Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 22.10.2014
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Философия

ХХ ҒАСЫРДЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ
Скачать удаленно
ХХ ҒАСЫРДЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ.

ХХ ғасырдағы иррационализмнің бастамасы болған «өмір философиясы». Бұл концепцияның түрлі нұсқалары көп, соның ішінде екеуін ғана атап өтелік. Бірінші бағыт «өмірді» табиғат заңдарына жақындастырып, қоғам заңдарынан аулақ ұстайды. Оны жануарларға жақын қояды. Осыдан келіп күшке табыну, анайы-дөрекі түйсіктерге үлкен мән беру, идея мен ұғымдардың орнына ырықсыз сезімді қою орын алады. Әсіресе, ақиқат пен жақсылық орнына жалғандық пен жауыздықты қарсы қойғаны соншалық, фашистік идеологияға алып келді. Мұндай бағытты Ницще және тағы басқалар қолданған.
Философия тарихында «өмір философиясының» екінші түріне аса көп мән берілген болатын. Ол Дильтей мен Шпенглер сияқты ойшылдардың есімімен байланысты. Мұнда «өмір» адамның іштен туа біткен әбігерленуімен, тікелей сезінуімен байланысады. Егер «өмір философиясының» басқа нұсқаларында жалпы адамзат туралы сөз болатын болса, ал мына түрінде тек қана жеке адам, оның ойы, өмірі туралы айтылады. Сондықтан осы бағыттан герменевтика келіп шығады. Кейіннен Дильтейді «түсіндірме психологиясы» жарық көріп, Шпенглердің тарихи морфологиясы пайда болады. Бергсон нұсқасында «өмір философиясы» «өмірлік екпінмен, ұмтылыспен, қарқынмен» байланысады. Үстіміздегі ғасырдың ортасында «өмір философиясының» негіздерін оның орнына келген экзистенциализм, персонализм және философиялық антропология ағымдары жалғастырады.
1918-1922 ж.ж О. Шпенглердің «Европаның ақыры» деген осы уақытқа дейін әңгіме болып келе жатқан екі томдық еңбегі жарық көрді. Бұл еңбекте мәдениет деген ұғым организм (тірі дене) ретінде анықталып, әр мәдениеттің өзіндік дара сипаты болатыны айтылған. Дүниеде сегіз мәдениет болыпты: египет, үнді, қытай, вавилон, «аполлон» (грек.рим), «магия сиқыршылық» (византия, араб), «Фауст» (Батыс Еуропа), майя. Бұдан былай орыс-сібір мәдениеті болады деп айтылған. әр мәдениеттік организм мың жылға жуық өмір сүреді, сосын құрып кетеді, нәтижесінде цивилизация туады. Демек, бұл творчестволық жеміссіздікке, әдебиет пен өнердің маңызы жойылып, техника мен ғылымның дамуына, адамгершіліктің дағдарысына соғады дейді. «Аполлон» мәдениеті үшін ол эллинизм кезі болса, ал Батыс Европа үшін бұл дағдарыс ХХ ғасырдың ішінде басталғанын айтады. Осы жіктеу бүкіл интеллигенцияның назарын өзіне аударып, күні бүгінге дейін пікірталасын туғызуда.
Феноменология – негізін салушылар Гуссерль мен оның шәкірттері – Л.Ландгребе, Э.Финк, т.б. болып табылатын,қазіргі батыс философиясына ерекше ықпал еткен субъективтік идеолистік бағыт. Ф-ның негізгі ұғымы "интенционалдық” деп аталады. Бұл ұғым сананың объектіге қатысын көрсетеді. Ф-лық ұғым бойынша "объект болмаса,субъекті де болмайды”. Феноменологиялық тәсілдің негізгі талаптары: 1) субъективтік тәжірибеден тыс тұратын, яғни,санадан тыс тұратын объективтік шындық туралы пікірден бас тарту; 2) танымдық субъектіні (белгілі бір жанды) сезімі бар психофизиол нәрсе емес, сананың «таза» нәтижесі деп түсіндіру. Оны Ф. «трансценденталдық редукция » деп атайды. Философияны ғылым ретінде тек қана эйдетика деп аталатын «таза мағыналады» зерттейді,оның реалды шындыққа қатынасы жоқ.Ф. идеалары өзгертілген түрде экзистенциолизмнің (Хайдеггер,Сартр), жартылай филос. Гермепевтиканың филос.негізі Шелер, Мерло-Понти және Гадамер сияқты философтардың көзқарастары Ф-ға байланысты қалыптасты.Католик философтарының (Де Веленс,Ван-Бреда)тусінігі бойынша Ф.неотомизмнен құрастырылған философия.Ф-ның идеалистік тұжырымдары осы бағыттың өз ішінде түрлі оппозициялар тудырды.Ф. мектебінің сол қанаты Ф-ны субъективизмнен,иррационализм- нен және экзистенциализмнен қорғауға күш салды.Олардың ойы Ф-ның қажетті жағын сақтап қалу болды.Осы бағыттың өкілдері ретінде материалистік «натурализмді» қорғайтын М.Фарберді, және Р.Ингарденді атауға болады.Ф. бағытының теориялық орталығы болып саналатын орындар: Гуссерьдің Лувен католиктік ун-тінің архиві (Бельгия,директоры Ван- Бреда ); халықаралық феноменологиялық қоғам және оның «Философия және феноменологиялық зерттеулер» атты журналы (Буффало,Нью-Йорк,АҚШ).
Экзистенциализм (тіршілік философиясы) – бурж. Интеллигенцияның көзқарасына сай келетін жаңа дүниетаным жасау әрекеті ретінде 20 ғ-да пайда болып,40 – 60ж-дары кеңінен етек алған батыс елдері философиясындағы иррационалистік бағыт. Э-нің идеялық қайнар көздері - өмір философиясы, Гуссерльдің феноменологиясы, Кьеркегордың діни – мистикалық ілімі. Э. діни (Марсель, Ясперс, Бердяев, Л.Шестов, М.Бубер ) және атеистік (Сартр, Камю, С.Бовуар) болып екіге бөлінеді. Хайдеггердің түбірлі онтологиясы бұдан оқшау тұр, оны діни Э-ге де, атеистік Э-ге де, үзілді-кесілді жатқыза салуға болмайды. Э. пессимистік дүниетаным ретінде пайда болып, өзінің мынадай мәселе қойды: либералдық – прогресивтік үміт елестен айырылған адам тарихи апаттар алдында қалай өмір сүрмек? Э.- Ағарту дәуірінің және нем. классификациялық философиясының рационализміне және 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың бас кезінде көп тараған кантшылдық ой философияға қайтарылған жауап болды. Экзистенциалистердің пікірінше, рационалды ойлау жүйесінің негізгі ерекшелігі – субъекті мен обьектінің бір- біріне қарама- қайшылығы принципінен туады. Осының нәтижесінде бүкіл өмірді, оның ішінде адамды да рационалистік ғылыми зерттеу және іс жүзінде пайдалану обьектісі деп ғана біледі, соның салдарынан мұндай көзқарас «мағынасыз» сипат алады. Э., керісінше, жеке адамнан тыс, «обьективті» ғыл. ойдын қара-қарсылығы ретінде көрінуге тиіс. Сөйтіп, Э. философия мен ғылымды бір біріне қарсы қояды. Мәс., Хайдеггер ғылым «шындықты» қарастырса, философия «болмысты» зерттеуге тиіс дейді. «Шындық» деп эмпирикалық дүниеге жататын нәрсенің бәрін айтады, одан болмыстың өзін ажырата білу қажет. Соңғысы жанама түрде емес (дұрыс ойлану арқылы), адамға оның болмысы, жеке басының тіршілігі арқылы, яғни экзистенция арқылы ашылып, тікелей ұғынылады. Суъект пен обьектінің бөлшектелмеген біртұтастығы осы экзистенцияда тұжырымдалған, оны парасатты-ғылыми ойлау жүйесі де, алыпсатарлық ойлау жүйесі де түсіндіре алмайды. Күнделікті өмірде адам өзін экзистенция ретінде сезіне бермейді, бұл үшін ол шекаралық жағдайға, яғни өлім алдындағы жағдайға душар болуы керек. Өзін экзистенция ретінде біле отырып, тұңғыш рет бостандыққа да ие болады. Э-ге сәйкес бостандық дегеніміз – адам табиғи немесе әлеуметтік қажеттіліктің әсерімен қалыптасатын зат болмауы , өзін - өзі «таңдап алуы», өзін әрбір әрекетімен және іс-қимылымен қалыптастыруы керек. Сөйтіп, азат адам өзін «себеп-сылтаулармен» ақтамайды, өзі атқарған істің бәрі үшін жауап береді. Өзінің айналасында болып жатқан нәрсенің бәріне айыпты болу сезімі – азат адамның сезімі (Бердяев). Бостандықтың экзистенциялық концепциясында конформизмге және өзін оқиғалар барысында әлденені өзгерте алмайтын орасан зор бюрократтық машинаның тетігі ретінде сезінетін бурж, тоғышарға тән бейімдеушілікке қарсы наразылық көрініс тапты. Тарихта болып жатқан оқиғалардың бәріне адам жауапкершілігі Э-нің ұдайы көрсетіліп отыруы осыдан келіп туады. Алайда бостандықтың экзистенциялық ұғымы субъективті түрде қала береді: ол әлеум, тұрғыдан емес, жалаң этикалық тұрғыдан түсіндіріледі. Дұрыс танып-білуді философия қарастыратын мәселеге сай келмейтін түсінік ретінде қабылдамай, Э. негізінен Гуссерльге (Хайдеггер, Марсель, Сартр), Дильтейге(Хайдеггер, Яссперс), ішінара Бергсонның интуитивизміне сүйене отырып, ақиқатты тікелей, интуитивті тұрғыда түсіну әдісін ұсынады. Көптеген экзистенциалистер (Хайдеггер, Марсель, Камю және басқалар) философия өзінің танымдық әдісі бойынша ғылымнан гөрі өнерге әлдеқайда жақынырақ тұр деп есептейді. Э-нің 40-60 ж-дары Батыс өнері мен әдебиетіне, ал олар арқылы бурж. интеллигенцияның едәуір бөлігінің көңіл-күйіне соншалық зор ықпал етуі кездейсоқ емес. Э-нің әртүрлі өкілдерінің әлеум. саяси позициясы әрқилы келеді.
Ницше Фридрих (1844-1900) – неміс философы, волюнтаризмнің өкілі және қазіргі иррационализнің негізін салушылардың бірі. Классикалық филос. категориялар-«материямен» «рухтың» орнына Н. «билеуге ерік» (күшке, мықтылыққа) ретінде «өмірді» қояды. «Билеуге ерік» Н-ге құбылыс мәнінің критерийі болып табылады: «Не жақсы?»-«Билеу санасын, билікті қажетсінуді , адамдағы биліктің өзін шындайтын нәрсенің бәрі жақсы». «Не жаман?»-«Әлсіздіктен туындайтынның бәрі жаман». Н. танымды осы тұрғыда бағалай отырып, оны тек «билеудің қаруы» болғанда ғана бар деп есептейді. Ол ғылым заңдарынан жалаң «пайдалы жалғандықты», ол ақиқаттан-пайдалы адасуды көреді. Гносеол. релятивизм этикада «барлық игілікті қайта бағалаумен» айқындалады, ол «ерекше адам» идеясына орай «құндық мораліне» қарсы қоюмен аяқталады. Н. соц. идеялды жоққа шығарады, өйткені одан «құлдардың моралдағы көтерілісін» көреді. Христиандықты олар адамдардың құдай алдындағы теңдігі және «билеу еркін» жойып, өзін-өзі кемсітушілігі үшін қабылдамайды. Н діни аңыздар жиынтығын «жанның мәңгілік» қалдығы ретінде «құдай өлімі» мен «мәңгі қайта оралу» туралы аңыздармен алмастырады. Н. философиясының әлеум. негіздері рев. жұмысшы қозғалысын өрістетуге бағытталған империалистік бурж. әрекетімен байланысты. Ницшеліктің жекелеген-әлеум.-сыни себептері кейбір көрнекті жазушылар мен ойшылдарға (Т.Манн, Г. Ибсен, Швейцер) әсер етті, бірақ негізгі реакциялық тұжырымдары оны дамытудың басты бағыты – нем, фаш.-інің идеологиясын анықтап берді.
Неопозитивизм – 20 ғ-дағы буржуазиялық философиядағы бағыттардың бірі, позитивизмнің жаңа формасы. Н. философияның нәрселігін жояды. Себебі шындық туралы білімді ол күнделікті және нақты ойлау арқылы алуға болады, ал филос. осы ойлау түрлерінің нәтижелері түрінде көрінетін тілді талдау жөніндегі қызмет ретінде мүмкін деп есептейді (Антикалық философия). Н. көзқарасы тұрғысынан алғанда филос. талдау объективті шындыққа таратылмайды, ол тек «мәліметтермен», яғни тікелей тәжірибемен және тілмен шектелуі тиіс. Н-нің ең сыртқары формасы, мыс.., Вена үйірмесінің ертедегі Н-і «мәліметтілікті» жеке адамның уайымымен шектей отырып, тікелей социализмге барды. Н-нің барынша ықпалды түрі логикалық позитивизм болды. Н-нің жалпылық бағытына ағылшындық философ-аналитиктер, Мурдың жақтаушылары да жақын жүрді (Л.С.Стебинг, Дж.Уисдом және т.б.). Логикалық львовтық-варшавалық мектептің бірқатар өкілдерінің филос. көзқарастары да Н-дік болды. 30-ж-дары неопозитивистік көзқарастары әр түрлі топтар мен жекелеген философтар идеялық және ғыл.ұйымдастыру тұрғысынан жақындай түсті. Олар: Вена үйірмесінің австрия нем. логикалық позитивстері (Карнап, Шлик, О, Нейрат және т.б.), берлиндік «Эмпирикалық филос. қоғамы» (Рейхенбах, К, Гемпел және т.б.),ағылшын аналитиктері, позитивистік-прагматикалық бағыттағы «ғылым философиясының» бірқатар амер. өкілдері (О. Нагель, Ч. Моррис, Фриджмен және т.б.), Швециядағы успаль мектебі, Г. Шольцтің жетекшілігіндегі монстер логикалық тобы (Германия)т.б. Сол кезден бері тұрақты түрде халықаралық конгрестер шақырылып, Н-нің идеясын баспасөзде кеңінен насихаттау жүргізіліп келеді. Осы кезеңде Н. өзін «ғылыми эмпиризм» тұрғысынан көрсете отырып, ғалымдардың әртүрлі топтарына айтарлықтай ықпал ете бастады, оның ықпалымен қазіргі ғылым жаңалықтарын талқыларда бірқатар, идеялистік бағыт қалыптасты. Осылармен қатар, неопозитивистермен бірге неопозитивист емес, бірақ конгрестерге, пікір-таластарға қатысып жүрген ғалымдардың формалды логика мен ғылым методологиясының кейбір мәселелері жөніндегі зерттеулерінің нақты нәтижелерінің мәнін атап өткен жөн. 30-жылдардың аяғынан бастап, Н. орталығы АҚШ болды, мұнда бұл филос. ең алдымен логикалық эмпиризм арқылы көрінді. Ағылшын Н-нің арнайы түрі лингвистикалық филос. болды. 50-жылдардан бастам Н. терең идеялық дағдарысқа ұшырады, ол дүниеге ғыл. Көзқарас пен ғылым методикасының бар проблемаларын шешуге қабілетсіздігімен байланысты болды. Бұл оның бурж. философиядағы ықпалын әлсіретуге жеткізді. Жеке алғанда бұл оны Батыстағы филос. ғылымының позитивизм және сыншыл рационализм сияқты бағыттары тарапынан сынау барысында байқалып отыр.
Кьеркегор Серен (1813-55)-лат. Діни философы, экзистенциализмнің ізашары. Нем. романтизмін басынан кешірген К. кейіннен өзі «эстетикалық» деп аталған романтикалық ой-пиғылға да, нем. идеялистерінің, ең алдымен Гегельдің философиясына да қарсы шықты. К. Гегельді жалпылық тұрғысынан – адамзат, халық. мемлекет тұрғысынан пайымдайтын, жеке адамдық негіздің онтологиялық маңызын жоққа шығаратын спекулятивтік философтар мектебінің басшысы ретінде сынға алды.К. бойынша, Гегельде орын алғанындай, қоғамды түпкі бекет деп қабылдайтын философия тұрғысынан түсіну мүмкін емес, өйткені бұл орайда жеке адамның негізін құрайтын мәнінің өзі – оның экзистенциясы жоғалады. К. бойынша, шынайы философия тек қана «экзистенциалды », яғни, мейлінше жеке сипатты болуы керек. Осы себепті К. «философияға салынудың ғылыми әдісін» бейнесіз деп бекерге шығаруға тырысады. Адамды «окзихтенция» ретінде қарастыра келіп, К. оның «болмыстық, онтологиялық құрылымына» талдау жасайды, бұл орайда кейіннен экзистенциалистер дамытқан «үрей», «түңілу», «батылдық» және т.б.сияқты ұғымдарды енгізеді. Сонымен бірге К. жеке адамның өмір сүруінің үш тәсілін, яғни экзистенцияның үш үлгісін: эстетивалық, этикалық және діни үлгілерін анықтайды, бұлардың соңғысы олардың ішіндегі ең жоғарғысы деп санады. К-дің діни ілімінің аса маңызды категориясы-«оғаштық» категориясы. К. бойынша, құдайлық дүние мен адамдық дүние. принципті салыстыруға келмейтіндіктен наным логикалық ойлаудан бас тартуды қажет етеді және адам логикасы мен этикасы тұрғысынан алғанда «оғаштықтар», қисынсыздықтар аясына апарып соғады. К. осы екі саланы «біріктіруге», оларды ымыраластыруға тырысқан әрекеттің барлығын қатаң айыптайды: К. өмірінің соңғы кезеңінде ресми шіркеуден арадағы жанжал содан туындады. К. идеялары экзистенциализмнің негізі болып қана қойған жоқ, оның діни ілімі К. Барттың диалект. Теология дейтініне де, сондай-ақ басқа да көптеген протестант және католик философтарға ықпал жасады.
Хайдеггер Мартин (1889-1976) – нем. экзистенциализмінің негізін қалаушылардың бірі, Х. Идеялис. философиясының негізгі өлшемі «өткіншілік» болып табылады, оны ол адамның ішкі жан дүниесінің толғанысы ретінде түсінген жөн. Х. «көңіл күйді», яғни стихиялы, дамыған сана-сезім формаларын бастапқы нәрсе деп есептеді. Қамқорлық, алаңдаушылық, үрей және т.б. Х. Бойынша жеке адамның априорилық (долбарлы) формалары болып саналады. Бұл формалар адамның субъективті болмысын қүрайды, оны Х . дүниедегі болмыс деп атады. Долбарлы формалар туралы ілімді Х. Болмыс туралы ілім ретінде жасады («негізгі онтология»). «Болмыстың мағынасын» түсіну үшін адам барлық нақтылы нысаналы қағидалардан бас тартуға, өзінің «пендешілігін», «өткінші өмірін» мойындауы тиіс. Х-ше, адам өзінің үнемі «ажал алдында тұрғанын» сезініп қана өмірдің әрбір сәтінің маңызы мен толымдылығын көре біледі, «қоғамдық болмыстың кесапаты» - мақсаттардан, «мұраттардан», «ғыл. абстракциялардан» арыла алады. Тілді «болмыс үйі», мәдениеттің нағыз жиынтығы ретінде қарастыра отырып, Х. «болмыс ақиқаттарын» анықтау мақсатымен (ең алдымен романтик-ақырдар мен символистердің шығармаларын да) «спекулятивті филология» идеясын жасады. Х. Философиясы Кьеркегорде, Гуссерльдің өмір философиясы мен феноменологиясында байқалған иррационалдық тенденцияларды бір арнаға тоғыстырды.
Шопенгауэр Артур ()1788-1860 –нем. идеялист философы. Берлин ун-тінде сабақ берді(1820-31). Ш-дің негізгі еңбегі «Еріктілік және түсінік іспетті әлем»,1819ж шықты, бірақ оның даңқы 1848жылы революциядан кейін жойылды. Ол дүниені ғыл. тұрғыдан түсінуге метофиз. идеялизмді қарама-қарсы қойды. Канттан санаға байланысты түсініктер ретіндегі құбылыстар идеясын алған Ш. «өзіндік заттың» танылмайтындығын жоққа шығарып, дүниенің мәні парасатсыз дүлей ерік болып табылады деп пайымдады. Оның волюнтаристік идеализмі (Волюнтаризм)-иррацианализмнің формасы. Дүниеге үстемдік етіп отырған ерік табиғат пен қоғамның заңдылығын және сол арқылы ғыл. танымның мүмкіндігін жояды . Ш. Волюнтаризмнің басқа бір ерекшелігі-тарихи прогресті теріске шығару. Озық, реалистік өнерге қарсы күресе отырып, Ш. өмір шындығын текке шығаратын және адамдардың өмірлік мүдделеріне жат эстетизмді уағыздады. Ол идеялық көркем шығармашылыққа көркемдік түйсіктің мақсатсыздығын, енжар пайымдауын қарсы қойды. Ш-дың филос. жүйесі буддизмнен алынған «нирвандардың»-«өмірге деген ынтаны» жоятын мүлдем енжарлықтың мистикалық мұраты мен аяқталады.
Шпенглер Освальд (1880-19365)-нем. идеалист-философы,өмір философиясының өкілі,мәдениет теоретигі, тарихшы,публицист. Ш-дің тарих философиясының баяндайтын негізгі шығармасы-«Европаның құдырауы»(1-2 т.. 1918-22)-Германия бірінші дүние жүз.соғыста жеңіліс тапқанан кейін көп кешікпей жарыққы шықты және зор табысқа жетті. Ш. «ескі пруссиялық рухты»,монархияны,дворяндық сословиені және милитаризмді дәріптеді. Ш. үшін соғыс-«ең жоғары адам болмысының мәңгілік формасы».Ш. тарихи прогресс ұғымын теріске шығарып,тарихты материалистік тұрғыдан түсінуге фатализмді қарама-қарсы қояды. Ш.-тарихи ралятивизмнің жақтаушысы. Ол бүкіл дуниежүз.-тарихи дамудың заңды бірлігін жоққа шығарады. Онда тарих бірқатар тәуелсіз,қайталанбас,томаға-тұйық циклды «мәдениеттерге»,жеке-дара тағдыры бар және пайда болу,гүлдену,күйреу кезендерін бастан кешіретін ерекше организмдерге бөлінеді. Тарих философиясының міндетін Ш. «мәдениеттің жаны» негізіне алынатын әрбір «мәдениеттің» «морфологиялық құрылымын»тануға әкеліп соғады. Ш-ге сәйкес,19 ғ-дан бастап,яғни капитализм жеңгеннен кейін Батыс мәдениеті құлдырау сатысына аяқ басты. Теориялық жағынан Ш-ге жақын тарих философиясын Тойнби де дәріптеді.
Семиотика (гр. Semeion – белгі ) – белгімен хабарлаудың ең қарапайым жүйесінен тілдерге және ғылымның формалданған тілдеріне дейінгі белгілік жүйелерді салыстырып зерттеумен айналысатын пән. Белгілік жүйелердің негізгі функциялары: 1) хабарларды жеткізу және мәндә білдіру функциясы (Маңыз және мән); 2) тілдік қатынас функциясы,яғни тыңдаушының (оқырманның) берілген хабарды түсінуін қамтамасыз ету,сонымен бірге іске даярлау,оған эмоциялық әсер ету және т.б.Бұл функциялардың кез-келгенін жүзеге асыру белгілік жүйелердің нақты ішкі құрылымы, яғни әртүрлі белгілердің және олардың үйлесім заңдарының болуын ұйғарады. Соған сәйкес С. негізгі үш тарауға бөлінеді: 1) синтактика немесе белгілік жүйелердің ішкі құрлымын, олардың атқаратын функцияларын ескермей –ақ зерттеу; 2) белгілік жүйелерді мәндә білдіретін құрал есебінде зерттеу семантикасы; 3) белгілі жүйелердің оларды пайдаланушылар мен қатынасын зерттеу прагматикасы. С. әдістерін дамытуда бір жағынан мінді жеткізудің мол құралдарына ие, екіншіден, құрылымы айқын жүйелерді зерттеу үлкен роль атқарады. Қазіргі кезге дейін мұндай жүйелер алдымен математиканы формальданған,әсіресе матем. логиканың тілдері болып табылады. Барынша дамыған семантикалық пән-металогика. С-лық зерттеулер ғылымның жаңа салаларын формальдандыруға жағдай тудыражы (соңғы матем. лингвистика саласында дами бастаған есептеулерді, прагматиканың кейбір ұғымдарын формальдандыру тәжірибелерін, «өлеңдік өлшем» ұғымын салыстырыңыз). Ақпараттарды тиімді сақтау мен автоматты өңдеудің теориясы мен практикасының дамуына байланысты С-ның ұғымдары мен әдістері үлкен маңызға ие болады: бұл салада С. кибернетикасымен барынша жақындасады. С-ның негізгі принциптерін алғаш амер. логигі және математигі Пирс қалыптастырды, кейін оларды философ Ч. Моррис ( «Белгілер теориясының негіздері», 1938) түсіндіріп, жүйеледі. С. мәселелерін осы ғ-дың 20-шы ж-дарында-ақ Львовтық- Варшавалық мектептің өкілдері егжей-тегжейлі талдаған болатын.
ГУССЕРЛЬ Эдмунд (1859-1938)-нем. философы, феноменологиялық мектеп дейтіннің негізін қалаушы. Оның философиясының түп төркіні-Платонның, Лейбництің, Канттың Брентанонның ілімі. Г-дің алғашқы жұмыстарының теориялық программасы- философияны «қатаң ғылымға» айналдыру. Осы мақсатпен ғыл. ойлаудың категориялық негіздерін таза түрде бөліп шығаруға тырысу қажет. «Фнеоменологиялық редукцияны », мәдениет, тарих, жеке факторлар әкелетін қыртыс-қатпарлардан «деректі» тазартуға мүмкін болатын әдісі Г. олады табу құралы деп есептеді. «Феноменологиялық редукцияның» нәтижелеріне, қандай да блсын өз бетінше түсіндіруден ада феномендер дүниесіне жасалған талдау Г-ды феномендер деңгейлерінің және Платон идеализмі рухындағы мәндердің ерекше аясы бар екені туралы қорытындыға келтірді. Рас, соңғылары ерекше «патшалық» түрінде өмір сүрмейді, тек «мәнге» ие болады. Алайда Г. көзқарасы субъективті-идеалистік көзқарас, таным заты субъект «итенционалдық актілерді» жүзеге асырғанша, сананы белгілі бір затқа бағыттағанша өмір сүреді, оның үстіне зат тек осындай әдіспен табылып ғана қоймайды, сонымен бірге жасалады да. «Кейінгі» Г. философияны «қатаң ғылым» ретінде жасау әрекетінен бас тартып, жекелеген субъектілердің ойлау және сезімдік қызметінің нәтижесі болып табылатын «тіршілік дүниесін» зерттеуге назар аударды. Бұл жерде ол осы пәнді бейне бір зерттеуге қабілетсіз ғылым ретінде сынады. Г. идеялары бурж. философиясының кейінгі өркендеуіне зор ықпал етті. Г-дің обьективтік идеализімінің элементтері Н. Гартманның «сыншыл онтологиясында» және АҚШ пен Англияның жаңа реалистік мектептерінде дамытылды, ал Г-дің субъективтік идеализімі нем. экзистенциализіміне көп дәрежеде негіз болды.
Персонализм (лат. Perona-жеке адам ) – Лейбниц монадологиясынан басталып, 19ғ-дың аяғы мен 20ғ-дың басында философияда таралған идеалистік ағым. П-ның ерекше белгісі-«тұлғаны» бастапқы реалдылық және ең жоғары рухани құндылық деп тануы, және де «тұлға» болмыстың рухани басқы элементі ретінде ұғынылады. Дүниенің ғыл-материалистік тұрғыдағы түсінігіне П. табиғат – рухтар «тұлғалардың» жиынтығы деп есептейтін концепцияны (Плюрализм)қарсы қояды. «Жоғарғы тұлға »- құдіретті құдай (тензм). АҚШ-та П. негізін қалаушы Б. Боуын (1847-1910) болды. П-ге АҚШ-та, содай-ақ, М. Калкинс (1863-1930) пен А. Кнутсон (1873-1964) қосылды. Амер.философиясындағы оның басты өкілдері мыналар: Калифорния мектебінің лидері Р. Флюеллинг (1871-1960) пен Бостон мектебінің лидері Э. Брайтмен (1884-1953). Бұлардың бәрі де П-ді протестанттық теологиямен байланыстырылады. Англияда П-ның неғұрлым белгілі өкілі Х. Керр (1857-1931), Германияда- психолог В. Штерн (1871-1938) болды. Алайда олардың ілімінде амер. персоналистеріне тән теология мен тікелей байланыс болған жоқ. Негізгі әлеум.міндет, П-ге сәйкес, дүниені өзгерту емес, «жеке адамды» өзгерту, яғни оның «рухани жағынан өзін-өзі жетілдіруіне» жәрдемдесу. Француз персоналистері ерекше бағыт ұстанады, олардың негізін қалаушылар- Э. Мунье (1905-1950) және К. Лакруа (1900ж.т.). «Esprit» журналының төңірегіне (1932ж. негізі қаланған) біріккен интеллигенцияның бұл тобы фр.қарсыласу қозғалысына қатысқан, ал қазір бейбітшілік пен бурж. демократияны қорғау жолында күрескер соршыл католиктік топтардың өкілдері болып табылады.
Ясперс Карл (1883-1969)-нем. экзистенциализмнің көрнекті өкілі. Өз қызметін психиатр ретінде бастады. Психопатологиялық құбылыстардың («Жалпыға бірдей психопатология»,1913). Я. жеке адамның құлдырау бейнесін емес, қайта адамның өз даралығын ширыға іздестіруін көреді. Осы жанға батарлық ізденістерді нағыз философияға салынудың ұйытқысы деп санаған Я. мынадай тұжырымға келді: дүниенің кез келген рационалды көрінісін басқаша айтылатын бірдеңе ретінде, ешқашан ақырына дейін ұғынылмайтын жан құлшыныстарын «рационализациялау» ретінде қарауға болады, ол бар болғаны «болмыстың шифры» болып табылады және әрқашан түсіндіруді қажет етеді. Я. бойынша, философияның негізгі міндеті мынада: «шифрдың» мазмұнын ашу керек немесе, ең бомағанда, адамның (ғылымның, өнердің, діннің және т. б.) барлық саналы көріністерінің негізінде экзистенцияның ұғынылмайтын қызметі жатыр, дүниеде үстемдік ететін парасатсыз нәрсе дегеніміз асқан далалықтың көзі деген жағдайды айқындау керек («Парасат және экзистенция,»1935). Я. экзистенциализмінің ерекшелігі оның шекаралық жағдайлар туралы ілімінде бәрінен айқын аңғарылады. Я. пікірінше, болмыстың шын мағынасы аса терең күйзелістер (ауру,өлім, кешірілмес күнә және басқ.) кезеңінде ашылады. Нақ осы сәттерде «шифр күйрейді»: адам өзінің күнделікті қам – қарекетінен («дүниедегі нақты болмысынан») және өзінің идеалдық мүдделері мен өмір шындығы туралы ғыл. түсініктерінен («трансценденталдық өзіндік болмысына») арылады. Оның алдынан өзінің оңаша тіршілігінің («экзистенцияның нұрлануы») және оның құдайды (трансценденттік) танып білу кезеңінің есігі ашылады («Философия »,1932). Шекаралық жағдай туралы ілім Я. үшін «қырғиқабақ соғыстың» «мәдени-психол. «құнды жағып» қорғауға негіз болды («Атом бомбасы және адамзат болашағы»,1958).

Сартр Жан Поль (1905-1980) – фр. атеистік экзистенциализмнің негізін салған фр. философы әрі жазушысы С-дың филос. көзқарастары қайшылықты болып келеді. Оларда Кьеркегордың, Гуссеодың және З. Фрейдің идеялары ерекше түрде байланыстырылған Маркстік философияға назар аударып, оның негізін экзистенциалистік антропология және психиологтясын «толықтыруға»тырысты. С. концепциясы тұтастай алғанда эклектикалы. Оған идеализм мен материализм арасынан аралық жол іздеу, олардан асып түсуге әрекеттену тән. экзистенциализнің «өмір сүру мәнінен бұрын болады» деген негізгі идеясын бетке ұстап, С болмыстың екі түрін: объективті шындықтың орнына қойылаатын «өзіндегі болмыспен» және «адам реалдылығымен»яғни санамен бара-бар «өзі үшін болмысты» түбегейлі қарсы қою негізінде өзінің «феноменологиялық онтологиясын» жасады, . Болмыс пен сананы бір-бірінен айыруы С-ды дуализмге әкеледі. Сана табиғаты өзгеше болмыстың себебі бола отырып , С-дың ойынша, «болмыстың жоқ болуы», ондағы сызат, «ештеңе емес», бірақ тек сана ғана көзі болып табылады, сылғырт, қисынсыз өмірге мағына береді. С. өзінің концепциясын диалектикалық деп атайды, бірақ диалектиканы индетерминизмді дәлелдеудің әдісіне айналдырады. Оның диалектикасы нағыз негативтік, сипатта. Оның аясы сана саласымен шектеледі, ол табиғатқа мүлде жақындатылмайды. С. моральдік көзқарасына таза субъективтік шектен шыға алмайды. Мұнда бостандық негізгі категория танылады. Индивидуалдық сана аясында қарастырылған бостандық адам тіршілігінің мәні, іс-әрекеттің қайнар көзі және адамның өмір сүруінің бірден бір мүмкін жол ретінде көрінеді: «адам әрдайым және толығымен бостандықты, әйттпесе ол мүлде жоқ ». С. моральдық объективті принциптері мен критерийлерін , адам мінез-құлқының объективті себкптілігін жоққа шығарады . С-дің түсінігінше, әрбір адам «өзі өзі үшін заң ойлап табуға », өзін «жобалап», өзіне жеке мораль таңдауға мәжбір .

Гуссерльдің иррационализмге жуық феноменология деген ілімі адамның сана-сезіміндегі қалыптасқан құрылымдарды зерттеген. Алдымен феноменологияны «таза ғылым» есебінде көруге әрекеттенген Гуссерль құрылымдардың тәжірибе мен сынаққа жатпайтынын жоспарлап, оларды логика және математиканың ұғымдарына жақындатқысы келді. Кейіннен Гуссерль ғылым жолынан иррационализмге бүтіндей ауып, құбылыстарды «өмір әлеміне» көшіріп, оларды теориялық және практикалық қызметттің негізі деп санады.
Идеализмнің біздің заманымыздағы етек жайған бөлігі – дін философиясы. Батыс елдерінде ол алдымен неотомизм, яғни Ватиканның философиясында кеңінен қолданылып отыр. Өкілдері Францияда тұратын Э. Жильсон мен Ж. Маритен т.б. Ал неотомистер болса, олар Батыс Европа мемлекеттерінде жиі кездеседі. әулие Фома академиясының философия институтында, католиктік институттар мен университеттерде неотомизм философиясы үнемі насихатталып отырады. Сондай-ақ оның идеологиялық ықпалын кітап, газет-журналдардан да айқын аңғаруға болады.
Өзінің концепциясы жағынан неотомизм материализмге де, субъективтік идеализмге де қарсы шыққан объективтік идеалистік ағым. Ол қарама-қарсы ғылым мен діни нанымды, сенім мен парасатты біріктіргісі келеді. Сонымен бірге ол нұрлану мен тәжірибенің , сынақтың аңдаушылық пен нақты істің, жекелік пен жалпылықтың қосылуын көздейді. Ол үшін құдайға сенушілікті толық мойындап, теология негіздерін ғылыми тілге аударуды ұсынып, сол салада көп әрекеттенуде. Біздің әлем ол түсінік бойынша құдай жаратқан көптеген бөлшектер мен қабаттардан тұрған секілді. Неотомизмнің философиялық негізінде Фома Аквинский өзгерткен Аристотельдің әлем бейнесі жатыр.
Бұл философияның таным теориясының астарында метафизикалық әдіс (яғни «бірінші философия») жатыр. Оның бастамасы – таза болмыс, оның ажырамайтын қасиеттері бірлік, ақиқат, игілік және әсемдік. Осы қасиеттердің арқасында құдайдың таза болмысын тануға болады. Неотомизм, аналогия бойынша, жергілікті нәрселер мен заттарды, құбылыстарды салыстыра отырып, құдайдың нұрлануын көруге болады деп үйретеді.
Неотмизмнің болмыс туралы ілімі онтологиясында құдайдың атқаратын қызметі зор. Табиғат концепциясында накты іске асқанмен келешекте іске асу ұғымдары да жатывр. Әр нәрсе, зат, құбылыс мүмкүндік күйінде болса, жаратқан тәңірі сол мүмкіндіктерді шындыққа айналдырып, заттар мен құбылыстардың пайда болуына жол ашады.
Қазіргі кезде Шығыста неотомизмнің орнына ислам дінінің, оның философиясының орны ерекше. Мұсылман философиясының ХХ ғасырға дейін сақталған иррационализмді қолдайтын бағыты – суфизм. Ол алдымен бір жағынан исламға қарсы шыққанда, екінші жағынан шығыс аристотелизмімен де келіспеген. Суфизм мистикалық, сана – сезімге сенбейтін бағыт. Ертеден келе жатқан хал ілімінде адам бірден нұрлану нәтижесінде құдайға жол ашуы мүмкін. Ғазалидің күшімен суфизм ислам өкілдерінен бата алған, бірақ осы уақытқа дейін көптеген дін әуесқойлары мұны таза мұсылмандық емес деп ол ілімге қарсы шығып отырған. Хал жүйесі сияқты біздің кезімізге дейін Сухравардидің ишрақ ( мистикалық нұрлану ), Хамаданидің вахдат аль вуджвуд ( болмыс бірлігі ) деген ілімдері сақталды.
Суфизмнен басқа идеализмге жататын ваххабизм бағыты сақталып келе жатыр. Оның өкілдері Абд әл-Ваххаб, Ибн Сауд т.б. дін философиясының түрін өзгерту, формаға салу керек деп, исламда тарихи бұрмалау мен қатеден арылтып, ілгерідегі оның таза түріне қайтарып, ежелгі Медина кезіндегі күйге алып келу қажеттілігін жариялады.
Біздің заманымызда реформаторлық бағыттан басқа панисламизм, ұлтшыл буржуазия мен мұсылман иелерінің мүддесін қорғаған реакцияшыл ағым, әсіресе фундаментализм басым болды.
Қазіргі кезде жер шарының едәуір бөлігінде әлемдегі кеңінен тараған діңнің бірі – ислам діні идеологияның жетекші формасына айналып отыр.
ХХ ғасырдағы философияның ішіндегі ғылым мен техниканың өрістеуіне жақындау бағыттардың ең алдынғы қатардағысы – неопозитивизм. Ол жаңа позитивизм аталып, бұрынғы позитивистік философияның негіздерін ашып, оны жалғастырып, логика, математика және білімді формаландыру арқасында ғалымдардың алдында үлкен абыройға ие болып, жалпы рухани өмірге зор әсер етті. Бұл ілім эмпириялық негіздер мен теориялық аппараттың қарым-қатынасын қарастырып, білімнің математикалық және формальдық жақтарын зерттеп, ғылым тілін логикалық талдау арқылы біраз жетістіктерге де жетті.
Неопозитивизм басынан-ақ философияға қарсы шығып, оны ғылым ретінде қажетсіз деп дәлелдеуге тырысты. Сондай-ақ ол «метафизика» ережелеріне де қарсы шығып, философия қағидаларының, әсіресе оның негізгі мәселесінің мағынасыз екендігін дәлелдеген болатын. Ал философияның негізгі мәселесін – адам ойлауының болмысқа қатынасын – ол дөрекі, жалған мәселе деп қарайды. Ілгеріден келе жатқан Дж. Беркли мен Д. Юмнан шыққан субъективизм мен феноменализм бағыттарын жалғастыра отырып, неопозитивизм, дегенмен жаңа күрделі мәселелерді қойды.
Вена үйірмесінен тараған логикалық позитивизм (Р. Карнап, О.Нейрат, т.б.) конвенционализм ілімін алға шығарды. Олар ғылыми философия тек ғылыми тілдің құрылымы мен құрылысын ғана зерттеуі тиіс деді. Логикалық позитивистер «тұтас (бөлінбейтін) ғылымды» іздестіру жолында оның іргетасы етіп «тікелей берілгендік» деген ұғымды алды. Ал бұл ұғымды эмпиризм болып аталды. Оның негізін қалаушылар АҚШ – қа көшіп кетті де, ол жерде позитивизм концепциясына кейбір өзгерістер енгізді. Мысалы, бұрынғы «базис тілі» орнына енді «нәрсе тілі» деген пайда болды, яғни адамның іштей сезіну тілінің орнына сырттай физикалық құбылыстарды зерттейтін тіл орнықты. Верификация ( әрбір ғылыми сөйлемді эмпириялық жолмен тексеру кішірейтілді. Логикалық эмпиризм теориялық түсініктердің мағынасын жете түсіндіре алмағандықтан, күшін жоғалта бастап, өз орнын ығысып позитивизмнің басқа түрлеріне беруге мәжбүр болды.
Логикалық позитивизмге қосылып, оның идеаларын әрі қарай дамытқандар қатарына америка философиясында Ч. Моррис, П. Бриджмен, Львов – Варшава логика мектебінде А.Тарский, К. Айдукевич т.б. жатады. Бірақ позитивизм ішіндегі логикалық позитивизм мен эмпиризм әлсіреп қалғаннан кейін олардың орнына лингвистикалық философия келді.
Эмпиризмнің орнына келген философияның шын аты – күнделікті тілдің философиясы, яғни лингвистикалық талдаудың философиясы. Ол да басқа позитивизм түрлері сияқты, философия тек қана ғылым ішінде болу керек, ал оның дүние-танымға қатынасы жоқ деп есептейді. Бірақ бұл бағыттың ерекшелігі ол тілді ғылым тіліне жақындатудың орнына адамның қарапайым, күнделікті табиғи тілін зерттеуіміздің керек болғандығын дәлелдейді. Сол жолмен ғылым көп қателіктерден арылып, ақиқат объектілерді қарастырып кетеді деп санайды. Жай, әдеттегі тілдің сөйлемдерін дұрыс пайдалана алмағандықтан жалған ойлар туады, сондықтан күнделікті тілді «тазартып», соның арқасында мағынасыз сөйлемнен арылуға болады дейді.
Неопозитивизмнің осы түрлеріне АҚШ – та пайда болып, өрістеген лингвистикалық философияға жақын логикалық прагматизм мектебі болды. (У. Куайн т.б.) Олар да логикалық позитивизм мен эмпиризмді философияның қадірін түсіргені үшін сынап, өздері көбінесе әлеуметтік философияға жақындай түсті. Біртіндеп ғалымдар арасында неопозитивизмнің абыройы жоғала бастады. Оған себеп болған нәрсе - өмір үшін өте маңызды әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді қарамағаны, логика, математика және форма жақтарын асыра дәріптеп, зерттеген заттардың мәнді жақтарын ұмытқаны, философиядан дүниетану, көзқарас функциясын алыр тастап, одан шеттету, философияның әлеуметтік маңызын кеміту. Кейінгі позитивистік ағымдар бұл аттан жалпы қашып, айрылғысы келді. Неопозитивизмнің қазіргі кезде атының жоғалуына марксизм-ленинизм өкілдерінің де қосқан үлесі мол. Осылардың сынының арқасында неопозитивизмнің нашар, босаң жерлері байқалып қалды. Философия пәні – ғылым тілін логикалық талдау дей отырып, неопозитивистер таным процесіндегі формальдық логиканың ролін асыра дәріптеді.
Неопозитивизмнің кейінгі және көрнекті өкілі К. Поппер ғылыми – техникалық ойдың өрістеуін ің нәтижесінде зат пен сана-сезімнене басқа «үшінші» әлем пайда болады деген қорытынды жасады. Оған ойлаудың объективтік мазмұны, теориялық жүйелер, кітаптардың, журналдық мақалалардың танымдық мәні жатады дейді.
Поппер білімнің өрістеуін жануарлардың табиғи сұрыпталуымен салыстырады, себебі ол үшін биологиялық сұрыпталу мен білімнің өсуінің арасында айырмашылық жоқ. Оның айтуы бойынша, Эйнштейнге дейінгі білімнің өсуі бір жолмен келеді: ол жолдың мазмұны – проблемалар, байқау және болжау, қателерді түзеу, маңызды сынау жағының көбеюі, сонан кейін сөйлемдердің шындығының артуы. Биология мен философияны қатар қойғаннан кейін Поппердің таным теориясы дағдарысқа ұшырап, жалпы позитивизмнің күйреуіне әкеліп соқты. Поппер өз өмірінде неопозитивизмге қарсы болды. Сонымен бұл ағым өзінің эволюциясын аяқтады.
Неопозитивизм, бір жағынан қазіргі ғылыми білімнің дамуына барабар философиялық көзқарас бола алмады, екінші жағынан, ол жалпы матерализмге қарсы шыққанымен сана – сезімнің қатынасын дұрыс түсінбей, оны психикалық және физикалық өлшемдердің қосылуы деп, таза дуалимз позициясына көшті.
ХХ ғасырда неопозитивизмнің барлық түріне қарсы шыққан, зерттеудің басты объектісі етіп адам мәселесін қойған бағыт көп. Солардың ішінде осы проблеманы ең алғаш қозғаған – персонализм. Оның өкілдері (Н. Бердяев, Э. Мунье, Р. Флюэ



Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



48.3Kb
Категория: Философия | Добавил: Admin
Просмотров: 3695 | Загрузок: 608 | Рейтинг: 5.0/1

Это может Вас заинтересовать:
Заңды тұлғалар
Б. Адамбаев - фольклортанушы
Оқушылардың танымдық қызығушылығы
Ежелгі Қытай философиясы
Организмнің биологиялық реакциялары
Қазақстан Республикасының Парламенті және заң шығару билігінің констит...
Ер қосай
Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты
Банктердің экономикалық маңызы, олардың функциялары және операциялары
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» танымдық сайыс
Курмангазы Сагырбаев
Атқарушы органдар
Қоғам және оның жүйесі
Майда еритін витаминдер
ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы қоғамдық-педагогикалық қозғалысқа жалпы с...