Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Загрузка...
Главная » 2011 » Сентябрь » 8 » М.О.Әуезов шығармаларындағы қазақ халқының этнографиялық құндылықтары
12:59
Тегін қазақша жұмыс: М.О.Әуезов шығармаларындағы қазақ халқының этнографиялық құндылықтары
Загрузка...
М.О.Әуезов шығармаларындағы қазақ халқының этнографиялық құндылықтары диплом жұмысы

КІРІСПЕ
Этнография термині туралы түсінік
Этнография термині көне грек тіліндегі «этнос» – халық, «графейн» – жазу, түсіндіріп жазу дейтін мағына беретін сөздерден жасалған. Кей кездерде этнография ғылымы зерттейтін, айналысатын объектілерді қарастыратын ғылымға этнология термині де қолданылған. Бірақ бұл термин дүниежүзілік шеңберде этнография терминінің баламасы ретінде айналымға жаппай кіре алған жоқ. Қазіргі ғылымда дүние жүзі халықтарын зерттейтін ғылым атауы ретінде этнография термині қабылданған. Этнографияның зерттеу обьектісіне жер бетіндегі барлық ұлттар, хал
ықтар санының аз-көптігіне, даму дәрежесіне, ертедегі немесе қазіргі ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан жатады. Этнос, ұлт, халық ұғымдарына адамзат өркениеті тарихында, этнографиялық, философиялық бағыттағы ғылымдар тарихында әр түрлі, кейде, тіпті, бір-бірін жоққа шығаратын, қарама-қайшы анықтамалар беріліп келді. Мұндай анықтамалар мағынасы мүмкіндігінше тұтастанған қазіргі кездің өзінде де этнографтарда ұлт, халық, этнос терминдеріне келгенде айырмашылықтары бар теориялық тұжырымдар кездесіп жатады. Бұл мәселеде Кеңес одағы этно�
�рафтарының беделі әлемдік этнография ғылымында салмақты болғанға ұқсайды. Мәскеу Мемлекеттік университетінің этнография кафедрасы мен ССРО Ғылым академиясы Этнография ғылыми зерттеу институтының қызметкерлері шығарған «Этнография оқулығындағы1» анықтамада «… этнос (халық) дегеніміз адамдардың еркі бойынша емес, табиғи-тарихи процесс нәтижесінде пайда болған әлеуметтік топтасудың ерекше бір түрі. Әр этносқа тән белгі – олардың елеулі тұрақтылығы: әдетте олар көптеген жүз жылдықтар бойы сақталады. Әр этностың белгілі бір ішкі бірл
ігі болады, сондай-ақ оны осындай типте пайда болған басқа барлық этностардан айырып тұратын өзгеше сипаты болады. Мұның өзінде жеке этносты құрайтын адамдардың өзіндік сана-сезімі: олардың өзара идентификациясы да (бір-біріне жақындығы да), өздері тәріздес қауымдастықтардан «біз» және «олар» дейтін антитеза формасындағы айырмашылықтары да елеулі роль атқарады», – дейді. Басқа этнографиялық еңбектерде беріліп жататын этнос, халық, ұлтқа қатысты анықтамалардың ішінде өзінің салмақтылығымен де, дәлдігімен де ерекшеленетін осы анықтам�
�ны көңілге қонымды тұжырым ретінде қабылдап, қазақ халқының ұлы жазушысы, суреткері М.Әуезов шығармаларындағы қазақ халқының этнографиялық құндылықтарын саралауда басшылыққа алмақпыз.

Ұлт этнографиясын зерттеудің кезеңдері
Табиғи-тарихи процестердің нәтижесінде қалыптасатын халықтық, ұлттық белгілердің өте айқын көріністерін өз бойына терең сіңіріп, мейлінше танымал ұлттық бедерге ие болған халық ретінде қазақ халқын атауға болады. Кейбір этнографтар ұлт этнографиясын зерттеуде ұлттық ерекшеліктері мейлінше айқын, дара кезін (ұлт ретінде сәбилік кезін, капиталистік қоғамға әлі жетпеген, таза феодалдық қоғамның терең қойнауындағы) ғана емес, кейінгі, қоғамның дамып, коммуникацияның (баспасөз, радио, телевидение, білім берудің дамыған жүйесі, дамыған кап�
�талистік қарым-қатынас, жедел, мол түрде товар алмасу, сол себепті тұрмыстағы өркениет әкелетін ортақ белгілер т.б.) етек алған кезді де зерттеу қажет дейді. Зерттелуі, әрине, қажет. Дегенмен ұлттық ерекшеліктерді, этнографиялық құндылықтарды зерттеуде бұл кезеңнің пайдалы әсер коэффицентінің аздау екені анық. Бұл кезеңде ұлтттық мінезге қазір «глобализация» деп жүргеннің әсері мол. Глобализация әсерінен халықтар арасындағы этнографиялық ерекшеліктер бірте-бірте жойыла беруі айқын.
ХІХ ғасырдағы қазақ халқы өзінің ұлт ретіндегі этнографиялық ерекшеліктерімен өзімен көрші, туыстас түркі халықтарынан да, тіпті шаруашылық салты бірдей болған жағдайда да анық дараланды. Әрідегі түркілік, тайпалық бірлестіктер кезеңіне бармаған жағдайдың өзінде Шу бойына Керей мен Жәнібек бастап келіп, шаңырақ көтерген Қазақ хандығының (ХV ғасыр) тарихи даму барысындағы этнографиялық бейнемізді (бүкіл халықтық шеңберде) тұрақты бейне ретінде қабылдауға болады. Өзгерістер болса, ұлттық психологияда, сана-сезімде, әдет-ғұрыпта емес, ша
руашылық құрылымда аздап, әкімшілік құрылымда біраз ғана болған.
М.Әуезов шығармаларындағы уақыт пен кеңістік негізінде ХІХ ғасырдағы қазақ халқы мен қазақтар мекендеген географиялық аймақты қамтитын болғандықтан, Әуезов шығармашылығындағы этнографиялық уақытты бүкіл қазақ хандығы өмір сүрген уақытпен қатар қоюға болады. Жазушының «Абай жолы» роман-эпопеясы көркемдік құбылыс ретінде әлемдік мәдениет пен әдебиеттің алтын қорына қосылды.
Бұл эпопеяның көркемдік құндылығы мен әдеби айналымға түсірілген өмірлік материалының молдығын француз халқының ұлы жазушысы Оноре де Бальзактың «Адамдар комедиясы» деген ортақ атпен берілген шығармалар сериясы мен орыстың ұлы жазушысы Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» роман-эпопеясымен қатар қоюға болады. ХХ ғасырдың ішінде өмір сүрген жазушылар шығармаларынан Михайл Шолоховтың «Тынық Донымен» салыстыруға болады. Ал, осы аталған шығармаларды халықтың этнографиялық құндылықтарын суреттеу тұрғысынан салыстырған уақытта Әу
езовтің «Абай жолы» эпопеясы салмақтырақ шығып жатады. Бальзактың «Адамдар комедиясының» тұтас туынды емес, жеке-жеке прозалық шығармалардан, роман, повестерден тұратынын ескермегеннің өзінде, жеке шығармаларда қамтылған өмірлік материалдар мен көркемдік бейнелер негізінде жаңа қалыптасып келе жатқан капиталистік қарым-қатынас пен нарық тудырған бейнелер болып келеді. Негізгі кейіпкерлері ақсүйектер мен өсімқорлық капитал өкілдері. Бальзак кейіпкерлері қоғамдағы ғылыми-техникалық дамудың, саяси-әлеуметтік қарым-қатынастардың ха
лықтың, ұлттың этнографиялық ерекшеліктеріне ықпалды әсер етіп, ұлттың мінез-құлықтарының, әдет-ғұрыптарының типтене бастаған топтарына жатады. Бұл топтар сан жағынан алғанда халықтың азырақ бөлігін қамтыған. Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романы көркемдік тұрғыдан алғанда әлемдік әдебиеттің ең озық үлгілерінің бірі деп айтқанның өзінде де халықтың этнографиялық құндылықтарын қамту жағынан жан-жақты. Болконскийлер, Ростовтар, Безуховтар, ұлы эпопеяның басқа да кейіпкерлері Ресейдің ақсүйек дворяндары ортасынан шыққандар.
Өз эпопеясында Ресей қоғамының жоғарыда аталған тобының көркемдік дәрежесі, суреткерлік реализмі жағынан ғажап бейнелерін жасағанмен, жаңа қалыптасып келе жатқан капиталистік құрылыс өкілдерін, әскери қызметкерлердің төменгі шендері мен солдаттарды, шаруаларды, жұмысшыларды, мещандарды суреттейтін беттері анағұрлым аз. Шолохов романында суреттелетін казактарды тікелей орыс халқына немесе украин халқына жатқыза қоюға келмейді. Оларға ұлт ретінде емес, дараланған, шаруашылық-әлеуметтік ерекшеліктерге ие болған, Ресей үкіметі өзіні
ң отаршылдық мақсаттарына пайдалану үшін кейбір артықшылықтар берген топ ретінде ғана қараған жөн.
«Абай жолы» роман-эпопеясында ең алдымен ХІХ ғасырдағы қазақ халқының барлық әлеуметтік топтарының түгелдей дерлік қамтылғанын айтуымыз керек. Екіншіден – Әуезов романында суреттелген қазақ халқы өзінің этнографиялық сипатының мейлінше таза, айқындалған кезеңінде көрсетілген. Ғылыми-техникалық дамудың, тарихи-әлеуметтік дамудың, коммуникацияның халықтың ұлттық бейнесіне әсер ете қоймаған, этнографиялық зерттеулер үшін, этнографиялық тұрғыда тану үшін өте қолайлы кезеңін түгелдей алып, жіктеп бұзып-жармай, бүтін күйінде суреттеп ш
ыққан. Әлем әдебиетіндегі бүтіндей бір халықтың жарты ғасыр уақыт бойындағы өмірін барлық қырынан алып, бірде-бір әлеуметтік топты, шаруашылық құрылымды, әдет-ғұрыптық, салт-саналық ерекшеліктерді шашау шығармай көрсетіп берген бірден-бір шығарма – «Абай жолы».
Қаза
Загрузка...


Категория: Дінтану, Қазақ әдебиеті, Өнер, Мәдениеттану, Әлеуметтану | Просмотров: 905 | Теги: құндылықтары, шығармаларындағы, этнографиялық, халқының, М.О.Әуезов, Қазақ | Рейтинг: 0.0/0

Другие материалы по теме:
Ар жақта дүмбірлеген Арынғазы...
Дулатов Міржақып
Ұлы Жібек жолы
Тоныкөк (Тоңыұқық)
Қазақ музыка өнері
Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары
Бейнелеу өнері
Шығыс Қазақстан табиғаты және оны қорғау
Германия
Қазанғап күйші
Құтылығұлы Күлтегін
Әлкей Марғұлан
Ақпараттық процестер және оның моделдері
Б. Адамбаев - фольклортанушы
Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы Абай дәстүрі