтар-қараша айлары) нәтижесі бойынша республикалық деңгейдегі салық төлеушілері ішінде ең көп түсімдер корпорациялық табыс салығына, баж төлемдеріне, әлеуметтік салықтарға түседі. Ал аймақты деңгей салық төлеушілері бойынша салықтар түсімдердің көп мөлшері қосылған құн салығынан, корпорациялық табыс салығынан түседі(Қосымша 1;2).
Барлық деңгейдегі салық қызметі органдары заңды тұлғалар болып табылады, олар республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Салық қызметі органдары орталық және жергілікті атқарушы өкімет органдармен, құқық қорғау, қаржы органдармен өзара қарым – қатынас жасап отырады, бірлескен бақылау шараларын қолданады, заңға сәйкес өзара ақпарат алмасады. Мемілекеттік өкімет органдары Қазақстан Республикасының салық заңдары мен Республикалық және жергілікті бюджеттерге басқа да төлемдер туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі міндеттерді атқаруында, салық бұзушылық пен қылмысқа қарсы күресте салық қызметі органдарына жәрдемдесіп отыруға міндетті.
Бүгінде салық жүйесі ең маңызды экономикалық реттеуші, экономиканы мемілекеттік реттеудегі қаржы – несие механизмінің негізі болып табылады. Салық салу жүйесінің қаншалықты дұрыс құрылуына байланысты бүкіл халық шаруашылығының тиімді қызмет ету анықталады. Сондықтан ең маңызды мақсат - бірыңғай мемілекеттік салық саясатын жүргізуді қамтамасыз ету. Салық комитеттерінің алдында салық салу жүйесінін реформалаудың негізгі бағыттарын анықтайтын, олардың орындалуын байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын айқындайтын негізгі басым бағыттар көрсетілген.
Оңтүстік Қазақстан облыстық салық қызметі ҚР Қаржы Министірлігінің мемілекеттік табыстар басқармасы құрамындағы салық инспекциясынан бастаған. Бүгінде, бұл ҚР ҚМ Салық комитетінің ОҚО бойынша салық комитеті деп аталады.
Бүгінгі күні мемілекеттік, облыстық, аудандық бюджеттердің табыс бөлігін толтыруда көп қызмет атқарылды. Егер бұрын салық жүйесіні негізгі қызметтері болып фискалды және бөлу қызметтері саналса, ал бүгінде оларға салық салу базасын нақты анықтау бойынша талдау функциясы қосылды. Бұл мемілекеттік бюджетті салық және басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етудің сапасын арттырады. Қазіргі кезде болжамдардың орындалуына септігін тигізетін негізгі факторлардың бірі – табыстарды салықтық әкімшіліктендіру: ірі салық төлеушілердің мониторигі, өндірістік емес төлемдерді жинау технологиясын жетілдіру, акцизделетін өнімдердің өндірісі мен айналымын бақылау. Салық комитетімен жүргізілген іс – шаралар нәтижесінде ОҚО мемілекеттік бюджетінде салықтық және салықтық емес түсімдер көлемі айтарлықтай өсті. 2004 жылдың 1 желтоқсанына мемілекеттік бюджетке түскен салық және басқа да міндетті төлемдер 41407,2 млн. теңгені құраса,2005 жылдың осы кезеңіне 51851,0 млн. теңгені құрап, 2004 жылға қарағанда өсу темпі 125,2 пайызды құраған. Мемілекеттік бюджетке түскен салық түсімдерінің құрылымында ең жоғары үлес ҚҚС (қосымша құнсалығына) – 29,6% және корпоративтік табыс салығына – 21,8% сәйкес келеді. Мұның бәрі облыс экономикасының өсуінің нәтижесі.
Жоғарыда аталған қызметтерден басқа ОҚО салық комитеті әлеуметтік қызметке, бұл ең алдымен халықтың зейнеткерлік қамтамасыз кетілуіне көп көңіл бөледі.
Сонымен бірге мемілекеттік бюджетке салық түсімдерінің өсуіне оң әсер еткен салық заңдылығын жариалау мен түсіндіру бойынша жүйелі жұмыс болып отыр.
Қазіргі кезде салық есебін жасау үшін салық төлеушілер бағдарламалық қамсыздандырумен қолданса болады. Оның негізгі функциясының бірі салық декларацияларының дұрыс толтырылғандығы, жіберілген арифметикалық қателер. Барлық салық төлеушілерде компьютер бола бермейтіні ескеріліп, бірнеше орталықтарда салық төлеушілер үшін арнайы компьютерлер қойылған.
Сондықтан салық органдарының жұмысы салық мәдениетін көтеруге және салық төлеушілер үшін жайлы жағдай жасауға бағытталған. Мақсаты салықты сенімді және уақтылы төлеу болып табылады.
Салық жүйесі және оның қызмет ету механизмі белгілі бір принциптерге сәйкес қызмет етуі керек. Сонда ғана салық жүйесі өз қызметін жан – жақтылық және тиімді түрде іске асыра алады. Дүниежүзілік тәжерибеде қолданылып келе жатқан бірнеше принциптер бар. Олар мыналар: қарапайылдылық, әділеттілік, салыстыру принциптері.
Қазақстан Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді концепциясын қабылдады. Бұл құжатта, негізінен, салық жүйесінің салық заңдылығын бірте-бірте халықаралық салық салу принциптеріне сәйкес қызмет етуге жеткізу көзделген болатын.
Қазақстан Республикасының салық заңдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңдарының жариялылығы принциптеріне негізделеді. Олар мыналар:
• Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі;
• Салық салудың айқындылығы;
• Салық салудың әділдігі, біртұтастығы;
• Салық заңдарының жариалылығы.
Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелері Салық кодексінде белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келмеуге тиіс.
Салық салудың міндеттілігі принципі.
Салық төлеуші салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.
Салық салудың айқындығы принципі.
Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері айқын болуға тиіс. Салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңдарында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.
Салық салудың әділдігі принципі.
Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.
Салық жүйесінің біртұтастығы принципі.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты біртұтас болып табылады.
Салық заңдарының жариалылығы принцпі.
Салық салу мәселелері реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариалануға тиіс.
Еліміздің алғаш қабылданған салық жүйесінде дүние жүзілік тәжірибеде қолданылып келген салық принциптері сақталмады.Сондықтан бұл салық жүйесінің нарықтық қатынастардың талабына толығымен жауап беруге мүмкіндігі болмады. Ең бастысы салық жүйесінің өндірісті дамытуға ешқандай ықпал етпеуі, бюджет кірісін құраудағы өз рөлін жете атқара алмады.
Салық санының көптіг, айналымды анықтаудың қиындығы, шектен тыс дәлелсіз салық жеңілдіктері, салық ставкаларының бір салық бойынша бірнеше түрлі болуы, халықаралық салық салудың негіздерінің тыс қалуы және тағы басқа кемшіліктер салық жүйесінің дамуына кері әсерін тигізеді.Әрине, бұл өмір талабына сай. Осы қайшылықтарды шешу арқылы салық жүйесі біртіндеп қалыптаса бастады, түзелу арқылы ары қарай дами түсті.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының жаңа салық жүйесі біршама болсада, нарықтық қатынастар талабына бейімделіп, халықаралық тәжірибеге мейілінше жақындатылған.

Экономиканы салықтық реттеудің шаруашылық қызметіндегі ролі

Қазіргі жағдайда салықтар нарықтық экономиканы мемілекеттік реттеу механизмі ретінде фискалдық, реттеушілік және қайта бөлу сияқты қызметтерді атқарады. Тарихи тәжірибе көрсеткеніндей ХХ ғасырда мемілекет салық саясатында салықтың реттеушілік функциясының өскендігін және оның экономиканың түрлі салаларында қызмет еткендігін көруге болады.
Салық түсімдері мемілекет тарапынан қоғамдық қайта өндіріс процесіне араласуда маңызды фактор бола бастады. Екінші Ұлы Отан соғысынан кейін бюджетке түскен салық түсімдерінен: темір жол, автомобил жолдары, гидротехникалық және мелорациялық жұмыстар, табиғи ресурстарды қайта өңдеу, жаңа түрдегі өндірістерді іске асыру, ауылшаруашылық,ғылыми жобалар, оқу орындарын, отандық өнімдерді экспортқа шығаруды субсидиялау және тағы басқаларға мемілекет тарапынан қаржы бөлінді.
50-жылдарда Европалық Одаққа мүше елдердің заңдылықтарында салықтар фискалдық мақсаттан басқа мақсаттарда, яғни мемілекеттік экономиканы реттеу және сыртқы экономиклық қатынастарды жүзеге асыруда қолданылды. Бұл уақытта мемілекет тарапынан салық механизмі көмегінде экономика дамуының келесі бағыттарына әсер еткен:
• өнеркәсіп өндірісі саласының және ғылыми - техникалық қызметтің дамуы;
• жеке кәсіпкерлерге және ірі кәсіпорындарға жайлы жағдайлар жасалуы;
• экономикада циклдық төмендеу жағдайларынан жылдам өтуді;
• сыртқы экономикалық және сыртқы сауда қатынастарын, әлемдік нарықта ұлттық өндірушілердің бәсекелестігінің артуын реттеу;
• ұлттық ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерді қолдау;
• қоғамда жайлы әлеуметтік жағдайлар жарату.
80 – жылдың басында нарықтық экономика дамыған елдерде салық түсімдерінің біртектес құрылымы бірнеше негізгі салықтармен бірге жинақталған: яғни, жеке тұлға табыс салығы, корпорация табысына салық, әлеуметтік-сақтандыру төлемдері, жеке меншіке салық, тұтынуға салық салу жүйесі белсенді дамыды.
Егер осы уақытқа дейін салықтың жоғары ставкалары және прогрессивті салық ставкалары экономикалық дамуының жоғары деңгейіне және халықтың әлеуметтік қорғалуына әкеледі деп есептелсе, батыс елдерінің көпшілігінде салық салу аймағының жалпы тенденциясында корпорация және жеке тұлғалардың салықтық ауыртпалығын төмендету байқалды.
Салықтар кез - келген елдерде мемілекеттің қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс - бағытына қарамастан ұлттық мемілекеттік кірістердің негізгі көзі болып табылады. Барлық елдерде мемілекеттік шығындар мен салық салу мәселелеріне үлкен көңіл бөлінеді. Нарықтық қатынастар қалыптасқан елдерде салықтар мемілекеттік және муниципиалдық табыстарды қалыптастыруда басты рөл атқарады, экономиканы басқарудың күшті негізгі құралы болып табылады. Әсіресе олар ғылыми – техникалық прогрессті жеделдетуге, антиинфляциялық және құрылымдық саясатты жүзеге асыруда белсенді қызмет атқарады. Сондықтан мемілекет алдында салық механизмінің жетілдіру өте қажетті мәселеге айналған/21/.
Қазіргі кезеңдегі жағдайларда салықтардың мәні мен рөлі мемілекеттік органдарды қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету шекарасынан шығып отыр. Енді салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің маңызды құралы бола бастады. Олар макроэкономикалық реттеуге белсенді араласа отырып, ішкі ұлттық табыстың жалпы көлемінде, салықтық төлемдердің салыстырмалы мөлшерінің өсуін қамтамасыз етіп отырады. Салықтар экономикалық белсенділікті реттей отырып, өндірістік процестеріне де қатты әсер етеді. Бұл әсер жан-жақты болып табылады. Салынатын салықтармен әрекет ете отырып, мемілекет капиталының қорлануына асқан ықпал етеді. Сондай – ақ, салықтық реттеу шаралары, әр түрлі салалардың бәсекелесу мүмкіндіктермен кеңінен ынталандыра отырып, капиталдың қорлануына тиімді жағдайлар жасап, кәсіпорындардың іс – әректтерінің әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпалын тигізеді. Бұл мақсатта салықтарды төлеуге түрлі жеңілдіктер пайда болады. Салықтық жеңілдіктердің көмегімен мемілекет өндіргіш күштері территориалды орналастыруға, инфрақұрылымдық объектілерді құруға және тағыда басқа іс-әрекеттерді жүзеге асыруға толығымен мүмкін болады.
Сондай – ақ, салықтар мемілекеттің өмір сүруінің барлық кезеңдеріне тән құбылыс. Олардың басты міндеті, әр қоғамның дамуын қамтамасыз ететін өндірістік емес салаларды қаржыландыру болып келеді. Оған басқару аппараты, әскер, тәртіп сақтау бөлімдері, мәдениет, білім беру, ғылыми мекемелер жатады.
Салықтық реформалардың басты мақсаты – шаруашылық жүргізуші субъектілерге түсетін салық ауыртпалығын жеңілдету, қолданып жүрген салықтар мен төлемдерді реттеу болып табылады. Бұл бағытта ең негізгілерін - пайда салығын, қосылған құн салығын, акциздерді, мүлік салығын, табыс салығын және бірқатар басқа да салықтардың мәнін арттыру. Ұқсас жағдайларда салық салудың шамамен тең тәртібі қолданылатын болады, ал ставкалар табыс көлемінің артуына байланысты қойылады. Біртұтас тәртіп салық төлеушінің қай кезде қандай салық төлеуді жақсы білуіне мүмкіндік береді. Қазақстандағы салық ставкаларының басқа елдердегі осындай салықтардың ставкалармен теңдес болуы да дұрыс. Бұл өте қажет, өйткені неғұрлым жоғары ставка белгілеу шетелдік инвестициялар таратуға едергі келтіреді және керсінше неғұрлым төмен ставкалардың әр түрлі болуынан туындайтын салық капиталды экспортқа шығаратын елдердің бюджетіне түседі.
Отандық тәжірибеде, салық жүйесінің мемілекеттің әлеуметтік саясатына икемделіп келе жатқан кездері деп соңғы бес жылдықты атауға болады. 1998- 2005 жылдар аралығында салық жүйесінде болып келе жатқан үлкенді - кішілі

реформалардың арқасында бүкіл әлем назар салып, бет бұрып отырған қоғам игілігі халықтың тұрмыс – деңгейін көтеруге, ілеуметтік жағдайдың дұрыс жолға қойылуына салық жүйесі тарапынан аз үлес қосылып отырған жоқ. Бағалаудың негізгі көрсеткіші бюджеттің табыстарының ЖІӨ - ге қатысту салықтық ауыртпалықтың деңгейін бірқатар жылдар бойы қарастыратын болсақ, соңғы жылдары бюджет кірісі ЖІӨ -нің 22-23% құрайтынын көруге болады және ол салыстырмалы түрде салықтық ауыртпалықтың төмен екенінен хабардар етеді (Сурет 3). Ресейде бұл көрсеткіш шамамен – 24%, Германияда - 40,5%, Францияда – 42,7%, Швецияда - 50,5%/22/. Бұған, әлеуметтік тұрғыда маңызы зор өзгерістердің енгізілуі оң әсерін тигізді, мысалы соңғы жылдары ҚҚС ставкасының төмендетілуі және салықты алу әдістемесінің жетілдірілгендігі, әлеуметтік салық ставкасының төмендетіліп, регрессивті шкаламен салынуы, кәсіпкерлерге қатысты арнаулы салық режимінің енгізілуі, әлеуметтік және коммерциялық емес ұйымдарды корпорацилық табыс салығынан босатылуы үлкен әсерін тигізді.
Баршаға бнлгілі 2001 жылы, салық жүйесіндегі әділеттілікті, оның тұрақтылығы және анықтылығын, салық төлеушілнрдің барлық категориясына қатысты, салық жүктемесінің балансталуын және салық жүйесінің экономикалық процесстерге қатысты бейтараптылығын қамтамасыз етуге бағытталған негізгі құжат – Салық Кодексі пайда болды.
Қазақстан Республикасында 2000-2004 жылдар аралығында ЖІӨ-ге
шаққандағы салық ауыртпалығының мөлшері,%

Ескерту: Сурет статистический ежегодник Казахстана 2004, Статистический ежегодник Казахстана 2005 мәліметтері негізінде жасалды.
Сурет 3.

Аталған заңнаманың негізінде салықтар мен басқа да міндетті төлемдер санының қысқартылуы және салық салу механизмінің оңайлатылуы, салық салу қағидаттарының халықаралық стандарттарға көшірілуі, салық жүйесінің нарықтық экономика талаптарына сәйкестендірілуі елдегі салық ауыртпалығының төмендеуіне, шаруашылық субъектілерінің қызметінің тұрақталуына және сәйкесінше мемілекеттік бюджетке түсімдердің жоғарылауына мүмкіндік жасады.

Соңғы жылдары Салық Кодексінде салық ауыртпашылығын төмендетуге бағытталған бірқатар өзгерістер енгізілген.
Мемілекеттің реальді секторына салық ауыртпашылығын төмендетуге мақсатталған салық саясатының бағыттары (2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап):
- ҚҚС-ның ставкасы 16%-дан 15%-ға төмендетілді;
- Әлеуметтік салық бойынша регрессивтік шкала орнатылды (20%-дан 7%-ға дейін);
- Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінің шеңбері кеңейтілді;
- Жеке табыс салығының ставкалары төмендеді (бұрын 5%, 10%, 20%,30% 2004 жылдан бастап 5%, 8%, 13%, 15%,20%);
- Мұндай химиялық өнеркәсіп ұйымдарына корпорациялық табыс салығы бойынша ерекше тәртібі орнатылды;
- Қаржылық лизинг бойынша салық салу жетілдірілген (ҚҚС-тан қаржылық лизинг мақсатында пайдаланылатын негізгі құралдардың импортталуы босатылды );
- ҚҚС-тан микрокредиттерді беру операциялары босатылды.
- Корпорациялық табыс салығы бойынша инвестициялық преференцияларды беру жолдары кеңейтілді;
- Халықаралық сапа стандарты және экологиялық менеджмент талаптарына сәйкес келетін менеджмент жүйесін енгізген ұйымдар үшін корпорациялық табыс салығын есептеудің жеңілдікті тәртібі орнатылды.
Сонымен қатар 2006 жылдың 1қаңтарынан бастап келесі өзгерістер енгізілген:
1. Амортизациялық саясат жетілдірілген.
2. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу режимі өзгертілген.
3. Қосылған құн салығы бойынша есепке қою шарты өзгерген. Өткізу бойынша айналымның ең төмен деңгейі айлық есептік көрсеткіштің 15000 еселенген шамасын құрайды.
4.Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық ставкалары төмендетілген.
5.Жеке кәсіпкерлер және оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін пайдаланатын заңды тұлғалардың мүлік салығы салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0,5% ставка бойынша есептеледі.
6.Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану тәртібі кеңейтілген.
Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу режимі бойынша өзгерістері:
1. Бюджетке төленуге тиісті корпорациялық табыс салығының сомасы жүз пайызға азайтылды;
2. Жер салығын есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициенті қолданылады;
3. Мүлік салығын есептеу кезінде салық салу объектілерінің жылдық орташа құнына 0 пайыз ставка қолданылады;
4. Әкімшілік және өндірістік мақсаттағы объектілерді салу және пайдалануға беру процесінде толық тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтардың аумағында өткізуге қосылған құн салығы 0 ставка бойынша салынады;
5. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағын тауарлардың өткізілуі бойынша қосылған құн салығы жалпыға бірдей тәртіппен есептелінеді.
Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі
Мынадай талаптарға сай келетін шағын бизнес субъектілері:

Жеке кәсіпкерлер үшін:
• жеке кәсіпкерлердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде 25 адам болса;
• салық кезеңі ішінде шекті табысы 10000,0 мың теңге болса;
• салық ставкасы шкала бойынша табыстан 3 пайыздан 5 пайызға дейін болса.

Заңды тұлғалар үшін:
• қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде 50 адам болса;
• салық кезеңі ішінде шекті табысы 25000,0 мың теңге болса;
• салық ставкасы шкала бойынша табыстан 3 пайыздан 7 пайызға дейін болса оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданады.

Жеке кәсіпкердің табысына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиіс (Кесте 4).
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



164.0Kb
Категория: Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы | Добавил: Admin
Просмотров: 3263 | Загрузок: 162 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Тіршілік етуші негізгі орта және оларға ағзалардың адаптациялануы (бей...
Неологизмдердің жасалу жолдары
Гигиена
Астана - Қазақстанның саяси ерік-жігерінің нышаны
Құтылығұлы Күлтегін
Иоган Себастьян Бах
Әбілғазизұлы Арынғазы
Ар жақта дүмбірлеген Арынғазы...
Әуезов Мұхтар Омарханұлы
Аңыз әңгімелер
Менің Отаным - Қазақстан
Қазақтың демократ ағартушылары
Құранды түсіну
Домбыра философиясы
Шоқайұлы Мұстафа