Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Загрузка...
Главная » 2011 » Сентябрь » 8 » Негізгі құралдарының жал есебі
18:21
Тегін қазақша жұмыс: Негізгі құралдарының жал есебі
Загрузка...
Негізгі құралдарының жал есебі диплом жұмысы

КІРІСПЕ

Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеументтік жағдайларына сәйкес өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өз ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. де Солозано осы ғылым туралы «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес» - деген болса, оның әріптесі Р.А. Фаулки «Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы» деп атаған.
Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Ұйымның табыстары мен шығындары және шаруашылық қызметінің нәтижесін сипаттайтын, жалпы қаржылық жағдайды жоспарлау, бағалау, бақылау мен талдауға мүмкіндік беретін ақпарат көзі болып табылады.
Бүгінгі күні ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты, жаңа кәсіпкерлік нысандарының пайда болуына байланысты бухгалтерлік есептің ролі мен маңызы арта түсті. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкестендіру мақсатында бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті құрастырып ұсыну жүесіне елеулі өзгерістер енгізілуде.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілікті құрастыру мен ұсыну талаптарын, есепке алудың негізгі қағидалары мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау мен сыртқы аудит талаптарын, сонымен қатар ұймдардың құқықтары мен міндеттерін «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөніндегі» заңы анықтайды. Кез-келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелердің басты шешімі болмақ. Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алуға, сатып-өткізуге, айырбастауға және түскен қаражатты үнеmді бөліп жұмсауға, яғни кәсіпорынның шаруашылық үрдістерінің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады.
Ұйымның шаруашылық қызметінің жүзеге асырылуына оның қолда бар экономикалық ресурстары мүмкіндік береді. Экономикалық ресурстар, яғни ұйымның активтері шаруашылық үрдістеріне қатысуына қарай ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып екіге бөлінеді. Жалпы экононмикалық ресурстардың ішінде ұйымның шарауашылық қызметі үшін негізгі қорлардың маңызы зор, олар ұйымның материалдық-техникалық жарақтандырылу дәрержесін, оның өндірістік қуатын сипаттайды. Ақшалай өлшем бірлігінде көрсетілген негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады.
Негізгі құралдар дегеніміз ұзақ уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрі мен көлемін сақтай отырып, өзінің құнын сол арқылы өндіріліп шығарылатын жаңа өнімнің өзіндік құнына амортизациялық аударым шегінде біртіндеп қосатаын еңбек құралдары болып табылады. Өндіріс үрдісін негізгі құралдармен толық қамтамасыз ету үшін оларға жұмсалатын бастапқы шығындар мөлшері де өте жоғары болмақ. Сондықтан ұйымдар көп жағдайларда қаржыландыру мәселесін уақыттылы шеше алмайтын болғандықтан бұл объектілерді жалдауға тура келеді. Жалдық төлемнің
дұрыс есептелуі жалға алушы мен жалға берушілер арасындағы құқықтар мен міндеттемелердің айқындылығын талап етеді. Сол себепті жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдар есебінің дұрыс ұйымдастырылуы бухгалтерлік есептің маңызды бөлімі болып табылады.
Қазіргі экономикалық қатынастар жағдайында жалдық қатынастар тіптен көбеюде, себебі жалға алу арқылы ұйымдар көп қаражатты бірден төлемей-ақ өндірістің үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ете алады. Бүгінгі таңда жалдау қатынастарын шешуге банктер және банктік операцияларды іске асыратын несиелік серіктестіктер, тіпті жекелеген лизингтік ұйымдар саны да арта түсуде. Міне, жоғарыда аталған мәселелер зерттеу тақырыбының бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі ретінде анықтайды.
Жұмысты жазу барысында негізгі құрал объектілерінің жалға алынуы мен жалға берілуінің бухгалтерлік есебін ұйымдастыруды зерттеу менің негізгі мақсатым болып табылады. Мақсатқа қол жеткізу жолында менің міндеттерімді келесідей сұрақтар анықтайды:
негізгі құралдар есебінің ұйымдастырылуымен, олардың тозуы мен амортизациялық аударымды есептеу жолдарымен танысу;
жал түрлерімен танысу;
қаржылық және операциялық жал шарттарымен, жалға алушы мен жалға берушілердің құқықтары мен міндеттемелерін қарастыру;
жал операцияларының бухгалтерлік есепке алынуы мен аудиторлық тексерілуін қарастыру;
қаржылық есептілікте жалдық операцияларға қатысты ақпараттың ашылуын қарастыру.
Жұмысты жазу мақсатында «АҚ Желдірме» жауапкершілігі шектелген серіктестіктің нақты деректері мен бухгалтерлік есеп пен аудиторлық қызметке қатысты заңдық нормативтік актілер, халықаралық есептілік стандарттары, отандық және шетелдік экономист авторлардың оқулықтары қолданылды.
Загрузка...


Категория: Экономика, Қаржы, Банктік іс, Бухгалтерлік іс, Салық | Просмотров: 1159 | Теги: есебі, негізгі, құралдарының, жал | Рейтинг: 0.0/0

Другие материалы по теме:
Бәсентиін Малайсары батыр
Паскаль програмдау тілінің қайталау командалары
Досмұхамедұлы Халел
Дулатов Міржақып
Қазақтың демократ ағартушылары
Мыңзықұлы Еділ (Аттила) қаған
Салауатты өмір салтын ынталандыру
Рашмор тауы
Гигиена
Ар жақта дүмбірлеген Арынғазы...
Ыбырай Алтынсарин
Жалпы әлемдік қонақ үй шаруашылығының қалыптасу тарихы
Домбыра философиясы
Құнанбайұлы Абай
Туыстық қарым – қатынастар